Дәріс Балалар бақшасында тіл үйретудің әдістері мен тәсілдері



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі16,61 Kb.
#14653
  1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 5 Балалар бақшасындағы тіл дамыту әдіс-тәсілдері


Дәріс Балалар бақшасында тіл үйретудің әдістері мен тәсілдері

Ана тілін үйретудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздеи, бір қатар қабілеттердің дамуы процесінде ішкі сезім арқылы саналы емес жүзеге асырылады:



  1. Өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті- сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды моделдеу және оларды есту,

  2. Дыбыс комплекстерімен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну.

  3. Сөздің мағыналық элементтерін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау.

  4. Араласу, тану сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.

Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым байиды және оның психикасы жан-жақты дамиды. Лингвистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.

Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекетін айтады. Мектепке дейінгі кезендегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу әңгімелесу әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру әдісі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет