Денсаулық – зор



Дата26.01.2023
өлшемі20,94 Kb.
#63095

«Денсаулық зор байлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау І нұсқа


Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

Ойлау дағдыларының деңгейі:
Орындау уақыты:
5.1.6.1Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру;
5.2.4.1 Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.
Білім алушы
• Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді; • Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады;
• Жоспар бойынша баяндайды.

Білу және түсіну Қолдану

15-20 минут




1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Мен бүгін таңертең анаммен емханаға бардым. Біріңші қабатта қан тапсырдым. Сосын жоғары көтерілдім. Емханада отбасы дәрігері, тіс дәрігері, көз дәрігері бар. Отбасы дәрігері мені жақсы таниды. Себебі ол бізді жыл сайын тексереді. Дәрігер менің жүрегімді тыңдады. Дәрумен ішуге кеңес берді. Ет, балық, сүт, жеміс-жидектің пайдалы, фасфуд тағамдарының зиян екенін айтты.
Сосын тіс дәрігеріне бардым. Ол менің тісімді тексерді. Тіс дәрігері: «Тістеріңді таза ұста»,- деп кеңес берді. Мен тісімді таңертең және кешке тазалаймын.
Көз дәрігеріне бардым. Ол көзімді тексерді. Көз дәрігері: «Компьютерде көп отырма, теледидарға жақын отырма», - деп кеңес берді.
Менің тістерім таза, көзім алыстан да, жақыннан да жақсы көреді. Отбасы дәрігері маған: «Сенің денсаулығың жақсы. Жарайсың!» - деді.
(109 сөз)

1. Отбасы дәрігері мені неліктен жақсы таниды? ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________


2. Көз дәрігері маған не деді? ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________


2-тапсырма. «Тас қашаушы мен жас жігіт» туралы мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

Жоспар 1.Кіріспе


_____________________________________________________________________2.Негізгі бөлім _____________________________________________________________________3.Қорытынды _____________________________________________________________________

3-тапсырма. Жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндаңыз.


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл




Білім алушы

Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді.

1

Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді:
1-сұрақ; 2-сұрақ.

1 1


Мәтін мазмұнына жоспар құрады, соған сүйеніп баяндайды.

2

Мәтінге жоспар құрады: кіріспе
негізгі бөлім қорытынды

1 1 1


3

Жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндайды:

4




Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады.

1

Барлығы 10


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет