Дәріс 3 Дәріс жоспары 1. Құрылыстағы модульдік координация туралы. 2. Құрылыс жылутехника. 3. Құрылыс акустика. 4. Құрылысты жарықтандыру негіздері. 5. Индустриализация. Типизация. Унификация. 6. Ірі және бөлшекті модульдер. 7. Конструктивтік шешімдердің техника-экономикалық көрсеткіштері. Бірыңғай модульдік жүйе (БМЖ). БМЖ ғимараттардың құрылымдық элементтерінің жəне көлемді-жоспарлы өлшемдерінің басты модульдік негіздегі жабдықтар мен құрама құрылымдардың өлшемдерімен үйлесімділігін анықтайтын ережелер жиынтығы болып табылады. Негізгі модуль (М) 100 мм қабылданған. Ірі элементтер үшін: Көлемді туынды модульдер: 6000, 3000, 1500, 600, 300, 200 мм, белгіленуі сəйкесінше 60М, 30М, 15М, 12М, 6М, 3М, 2М. Ұсақ элементер үшін: Бөлшекті модульдер: 50, 20, 10, 5, 2,1 мм, сəйкесінше белгіленуі 1/2М, 1/5М, 1/10М, 1/20М, 1/50М, 1/100М. Модульдік жүйе өлшемдердің үш түрін қарастырады. Олар: номиналды, құрылымдық, табиғи (нақты) өлшемдер. Зауытта дайындалуына қарай аражабын тақтаның табиғи өлшемі (1590±5 мм, 5860±5мм) болуы мүмкін. Оң немесе теріс бағыттағы ауытқулар мəні мөлшер бойынша айқындалады. Негізгі модульмен салыстырғандағы – ірі және бөлшектелген модульдердің өлшемдері Азаматтық құрылыста құрылымдар оське келесі тəртіппен байланысады. Қабырғалар кірпіштен тұрғызылған ғимараттарда сыртқы қабырғаларының үйлестірілген өстерінің ішкі жігі 100 мм (ішке) ығыстырылады. Кірпіштен салынған үйлерде аралық қабырға кем дегенде 120 мм болу керек. Ғимарат бағаналар (колонна/ұстын) арқылы тұрғызылса онда байланыстыру осі міндетті түрде бағананың геометриялық ортасымен өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |