Деп аталады



бет1/9
Дата06.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#12516
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курсовой


Кіріспе

Қоршаған табиғатта улы заттардың болатындығы адамдарға көне дәуірлерден – ақ белгілі. Кең байтақ еліміздің жерінің әр аймағында орналасқан малшаруашылықтарының малдарының ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен улану жиі кездесетін жағдай.Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны ұшан теңіз: уланумен 1-2 бас мал ғана емес, малдардың топ –тобымен ауруы; ауыр жағдайда жедел көмек көрсетіліп үлгерілмегенде , уланған малдардың көптеп кенеттен өлім – жітімге ұшырауы, малдәрігерлік жедел көмектің арқасында аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы, жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы; емдеуге жұмсаатын қаражат шығындары. Онымен қатар ауылшаруашылық малдарының уланулары , организміндегі улы заттары олардың ет, сүт өнімдері арқылы өсім төлдерін, тіпті адамдарды да уландыруы мүмкін.



Қазіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы, яғни жыл сайын және химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр.Улы заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрыннан белгілі еді. Алайда фармокология және токсикология мамандары қазіргі кезге дейін улы заттарды бірыңғай жіктей алмай отыр. Себебі, олар әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру көбінесе, шартты мағынада ғана жүзеге асырылады.

Зооциттер– ауылшаруашылығына зиян келтіретін омыртқалы жануарларға, негізінен, кемірушілерге (роденцидтер), оның ішінде егеуқұйрықтарға (ратицидтер) және құстарға (авиациттер) қарсы қолданылатын химиялық заттар.

Қора – жайларда, қамбаларда және егістіктерде тышқан тәрізді кеміргіштерді жою үшін көптеген химиялық препараттар қолданылады. Олардың ішінде көмірқышқылды барий, зоокумарин, бактумарин, ратиндан, мырыш фосфотиді кеңінен таралған. Олардан улану көбінесе шошқалар мен құстарда жиі кездеседі. Мұндай препараттар зооцидтер деп аталады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет