Dev- c++ бағдарламалау тілінің интерфейсі. Қарапайым бағдарлама құру. Мақсаты



Дата06.01.2022
өлшемі352,92 Kb.
#16731
түріСабақ

3 практикалық сабақтың тақырыбы: Dev- C++ бағдарламалау тілінің интерфейсі. Қарапайым бағдарлама құру.
Мақсаты: Dev- C++ бағдарламалау тілінің интерфейс элементтерін қолдана білу, Dev- C++ тілінде қарапайым бағдарлама құру.

Негізгі сұрақтар:

деректер типтері

операциялар

стандарт функциялар

енгізу, шығару операторы

меншіктеу операторы

Dev- C++ тіліндегі қарапайым бағдарлама құрылымы

Бағдарламаны орындату, түзету, тестілеу



Тапсырмалар:

  1. Төменде берілген математикалық өрнектерді C++ тілінде жазыңдар. Айнымалылардың типін анықтаңдар.

  2. C++ бағдарламалау тілінде қарапайым бағдарламасын құрыңдар.





Тапсырма: C++ бағдарламалау тілінде қарапайым бағдарлама құру.

  1. Үш қабырғасы берілген үшбұрыштың ауданын табу бағдарламаын құрыңдар.

  2. Радиусы 5,2 берілген шеңбердің ұзындығын және дөңгелектің ауданын табу бағдарламасын құрыңдар.

  3. Қабырғасы а- ға тең кубтың көлемін есептейтін бағдарлама құрыңдар.

  4. Үшбұрыштың екі қабырғасы арасындағы бұрышы берілген. Қалған бұрыштарын табыңдар.

  5. Жазықтықта координаталары берілген 2 нүктенің ара қашықтығын табыңдар.

  6. Шеңбер ұзындығы берілген. Осы шеңбермен шектелген дөңгелек ауданын табыңдар.

  7. Екі сан берілген. Бұл сандардың кубтарының арифметикалық орташасын және модульдерінің геометриялық орташасын табыңдар.

  8. Төбелері берілген үшбұрыштың периметрі мен ауданын табыңдар.

  9. Екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы берілген үшбұрыштың биіктіктерін табыңдар.

  10. 1,5 мысық 1,5 сағатта 1,5 тышқан жейді. Х мысық У сағатта қанша тышқан жейді?

  11. Үшбұрыштың 3 төбесі берілген. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын, биіктіктерін табыңдар.

  12. Үшбұрыштың екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы берілген. Қалған бұрыштарын табыңдар.

  13. Берілген үш таңбалы санның цифрларының қосындысын табыңдар.

  14. Кез келген сан енгізіп, оның алдындағы және одан кейінгі сандарды табыңдар.

  15. Алғашқы мүшесі, айырымы, n мүше саны берілген арифметикалық прогрессияның n мүшелерінің қосындысын табыңдар.

  16. M және N натурал сандар берілген. M/N санының бүтін және бөлшек бөліктерін шығарыңдар.

  17. Қызметкердің жалақы мөлшері берілген. Жалақыдан зейнетақы қорына кететін (10%) және кіріс (5%) салықтарының мөлшерін анықтаңдар.

  18. Берілген үш таңбалы санның цифрларының көбейтіндісін табыңдар.

  19. Ақпарат көлемін байтпен өрнектейтін А шамасы берілген. А- ны ақпараттың одан үлкен өлшем бірліктеріне айналдырыңдар.

  20. Қараша айында дүкенде А млн теңгеге тауар сатылды, бұл қазан айындағыға қарағанда 15 пайызға артық. Қазан айында қанша ақшаға тауар сатылды?



Тапсырма: C++ бағдарламалау тілінде қарапайым бағдарлама құру.





Өткізу формасы: ауызша сұрақ- жауап, компьютерде жеке жұмыс

Бағалау критерийлері:

Dev- C++ тілінің интрфейс элементтерін ажырата алады

C++ тіліндегі деректер типтерін біледі

Операцияларды қолдана алады

стандарт функцияларды қолданып өрнектер жаза алады

бағдарлама құруда енгізу, шығару операторын қолдана алады

меншіктеу операторын біледі

Dev- C++ тіліндегі қарапайым бағдарлама құра алады

Бағдарламаны орындату, түзету, тестілеу жасай алады



Әдебиеттер: [1]-[4], қ[1]-[3]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет