Дәріс тезистері


Абиотикалық факторлар және олардың



бет33/38
Дата01.03.2022
өлшемі451,5 Kb.
#26757
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Абиотикалық факторлар және олардың ағзаларға ықпалы. Жер бетіндегі ағзалар тіршілігі үшін айналадағы ортаның мынадай факторларының маңызы өте ерекше: жарық, температура және ылғалдылық. Бұл факторлар жыл бойына және тәулік ішіңде, сондай-ақгеографиялық аймақтар бойынша белгілі бір дәрежеде өзгеріп отырады. Соған байланысты ағзалардың бұл әсерлерге бейімделуі аймақтық және маусымдық жағдайға тікелей тәуелді болады.

Жарық - ағзалардың тіршілік ету мүмкінділігін анықтайтың негізгі климаттық әсердің бірі болып есептеледі. Барлық ағзалар тіршілігіне қажетті энергияны күн сәулелерінен алады. Күн сәулесінің әсерінен жасыл өсімдіктерде фотосинтез құбылысы жүреді. Жер бетіндегі ағзалар үшін күн сәулесі негізгі энергия көзі болып табылады.

Күн сәулесі өзінің спектрінде биологиялық әсері жөнінен үш топқа бөлінеді: көзге көрінетін, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер.Жер бетіне ультракүлгін сәулелердің тек ұзын толқыңды сәулелері ғана келіп жетеді, ал тірі ағзалар тіршілігі үшін өте қауіпті қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерді атмосфера қабатының 20-25 км биіктігіндегі жұқа озон қабаты тұтып қалады. Озон қабаты тіршілік үшін қорғаныштық қызмет атқарады. Орасан зор энергия көзі болып саналатын ұзын толқынды ультракүлгін сәулелердің химиялық маңызы ерекше. Ал олардың көп болуы ағзалар үшін өте зиянды. Жер бетіндегі ағзалар тіршілігі үшін олардың аздаған мөлшерінің өзі жеткілікті.Жер бетіне жететін күн сәулесінің көзге көрінетін сәулелері ағзалар үшін өте маңызды.

Температура. Ағзалардың жер шарында таралуына ықпал ететін әсердің бірі - температура. Кез келген ағзаның тіршілігі үшін сыртқы ортаның және ағзаның өзінің ішкі температурасының маңызы ерекше. Кейбір жануарлардың дене температурасының тұрақты болуы, олардың түрлі экологиялық ортада тіршілік етуіне, әрі бейім- делуіне жағдай жасайды. Сыртқы ортаның қолайсыз температуралық жағдайында кейбір жануарлар ұйқыға кетеді

Антропогендік (антропикалық) факторлар - адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды (биоәртүрліліктің азаюы, парникті эффект, қышқыл жаңбырлар, орманды ағаштардың көптеп қырқылуы, шөлейттену, ортаның улы заттармен ластануы т.б.). Антропогендік факторлар организмге ағаштарды кесу, аң аулау және жанама әсер ету (ортаның ластануы, өзендерге су қоймаларын салу) болып бөлінеді. Антропогендік факторларға техногендік факторлар (радиация, ластану, құрғату жұмыстары, электромагнитизм және т.б.) да жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет