НАД пен НАДФ-тің тотыққан және тотықсызданған түрлері
Тотықсызданған НАДН2 мен НАДФН2-де бір сутек атомы (Н) никотинамидтің құрамындағы С4 –ке қосылады. Ал екінші Н протон мен электронға ыдырайды. Электрон оң зарядталған бірінші орындағы азотқа қосылғанда заряд нейтралданады, сондықтан апофермент бөлініп шығады.
Протон (Н+) ерітіндіде қалады.
Тотыққан күйінде никотинамидте - 3 қос байланыс , тотықсызданған күйінде 2 қос байланыс болады.