Дәрістердің қысқаша мазмұны. 1-тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізі



бет26/26
Дата31.12.2021
өлшемі43,94 Kb.
#22409
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Эдвайзер және оның қызметі

Эдвайзер қызметін бұғанға дейін куратор атқарған. «Кураторң (curator) сөзі – латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор – ол студенттің өмір сүруіндегі тәрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, әлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы. Куратор университетте студенттермен бір мезгілде пайда болды және жоғары білімнің бүкіл даму тарихымен бірге болды. Онымен бірге куратордың міндеттері, дәрежесі, біліктілік мазмұны, студенттермен қарым-қатынасының сипаты өзгеріп отырды.

Кеңестік жоғары мектепте куратор 50-жылдары пайда болды. Ол студенттермен жұмыста администрацияның көмекшісі түрінде қарастырыла бастады және бірінші курстан бастап бесінші курсқа дейін әрбір академиялық топқа тағайындалды. ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында жоғары білім беру жүйесінің дамуына байланысты жоғары оқу орындары куратордың студенттік өмірдегі ролін қайта қарастыру қадамын жасады. Кейбір жоғары оқу орындары куратордың көмегінен бас тартса, басқалары кураторды бірінші, екінші, үшінші курстарға қалдырды да , ал жоғары курстарға , студентке қажет болған жағдайда көмек сұрай алатын, бір оқытушы-консультантты бекітті. Үшіншілері біртіндеп бастапқы кураторлық жүйеге қайтып оралды.

Кураторларды берілетін курста жұмыс істейтін оқытушылардың ішінен сәйкес кафедралар тағайындайды, сонан кейін оны декан бекітеді. Кураторлар тәрбие жұмысы бойынша деканның орынбасарының көмегімен, қолдауымен жұмыс істейді. Жұмыс процессінде куратор академиялық топтың белсенді мүшесіне, студенттерге, олардың инициативаларына жүгінеді. Ол авторитарлық әдісті сирек қолдануы керек, тек басқа амал қалмаған жағдайда.



Жарты жылдық жұмыс жоспарын жасамас бұрын куратор студенттерді, олардың қабілеті мен қызығушылығын, сұранысын, семья жағдайын, материалдық жағдайын анықтап алады. Содан кейін , топтың белсенді мүшесімен бірге жұмыс жоспарын жазады. Оны топтың жалпы жиналысында қарастырғаннан кейін, ол документ дәрежесіне жетеді. Жоспарды жасағанда нақты орнын, бар мүмкіндіктерін ескеріп жасайды. Берілген жұмыс бәріне түсінікті, әрі қызықты болуы керек. Әрбір студент жұмыстың нақты бір бөлігін алуы және оған жауапкершілікпен қарауы керек. Жоспардың орындалу қадамдарын периодты түрде талдап отыру , көзделген мақсатқа жеткізеді.

Дәріс /лат.lectio - оқу/ теориялық сипаттағы оқу материалын мұғалімнің жүйелі, бірізділікпен, монологиялық баяндауы. Көбінесе жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында қолданылады. Дәрістік әдістің технологиясы мынадай: оқушыларға жоспарды хабарлау, конспектілеудің ерекшеліктерін көрсету, басты қорытындыны және жалпылауды, интонациялық бөлу және қайталау, риторикалық сұрақтар, иллюстративтік материалды көрсету, ішінара талқылау, сұрақтарға жауап беру, әдебиеттерге қысқаша шолу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет