Дәріс №3 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі, ҚР құқық жүйесіндегі орны Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет1/13
Дата17.03.2023
өлшемі50,26 Kb.
#75094
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Дәріс №3
Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі, ҚР құқық жүйесіндегі орны
1.Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері
2.Атқарушы билік органдарынң жүйесі
3. Атқарушы билік органдарынң жүйесі құқықтық мәртебесі
4Үкімет, Әкімдіктер, Минитсрліктер мен агенттіктердің құқықтық мәртебесі
5. Мемлекеттік қызмет түсінігі мен мем/қызметшілер құққытық мәртебесі
Әкімшілік құқық-конституциялық және азаматтық құқықтармен қатар Қазақстан құқық жүйесінің негізгі салаларының бірі болып табылады.Оның мұндай орын алатын себебі “әкімшіліктің” әрқашанда және қазір де сөзсіз үлкен қоғамдық,тіпті өмірлік зор маңызы бар деп айтуға болады.
Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы,солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқықтық актілердің көпшілігіне жүйе құратындай белгілер бар.Бір жағынан,мұндай актілер қатынастардың белгілі бір тобын (жиынтығын) реттейтін болғандықтан (мысалы,органның,лауазымды адамның мәртебесін немесе өкілеттігін) оларда өзіндік маңыз болады,екінші жағынан-нақты мәселелерді шешудегі оның қызметінің шеңберін анықтау қажеттілігі сақталады (мысалы,көлік инспекциясы органдарының әкімшілік құқық бұзушылығы туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулық).Және де,мемлекеттік басқару органдарының заңдардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ниеттері жан-жақты шаралардың қабылдануын талап етеді.Мұндай мән-жайлар әкімшілік заңнаманың бірқалыпты талассыз дамуын қамтамасыз етеді.
Әкімшілік заңнаманың жүйеге келтіру нормативтік материалдарды жинақтау арқылы жүзеге асырылатындығымен келіскен жөн.Бірақ,бұл пікірге қарағанда,әңгіме тек әкімшілік құқықтың ішінде ғана емес,сонымен қатар,құқық салаларының арасында да құқықтық реттеу өрісін бөлу жайында болып отыр.
Бұл қатынастар өрісін кейде мемлекеттік басқару шеңберімен шектей алмайсын,бірақ көптеген адамдар оның шектелуін қалайды.
Біріншіден,басқару негізгі ұғым болғанымен және әкімшілік құқықтың тиісті нормалары басқару тәртібін қамтамасыз ететіндігіне қарамастан,мұндай жағдай (басқарылатындық) өмір тірлігінің басқа өрістеріне де тән.Екіншіден,ауытқушылық әрекетті әрқалай анықтауға және бағалауға болатындығын ескеру керек.Басқару тәртібін құқықтың әртүрлі салаларының нормаларымен қалпына келтіруге болады.Үшіншіден,іс-әрекетті түзету мақсатында әлеуметтік субьектілерге ықпал жасау институттық және институттық емес болуы мүмкін,ал іс-әрекетті қалыптастырудың соңғы сценарийінде атқарушы билік органдарының рөлі айқын байқалады.
Сол себепті,әкімшілік құқық,шын мәнінде,тек басқару құықығы ғана емес,сондықтан да әкімшілік құқық проблемаларын талдауды мемлекеттік басқару мәселелерін талдаумен ғана алмастыруға болмайды.
Әкімшілік нормалардың басқарудың сипатын анықтайтындығы сөзсіз.Мазмұны жағынан алғанда бұл басқару дегеніміз-басқарылатын жүйені іске қосу болып табылады,ал ол жүйеге,мына жағдайда,норма талаптарына (диспозицияларына) сәйкес келетін қоғамдық қатынастар,адамдардың әрекеттері мен мінез-құлқы жатады.Сонымен қатар,әкімшілік билікті авторитарлық ұйым ретінде қарастыра отырып норма императивтернің тек авторитарлық формаға ғана емес,сонымен қатар субьект әрекетін өздігінен қалыптастыратын нормаларға айналатындығын атап өткен жөн (адамдар қауымдастығындағы қатынастарды реттеу мұқтаждығы бар).
Әдебиетте әкімшілік құқықтың мәнін қалыптастыратын қатынастарды топтастырудың негіздемелерін анықтауда алшақтық бар.Мысалы,Д.Н.Бахрах: 1)аппарат ішіндегі қатынастарды; 2)әкімшілік биліктің азаматтармен,мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара қатынастарын бөліп қарастырады.
Әкімшілік құқық өзінің мәні бойынша төмендегідей санаттардың қосындысы:

  • әкімшілік құқық Қазақстан заңнамаларының саласы ретінде;

  • әкімшілік құқық заң ғылымының бөлігі ретінде

  • әкімшілік құқық пән ретінде болып табылады

Дәстүр бойынша атқарушы билікті жүзеге процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу міндеті ерекше құқық саласы-әкімшілік құқыққа жатады.
Бұған дейін айтылғандай,ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар,оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.Бұл қатынастардың ерекшелігі сол,олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы(тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін.Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқықты құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген.
Солай болғандықтан,аталған аядағы әр түрлі қоғамдық қатынастар ең жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін құрайды деп айтуға болады.Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады.
Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді,олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.
Бұл ең маңызды жәйт,өйткені тек пән бойынша,яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша құқықтық салалар ажыратылады.
Олай болатын болса,әкімшілік құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарға нелер тән?
Ең алдымен мынаны айту керек,олар мемлекеттік басқару аясында пайда болады,өзгертіледі және тоқтатылады.Бұған қарағанда бәрі түсінікті сияқты көрінеді,өйткені бұл аяның шекарасы ҚР-ның барлық деңгейіндегі атқарушы билік жүйесінің (механизмінің) ұйымдастырылуы мен және жұмыс істеуімен,мемлекеттік-басқарушылық қызметті жүзеге асыру прцесімен айқындалатындығы белгілі.
Бірақта әзірге мына бір жағдайды ғана сенімді түрде айтуға болады:біз ынта қойып отырған қоғамдық қатынастардың мемлекеттік-басқарушылық қызметпен байланыстылығы оларды жинақтап басқарушылық қатынастар ретінде сипаттауға болатындай мүмкіндік береді.Бұл шындығында да солай.Бірақ олардың мәнін толық түсіну үшін бұл жеткіліксіз.
Бізге керегі мына сияқты басқарушылық сипаты бар қоғамдық қатынастар,олардың мемлекеттік-басқарушылық қызметпен тікелей байланыстылығы себепті оларда мемлекеттік (жариялы) мүдде,мемлекеттік басқарушылық ерік тікелей көрініс табады.Соған сәйкес әкімшілік құқықтың пәнін анықтаған кезде атқарушы билік жүйесінің қызметімен тікелей байланысты болатын қатынастар басты назарда болуға тиіс.Ал мұндай қызмет атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде барлық қажетті мүмкіндіктері мен өкілеттіктері бар арнайы субьктінің болуын болжайды.Сондықтан,мемлекеттік басқару аясының шегі ең алдымен арнайы субьектілердің-тиісті басқарушылық қатынастардың қатысушыларының бар болуымен айқындалады.
Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субьектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді.Бұлар атқарушы биліктің органдары сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар.
Атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратын болса,тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субьектісі болып табылады.Басқаша айтқанда,мына жағдай еске алынып отыр,ол өзінің құзыретінің мазмұнын құрайтын заңдық биліктік өкілеттіктерін іске асырады.Ал мұндай құзырет оған нақ сол мемлекеттік-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу үшін беріледі.
Мемлекеттік-басқарушылық қызмет өзінің негізгі көріністері бойынша ұйымдастырушылық немесе ұйымдастырушы болып табылады.Бұл орайда ұйымдастыру деп қандай да болмасын бір жүйенің (тұтастай қоғамның,оның жекелеген элементтерінің,ұжымдардың,т.с.с) қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасау түсініледі.
Әкімшілік құқықтың мәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:
-атқарушы билік органдарының ұйымдастыруымен байланысты;
-әкімшілік-билік өкілеттігін жүзеге асыру және әкімшілік-билік органдарының азаматтармен,мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара байланысы барысында туындайтын;
-әкімшілік-деликтік сипаттағы;
Әкімшілік құқықтың мәнін құрайтын қатынастармен салыстырғанда құқықтық реттеу әдістері реттеудің қандай да бір заңдық режимнің мәнін білдіреді,оның өзегі болып табылады.
Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу әдісі деп әкімшілік құқық қатынасқа ықпал ететін тәсілдердің,құралдардың,амалдардың,жиынтығын түсінуіміз керек.Ол жиынтықты мыналар құрайды:

  1. Рұқсат ету -адамдардың өздерінің белсенді әрекетін жасауға құқық беру;

  2. Тыйым салу – белгілі бірәрекеттерді жасаудан тартынуын талап ету;

  3. Позитивтік міндеттеу-адамдарға олардың тиісті мінез-құлық көрсету міндетін жүктеу.

Жария мүдделерінің өрісінде өзіндік ерекшелік бар,ол қорыта келгенде реттеудің тәсілдерін,құралдарын және амалдарын таңдауға ықпал етеді.Императивтік реттеудің әдістерін таңдау жекелеген азаматтардың өзара түсінік арқылы басқалардың мүдделеріне деген ойын еркін білдіруін, мемлекет әкімшілігінің әкімшілік құқықтың ұжымдық және жеке субьектілерімен ынтымақтастығын қамтамасыз етуді көздейді.
Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып,осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынстарға,яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады.Бұл-қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.Жалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құқығының кез-келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген: нұсқама(міндеттеу),тыйым,ерік беру.Олардың жиынтығы қоғамдық қатынастардың кез келген түріне құқықтық ықпал жасаудың мазмұнын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет