1. Даралаушы (аморфты) тип. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі).
Бұл тілдерге тән қасиеттер:
1) жоғарыда аталғандай қосымшалар қосылмайды (яғни сөздер түрлене бермейді);
2) сондықтан ол тілдерде омоним сөздер көп болады;
3) олар бір- бірінен музыкалық екпін арқылы ажыратылады;
4) синтаксистік жағынан негізгі тәсіл - қабысу (қой қора, көк терек, мың қой, ана кісі) және жанасу (тез келді);
5) синтаксистік қатынастар сөздердің орын тәртібі, интонация және көмекші сөздер арқылы беріледі;
6) сөз тудырудың ең басты тәсілі - түбірлерді біріктіру.
2. Жалғамалы (агглютинативті) тип. Бұлардың қатарына түркі тілдері, монгол тілдері, угоро-фин, венгр тілдері жатады. Бұл тілдерге тән негізгі қасиеттер: 1) грамматикалық мағыналар түбірге қосымшалардың (аффикстердің) жалғануы арқылы беріледі; 2) қосымшалардың әрқайсысы көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді; 3) ол қосымшалар бірінің үстіне бірі жалғана береді; 4) қанша қосымша қосылғанмен сөз түбірінің дыбыстық құрамы өзгермейді (сол күйінде қалады). Мыс: үй+ім+нің терезе+лер+і, біз+дің бала+лар+ы+мыз.
3. Қопарылмалы (флективті) тип. Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі). (улица-улицы-улицам-улиц). Бұған орыс, неміс, араб, грек т.б, тілдер енеді.
Бұл тілдерге тән қасиеттер:
1) грамматикалық мағыналар негізінен ішкі флексия арқылы беріледі. Мысалы: Он шел - она шла; Я ем - ты ешь; Он (она) ест. Я бегу, ты бежишь, он бежит.
2) сонымен бірге, грамматикалық мағыналар сыртқы флексия арқылы да беріледі. Мысалы:
И. что? книг+а, книг+и;
два (две);
он
Р. чего? книг+и, книг;
дв+ух;
его
Д. чему? книг+е, книг+ам;
дв+ум;
ему
В. что? книг+у, книг+и;
два (двух);
его
Т. чем? книг+ой, книг+ами;
дву+мя;
им
П. о чем? о книг+е, книг+ах;
о дв+ух;
о нем
3) жалғамалы тілдерде қосымшалар көбінесе дара мағыналы больш, бір ғана қызмет атқарса, қопарылмалы тілдерде бір қосымша бірнеше грамматикалық мағына білдіріп, әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы: книг+и дегендегі и жалғауы әрі атау септік пен көптікті, әрі ілік септік пен жекешелікті, әрі табыс септік пен көпшелікті білдіреді;
4) флективті тілдерде аффикстер сөздің түбіріне сіңісіп кетеді де, түбірлер аффикссіз дербес қолданыла алмайды. Мысалы: пис+ать, пись+мо, пис+ание, дет+и, дет+ство, дет+ский;
5) флективті тілдерде аффикстер префикс, суффикс, инфикс больш бөлінуіне карай олар сөз құрамында әр түрлі орынға (басында, ортасында, аяғында) ие болады.
Синтетикалылық индескін (Дж. Гинберг бойынша) алу үшін тілдегі текстіні алып, ондағы морфтардың санына сөздердің санын бөледі. Алынған көрсеткіш 2-ден төмен болса, аналитикалық, 2-ден 3-ке дейін болса, тіл синтетикалық, 3-тен жоғары болса, полисинтетикалық болады. Мысалы: tu be or not tu be, быть или не быть, болу немесе болмау. Аналитикалық тілде неғұрлым көп сөз қажет болады, синтетикалық тілде ол аз сөздің санымен беріледі, яғни аналитикалық тіл негізінен көмекші сөздерге сүйенеді, немесе сөз түрлендірушілерді қабылдауға бейім болмайды (ағылшын тілінде көмекші сөздер өте көп және екі септік бар), синтетикалық тілде негізінен қосымшаларға сүйенеді, түбірдің түрлену жүйесі бай болады (қазақ тілінде жұрнақ-жалғаулар көп және жеті септік бар).
Қысқартып айтсақ, тілдердің типтерін анықтау - оның құрылысын айқындау болып шығады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ тіліне синтетикалық тәсіл (аффиксация, сыртқы флексия), қытай тіліне аналитикалық тәсіл (екпін, сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер, интонация) тән екен. Ал орыс тілінде екеуі де (ішкі флексия мен сыртқы флексия, екпін, көмекші сөздер, т.б.) бар. Яғни онда синтетикалық кұбылыс та (аффиксация), аналитикалық құбылыс та (көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі) кездесе береді.
Олай болса, грамматикалық құрылысына қарай тілдер негізінен 1) синтетикалық тілдер, 2) аналитикалық тілдер болып екіге бөлінеді екен. Синтетикалық тілдерде грамматикалық мағыналар сөздердің түрленуі арқылы беріледі, яғни сөздер ішкі, сыртқы флексияға ұштасып барып, бір-бірімен байланысады. Мұндай қасиет әсіресе литва, неміс, түркі, славян тілдеріне тән. Ал аналитикалық тілдерде грамматикалық мағыналар (синтаксистік қатынастар) сөздердің формалары арқылы емес, олардың орын тәртібі, интонация жене көмекші сөздер арқылы беріледі. Бұл қасиет әсіресе ағылшын, француз, болгар, дат, грек тілдеріне тән.
Әрине, бұлай бөліну шартты нәрсе. Өйткені бұл тілдердің көпшілігінде грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі әрі синтетикалық, әрі аналитикалық болып та келе береді.
Дәріс тақырыбы: Дыбыс және әріп. Жазу және оның даму кезеңдері