Ақпараттық логистикалық жүйенің мәні және мазмұны



Дата14.01.2022
өлшемі47 Kb.
#24012
түріҚұрамы
Байланысты:
3-Дәріс


3. Ақпараттық логистикалық жүйенің мәні және мазмұны

Тоқсаныншы жылдары әлемдік экономика басынан рецессияны кешірген болатын. Кәсіпорындар прогрессивті өндірістік концепцияларды ендірудің арқасында тиімділіктерін асып түсіру керек еді. Бұл концепциялардың құрамына ресурс бойынша минималданған өндіріс, жұмыс уақытының менеджменті, сапаны толық басқару, жақсы көрсеткіштердің әдісі, шаруашылық үрдісінің ренжирингі және т.б кіреді. Осы концепциялардың қолданылуы шығындарды азайтып, өнімділіктің дәрежесін көтермелеуге, өнім мен қызмет көрсетулердің сапасын жақсартуға, өндірісті реттеп, ақырғы есепте нарықтың талаптарына төтеп беруге мүмкіндік береді.

Шаруашылық үрдісі ренжирингінің перспективалық құралы ретінде компьютерлік технологияның базасында ақпараттық логистиканы басқаруды білдіретін жұмыс ағындарының менеджменті қарастырылады. Компьютерлік технологияның дамуы ақырғы уақытта баламалы бағдарламалық құрылғылардың қолданылуымен қатар бөлектенген жүйелер мен желілердің көмегімен ақпараттың өңделуін тиімді тұрғыдан түзете алады.

Жұмыстар ағыны менеджментінің негіздері. Жұмыстар ағынының менеджменті компьютерлер өнімділігінің жылдам өсуі, оларды пайдаланудың процедураларын жеңілдету, тиімді коммуникациялық технологияның өңделуі нәтижесінде бөлек пән болып қалыптасты. Бұл пән негізінен кәсіпорындардағы өндірістік шаруашылық үрдістерін басқару мен электронды жоспарлау үшін стандартты бағдарламаларын өңдеуге бағдарланған.


Бұл пәннің перспективтілігі тәжірбиемен дәлелденіп келеді. Мысалға, Остин қаласындағы ІВМ компаниясының компьютерлерін өндірумен айналысатын зауыт 1990 жылы жаңа өнім мен жалпы өндірісті өңдеу саласына компьютерлік қамтуды енгізу мақсатымен жұмыстар ағынының менеджменті жобасы бойынша жұмыс істей бастады. Соның өзінде ақпаратты фирманың бөлімдері мен бөлек шаралары бойынша бөліп тастаудың дәстүрлі тәжірибесімен салыстырғанда, жұмыскерлер әрекеттерінің интеграциясы көрініс тауып, олардың жігерлерін координациялауға деген бастамалары, талпыныстары ынталандырылды.

Жұмыстар ағынының менеджменті жүйесінің арқасында ақпаратты өңдеудің мерзімдері қысқартылып, көптеген мәселелер алдын ала шешіліп, қателіктер тез анықталып, содан соң жойылып, қызмет көрсетулерге риза тұтынушылардың қатары кеңейе бастады. Өндіріс саласында тікелей түрде келесі нәтижелер жүзеге асырылған болатын:

• өнімді даярлаудың циклы 7,5 тәуіліктен 1,5 тәуілікке дейін қысқартылды.

• шығарылатын өнімнің номенклатурасы 19 дан 85 түрге дейін кеңейтілді.

• жаңа өнімді өңдеудің мерзімі екі жылдан сегіз айға дейін төмендетілді;

• жұмысшылардың саны 1 100 адамнан 423 адамға дейін қысқартылды;



Өндірістік негіз:

Кәсіпорын экономикасының теориясына сай, ішкі фирмалық үрдістер нақты анықталған міндеттерді шешуге бағытталған. Талдау нәтижелерінен шыға отырып, ұйымдастырушы ережелердің шеңберінде қаланатын шешімдер өңделіп шығарылады. Соның өзінде жоспарлау мен басқаруға, белгілі бір міндеттерді атқаруға қажетті ақпарат түгелімен қолдану керек (мысалға, еңбек заттарын, яғни бұйымдарды, құжаттарды, мәліметтерді өңдеу үшін).

Ақпарат бұл жағдайда өндіріс факторы ретінде қарастырылуы тиіс. Сол себептен ақпараттық логистика барлық иерархиялық деңгейлердегі логистикалық тізбектің ақпараттық қамтылуымен байланысты қызметті қамтиды.

Үрдісті ұйымдастыру мен ақпараттық логистиканың арасындағы айырмашылықтар бірінші суретте көрсетілген. Ұйымдастыру өз кезегінде тек жүйелік әзірлеуден, яғни үрдісті құрау, еңбек құрамын анықтау, формулярларды, құжаттарды өңдеу, аппараттық және бағдарламалық қамтуға қатысты шешімдерді шығарудан тұрады. Ақпараттық логистика сонымен қатар, еңбек заттарын технологиялық өңдеуді қоспағанда, жүйелік эксплуатацияны да қамтиды.

Ақпараттық менеджменттің жалпы қабылданған түсінігіне қарағанда, ақпараттық логистикада ішкі және фирма аралық координациялар бойымен жүретін әрекеттер арасындағы ақпараттық ағындар бірінші орынға қойылады. Бұл жағдайда қызметтік функция талқыланады, ол өз кезегінде стратегиялық тұрғыдан маңызды болып келіп, тауарлардың өндірісі мен қызмет көрсетулерді керекті уақытта, керекті жерде барлық логистикалық тізбек бойынша қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Ақпараттық логистиканың саласында бұл өз кезегінде шаруашылық міндеттерін шешу үшін қажетті жұмыс орындарының ақпаратына қатысты болып келеді.

Жұмыстар ағыны менеджментінің құрамы

Ақпараттық логистиканың менеджментін компьютерлердің міндетті қолданылуынсыз жұмыстар ағынын басқару ретінде сипаттауға болар еді. Компьютерлерді қолдану жағдайында бірінші орынға ақпараттық технология қойылады. Әрине, жұмыс ағыны менеджментінің шеңберінде физикалық, қағаз құжаттары қолданыла алады. Дегенмен, тек «бейқағаздық» кәсіпорын концепцияның ақырғы мақсаты болып келеді. Мұндай жағдайда материалды тауарлар мен материалды емес ақпаратқа бөлу мүмкін бола алмайды. Бірақ, материалды ағындардың дәстүрлі логистикасымен баламалылығы әлі күнге дейін сақталады.

Бағдарламалық құрылғылардың интеграцияланған жиынтығын білдіретін жұмыстар ағыны менеджментінің жүйесі тұтынушыны негізгі артықшылықтармен бөлейді: үрдістерді жоспарлау, олардың бақылануы жеңілденеді; үрдістің ұйымдастырылуы жағдайға тез бейімделіп кетуі мүмкін; ақпарат жиналып, тапсырманы орындаушыға жіберіле алынады. Ең маңыздысы, жүйе ішкі фирмалық және коммуникациялы құрылымға енгізіледі. Оны өндірістік үрдістердің бағдарламалық қамтылуымен біріктіруге болады, ол өз кезегінде олардың қиындықсыз интеграциясына кепілдік береді, екінші сурет.

Электронды қолдау еңбекті үрдіске бағдарлай отырып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Еңбектің топтық әдістері ерекше мәнге иеленеді, өйткені, компьютерлік қамту жұмыс орындары арасында коммуникацияны жақсартуға мүмкіндік береді. Соған қоса, олардың функцияларын қиып өтумен байланысты мәселелер жойылып, ол өз кезегінде үрдістің жалпы тиімділігін жоғарылатады.

Жұмыс ағындары менеджментінің мақсаты

Негізгі мақсаты шаруашылық міндеттері бойынша қызметті баламалы түрдегі, көлемдегі, сападағы қажетті ақпаратпен керекті мерзім мен керекті орында қамтамасыз етуіне негізделеді. Соның өзінде ақпараттық қамтамасыз ету минималды уақытта, қызмет көрсетудің максималды жоғары деңгейінде минималды шығындармен орындалуы тиіс.



Жұмыс ағынының менеджменті шеңберінде осы мақсаттарды жүзеге асыру жұмыс орынның ұйымдастырылуын, жалпы еңбек үрдісін қолайландырып, міндеттерді шешуде жұмысшылар бағдарлағын жоғарлату мен бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді. Әдеттегідей, жұмыстар ағыны менеджментінің мақсатты қалыптары өндірістік үрдістерді қалыпты ұйымдастырудың түбірлі өзгерістері көрінген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Жағдайлардың көбінде өзгерістер осы үрдістерді жеңілдету мен унификациялаумен байланысты, ол өз кезегінде шығындарды азайтып, барлық еңбек үрдісін бақыланатындай қылып ете алады.

Компьютерленген ақпараттық логистиканың ұйымдастырылуы мен қолданылуы

Компьютерлер негізіндегі ақпараттық логистиканың және өндірістік үрдістерінің ұйымдастырылуы, әдетте, мәселелерді кезең кезеңдеп шешуді талап етуші күрделі жоба болып табылады. Жоспарлау барысында әдетте, баламалы процедураның түрлі нұсқалары белгіленіп қояды. Бұл ретте ақпаратты өңдеудің дәстүрлі түрінен электронды түріне ауысуы шаруашылық үрдісінің ренжирингі ретінде сипатталатын қызмет көрсетушілердің қайта бағдарлануымен байланысты болып келеді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет