Денропарктегі мәдени өсімдіктердің көптеген түрлерімен таныс болып оларға сараптама жүргіздік және көптеген түрлеріне сипаттама бердік



бет1/4
Дата04.02.2023
өлшемі35,56 Kb.
#65176
  1   2   3   4

02.02.2023 Интродукцияланған өсімдіктер тақырыбы жөнінде талқылаймыз.Денропарктегі мәдени өсімдіктердің көптеген түрлерімен таныс болып оларға сараптама жүргіздік және көптеген түрлеріне сипаттама бердік.
-1.Мәдени өсімдіктердің таралу орталығы - әр түрлі мәдени өсімдіктердің шыққан жері. Мұндай орталықтар болатынын алғаш рет Н.И. Вавилов дәлелдеді.Ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 8 аймаққа бөлген, олар: Қытай, Үнді, Үнді-Малая,Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі, Батыс, Орталық Мексика, Оңтүстік Америка және Чили Андысы. Орыс ғалымы П.М. Жуковский (1888 – 1975) мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 12 аймаққа бөлді. Олар: Қытай, Жапония, Индонезия, Үндіқытай, Австралия, Үндістан, Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі маңы, Африка, Еуропа, Сібір, Орталық, Оңтүстік, Солтүстік Америка. Мәдени өсімдіктердің таралу орталығының пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қытай, Жапониядан күріш, қонақ тары, қытай капустасы, бұршақ түрлері, құрма, апельсин, мандарин, шай, т.б. өсімдік түрлері; Индонезия, Үндіқытайдан нан ағашы, манго, лимон, бананның бірнеше түрі, қант пальмасы, эвкалипт, темекі, мақта; Австралиядан қант қамысы, қияр, кенеп, кокос пальмасы, күріш түрлері, қара бұрыш; Орта Үндістаннан қара бидай түрлері, бұршақтың бірнеше түрі, зығыр, мақсары, қарбыз, сәбіз, алма, алмұрт, өрік, шие, банан жеміс ағашы; Орта Азиядан бидай, қара бидай, арпа, сұлы, бұршақ, жоңышқа, қант қызылшасы, алма, жүзім, анар; Алдыңғы Азиядан зәйтүн, лавр, жеміс ағаштары, т.б. мәдени өсімдіктер таралған. Дүниежүз. мәдени өсімдік тобына Африка орталығынан мақтаның бірнеше түрі, қарбыз, кофе; Америка орт-нан жүгері, картоп, қызанақ, асқабақтың бірнеше түрі, какао, жержаңғақ, жер алмұрты қосылды. Мәдени өсімдіктердің таралу орталығы - әртүрлі мәдени өсімдіктердің шыққан жері. Мұндай орталықтар болатынын алғаш рет Н.И. Вавилов дәлелдеді. Ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 8 аймаққа бөлген, олар: Қытай,Үнді, Үнді-Малая,Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі, Батыс, Орталық Мексика, Оңтүстік Америка және Чили Андысы. Орыс ғалымы П.М. Жуковский (1888 – 1975) мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 12 аймаққа бөлді. Олар: Қытай, Жапония, Индонезия, Үндіқытай, Австралия, Үндістан, Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі маңы, Африка, Еуропа,Сібір, Орталық, Оңтүстік, Солтүстік Америка. Мәдени өсімдіктердің таралу орталығының пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Осы заманғы адам мәдени өсімдіктерсіз өмір сүре алмаған болар еді. Мәдени өсімдіктер адамды ең қажетті заттармен қамтамасыз етедіндігі рас. Мәдени өсімдіктер - астық, көкөніс, жеміс-жидек, мата тоқуға қажетті шикізат. Алғашқы адамдар тек жабайы өсімдіктердің тұқымы, жемісі, пиязшығы және басқа бөліктерін пайдаланды. Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты. Сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп аталды. Адамзат тарихындағы бұл кезең сан ғасырларға созылды. Адамдар біртіндеп кейбір өсімдіктерді тұқымынан өсіру жолын тапты. Ондай адамдар құнарлы топыраққа өсімдікті өсірумен ғана шектелмей, ол өсімдіктің сапасын өзгертуді де меңгерді. Өсімдіктің өзіне қажетті өнім беруін реттеу үшін сұрыптал, іріктеу қажет болды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір тұр дарақтарының жиынтығы іріктеме деп аталады. Сөйтіп өмірге селекция ғылымы келді. Жануарлардың қолдан шығарылған түрін цолтщым дейді. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен ұғылданатын ғылым - селекция деп аталады (латынша «селекция» - іріктеу, сұрыптау).
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.
Мәдени өсiмдiктердiң шығу тегi. Мәдени өсiмдiктер жабайы өсiмдiктердiң түрлерiнен шыққан. Алғашқы адамдар өсiмдiктердiң жеуге келетiн жемiстерi мен тамырларын тауып қолданған. Жабайы өсiмдiктердi жинап алып, оларды өздерi тұрған жердiң айналасына егiп, өсiре бастаған. Адамадар топырақты қопсытқанда, арамшөптерiн өлтiргенде, суғарғанда өсiмдiктiң жақсы өсетiнiн бiлген. Олардың жемiстерiнiң, тұқымдарының, тамыржемiстерiнiң әрi үлкен, әрi дәмдi болып қалыптасатынын байқаған.
Мәдени өсiмдiктердiң көпшiлiгiнiң тарихы еретеден басталады, бiрақ олардың бiрқатары кейiнгi кезде себiле бастады. Мысалы, бидай бiздiң эрамызға дейiнгi VII мыңжылдықта, картоп, қызанақ (сурет), күнбағыс XVI ғасырда, ал қант қызлшасы XIX ғасырдың бас кезiнен өсiрiледi. Табиғи өсiмдiктердi мәденилендiру қазiр де жүрiп жатыр. Ғалымдар жабайы өсiмдiктердiң құндыларын зерттеп, ең жақсыларын таңдап алады.Оларды өсiрудiң агротехникасын жолға қояды. Өсiмдiктердi өсiрудiң тәжiрибесi ұрпақтан ұрпаққа берiлiп келедi. Адам қай кезде де өз қажетi үшiн, сапасы ең жоғары өсiмдiктердi таңдай бiлген.
Мәдени өсiмдiктердiң көпшiлiгiнiң көп өзгергенi сондай, олар өздерiнiң жабайы туыстарына мүлдем ұқсамайды. Сондықтан көп жағдайда мәдени өсiмдiктердiң шығу тегiн анықтау оңайға түспейдi.
Агрономия ғылымының дамуына байланысты адамның өсiмдiкке әсер ету қабiлетi өсiп келедi. Мәдени өсiмдiктердiң әр түрлi сорттары шығарылады. Сорт дегенiмiз- өзiне тән белгiлерi мен қасиеттерi бар бiртектес өсiмдiктердiң тобы. Егiн шаруашылығында дәндi дақылдар мен көкөнiстiк өсiмдiктер негiзiнен тұқымдары арқылы өндiрiледi. Бұл жағдайда сорттың белгiлерi мен қасиеттерi сақталып отырады.
Жемiс-жидек өсiмдiктерiн өсiру шаруашылығында сорт деп айқын байқалатын белгiлерi (бөрiкбасының пiшiнi, жемiсiнiң үлкендiгi, түсi, дәмi, т.б.) мен қасиеттерi (түсiмдiлiгi, ұзақ өмiр сүруi, суыққа төзiмдiлiгi, әртүрлi зиянкес жәндiктер мен ауруларға төзiмдiлiгi, т.б.) бар вегетативтiк жолмен көбейетiн өсiмдiктi айтады. Тұқымнан өсiрiлген жемiс- жидектi өсiмдiктер, аналық өсiмдiктiң қасиетiн қайталамайды. Сортты ұзақ жылдар бойы әр түрлi жағдайда өсiру (олардың көпшiлiгi жүздеген ылдар бойы өсiрiледi) жаңа белгiлер мен қасиеттердiң пайда болуына әкелiп соқтырады. Бiр сорттан оның бiрнеше түрi шығады. Егер өсiмдiктiң белгiлерi мен қасиеттерiнiң аналық өсiмдiктен айырмашылығы көп болса, жеке сорт ретiнде бөлiп шығарады.
Өсiмдiктiң сорттарын шығарудың жаңа жолдары мен тәсiлдерiн ойлап табумен селекция ғылымы (латынша «селекцио» — таңдау, сұрыптау) айналысады. Селекционерлер адамға қажеттi қасиеттерi мол (өнiмдiлiгi жоғары, ауруға көп шалдықпайтын, әр түрлi ортада өсуге бейiмделгiш) жаңа сорттарды шығарумен шұғылданады.
Селекционерлердiң жұмыстарының арқасында көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгiн бiршама арттырудың мүмкiндiгi туды. Мысалы, П.П. Лукьяненко шығарған (Безостая 1, Аврора, Кавказ); В.Н. Ремесло шығарған (Мироновская юбилейная, Мироновская 808, Ильичевка және басқалары) бидайдың сорттары өндiрiстiк мақсатта сепкеннiң өзiнде гектарына 50-70 центнерден өнiм бердi. Селекционер ғалым Н.Л. Удольская шығарған жаздық бидайдың Қазақстан – 126 сорты өндiрiстiк мақсатта сепкенде гектарына 54 центнерден өнiм берген. Суғармалы жерге негiздеген Қазақстан- 3 сорты гектарына 66, ал суғарылмайтын жерге шығарған Қазақстан- 4 сорты гектарына 38 центнерден өнiм бередi. Осы сорттардың себiлетiн жер көлемi миллиондаған гектарға жетедi. В.С. Пустовойт селекциясынан шыққан күнбағыс сортының тұқымшасында 57%- ке дейiн май болады. Жүгерiнiң түсiмдiлiгi жоғары сорттары суғармалы жерлерде гектарына 150 центнерден дән бередi.
Республиканың азық- түлiк өнiмдерiн арттыруға арналған бағдарламада селекциялық жұмыстарды бұрыңғыдан да күшейту мәселесi тұр. Сонымен бiрге ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын өндiрiске енгiзу мiндетi қойылып отыр. Бұл сорттар осы кездегi ауыл шаруашылығы сұранысына сай келуге тиiстi. Олар қолайсыз жағдайларға төзiмдi және сапасы мен өнiмдiлiгi жоғары болуы тиiс. Мысалы, күздiк бидайлардың өнiмдiлiгi гектарына 80-90, ал жаздық бидайлардың өнiмдiлiгi 45-60 центнерден төмен болмауы қажет.
Бiздiң республикамызда әр түрлi ғылыми — зерттеу институттары мен өсiмдiктердiң селекциялық орталықтары бар.
Барлық жаңа сорттар мiндеттi түрде мемлекеттiк сынақтан өтедi. Сынақтан табысты өткен, бұрын егiлiп жүрген сорттардан, артықшылығы байқалған сорттарды келешекте себуге рұқсат берiледi. Қазiргi кезде бұрыңғы колхоздар мен совхоздардың орнында шағын шаруа қожалықтары пайда болды. Осы шаруа қожалықтарының егiстiк алқаптарында, мәуелi бауларында 5000- нан астам өсiмдiктердiң аудандастырылған сорттары егiледi. Өндiрiске енгiзiлген сорттардың 500-ден астамынан астық өнiмдерi алынады. Сонымен бiрге 100- ден астам картоп, 30- дай күнбағыс, 750- дей көкөнiстiк және 15000- дай жемiс – жидектiк сорттарынан өнiм жиналады. Өндiрiстiң сұранысына сай келмейтiн сорттар, арнайы комиссияның шешiмiмен өндiрiстен алынып тасталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет