Дәріс 3 Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата02.02.2023
өлшемі28,71 Kb.
#64563
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Д ріс 3 Девиация, ылмыскерлік ж не леуметтік ба ылау Саба ты


Дәріс 3 Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау


Сабақтың мақсаты:әлеуметтанудағы жеке тұлға түсiнiгiн, қоғам мен жеке тұлғаның өзара қарым қатынасын,әлеуметтендiру процесiн, девианттық мiнез- құлықты қарастыру.
Негізгі түсініктер:әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік норма, санкция, әлеуметтік бақылау, конформизм, девианттық мінез-құлық, делинквенттік мінез-құлық, аномия, әлеуметтік таңба.
Жоспар
1.Девиация мен әлеуметтік бақылау.
2.Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық).
3.Аномия мен қоғам.
4.Деликвенттілік және қылмыс.


Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1.Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары,- деп көрсетсе, үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.
Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.
Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.
Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
- оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
- мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
- әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
- криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
- дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
- тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
- асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
5.Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
• салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
• девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануында девиацияның пайда болуының себептері мен жағдайларына қатысты бірыңғай көзқарас жоқ. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяғында итальяндық доктор (дәрігер) Цезаре Ламброзо қылмыстық мінез-құлық пен белгілі бір дене белгілерінің (физические черта) арасында байланыстың бар екендігін айқындады. Ол биологиялық құрылымы бойынша мінез-құлықтың белгілі бір типіне бейім адамдар, яғни «қылмыстық типтер» адамзат эволюциясының неғұрлым ерте сатысына қайта оралумен байланыстырылады. Мұндай типтер төмендегідей белгілері бойынша ажыратылады: төменгі жақ сүйегі алға шығып тұрады, сақалы сирек, ауруға деген сезімталдығы тӛмен болып келеді. Ламброзоның осы теориясы кеңінен таралды. Девиацияны түсіндірудің биологиялық типінің өкілдерінің бірі Шелдон болып табылады. Ол девианттардың белгілі бір дене құрылымы бар екендігі жөнінде және осы дене ерекшеліктері девиацияға себеп болатындығы жөніндегі теорияны ұсынды. Осы сияқты девиацияны биологиялық түсіндірудер ХХ ғасырдың басында да танымал болғанымен, оларды кейінгі зерттеу нәтижелері ығыстырып шығара бастады.
Психоаналитиктер болса, девианттық қылықтар мен көптеген психологиялық проблемалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын теорияны ұсынды. Мысалы, австриялық дәрігер-психиатр Зигмунд Фрейд«өзін кінәлі сезінетін потенциалды қылмыскерлер» туралы ұғымды енгізді. Яғни, өздерін кінәлі деп есептегендіктен ұсталып, жаза тартуды қалайтын адамдар туралы. Алайда, бір ғана психологиялық ерекшеліктермен қылмыстың немесе мінез-құлықтың басқа да типінің мәнін түсіндіруге болмайды.
Девиацияның пайда болуының алуан түрлі социологиялық теориялары да бар. Мысалы, өзінің аномия теориясында Э.Дюркгейм девиация – бұл көбіне өзіне-өзі қол жұмсау деп, ол нормалардың жоқтығынан болады деп есептейді. Осы теорияны дәлелдеуші американдық әлеуметтанушы Р.Мертон девиация қоғамның мақсаттары мен оған қол жеткізудің мойындалған құралдарының арасында алшақтық пайда болған кезде орын алатындығын тұжырымдады. Шоу мен Маккей негізін салған әлеуметтік азғындау теориясы бойынша девиацияның көптеген түрлері мәдени құндылықтар, нормалар мен әлеуметтік байланыстар әлсіреген кезде, немесе олар қарама-қайшылыққа ұшыраған кезде немесе мұлдем болмаған жерде туындайды. Әлеуметтік ауытқушылықтың типологиясы бұл құбылыстың алуан түрлілігін көрсетеді, оларды бөліп тұратын шекараларды айқындауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік ауытқушылық бірнеше себептер бойынша классификацияланады. Солардың ішінде кең таралғаны бұзылатын норманың (құқық, мораль, қатынас ережесі және т.б.) типі бойынша ауытқудың әр алуан түрге бөлінуі. Соған байланысты жағымсыз ауытқу қылмыс, басқа да құқық бұзушылық (әкімшілік, азаматтық, еңбекке қатысты, қаржылық және т.б.), адамгершілікке жат қылықтар және т.б. болып бөлінеді. Бұл классификацияның практикалық мәні оған қатысты қандай жаза тағайындалатындығымен, сондай-ақ кінәлілерді анықтап, жазалауға байланысты болып келеді. Бұзылатын нормалардың сипаты бойынша ауытқуды ұлттық деңгейдегі және халықаралық деңгейдегі ауытқу деп те бөлуге болады. Мінез-құлықтың көптеген түрлері белгілі бір елдегі өмір сүріп тұрған құқық нормаларының, моральдың, үлгі-өнегенің, әдет-ғұрыптардың бұзылуы болып саналса, оның кейбір түрлері халықаралық құқық пен моральдың (агрессивті соғыстар, нәсілдік қорлаушылық, геноцид, халықаралық терроризм және басқалары) жалпыға бірдей қолданылатын нормалары мен принциптерінің бұзылуымен байланысты.
Әлеуметтік ауытқудың объективті және субъективті жақтарымен байланысты тағы бір классификация бар. Ол екі топқа бөлінеді. а) экстравертивті (сыртқы ортаға бағытталған мінез-құлық, ол мақсатты, алдын-ала жоспарланған немесе аффективті болуы мүмкін, мысалы, отбасындағы дау-жанжал); ә) интравертивті (адамның өз-өзіне бағытталған мінез-құлық – ішімдік ішу, алкоголизм, өзін-өзі өлтіру, нашақорлық және басқасы).
Әлеуметтік бақылау
Мұндай мінез-құлықтың бірінші тобы да, екінші тобы да әлеуметтік бақылаудың әлеуметтік нормаларымен және құралдарымен тартысқа түседі. Қоғамдық жүйе үшін жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік қауымдастықтардың, жіктердің, топтардың және т.б.-ының қызметіне әлеуметтік бақылау жасау өмірлік маңызды болып табылады. Әлеуметтік бақылау деп әлеуметтік жүйенің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін адамдардың мінез-құлқын және олардың өзара қарым-қатынастарын нормативті реттеу түсініледі.
Әлеуметтік бақылау - әлеуметтік институттардың элементі. Ол арқылы индивидтердің әлеуметтік нормаларды, қызмет ережелерін және әлеуметтік шектеулерді басшылыққа алып әрекет етуі қамтамасыз етіледі. Адамның тіршілік-қызметін реттеудің мұндай тәсілі қоғамның тұрақтылығын ұдайы қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылауды ретке келтіруде қоғам мен индивидтің өзара қарым-қатынасы проблемасы маңызды орын алады. Теориялық тұрғыдан алғанда қоғам мен тұлғаның қарым-қатынасы әлеуметтік бақылау жағдайында барынша қарапайым түрде көрініс береді: яғни, индивидуалдық сапаларды әлеуметтік стандартқа сәйкес жӛнге келтіру. Әлеуметтік бақылау тұлғаның индивидуалдық мінез-құлқына қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтың реакциясы арқылы іске асырылады. Соған байланысты қоғам әр түрлі санкцияларды қолданады.
Ал мәнін ашу бұл «норма» түсінігімен байланысты. Әлеуметтік норма – бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған дара тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның шектелген іс-әрекеті .Норманың бұзылуы қоғам , әлеуметтік топтар тарапынан нақты негативті реакцияны тудырады, яғни норманың бұзылуы- девиация, яғни әлеуметтік ауытқу болып табылады. Қазіргі жағдайда девиацияның негізгі түрлеріне қылмысты, маскүнемдікті, нашақорлықты, суицдті, жезөкшелікті жатқызуға болады.
Қылмыс – бұл мәселені зерттеуде оның динамикасына әсер ететін өте көп факторларды атауға болады. Мысалы әлеуметтік жағдай айналысатын іс түрі, білім, кедейшілшік бұл өз алдына жеке фактор, декласстау, яғни индивид және әлеуметтік топ арасындағы байланыстардың құлдырауы мен нашарлауы, қылмыстық жағдайда, нарықтық қатынасқа өтудің әсері зор. Бұл бәсекелестік, жұмыссыздық, инфляция сияқты феномендердің пайда болуымен сипатталады.
Маскүнемдік – адамзатқа мас қылатын сусындар бұрыннан белгілі. Ол XYI-ғ пайда болды. Түбегейлі өзгерістер этил спиртін өнеркәсіптік әдіспен алудан соң басталды. Міне, осы алкоголды бұқараның тұтынуына алып келеді және XYIII-ғ маскүнемдік Европа елдерінде :Англия, Германия, Швеция және т.б. кеңінен етек алады. Осы уақытта Россияда арақ тұтыну пайда болды. Бұл XIX-ғ пайда болды, ал XX-ғ-да бұл адамзат өркениетінің ең күрделі мәселесіне айналды, яғни алкоголизм мәселесіне. Шын мәнінде алкоголь біздің өміріміздегі әлеуметтік салттың бір элементі болып кірді.
Мысалы мерекелер, уақыт өткізудің кейбір әдістері және мәселені шешу. Бірақ осыған байланысты біздің қоғамымызда көптеген негативті жағдайларда көбейіп кетті.
Нашақорлық – (бұл грек тілінде narke- ағытылу және mania-құтырушылық, ақылсыздық дегенді білдіреді) Бұл жайлап адам ағзасының физикалық және психологиялық функцияларының терең жүдеуіне алып келетін есерткелік заттардан физикалық және психологиялық тәуелділікте болатын ауру. Нашақорлық – бұл әлеуметтік жаратылыс ретінде есірткіні қолданудың таралып кету дәрежесімен сипатталады немесе соларға ұқсастардың медицинаның рұқсатынсыз қолданумен сипатталады. Негізгі есірткіні қолданушы адамдарды жасы 30-жас шамасында болады. 60 % -нашақорлар 19-жасқа дейін өмірінде бірінші рет қолданады. Міне осылайша нашақорлық ең алдымен жастар мәселесі сонымен қатар нашақорлардың көп бөлігі , әсіресе радикалды есірткіні қолданылатындар жасы жеткенге дейін күтпейді.
Суицид – бұл өз өмірін қиюшылық, яғни өз-өзін өлтірудің жоғарғы батылдығы керітартпа ғадеттің пассивті түрі өмірдегі шешілмейтін мәселелерден кетуден, өмірден кетуден сипатталады. Суицид көбінесе дамыған елдерге тән және бүгінгі күні бұның санының көбеюіне алып келетін тенденциялар пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет