ОқУ Үрдісінде оқушылардың ОҚу жетістіктерін бағалау технологиясы



бет1/8
Дата02.05.2023
өлшемі258,98 Kb.
#88942
  1   2   3   4   5   6   7   8

ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Жоспар


  1. Кіріспе. Оқушылардың білімін бақылау және диагностика

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің алғышарттары

  3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың негізгі идеялары мен қағидалары

  4. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

5. Критериалды бағалау жүйесінің құрылымы
6. Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, Жиынтық бағалауды жүргізу және қорытындысын модерациялау

І. Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.


Оқушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейін анықтау үшін білімді тексеру мен бағалау мақсатында әр модуль, әр тақырып соңында тестік жүйені қолдану – ұстаз еңбегінің біршама жеңілденіп, уақытты ұтымды пайдалануына ыңғайлы.
Сол сияқты тест қазіргі заман талабына сай оқушы білімін бағалауда оқушының психо-педагогикалық және жас ерекшеліктерімен санаса отырып, әсіресе, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, білім деңгейін бақылаудың бірден-бір тиімді әдісі болып отыр.
Мониторинг дегеніміз – белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі. Бұл сөз ағылшынның «монитор» деген сөзінен алынған. Белгілі параметрлерді анықтауды бақылау құралы. Мониторингті техникалық құралдарың көмегімен жүргізілетін бақылаудың ерекше түрі деп қарастыруға болады.
Мониторингті жүргізгенде, шұғыл түрде белгілі бір ақпараттың көлемін таңдай аламыз және өңдей аламыз. Бақылаудың тиімді жаңа технологиясы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Компьютерді пайдалану арқылы үнемі бақылауға болады. Бұл – мониторингтің тағы бір маңызды ерекшелігі.
Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Соның барысында кері байланыс қамтамасыз етіледі. Педагогикалық жүйенің соңғы мақсатына нақты нәтижелер мәлімделеді. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді. Сондай-ақ, ол әлеуметтік-психологиялық, медициналық мониторинг, оқушының жеке басының көзқарасын жалпылай алу мақсатында бұл оқу орындарына ең қажетті болып табылады.
Мониторингтің ерекшеліктері:

  • оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін, аздау ұпай алғанын байқап білімдегі олқылықты жою мақсатында тапсырмалар жүйесін ұсынамыз;

  • шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз тұрғыластарынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады;

  • өз зейінін тәрбиелейді;

  • білім жүйелілігі мен тізбекті байқайды;

  • ойланып оқуға дағдыланады;

  • білім алуда жоспар, тезис құруға машықтанады;

  • оқушының білім сапасын арттыруға жағдай туады.

Мониторингтің көмегімен оқушы білімді меңгеру деңгейін ғана емес, анықтайтын білім сапасын, дағды қалыптасқанын бақылауға болады.
Білімдік мониторинг – көп деңгейлік жүйе.
І деңгей (жеке, дара және дербес), оны мұғалім жүзеге асырады. (Сынып оқушыларының даму динамикасын белгілі бір бағытта белгілеу.)
ІІ деңгей – мектепшілік.
Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады (сыныптардың даму динамикасын бақылау). Тоқсан, жарты жылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау.
ІІІ деңгей. Білім мекемелерінің даму динамикасын байқау.
Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі – оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Оқушының сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне көп байланысты.
Білімді бақылаудың түрлеріне: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау жатады. Олар бақылау жұмыстары, бақылау жұмыстары, эссе жазу, тест тапсырмалары және ауызша, жазбаша емтихан яғни қорытынды бақылаудан тұрады. Бақылау формалары жеке, топтық, фронтальды деп бөлінеді. Бақылау дидактикалық принциптер негізінде жүргізіледі.
Білім беру үдерісінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика негізінде белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы жоғары дәрежеде болады. Ол болмаған жерде дидактикалық үдерісті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық үдерістің нəтижесін анықтау. “Диагностика ұғымының мəні -білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық үдерістің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық үдерістің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.
Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу үдерісіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі.
Оқу үдерісіндегі қадағалау əртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды жəне өтілген материал ізімен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет