Дәрістердің қысқаша мазмұны. 1-тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізі


Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттары болашақ маман тұлғасының әлеуметтену процесі ретінде



бет24/26
Дата31.12.2021
өлшемі43,94 Kb.
#22409
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттары болашақ маман тұлғасының әлеуметтену процесі ретінде.

Тәрбиелеу – педагогтың студенттермен өзара әрекеттесудің арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдіс, сонымен қатар студенттерде саяси, өнегедік, эстетикалық, физикалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен алуан түрлі әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық үрдісі.

Тәрбиелеу – бұл үрдіс субъектілерінің белсенділігімен, әрекетімен байланысқан күрделі педагогикалық үрдіс. Ол жеке тұлғаның интеллектуалды, эмоционалды, физикалық салаларындағы өзгерістерді, оның байытылуын және жетілдірілуін ұйғарады.

Қандай әдістемелік идеяларда тәрбиелеу жұмысының бағдарламасын мақсатты түрде құруға болады? Тәрбиелеу үрдісінің өнімділігін арттыратын жалпы концептіуалдық қағидалар, бағдар бар. Жоғары мектеп оқытушылары үш категорияларға бөлінеді. Біреулері студенттермен тәрбиелеу жұмысын арнайы ұйымдастыру қажеттігін мойындамайды. Басқалары ол тәрбиелеу қызметімен сәйкес оқыту үрдісі кезінде жүзеге асу керек деп айтса, үшіншілері жоғары мектеп жағдайында мұндай жұмыстың қажеттігі мол, өйткені оқыту үрдісі тәрбиелеудің көптеген міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейді. Студенттермен аудиториядан тыс тәрбиелеу жұмысы оқыту үрдісімен байланысқан өзіндік категория ретінде қабылдану керек. Тәрбиелеу және оқытудың мақсаты ортақ – болашақ мұғалім-профессионалдың жеке тұлғасын қалыптастыру. Алайда тәрбиелеу оқыту үрдісін жалғастырмайды, оны қосымша сабақтарға тіреуге болмайды. Тәрбиелеу адамның қалыптасуын әсер етеді. Сонымен қатар ол бір уақытта қоымша міндетті орындайды – болашақ мұғалімдерді біртіндеп мектепте тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруға дайындайды.

Өзіндік категория ретінде қабылданатын жоғары мектептегі тәрбиелеу жұмысы өзіндік мақсатпен басқарылады – болашақ мұғалімнің жеке тұлғасының индивидуалддығына жүгіне отырып, жан-жақты дамуы. Бұл мақсат тек бөлшектеп қана оқыту үрдісінде жүзеге асады, өйткені оқытудың өзіндік мақсаты бар, ол оқу жоспарлары және бағдарламары шігенде ғана болады. Ал аудиториядан тыс студенттерді тәрбиелеу жұмысы бұл мақсатты орындау үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Олардың жүзеге асуы студенттердің жеке тұлғасының жан-жақты қалыптасуына әрекет етеді.

Студенттерді тәрбиелеу тұтас ұйымдастырылған үрдіс ретінде белгілі бір заңдылықтар мен принциптерге негізделеді.

Тәрбие заңдылықтары – тәрбиелеу үрдісіндегі мәнді, орнықты байланыстар, олардың жүзеге асырылуы оның жүрісін, бағытын және өнімділігін арттырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет