Дәріс хуііі-хіх ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті Дәрістің мақсаты



Дата15.11.2023
өлшемі21,06 Kb.
#123166



Дәріс 7.ХУІІІ-ХІХ ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті

Дәрістің мақсаты: ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін дәріптеу. Рухани және материалдық мәдениетпен таныстыру. Қазақ ағартушылары еңбектерінің тарихи маңыздылығын ашып көрсету.
Түйінді сөздер: Ақын, жырау, мәдениет, халық-ағарту ісі, ағартушы, ғалым.
Күтілетін нәтижелер:Орыс ғалымдарының қазақ тарихына қатысты дереккөздегі маңызды ақпаратты табады. Тарихи ұғымдарды түсінеді. Қазақ ақын-жырау, күйшілерін біледі.

Негізгі сұрақтар:
1. ХУІІІ-ХІХ ғғ. қазақ әдебиеті.Халық ағарту ісі.
2.Қазақтардың ХУІІІ-ХІХ ғғ. материалдық мәдениеті
3. Музыка өнері


Қысқаша мазмұны

XVIII ғасырларда Қазақстан мәдениеті өткен уақыт дәстүрімен жалғаса дамыды. Бұл көбінесе ақын-жыраулардың шығармашылығынан көрінді.


Сол тарихи кезенде елге танымал жырау Бұқар Қалқаманұлы (1693-1787) болды. Ол Баянауылда туып-есті. Оның жырларының непзп тақырыбы: Отанға деген сүйіспеншілік, халық бірлігі мен батырлық идеясына тоғысып жатты. Ол өз жырларында жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақтың үлт азаттық күресінің батырлары: Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек сынды батырлардың ерліпн жырларына арқау етіп, оларды жастарға үлп етті. Бұхар жырау бір орталықтан басқаратын күшті мемлекет құруды мақсат еткен, үш жүздің басын біріктіру жолына күш-қайратын сарп еткен Абылай ханның қызметіндәріптеді. Өзінің «Сабалақ» атты жырында Абылайдың көрегендігін жырла-ды. Ол Абылайдың кеңесшісі болды, оны ісімен де, ақылымен де қолдап отырды.
Сол уақыттағы ақын, жыршы Тәттіқара, эпикалық ақын Ақтамберді жырау (1675-1768), әйплі Шал ақын (1748-1819) т.б. жыршы, жыраулар халқының мұң-мұқтажын пенделіктен жоғары қойған ұстанымдарымен танымал болды. Олар батырлардың ерліпн дәріптеді, ал ел басына қауіп төнген көзде халық-ты ерлікке, батырлыққа, күреске шақырды. Халық ауыз әдебиетіндеп «Елім-ай!», «Қап қағылған», «Шаңды жорық» сияқты туындыларда қазақ халқының жоңғарларға қарсы жүрпзген Отан соғысының оқиғалары баяндалды.
Қазақ халқы музыка өнеріне ерекше мән берген. Халықтық ән-күйі енөрі жақсы дамыды. Сырым Датүлы көтерілісіне «Сырым сазы» күиі арналды. Сол заманның атақты домбырашы сазгері Байжігіт халық арасында кеңшен танымал болды. Ол «Ақтабан шұбырынды», «Қайыңсауған» (ақтабан шұбы-рынды кезінде аштықтан аман қалу үшін халық қайың шырынын ішкен) т.б. тарихи тақырыпқа арналған күйлер шығарды.
XIX ғасырдың басындағы музыкалық және ақындық енерде Исатай батыр бастаған көтеріліске, оның серігі батыр, ақын Махамбетке арналған өлең-жырлар халық арасында кең тараған. Ал еркіндік, Отанға деген махаббат тақырыбы Махамбеттің «¥лы арман», «Сұлтан Баймағанбетке», «Жәңпрге», «Қызғыш құс» және т.б. өлең-жырларына арқау болған. Ол көтерілісшілердің қайсарлығын, Исатайдың көзсіз ерлігін жырлады. Сол кезде шығармашылық өнерін жаңа бастаған атақты күйші композитор Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1879) өзінің алғашқы шығармасы - «Кішкентай» күйін Исатай Тай-манұлына арнады.
XIX ғасырдың басындағы музыкалық және ақындық енерде Исатай батыр бастаған көтеріліске, оның серігі батыр, ақын Махамбетке арналған өлең-жырлар халық арасында кең тараған. Ал еркіндік, Отанға деген махаббат тақырыбы Махамбеттің «¥лы арман», «Сұлтан Баймағанбетке», «Жәңпрге», «Қызғыш құс» және т.б. өлең-жырларына арқау болған. Ол көтерілісшілердің қайсарлығын, Исатайдың көзсіз ерлігін жырлады. Сол кезде шығармашылық өнерін жаңа бастаған атақты күйші композитор Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1879) өзінің алғашқы шығармасы - «Кішкентай» күйін Исатай Тай-манұлына арнады.
Қазақ жерінің Ресейге қосылуы елдің географиялық жағдайы мен қазба байлықтарын, экономикасын, тарихын, этнографиясын зерттеу үшін орыс-тың ғалымдары мен саяхатшыларының жүйелі түрде жұмыстар жүрпзуіне мүмкіндіктер ашылды. 1779жылы Қазақжеріне алғашқы ғылыми экспедиция-ның бірін П.С. Паллас басқарып келді. Оның экседициясының жемісі «Ресей империясының әртүрлі аймақтарына саяхат» (1773 ж.) атты еңбеп болды. 1772 жылы Н. Рычков «1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына капитан Н. Рычков саяхатының күнделік жазбалары» атты еңбепн жариялады. Орыс ғалымдарының Қазақ жерін зерттеудегі ірі жетістік 1832 жылы шыққан
А.И. Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мөн дала-ларының сипаттамасы» дөген еңбегі болып табылады.
Қазақ өлкесін зерттеуде баға жетпес үлес қосқан орыс мәдениетінің кәрнекті өкілдерінің ішінде В.И. Дальдың алатын орны ерекше. Ол 1833-1841 жылдары Орынбор губернаторы жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі қызметкер болып істеген көзінде қазақ халқының ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпы мен тұрмыс тіршілігін зерттеді
1833 жылы А.С. Пушкин Орынбор мөн Оралға Е. Пугачев көтерілісі тура-лы материал жинау үшін арнайы келіп, бұл аймақта қазақ халқының мәдениетімен де танысады. Осы сапарында Пушкин «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір нұсқасын жазып алған.
ХІХғасырда Қазақстанды зерттеушілердің ішінде әлемдікдеңгейдеп ғалым П.П. Семенов-Тянь-Шаньский (1827-1914) болды. Ол Орталық Тянь-Шань-ды зерттеді, Алтай, Жетісу, Орта Азияға саяхат жасады. Оның басшылығы-мен «Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық жазбалары» деген көптомдық зерттеулері жарық көрді. Бұл еңбектің «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан елкесі» деген екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Мұнда географиялық орта, табиғат, қазба байлық, тарих, қазақтардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде ғылыми мәліметтер топтастырылды. Қазақстанның геогра-фиясын, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, оның қазба байлығын зертте-гендердің келесі бір өкілдері Н.А. Северцев пен И.В. Мушкетов болды. Сон-дай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясының беймәлім сырла-рын ашуда белгілі шығыстанушы, түркітанушы, этнограф, Петербор акаде-миясының академип В.В. Радлов (1837-1918) та қомақты үлес қосты. Ол Алтай, Солтүстік Қазақстан, Жетісу қазақтары мен басқа да халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, фольклоры туралы құнды еңбектер қал-дырды. Оның «Түріктайпаларыныңхалыктықәдебиетінің үлгілерінде» қазақ-тың ертеплері, эпикалық шығармалары мен лирикасы жинақталған. Қазақ халқының тарихы туралы қүнды деректерді ірі шығыстанушы ғалым, архео-лог, лингвист, академик В.В. Вельяминов-Зерновтың (1830-1904) еңбектер-інен ала аламыз. Ол «Қасымдық патшалар мен ханзадалар туралы зерт-теу», «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер» және басқа да еңбек-терінде Қазақ тарихының езекті мәселелері талданады. Қазақ өлкесінің та-рихын А.И. Добросмыслов, Н.Н. Аристов, М Красовский сынды ғалымдар да зерттеді. Еліміздіңтарихы, этнографиясы, географиясы туралы мәліметтерді саяси жер аударылғандар, патшалық әкімшіліктің қызметкерлері, Бас штаб-тың офицерлері жинастырды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы қоғамдық ой мен мәде-ниетті дамытуда мәдени-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар маңызды рөп атқарды.
Орыс географиялыққоғамыныңбелімдері Орынборда (1868 ж.), Омбыда (1867 ж.), ал кейінірек Семей бөлімшесі мен Түркютанда (1897 ж.) бөлімі ашылды. Олар жиналған мәліметтер бойынша тарих, этнография, география туралы жинақгар жариялап отырды. Қоғам жүмысына қазақзия-лылары да белсене араласты. Мысалы, Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің корреспондент мүшесі Ы. Алтынсарин болды және ол өзінің ғылыми зерттеулерін осы жинақтарда жариялады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттері қүрылды. Бүл комитеттер статистика, тарих, этнография, мәде-ниет жайлы мәліметтер жинақтап, әрбір облыс бойынша шолу жасап отыр-ды. Семей облыстық статистикалық комитет жүмысына Абай да қатынасты.
Қазақстанды зерттеумен Ресейдің басқа да ғылыми ұйымдары - Ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс тарихы мен археологиясының әуесқойлары, жаратылыстану, шығыстану мен антропология әуесқойлары қоғамы т.б. ай-налысты. Бұл кезеңде Қазақстанда қоғамдық кітапханалар ашыла бастады. 1883 жылы Семейде көпшілікке арналған алғашқы кітапхана ашылды.
Қазақстанның Ресейге қосылуы білім беру жүйесінің дамуына да үлкен ықпал жасады. Ауқатты адамдардың балалары Бұхара, Самарқанд, Хиуа, Ташкент қалаларындағы медреселерде білім алды. Қарапайым көшпелі адамдардың балалары сауаттарын мұсылман мектептерінде немесе ауыл молдаларынан ашты. Діни емес оқу орындары жерплікті патша әкімшіпіпнің қызметкерлерін: тілмаштар мен хатшылар дайындау қажеттілігіне байла-нысты ашылды. Ондай оқу орындарына 1786 жылы Омбыда ашылған Азия-лық мектебі, 1789 жылы ашылған Орынбордағы Үкіметтік мектеп жатты. Онда орыс балаларымен бірге, қазақ шәкірттері де оқыды. 1825 жылы Орын-борда, ал 1846 жылы Омбыда әскери мамандар мен әкімшілік чиновник-терін дайындайтын Кадет корпусы ашылды. Қазақ балаларына арналған зайырлы мектеп 1841 жылы Бекей хандығында, 1850 жылы Орынборда Шекаралық комиссия жанынан ашылды. Қазақ даласында әйелдерге білім беру өте нашар дамыды. 1887 жылы Ырғызда Ы. Алтынсариннің белсенді педагогикалық қызметінің нәтижесінде қыздарға арналған училище ашыл-ды. 1890-1896 жылдары Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтебеде орыс-қазақ қыздар училищелері пайда болды. Алғашқы кәсіби білім беретін оқу орындарынан 1879 жылы негізі қаланған Түркютан мұғалімдер семинария-сы мен 1883 жылы ашылған Орынбордағы қазақ мұғалімдер мектебі болды.
Кейіннен мұғалімдер семинариясы Ақтөбе, Верный, Семей, Орал қала-ларында жұмыс істей бастады. Қазан төңкерісіне дейінп уақытта олар 300-ге жуық қаэақ мұғалімдерін даярлап шығарды. Сондай-ақ XIX ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептер де пайда болды. Бірақ қазақөлкесінде бірде-бір жоғары оқу орны болмады. Сол уақытта емір сүріп, қазақ мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан қазақтың көрнекті қайраткерлері Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев XIX ғасырдың екінші жар-тысында қазақ тарихында өшпес із қалдырды.
Шоқан Уәлиханов (1835-1865) Құсмүрын бекінісінде дүниеге келген. 12 жасына дейін жекеменшік мектепте білім алады 1847 жылы Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 жылы оны кавалерия корнеті деген әске-ри шенмен бітіріп шығады.
Ш Уәлихановтың алған білім деңгейінің қаншалықты терең екенін Кадет корпусында оқытылған пәндерден кәруге болады. Әскери тактика, әскери бекіністер құрылысы пәндерінен басқа, философия непздері, орыстарихы және жалпы тарих, орыс және батыс еуропа әдебиеті, география, ботаника, зоопо-гия, физика, математика, геодезия, архитектура, сурет, сызу, еуропа және шығыс тілдері оқытылған. Сібір, Қазақстан, Қытай, Иран, Ауғанстан, Үндістан сияқты елдер туралы арнайы оқытылды. 1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың адъютанты ретінде Ш. Уәлиханов Омбыдан Вер-ный бекінісі қаланған Іле Алатауына дейінгі саяхатқа қатысты Осы уақыт ішінде ол қазақтардың тарихы, діні, дәстүрі, ауыз әдебиеті туралы құнды мағлұмат-тар жинады. 1856 жылы ол Алакөлден Ыстықкөлге дейінп және Құлжа экспе-дицияларына қатысады. Осы саяхаттан алған әсері мен көңілге түйгендерін: «Ыстықкөл сапарының күнделіпнде», «Қырғыздар туралы жазбаларында», сондай-ақ «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» туралы еңбепнде жан-жақты баяндаган. Халық ауыз әдебиеті үлплерін зерт-теудегі Ш. Уәлихановтың үлкен еңбеп, оның қырғыз халқының белплі «Ма-нас» жырының үзінділерін жазып алуы болды. Оның ғалым-зерттеуші ретінде танылуының дәлелі - жас ғалымның 1857 жылдың ақпанында Орыс геогра-фиялық қоғамның толық мүшесі болып қабылдануы еді.
Осы кезеңде қазақтың ағартушы-педагог әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) белсенді қызмет атқарды. Әкесінен ерте айырылған ол өзінің атасы, белплі би, Орынбор Шекаралық комиссиясының әскери стар-шыны Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленеді. Содан кейін шекара комиссиясы жанында қазақ мектебінде оқыды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстан-дағы түңғыш бастауыш және кәсіптік білім беруге арналған мектептер ашқан қайраткер. Оның белсенді қызметі нәтижесінде өлкеде қазақ қыздарына арнал-ған қолөнер, ауыл шаруашылық училищелері ашылды. 1879 жылы Ы. Алтын-сарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды.
Қажырлы ағартушылық қызметінің барысында педагогика, этнография, ауыз әдебиеті саласында мынадай оқу құралдарын жазды: «Қыргыз хресто-матиясы», «Қырғыздарға орыс тілін үйретудің бастапқы жетекшісі», соны-мен қатар қазақ халқының эпостық жырлары «Қобыланды батыр», «Жәнібек батырдан» үзінділер, тарихи материалдар - «Қыпшақ Сейітқұл», «Байұлы» және т.б. жариялады.
Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің «Жазбаларында» Ы. Алтынсарин қазақ халқының этнографиясына қатысты «Орынборға қарай-тын қырғыздардың құда түсу, той жасау салт-дәстүрі туралы очерк», «Орын-бор өлкесі қырғыздарының жерлеу және ас беру дәстүрлерінің очеркі» атты зерттеулерін жариялады. Ы. Алтынсарин қазақ халқын оқу-ағарту ісі арқылы ғана өркениетке жеткізуге болатынын жақсы түсінді.
XIX ғасырдың екінші жартысында халық ауыз әдебиеті де даму үстінде болды. Халықауызәдебиетіндеп непзп тақырыптар: тарихи оқиғалар, батыр-лардың ерліктері, ру аралық қатынас, махаббат жырланды. Бұл кезеңде ақын-дар Шөже, Шортанбай, Сүйінбай, Жамбыл, Сара сынды ақындар халық сүйіспеншілігіне бөленіп, кеңінен танымал болды.
Осы кезеңнен бастап дәстүрлі халық ауыз әдебиетімен қатар жазба әде-биеті де қалыптаса бастады. Оның көрнекті өкілі Абай Құнанбаев (1845-1904) болды. Абай бұрынғы Семей облысының Шыңғыс тауында, Тобыкты руының ағаманының отбасында дүниеге келді. Ол алғашқы білімін ауыл молдасынан, кейін Семейдеп Ахмет Риза медресесінен алды. Ол қазақ халқының жыр-дастандарымен, қисса әңпмелерімен сусындап өсті.
Абай қазактың ауыз әдебиетін, шығыс поэзиясы мен орыс, еуропа клас-сиктерінің әдебиетін үйлестіре отырып игерді Ол 1886 жылы ақындық шы-ғармашылығының бастауы болған «Жаз» дегөн өлеңін жазды. Абай А. Пушкин, М. Лермонтов, Гете шығармаларын қазақ тіліне аударды. Халқының ру-хани әлеуетіне терең сіңген және оның мұң-мұқтажын жүрегіне жақын қабыл-даған Абайдың шығармалары «қазақ халқының айнасы» болып табылады.
Абайдың философиялық көзқарасы «Ғақлия» атты қарасөздерінде жан-жақты көрініс тапқан. «Ғақлияда» нақыл сездер, тәлімдік мысалдар, фило-софиялық ой-толғамдар арқылы қазақ халқының жетістіктері мен кемшілік-терінің табиғатына терең талдаулар жасаған. Абай Құнанбаев қазақ руха-ниятына аса қажет болған қоғамдық сын мен өзіндік ақындық мектебін қалып-тастырды.
Көрнекілік және үлестірме материал: Слайд, иллюстрациялық материалдар
Ұсынылатын оқу тізімі:
1. 1.Қазақстан тарихы. (Көне дәуірден 2005 жылдың басына дейін) Ч.Мусин. Алматы, 2005ж.
2. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. Т.3. Алматы: Алматы кітап,2010 – 312с.
3. Артықбаев, Ж. Қазақстан тарихы: Оқулық Астана: Фолиант, 2013.- 360 б

Бақылау сұрақтары:
1.ХУІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстанға жер аударылған орыс ғалымдары және олардың қызметі?
2.ХУІІІ ғ. жыраулардың шығармаларына арқау болған негізгі тақырып?
3.Қазақ күйші-композиторлары?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет