Дәріс №6 Тақырыбы: Тіл біліміндегі функционалды зерттеулер туралы түсінік беру. Жоспары



бет1/2
Дата31.03.2023
өлшемі19,67 Kb.
#78075
  1   2
Байланысты:
Лекция№6


Дәріс №6
Тақырыбы: Тіл біліміндегі функционалды зерттеулер туралы түсінік беру.
Жоспары: 1. Тілтанымдық зерттеулердің функционалды бағыты.
2. Қазіргі функционалды зерттеулерге жалпы сипаттама.
3. Дәстүрлі грамматика мен функционалды грамматиканың арақатынасы.
4. Әлемдік тіл біліміндегі функционалды-грамматикалық тұжырымдамалардың негізгі типтері.
Тірек сөздер: тілтаным, фунционалды зерттеулер, грамматика, дәстүрлі грамматика, функционалды грамматика, тұжырым.
Функционалды тіл білімі – тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметін сипаттайтын бағыттар мен көзқарастардың жиынтығы. Қарым-қатынас құралы ретінде тілдің қызметіне назар аударатын құрылымдық лингвистиканың бір тармағын құрайтын бағыттар мен мектептер. Функционалды тіл білімі – тіл білімінің қандай қызмет атқаратынын зерттейді. Функционалды тіл білімінің негізін қалағандар – И.А. Бодуэн де Куртене, Ф.де Соссюр, О.Есперсен. Тілдің грамматикалық құрылымын функционалды ұстаным бойынша зерттеу функционалды грамматиканы тудырды (онда тілдік тұлғалардың мазмұны мен қызметіне назар аударылды). Функционалды грамматиканың негізін қалағандар С.Дик, О.Есперсен, Ф.Брюно т.б. болса, А.В.Бондарко функционалды грамматиканың өзіндік теориясын дамытты. Оның ториясының орталық ұғымына функционалды–семантикалық өріс жатады.
Қазіргі кезеңде тілдік зерттеулердің жүйелік–құрылымдық аспектілерін қатысымдық аспектілермен тығыз байланыстыру өте маңызды да өзекті болып отыр. Осы тұрғыдан сан-салалық функционалдық-грамматикалық бағыттардың ішінде профессор А.В.Бондарко мектебінің ұстанымы қазақ тілінің функционалды грамматикасын зерттеп қалыптастыруға, оны басқа тілдермен тілдермен салғастыра зерттеуге ғылыми үлгі бола алады.
Функционалды лингвистика – қарым-қатынас процесіндегі тілдің қызметі. Зерттейтін бағыттар мен мектептерді қамтитын лингвистика. Функционалды лингвистиканың негізін салушы Прага лингвистикалық үйірмесі болып есептеледі. 1926 жылы чех ғалымы В.Матезиустың және славист Р.О.Якобсонның басқаруы мен Прага лингвистикалық үйірмесі құрылған. Үйірмеге славян және герман тілдері мен әдебиетін зерттеушілер В.Матезиус, В.Гавренек, Й.Вахес. Б.Трнка, В.Скаличка, Я.Мукаржобский, Й.Коржинек сияқты т.б. ғалымдар біріккен.
Олардың функционалдықты негіздеген ой-тұжырымдары «Прага лингвистикалық үйірмесінің тезистері» түрінде жарияланып отырған. «Тезистері» алдымен 1928 жылы Гаагада өткен лингвистердің І Халықаралық конгресінде содан кейін 1929 жылы Прагадағы славистердің І Халықаралық съезінде көпшілік ғылыми ортада жария етілген.
Онан кейін функционалды лингвистиканы қалыптастырушылар мен дамытушылар И.А.Бодуэн де Куртенэ, Ф.де Соссюр, О.Есперсен, И.Буслаев, К.С.Аксаков, Н.П.Некрасова, А.А.Потебня, Ф.Фортунатов, А.А.Шахматов, А.М.Пешковский, Л.В.Щерба және т.б. болды. Қазіргі кезде функционализмге түрлі бағыттар мен мектептер бірігеді. Функционалды зерттеулердің әр системалы тілдердегі бағыт-бағдары да бір-біріне ұқсамайды. Мәселен, Прага, Лондон, Француз, Голландия, Копенгаген, Женева, Ресей, т.б. функционалды мектептері. Чехославакияның қазіргі функционализмі, француздың А.Марссрия бастаған функционализмі, славян ғалымдарының функционализмі т.т. бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Функционализмнің қай мектебі , қай бағыты болсын, оларды біріктіретін бір ортақ тұжырым, көзқарас бар, ол – тілдің адамның қарым-қатынас жасау процесінде, дүниені тануда, оны жеткізуде белгілі бір мақсаттарын, ой-ниеттерін іске асыруының құралы, амалы болуы.
Тіл білімінде функционалды лингвистиканың бірнеше бағыттары қалыптасқан. Біріншіден, тіл салаларының жалпы өзін немесе олардың нақты бір бірліктері мен категорияларының қызметін қарастыратын бағытта зерттеулер жасалады. Бұл – тілдің ішкі лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі. Зерттеулердің қөбі осы бағытта жүргізіледі. Орыс тіл біліміндегі В.Г.Гактың, Г.А.Золотованың, Е.Куриловичтің, Д.Н.Шмелевтің, Н.А.Слюсареваның, Н.Ю.Шведованың т.б. зерттеушілердің еңбектері осы бағыттағы түрлі тақырыптарға арналған. 
Функция дәстүрлі грамматикада көбінесе жеке тіл бірліктерінің сөйлемдегі атқаратын қызметі тұрғысынан түсіндіріп,сөйлем мүшесі болумен байланысты айтылады . Мәселен, дәстүрлі тұрғыдан бала үйден шықты деген сөйлемнен бала бастауыш, үйден пысықтауыш,шықты баяндауыш қызметін атқарады деп талдаймыз. Әдетте дәстүрлі грамматикада нақты бір тілдік бірлік бір ғана қызмет атқарады деп қаралады. Мысалы, қазақ тілі оқулықтарында дай, дей қосымшасы сын есім тудырушы қосымшасы болып анықталған. Бұдан біз бұл қосымшаның сөз тудырушы қызмет атқаратынын көреміз. Бұл сияқты тілдік формаларды бір ғана қызметке байлайтын тұжырымдар дәстүрлі грамматикаға тән. Десек те, қазақ тіл білімінде әр бір тіл бірлігінің қолданыста түрлі мағынаға ие болып, соған сәйкес түрліше қызмет орындауы жайлы айтылған ой пікірлер аз емес. Бұл мәселеге байланысты ғылыми зерттеулер мен ғылыми мақалалардың тақырыптары функция ұғымымен байланысты беріліп жүр. Атап айтқанда, Ы. Маманов «Функциялық қосымшалар», Қ. Шаяхметов «Екі функциялы аффикстер», А. Жаңабекова «Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері» т.б. С. Исаев қосымшаларға классификация жасаған сызбада сөзжасам қосымшаларының бір тармағы етіп, функциялық қосымшалар (дай,ша,сыз,да шы) дегенді қосады. Сонымен қатар қазақ тілі оқулықтарында функция ұғымының мәні жете түсіндіріле бермейді. Тіл бірліктерінің сөйлемдегі қызметі ме, сөзжасамдық, формажасамдық қызмет пе, мағына ма бұл жағы айқын емес.
Жоғарыда көрсетілген еңбектерде тілдік бірліктердің көп қызметтігі жайлы айтылып, дәстүрлі грамматикадағы бір ғана функция орындау сипатымен шектелмей, сөйлеу жүйесінде болатын әр түрлі қызмет тұрғысынан талданады. Бір тілдік бірліктің сөйлеумен байланысты түрлі өзгерісі грамматикалық көпмағыналық, көпқызметтілік ұғымдарымен түсіндіріледі. Функционалды грамматика аты айтып тұрғандай, сөйлеу деңгейінде болатын құбылыс. Ол тіл бірліктерінің сөйлеудегі амал әрекеттерін анықтайды. Функционалды грамматикада функция ұғымы арнайы зерттелуге тиісті мәселе. Функционалды грамматика функцияны жеке тіл бірліктерінің қызметі тұрғысынан емес, тұтас сөйлем функциясы тұрғысынан сипаттайды. Семантикалық мағына тұтас сөйленім арқылы көрінеді бұл жағынан алғанда функция тұлғалық грамматикада қызмет түрінде анықталса (тіл бірліктерінің қызметі), функционалды грамматикада ол жұмсалым ұғымына жақын. Бұл екі ұғымның аражігін функцияны құрылымдық және семантикалық қызмет түрлеріне бөліп қарастыру арқылы ашуға болады. Тілді зерттеудің семасиологиялық және ономосиологиялық бағдарларымен байланысты формадан мағынаға қарай зерттеу негізінен дәстүрлі грамматикада ұстанылса, кері бағыт мағынадан формаға қарай зерттеу функционалды грамматиканың негізгі зерттеу бағыты екендігі мәлім. Осы мәселені функция ұғымына қатысты талдасақ, дәстүрлі тұрғыдан тіл бірліктері формадан мағынаға қарай талданғанда тұлға қызмет атқарады делініп, бір тілдік бірліктің қандай мағыналар беретінін, қандай қызметтер атқаратынын сөз етеміз. Нәтижесінде тұлғаның көпмағыналығы мен көпқызметтігі анықталады. Ономасиологиялық бағдардағы функционалды грамматика тіл бірліктерін мағынадан бастап зерттегенде, бұл грамматиканың формадан мағына ға қарайғы бағыты да зерттеу барысында үнемі қолданып отыруымен байланысты, функцияның алғашқы формасымен, яғни тұлғадан мағынаға қарай талданатын тілдік бірліктер функциясымен санасады. Жекелеген тіл бірліктерінің мағына беру қызмет ету мүмкіндіктерін жұмсалым айналымына түсіреді . Мысалы: «Ыдырыс сапардан кеше келді» деген сөйлемде сөйленім темпоральдық жағдаятқа құрылған. Сөйленімдегі негізгі мазмұн Ыдырыстың сапардан кеше келгендігін хабарлау. Уақытқа қатысты мағыналық қатынас екі тілдік құрал арқылы берілген. Бірі келді етістігі, екіншісі кеше лексикалық бірлік. Бұл сөйленімдегі шақтық мағына грамматикалық -ді формасы арқылы кеше сөзінің қатысынсыз-ақ берілер еді. Бірақ бұл сөз сөйлеуші мақсатымен сәйкес жалпылама берілген щақтық мағынаға нақтылық мән үстеген. Кеше сөзі сөйленімде келді етістігін пысықтап уақытқа қатысты мағынаны білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып тұрса, келді етістігі өткен шақтық мағынаны білдіріп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Екі тілдік құрал да шақтық мағына беру үшін жүктелген өздеріне тиселі қызметті атқарып тұр. Баяндауыштық және пысықтауыштық қызмет олардың тіл жүйесіндегі құрылымдық қызметі. Ал олардың сөйленімдегі «тілдік ортадағы» атқаратын функциясы темпоральдық мағынаны беру. Бұл мағына олардың семантикалық функциясы болып табылады. Бұл семантикалық функция өз құрамындағы жекелеген тіл бірліктерінің құрылымдық функциясымен байланысты болады. Талданған сөйленімдегі кеше сөзі мен -ді грамматикалық формасының жеке тұрғандағы мағыналары шақтық мағынаны білдіру болса, олар сөйленімдегі тұтас семантикалық мағынаны беруге өз үлестерін қосып тұрады. Айталық, бұл сөйленімді семантикалық функциясы тұрғысынан сапалық, сандық немесе белгілік, белгісіздік т.б. категориялық функциялармен байланысты қараймыз. Сөйленім құрамындағы жеке тілдік құралдар функциясы мен сөйленімнің семантикалық функциясы әр уақытта байланысты болып келеді. Сөйленім функциясы жеке тіл бірліктері функциясынан алшақ жатқан жеке құбылыс емес. Демек, бұл екі бағыттағы функцияларды бір-бірінен бөліп жарып қарауға болмайды, бұл екеуі бір-бірінен туындайтын астас құбылыстар. Құрылымдық функция-сөз формасы денгейінде, ал семантикалық функциясөйленім денгейінде көрініс табады.
Құрылымдық функция тіл жүйесіндегі әрбір тілдік бірліктің сөйлеудегі қызметін тексерсе,семантикалық функция тұтас бір сөйленімде берілген семантикалық мағынаны анықтап, бір тектес мағына беретін әр деңгейлік тілдік бірліктердің қызметін категориялық тұтастықта алып қарастырады, яғни сөйленім функциясы тұрғысынан сипаттайды. Мәселен, темперольдық мағына беретін әр деңгейлік тілдік құралдардың біртұтас қызметі семантикалық функция болып табылады. Семантикалық функция мағыналық мазмұн элементтерінен тұрады және тілдік емес дүниемен байланысады. Яғни семантикалық функцияға экстралингвистикалық факторлардың да әсері болады. Ал құрылымдық қызмет тіл бірліктерінің жүйелі құрылымдық ұйымдасуына қызмет етеді. Тіл бірліктерінің жүйелі құрылымдық ұйымдысуы дегеніміз олардың тіл жүйесіндегі жүйелі түрде қолданыла келе, қалыптасқан типтік мағынасы не қызметі. Мысалы: қимылдың өту мерзімін білдіретін мағына тіл жүйесінде категориялық сипатта етістіктің шақ формалары арқылы беріледі. Шақ формалары осы мағынаны беруге бейімделген, яғни тіл жүйесінде шақтық мағына шақтық формаларының негізгі байлаулы мағынасы болып табылады. Категориялық мағына ғана емес, тілде жекелеген тіл бірліктерінің де өзіне тиесілі қызметі болады. Мысалы: -дай, -дей қосымшасының негізгі қызметі салыстыру мағынасын үстейтін форма тудырушы қызмет «құр сөзге құнары жоқ жалындайсың». Бұл қосымшаның салыстыру мағынасын беретін форма тудырушы қызметі кейбір сөздерге жалғанып, тұрақты жалғана келіп лексикаланып, сөз тудырушы қызмет мүмкіндігіне ие болған. Бірақ -дай, -дей қосымшасының бұл сөзжасамдық қызметі сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы емес, лексика семантикалық тәсілмен орындалған. Құрылымдық қызмет тіл жүйесінің, семантикалық қызмет сөйлеу жүйесінің бірлігі дегенімізбен, бұл абсолютті тұжырым емес, өйткені қызмет функция ұғымдарының өзі, ол қай денгейде болмасын, сөйлеумен байланысты үнемі динамикалық сипатта болатын құбылыс. Сондықтан тіл жүйесіндегі құрылымдық қызметте сөйлеу бірлігі контекске тәуелді болып тұрады. Тіпті қандай да бір тілдік бірліктің сөз не формасы екендігі, яғни бір қосымшаның сөз не форма тудырып тұрғандығы контекс арқылы ғана айқын болады. Мысалы: Октябрь көп газет оқушы еді. Оқушы саны азайып қалыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет