Дәріс №6 Тақырыбы: Тіл біліміндегі функционалды зерттеулер туралы түсінік беру. Жоспары



бет1/3
Дата01.10.2023
өлшемі27,55 Kb.
#112196
  1   2   3

Дәріс №6 Тақырыбы: Тіл біліміндегі функционалды зерттеулер туралы түсінік беру. Жоспары

Дәріс №6
Тақырыбы: Тіл біліміндегі функционалды зерттеулер туралы түсінік беру.
Жоспары: 1. Тілтанымдық зерттеулердің функционалды бағыты.
2. Қазіргі функционалды зерттеулерге жалпы сипаттама.
3. Дәстүрлі грамматика мен функционалды грамматиканың арақатынасы.
4. Әлемдік тіл біліміндегі функционалды-грамматикалық тұжырымдамалардың негізгі типтері.
Тірек сөздер: тілтаным, фунционалды зерттеулер, грамматика, дәстүрлі грамматика, функционалды грамматика, тұжырым.
Функционалды тіл білімі – тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметін сипаттайтын бағыттар мен көзқарастардың жиынтығы. Қарым-қатынас құралы ретінде тілдің қызметіне назар аударатын құрылымдық лингвистиканың бір тармағын құрайтын бағыттар мен мектептер. Функционалды тіл білімі – тіл білімінің қандай қызмет атқаратынын зерттейді. Функционалды тіл білімінің негізін қалағандар – И.А. Бодуэн де Куртене, Ф.де Соссюр, О.Есперсен. Тілдің грамматикалық құрылымын функционалды ұстаным бойынша зерттеу функционалды грамматиканы тудырды (онда тілдік тұлғалардың мазмұны мен қызметіне назар аударылды). Функционалды грамматиканың негізін қалағандар С.Дик, О.Есперсен, Ф.Брюно т.б. болса, А.В.Бондарко функционалды грамматиканың өзіндік теориясын дамытты. Оның ториясының орталық ұғымына функционалды–семантикалық өріс жатады.
Қазіргі кезеңде тілдік зерттеулердің жүйелік–құрылымдық аспектілерін қатысымдық аспектілермен тығыз байланыстыру өте маңызды да өзекті болып отыр. Осы тұрғыдан сан-салалық функционалдық-грамматикалық бағыттардың ішінде профессор А.В.Бондарко мектебінің ұстанымы қазақ тілінің функционалды грамматикасын зерттеп қалыптастыруға, оны басқа тілдермен тілдермен салғастыра зерттеуге ғылыми үлгі бола алады.
Функционалды лингвистика – қарым-қатынас процесіндегі тілдің қызметі. Зерттейтін бағыттар мен мектептерді қамтитын лингвистика. Функционалды лингвистиканың негізін салушы Прага лингвистикалық үйірмесі болып есептеледі. 1926 жылы чех ғалымы В.Матезиустың және славист Р.О.Якобсонның басқаруы мен Прага лингвистикалық үйірмесі құрылған. Үйірмеге славян және герман тілдері мен әдебиетін зерттеушілер В.Матезиус, В.Гавренек, Й.Вахес. Б.Трнка, В.Скаличка, Я.Мукаржобский, Й.Коржинек сияқты т.б. ғалымдар біріккен.
Олардың функционалдықты негіздеген ой-тұжырымдары «Прага лингвистикалық үйірмесінің тезистері» түрінде жарияланып отырған. «Тезистері» алдымен 1928 жылы Гаагада өткен лингвистердің І Халықаралық конгресінде содан кейін 1929 жылы Прагадағы славистердің І Халықаралық съезінде көпшілік ғылыми ортада жария етілген.
Онан кейін функционалды лингвистиканы қалыптастырушылар мен дамытушылар И.А.Бодуэн де Куртенэ, Ф.де Соссюр, О.Есперсен, И.Буслаев, К.С.Аксаков, Н.П.Некрасова, А.А.Потебня, Ф.Фортунатов, А.А.Шахматов, А.М.Пешковский, Л.В.Щерба және т.б. болды. Қазіргі кезде функционализмге түрлі бағыттар мен мектептер бірігеді. Функционалды зерттеулердің әр системалы тілдердегі бағыт-бағдары да бір-біріне ұқсамайды. Мәселен, Прага, Лондон, Француз, Голландия, Копенгаген, Женева, Ресей, т.б. функционалды мектептері. Чехославакияның қазіргі функционализмі, француздың А.Марссрия бастаған функционализмі, славян ғалымдарының функционализмі т.т. бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Функционализмнің қай мектебі , қай бағыты болсын, оларды біріктіретін бір ортақ тұжырым, көзқарас бар, ол – тілдің адамның қарым-қатынас жасау процесінде, дүниені тануда, оны жеткізуде белгілі бір мақсаттарын, ой-ниеттерін іске асыруының құралы, амалы болуы.
Тіл білімінде функционалды лингвистиканың бірнеше бағыттары қалыптасқан. Біріншіден, тіл салаларының жалпы өзін немесе олардың нақты бір бірліктері мен категорияларының қызметін қарастыратын бағытта зерттеулер жасалады. Бұл – тілдің ішкі лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі. Зерттеулердің қөбі осы бағытта жүргізіледі. Орыс тіл біліміндегі В.Г.Гактың, Г.А.Золотованың, Е.Куриловичтің, Д.Н.Шмелевтің, Н.А.Слюсареваның, Н.Ю.Шведованың т.б. зерттеушілердің еңбектері осы бағыттағы түрлі тақырыптарға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет