Семинар сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер «Еліктеу сөз»



Дата23.11.2022
өлшемі16,94 Kb.
#52117
түріҚұрамы
Байланысты:
13- тапсырма СӨЖ


СӨЖ. Еліктеуіш сөздер құрамындағы дыбыстардың
рөлі


13- семинар сабақтың тақырыбы:
Еліктеу сөздер
«Еліктеу сөз» тақырыбының мазмұнына байланысты оның лексика-грамматикалық сипаты, мағыналық топтары, грамматикалық категория-ларға түрлену жолын ашуға берілетін сұрақтар:

1. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері және еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері

2. Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарын жасаудағы ролі және сөйлемде атқаратын қызметі.




Сұрақтарға әзірлену үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. –Алматы, 1960
2. Катембаева Б. Еліктеуіш сөздерді оқыту. –Алматы, 1975.


Дәйектеме: Семантикалық жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетикалық және морфологиялық құрылысы жағынан да басқа сөз таптарынан өзгеше оқшау тұратын сөз табы екенін түсіну. Еліктеу сөздер табиғаттағы түрлі дыбыстарға, жан-жануарлар шығаратын дыбыстауларға, табиғаттағы түрлі құбылыстар мен заттардың сыртқы сипатына, қимыл-әрекеттерінің түрлі көріністеріне еліктеуден пайда болатын сөздер тобы екендігі. Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер болып бөлінуі. Әрқайсысының мағыналық және дыбыстық ерекшеліктері , сөз табының түрлерін жасаудағы ролі, сөйлемде атқаратын қызметін мысал арқылы талдап, көрсете білу.


Жаттығу блогі


1-жаттығу. Дыбысқа еліктеуіш сөздерді бір бөлек, бейнелеуіш сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
Оған жалт етіп қарамай тұра алған жоқ (Ә. О.). Сейіт күтпеген сөзге селк етті (Ә. О.). Жігіт денесі селк етті (Ә. О.). Жігіт денесі шымыр етті (Ә. О.). “Сейіт” деген дауысқа селт етіп, жалт қарады (Ә. О.). Гуілдеген сөз біздің жаңа құрылған кішкентай отауымыздың түңлігін желп-желп еткізді (Ә. О.). Сол-ақ екен жанама бойында гу-гу, пыш-пыш әңгіме қоздап, сыпсың өсек, өрттей лаулап жүре берді (Б. Т.). Аяғында гүрс-гүрс еткен керзі етігі бар (Б. Т.). Жаяу-жалпы сан-сапалақ, жұрт та тапыр-тұпыр етіп, ұбап-шұбап ағылып жатады (Б. Т.). Тастан-тасқа ырғыған ат дүбірінің өзі-ақ маңайды жаңғырықтырып, үрейлі айқайға ұласқан тасыр-тұсыр жер-көкті көтеріп тастағандай болды (К. О.).


2-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерді бөлек-бөлек баған етіп топтап жазып шығыңыздар.
Ыр етіп дауысы шыққан арлан тұрған орныны қайта құлады. Үшеуінен басқа бейне бір төртінші жан иесі бар сияқты қара кемпір де жан-жағына алақ-жүлақ етіп, қарай берді. Дереу үстіндегі қара тонын шешіп артқа қарай лақтырған қара кемпір аз уақытта тонының дырт-дырт етіп айрылғанын естіді. Қос құлағы тарс бітіп көзінің алды тұманданып кеткен.
Кенеттен қарқылдап күліп жіберген қызына қара кемпір жалт қарады.
Гүрс етіп атылған қос мылтықтың үні тып-тыныш тұрған кең даланы жаңғырта естілді. Денесі селк ете түскен Жаныс алдында бойы ұзарып кеткен өлі денені көрді (Д.Бейс.).


3-жаттығу. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметін анықтаңыз.
Үзеңгіге аяғы тиер-тиместен лып етіп өзі де ат үстіне қона кетті (М.М.). Ол жүрісін кілт доғарып, жалт қарады (Р.С.). Алыстан тарс-тарс атылған мылтық даусы естілді (Қ.Қ.). Ауыл оттары жылт-жылт етеді (Ж.М.). Түйелер маң-маң басып, өріске өрді (Ә. Нұрп.). Үйдегілер тегіс есік жаққа қарап, елең ете қалысты (Б.Т.). Шегебай да қанын ішіне тартып, қалш-қалш етеді (Б.Т.). Жүрегім зу ете түсті, суық тер бұрқ етті. Ол әуелі сылқ-сылқ күлді (Ә.О.)
Тексеру блогі
Тест- карточка:
Еліктеуіш сөздер

1. Еліктеуіш сөзді ажырат

А) бәсе
В) әттең
С) әдемі
Д) гүрс
Е) ойнақтады

2. Бейнелеуіш сөзді белгіле

А) сатыр-гүтір
В) бала-шаға
С) қорбаң-қорбаң
Д) ертелі-кеш
Е) сен-ақ

3. Еліктеуіш сөзді одағайдан шығаруды алғаш ұсынған ғалым

А) І.Кеңесбаев
В) А.Ысқақов
С) А. Жұбанов
Д) А. Байтұрсынов
Е) Н. Сауранбаев

4. Еліктеуіш сөздің мектеп грамматикасына енген жыл

А) 1948
В) 1936
С) 1950
Д) 1954 жыл
Е) 1951

5. Еліктеуіш сөздің сөйлемдегі негізгі атқаратын қызметі

А) бастауыш
В) пысықтауыш
С) баяндауыш
Д) анықтауыш
Е) толықтауыш



Бақылау жұмыстары үшін:

  1. Еліктеуіш сөздер мағынасы арқылы басқа сөз таптарынан ерекшелене ме?

  2. Еліктеуіш сөз табының грамматикалық категориясы бар ма?

  3. Еліктеуіш сөздер сыртқы тұлғасы жағынан басқа сөз таптарынан қандай белгісі арқылы ерекшеленеді?

  4. Еліктеуіш сөздердің негізгі синтаксистік белгісі қандай?

  5. Дара еліктеуіш деген не?

  6. Туынды еліктеуіш қандай?

  7. Күрделі еліктеуіш сөздер қандай?

  8. Құранды етістік жасауға еліктеуіш сөздердің қатысы қандай?

19.11. сағат 24.00 дейін жіберіңіздер

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет