Денсаулық сақтаудағЫ ҚҰҚЫҚ ЖӘне экономика негіздері пәнін оқыту барысында студенттердің КӘсіби қҰзыреттілігін дамыту. Исаинова Аяжан Казыбековна



Дата14.09.2023
өлшемі29,33 Kb.
#107921

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.


Исаинова Аяжан Казыбековна, «Томирис» медициналық колледжінің тарих және әлеуметтік пәндерінің оқытушысы
Аннотация: Студенттердің қасіби құзыреттілік, кәсіпкерлік , экономика саласында білімдерін жетілдіру мақсатында жүргізілген жұмыстар қарастырылады. Студентердің бойына сенімділік, алға ұмтылуға деген құштарлықтарын ояту үшін ,оқытушы қандай жұмыстар жүргізу керек, қандай тақырып студентің қызығушылығын арттырады, заман талабына сай бәсекеге қаблетті студенттің бойына қандай қасиеттер қалыптастыру керек.
Түйін сөздер: Кәсіби құзыреттілік, құзырет,кәсіпкерлік, кәсіпкер.
Қазіргі таңда студенттерді оқыту кезінде әртүрлі жаңа дүниелермен де қамтамасыз ету көп қарастырылады. Нақтырақ айтқанда, студенттің кәсіби құзыреттілік пен экономикалық ойлауды өзінің бойына қалыптастыруы тиіс. Ал ендігі мәселе бұларды студентке қалай үйрету және оның маңыздылығын түсіндіру. Ең алдымен, біз кәсіби құзыреттілік жөнінде қарастырсақ.
Кәсіби құзыреттілік дегеніміз - ұстаз жеңісі. Атап айтқанда «құзырет» ұғымы латын тілінен аударғанда – «дегеніне жету, дәл келем, лайықпын», белгілі бір саладағы білім мен тәжірибеге негізделген мағынаны білдіреді. Құзіреттілік түсінігін жаңа тұрғыдан алып қарастырсақ «жаңа тұрпатты педагог» ұғымы еске оралады. Бұл дегеніміз, жаңа тұрпатты мұғалім – рухани бай, шығармашыл, қабілетті болуы міндетті деген сөз. Сондай-ақ, ол кәсіптік тұрғыда жаңалыққа құштар жан болуы тиіс. Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» деп атап өткен болатын.
Яғни қазіргі кезде студенттердің білімге деген құштарлығын ашу үшін көптеген қызықты ақпараттар және сонымен қатар түрлі реформаларды енгізу қажет және бұлар оқытушының қолында. Білім беру секторының әлеуетін көтеру барысында оқытушының қабілеттілігі басты орынға шығады. Бұл ретте құзыреттілік ұғымын түсіндіргенде, алдымен студенттер бойында өздігінен ізденіс қабілетін қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттырудағы жұмыс түрлерін орындау міндетті. Құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру – кәсіби білімі жоғары ұстаздардың міндеті. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның жұмысты қаншалықты игергенінен және біліктілігінен көрінеді. Кәсіби құзырлы студенттердің нақты белсенділігі ұлттық ерекшеліктерді тани білуімен ерекшеленеді. Бұл ретте құзыреттілік ұғымын оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпараттық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек, тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі ретінде қарастырған жөн. Кәсіби құзыреттілікке біз әрбір студенттің таңдаған кәсібіне байланысты да сөз қозғай аламыз, яғни әрбір студент өзінің кәсібіне бағынышты болуы тиіс,студент өз кәсібінде үнемі жетістікке жетуді көздеуі керек. Студент «мен осы кәсіпке лайықпын», осыған жетер жетістік деген ой қалыптастыруы қажет. Сонымен қатар экономикалық ойлау дегеніміз - қазіргі заманғы өндірістік құрылымдардың жа­сақ­­талуына, аймақтық немесе жа­һан­дық нарықта бағасы мен сапасы жөнінен өз­ге­лер­ден ұтымды дүние ұсынуға ықпал ете ала­тын экономикалық сананың қалыптасуы.
Іс­кер­лік – ауқымды, жеделдікті талап ететін бағ­дар­ламалық жобаны орындауға көпшілікті жұ­мыл­дыратын қасиет. Нақтырақ айтқанда, оқытушы студенттерге кәсіби құзыреттілік пен экономикалық ойлаудың маңызына бейімдеуі қажет, мысалы, студенттер арасында презентация немесе реферат дайындау, белгілі бір бейне дайындау секілді тапсырмаларды беру арқылы олардың қызығушылығын аша алады, студенттер өз жұмыстарын жасау кезінде кәсіби құзыреттіліктің мәні мен экономикалық ойлаудың қаншалықты пайдалы екенін түсіне отырып, болашақта қалай дұрыс пайдаға асыру керек екенін жете түсінеді.
Осы орайда «Денсаулық сақтаудағы құқық және экономика негіздері» пәнінен 2 –ші курс студенттерімен «Кәсіпкерлік мәні, мазмұны, негіздері» атты тақырыпта іздену, зерттеу жұмыстарын беріп отырамын. Студенттер өте үлкен қызығушылықпен жұмыс жасап, кәсіпкерілер мен олардың өмірі, кәсіпкерлікке қалай келді, кәсіпкерліктің түрлері, мазмұны туралы әртүрлі материалдар дайындап қорғайды. Өз мамандықтары саласында, яғни медицина саласында да, жеке кәсіперлердің барын, қандай салада жұмыс істеп жатқандарын анықтады. Студенттердің басым көпшілігі қазақстандық кәсіпкерлердің өмірі қызықтырғаны қуантарлық болды. Мысалы, Ерлан Сүлейменов кәсіпкер қасиеттерін меңгеріп, мақсаттарын орындаған Қазақстанның үздік кәсіпкерлерінің бірі. Оның жетістіктері арқасында адамдар өздеріне ыңғайлы уақытта талдауды тапсырып, оны тез әрі онай ала алады. Бұл кәсіптің жетістікке жетуі заманауи жабдықтар мен технологиялар, сондай-ақ жеке медициналық зертханалардағы қызметкерлердің жоғары біліктілігі. 2020 жылдың басында Ерлан Сүлейменов Ресейдегі ПЦР реагенттерін өндірушілер туралы ақпаратты зерттей бастады. Олимп коронавирустың пайдасына кейбір инфекцияларға диагноз қоюдан бас тартып, зертханаларын тез қайта құра алды. Көктемге жақын олар коронавирусқа ПЦР сынақтарын жүргізуге дайын екендігінің негіздемесін дайындады. Алғашқы ПЦР-тестілер 17 сәуірде Алматыда орындалды.
"Гнатолог" мамандығының иегері Мұхит Кенжебаев. Ол эстетикалық тартымдылыққа ғана емес, жалпы денсаулыққа да көңіл бөлетіндер арасында өте танымал. Мұхит Кенжебаев-lux est тіс емдеу клиникасының гнатолог-стоматолог маманы және директоры 1993 жылы диплом алғаннан кейін Кенжебаев №12 орталық қалалық клиникалық ауруханаға жұмысқа орналасты, онда практикалық медицина негіздерін оқыды. 1996 жылы Кенжебаев дәрігер ғана емес, кәсіпкер бола отырып, жеке практикаға лицензия алды. 2000 жылы Кенжебаев сапалы жаңа деңгейге көшті: 28 панфиловшылар саябағына қарама-қарсы өз клиникасын ашты. Көп ұзамай Алматының беделді ауданында- Әл-Фараби мен Марков қиылысында - "доктор Кенжебаевтың Lux Est авторлық клиникасы"стоматологиялық орталығы ашылды . Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолға алғанан бері, басқа салалармен қатар медицина саласының дамып жатқандығы байқалады. Мысалы геникология саласында бедеуліктің шешімі ЭКО, стаматология саласында имплант орнату.
Кәсіпкерлікпен айналысып, қайырымдылық қорына табысынан ақшалай көмек беріп тұратын кәсіпкерердің бар екенін де айтылды. Қайырымдылық көбіне бала, адам денсаулығына байланысты беріліп жатқанын да қарастырған. 2014 жылы Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры құрылды. Қор қызметінің салалары мына бағыттарды қамтиды:
«Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы – Қазақстанның 8 қаласында – Астана, Алматы, Өскемен, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Шымкент және Петропавл қалаларында аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған «Асыл Мирас» аутизм-орталықтары табысты жұмыс істейді. Жыл сайын «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» халықаралық конференциясы өткізіледі.
Қызыл Жарты Ай қоғамымен әріптестікте Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді
Студенттер осындай жобалар жасау барысында кәсіпкерлермен танысып қана қоймай өз білімдерін дамытады. Кәсіпкерліктің түрлері мен олардың міндеттері мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік жұмыс заңнамаларымен танысады.
Студенттер өз бизнес жоспарларын құрып, оны қай өңірде, қалай жасау керек, оған басты қаржыны қалай пайдалану керектігі туралы өз жобаларын жасап, топта бөлісіп пікір алысты. Мысалы, Жанболат Ақбота 2 курс студенті «Аутизм» ауруымен ауыратын балаларға арналған орталық ашып, ондай балаларға жеке көңіл болу керектігін айта келіп Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру қолға алынғанын және ол мүгедек балалардың қоғамда шектелмей барлық адамдармен бірдей өмір сүруіне мүмкіндік екенін айтты.
Руслан Рауан 2 ЕІГ тобының студенті өз жобасында МРТ ЭКГ түсіру бизнесін қолға алуды жоспарлаған. Бірінші жоғары білімді адамдарды іздеп кейін МРТ ЭКГ түсіретін апараттарды шетелден жеткізіетінін айтты. Әрине бизнес болғандықтан ақша жағында ойластыру керек. Қазіргі таңда МРТ ЭКГ түсіру орта есеппен алғанда 20-25мың теңгені құрайды. Бұл ақша кейбір жандарға аз көрінгенімен, кейбір аз қамтылған отбасыларға ауыртпашылық тудырады. Денсаулық бірінші байлық деп бар ақшасын беретінін де айта кетті. Ол МРТ ЭКГ түсіруді қолға аламын деп шештім. Бұл тексеруді арзан бағаға қойып халыққа қол жетімді қылатын едім. Бір жағынан өз пайдаңа жұмыс істеп, екінші жағынан халыққада пайдамды тигізер едім. деді
Бүгінгі өтіп жатқан күрделі күрт өзгерістер әрбір адамның экономикалық білімдер негізін игеруге, ең кем дегенде жалпы түсінігі, экономикалық сауаты мен мәдениеті болуы тиіс екенін далелдеп отыр. Экономикалық тәрбие олардың білімге деген ынтасын арттырады, экономикалық білімді жасампаз еңбекке қолдана білуге үйретеді. Экономикалық білімнің маңызы мен күші оның ғылыми сапасымен, жаңашылдығымен, өмірлік мақсатымен өлшенеді.
Студенттерге экономикалық білім беру маселесін қарастырғанда, алдымен пәндерді оқыту барысында олардың экономикалық білімі мен біліктілігін қарастыру қажеттігіне көңіл бөлу керек. Студенттерге қолда бардың бәрін үнемдеп, ұқсатып ұстауға үйретудің маңызы зор. Халық игілігіне мұқият қарауға, саналы тәртіпке, жүктелган істі адал орындауга дағдылануы тиіс. Қоғамдық меншікке барынша жауапты қарау, берілген тапсырманы айнытпай орындау шәкірт бойына терең сіңіріуге тиіс қасиеттер.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Г.Жолдасова «Экономика негіздері»
2. https://ortalyq.kz/k-sibi-zyrettilik-staz-zhe-isi/
3.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет