Дыбыс. Фонема. Фонология



бет1/2
Дата17.03.2023
өлшемі47,85 Kb.
#75110
  1   2

Дыбыс. Фонема. Фонология
Фонология – (гректің phone– дыбыс, дауыс + logia – ілім) тілдің дыбыстық құрылымын, функционалдық заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы. Демек, тіл дыбыстарының жасалуын, айтылуын, естілуін фонетика зерттейтін болса, ал тіл дыбыстарының адам сөйлеуі кезіндегі мағына ажыратуға, сөзді тануға, сөз бен сөзді айыра білуге себепкер болып, пікір алысуға, сөйлеуге қызмет етуін, яғни тіл дыбыстарының әлеуметтік қызметін Тіл білімінің бір саласы – фонология қарастырады. Фонологияның мәнін терең білу үшін алдымен фонема жөнінде жан-жақты түсінігіміз болуы керек. Фонема (гректің рhоne – дыбыс, дауыс деген сөзінен алынған) – негізгі тіл единицаларының бірі: тілдің ең аз мөлшердегі мағыналық жігін ажырату единицасы; яғни фонема – тілдің дыбыстық құрылысының ары қарай бөлуге келмейтін ең кішкене мағыналы бөлшегі, сөз мағынасын, сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кіші дыбыстық бірлік (единица). Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші И.А. Бодуэн де Куртенэ болып табылады. «Некоторые отделы сравнительной грамматики славянских языков» (1881 ж.) деген еңбегінде фонема сөздің ешбір бөлшектерге бөлінбейтін бөлшектері екенін айтады.
Фонема жөніндегі теорияны негіздеп, оны жан-жақты қарастырған И.А.Бодуэн де Куртенэнің шәкірті ғалым Л.В.Щерба болатын. Ол «Русские гласные в качественном и количественном отношении» (1912 ж.) , «Фонетика французского языка» деген еңбектерінде фонема туралы жан жақты талдау жасайды. Фонемаларды бір-біріне қарсы қойып, сөз мағынасын ажырататындығын анықтаймыз. Осы мәселені фонология заңдылықтарының бірі ретінде тіл біліміне енгізген, фонема оппозициясы жөніндегі теория Н.С.Трубецкой есімімен тығыз байланысты. Осы орайда, қазақ әліпбиіндегі «х» дыбысының тіліміздегі фонологиялық қызметі жөнінде айта кеткен жөн. Мысалы, қош – хош, қабар – хабар т.б. сөздерде «х» фонема қызметін атқара алмай тұр. Себебі сөз мағынасына әсері жоқ. Сондықтан бұл дыбыс орыс тілінен енген сөздерде ғана фонемалық мәнге ие болады. Мысалы, химия, цех. Орыс тілінде кейбір дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішкелігі екі фонема болып, фонологиялық қызмет атқарады. Мысалы, мел – мель, угол – уголь; осы сөздер құрамындағы «л» жуан және жіңішке айтылатын екі фонема деп танимыз. Себебі сөз мағынасына әсер ете алады. Сонымен, фонеманың негізгі қызметі сөз мағынасына қатысты деп білеміз. Дәлірек айтқанда, фонема сөз мағынасын ажырату, сөз мағынасын өзгерту қызметтерін атқарады екен. Қазақ тілінде барлық дауысты фонемаларды қарама-қарсы қойып, олардың мағына айқындау қызметін атқаратындығына көз жеткізуге болады. (Мысалы: жол – жұл, жақ – жық, жөн – жүн). Ал дауыссыз фонемалар өздерінің әр түрлі айырым белгілері арқылы мағына айқындауға қатысады. (Мысалы: тал – дал, шақ – жақ, мал – бал). Дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып бөлінуінің фонематикалық маңызы жоқ, олардың бұлай айтылуы негізгі фонеманың реңктері деп танылады. Демек, фонема туралы айтқанда негізгі фонема, яғни инвариант фонема мен оның реңктері арасындағы айырмашылықтарды білген жөн.
Тіл білімінде фонеманың реңктері әр түрлі терминдермен аталып жүргенін білеміз. Оның себебін бірнеше фонологиялық мектептер болғандығымен, олардың зерттеу бағыттарының ерекшелігіне байланысы екендігімен түсіндіреміз. Мысалы, Америка фонология мектебінде фонема реңктері аллофон деп аталса, Ленинград фонология мектебінің (ЛФМ) теориясында фонема реңктерін оттенок деп, оның әлді позициядағы түрін ғана қарастырып, оны вариант деп атаса, Москва фонологиялық мектебінің (МФМ) теориясында әлді позициядағы фонема реңкін – вариация, ал әлсіз позициядағы фонеманың реңктерін вариант деп атайды. Сонда вариант деген ұғым екі фонемаға қатысты болса, вариация бір фонемаға байланысты болады екен. Мысалы, «н» фонемасының әлді позициядағы төрт түрлі реңкін (нар, нәр, нұр, нүкте) вариация деп, ал әлсіз позициядағы реңктерін (жанбады – жамбады, жанған - жаңған), яғни м, ң дыбыстарын вариант деп тану қажет екен. Яғни, «н» фонемасының екі варианты (м, ң) бар екен. Демек, негізгі (инвариант) фонема өзінің реңктері арқылы, яғни вариант, вариациялар арқылы көрініс тауып, өзінің ішіне жинақтайды. Мысалы, жазса (жасса), боз жорға (божжорға), сөзшең (сөшшең) деген сөздер құрамындағы з фонемасының үш варинаты (с, ж, ш) бар екендігін көреміз. Демек, МФМ теориясында, мысалы «з»фонемасының қорына кіретін дыбыстар туралы, олардың нейтрализациясы жөніндегі мәселеге назар аударатын болсақ, «з»фонемасының қорына кіретін с варианты сал деген сөздегі «с» дыбысына тең болып келеді де, оппозициядағы «з» мен «с» фонемасы «с» дыбысында нейтрализацияға ұшырайды. Ал әлсіз позициядағы қолың (қолұң), сөзің (сөзүң), көйлек (көйлөк) деген сөздегі ы, і, е дауысты фонемалары өздерінің қасиетін жоғалтып, ұ, ү, ө дыбыстарына толық модификацияланады.
3.2. Транцкрипция.Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.

Дыбыс пен әріптің бір-біріне сәйкес келмеуінен сөздің айтылуы мен жазылуы арасында алшақтық туындайды. Сондықтан ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның өзіндік ерекшеліктерінің барлығын қамтып, дәл жеткізу қызметін транскрипция ғана атқара алады. Демек, тілдегі дыбыстардың арнайы белгілер жүйесі арқылы дәл бейнеленіп жазылуын транскрипция деп атаймыз. Транскрипция – латынның қайта жазу деген сөзінен жасалған термин. Ал тілдегі негізгі дыбыстарды белгілейтін таңбаларды транскрипциялық белгілер деп атаймыз. Яғни, әрбір дыбысқа бір белгінің, ал бір шартты белгіге жеке фонеманың сәйкес келуі тиіс.


Әлемдегі барлық тілдерге ортақ дыбыстар мен олардың өзгешеліктерін қамтитын латын графикасы негізінде жасалған транскрипция белгілерінің жүйесі бар, ол халықаралық фонетикалық алфавит деп аталады. Бұл халықаралық фонетикалық алфавитте дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың әр түрлі айтылым-жасалым ерекшеліктеріне қарай жіктелуін дәл жеткізу бағытында алынған жүзге жуық шартты белгілер жинақталған.
Тіл білімінде транскрипция фонетикалық және фонематикалық болып екі түрге бөлінеді.
Фонематикалық транскрипция фонема таңбасын белгілеп, сөз ішінде фонеманың әр түрлі реңктерін ескермей, тек тілдің фонемалық жүйесін айқындайды. Сондықтан транскрипция белгілерін аз қолданады.
Фонетикалық транскрипция фонеманың айтылуын өте дәл бейнелейді. Фонеманың сөз ішіндегі түрлі реңктерін толық ашып, дыбысталу ерекшеліктерін, дыбыстық табиғатын дәл танытады. Фонетикалық, грамматикалық емле-ережелер ескеріліп, көптеген көмекші белгілер қолданылуы арқылы сөз дыбыстары өте дәлдікпен беріледі. Сонымен фонемалық транскрипцияда бір фонеманың әр түрлі аллофондары (реңктері) бір-ақ таңбамен берілсе, фонетикалық транскрипцияда әртүрлі аллофондары (реңктері) ескеріліп, әр басқа таңбамен белгіленеді. Мысалы: 1) фонемалық транскрипциядаөлең, өнер, өзен, жүрек, үлкен деген сөздердегі «е»таңбасы «ө» дыбысы арқылы транскрипцияланады. Ал құлын, жұлын, түлкі, күлкі деген сөздерде ы, і таңбалары ұ, ү дыбысы арқылы транскрипцияланады.Фонетикалық транскрипцияда тас, тес, тос, төс деген сөздердегі т.с. фонемалары дауысты дыбыстардың ықпалымен олардың жуан езулік, жіңішке езу, жуан ерін, жіңішке ерін болып айтылуы әр басқа таңбалармен белгіленеді.

Бір тілдегі сөздердің құрамындағы дыбыстарды екінші тілдің әліпбиі арқылы, жоқ дыбыстарды соған жақын дыбыстар таңбалары арқылы таңбалауды транслитерация деп атайды. Транслитерация – латын тілінің «арқылы» және «әріп» деген сөздерінен алынған, бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудағы әріптермен беру; Транслитерация басқа тілдің жалқы есімдерін (адам аттары, жер-су атаулары,т.б.) жазуда жиі қолданылады. Кейде бір тілдегі дыбыстар да, әріптер де екінші бір тілде болмауы мүмкін. Мұндай кезде екінші бір тілдегі ұқсас дыбыстар мен әріптер пайдаланылады. Мысалы: неміс тіліндегі фарингал һ дыбысы орыс тілінде жоқ болғандықтан ол «г» әрпімен (Наіnе –Гейне) беріледі, кейде « х» дыбысы да қолданылады. Сондықтан транслитерация екі тілге қатысты жұмыстарда қажет болады. Өзге тілді үйрену барысында транскрипция мен транслитерацияның көмегі көп.



ҚАЗАҚ ФОНЕМАЛАРЫНЫҢ САНЫ МЕН ТОПТАСТЫРЫЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Жоспары:
4.1 Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері(жіктелуі). Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Қазақ тілі фонемаларының құрамы мен түрлері. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың өзара айырмашылығы.
4.1 Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері(жіктелуі).
Фонетиканың ең басты мәселесі - тілдің фонемалар жүйесін, фонемалар құрамын айқындау және оларға қатысты заңдылықтарды жүйеге түсіру. Алғашқы зерттеулерге назар аударатын болсақ, қазақ тілі дыбыстарының санын анықтап, бас-аяғын түгендеуге талаптанған да А.Байтұрсынов болып табылады. Ғалымның фонетика, графика, орфографияға қатысты еңбектері, қазақ тілі дыбыстарын жіктеуі мен дыбыс санын анықтаудағы ізденістері ерекше маңызды деп білеміз. Ол қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар екенін айта келіп, бес дауысты (а, о, ұ, ы, е), он жеті дауыссыз (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н) және екі жарты дауысты дыбыс (у, й) деп жіктеген. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары күрделі болып келеді. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір қатысымы арқылы жасалады. Сондықтан тілдегі дыбыстардың санын анықтау алдында, сөйлеу мүшелерінің қатысымына қарай жасалатын дыбыстардың жалпы ерекшеліктерін тани білу керек. Осы жалпы ерекшеліктеріне қарай дыбыстарды топ- топқа біріктіріп немесе бөліп, жіктеуге болады. Яғни бірнеше ұқсас дыбыстарды біріктіріп, басқалардан ажырататын айырым белгілерін анықтау қажет.Осы орайда, алғашқы кезекте, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырым белгілеріне назар аударамыз: а) дауысты дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі толық тербеледі, ал дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі кем тербеледі немесе мүлде тербелмейді: ә) дауысты дыбыстар буын құрайды, ал дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды: б) дауысты дыбыстар жасалғанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай шығады, ал дауыссыз дыбыстар жасалғанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында сөйлеу мүшелерінің бәрінің кедергісіне ұшырап шығады. І.Кеңесбаев еңбегінде жоғарыдағы айтылғандарға қоса айтуға болатын дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тағы бір айырым белгісі көрсетілген: «Дауыссыздарды айтқанда, фонациялық ауа қарқынды (лепті) шығады да, дауыстыларды айтқанда, баяу, лепсіз шығады. Сондықтан ауа шығу ыңғайына қарай дауыссыздарды шартты түрде лепті, дауыстыларды лепсіз десе де болады». Қ.Жұбанов қандай дыбыс болса да, үн мен салдыр аралас болатынын айтып: «Дауыстыларда үн басым болады да, салдыр шағын болады, үнді дауыссыздарда салдыр басым болады да, үн кеміс болады. Бұлардан басқа, үн мен салдыры тең бірқатар дыбыстар бар, оларды сонар дыбыстар дейміз», - деген еді.
І.Кеңесбаев сонорларды ұяң, қатаң дыбыстардың қатарындағы үшінші топ ретінде дауыссыздар құрамында қарастырып, қазақ тілі дыбыстарын айырым белгілер теориясы тұрғысынан топтастыруды одан әрі дамытты. Қазіргі оқулықтарда дауыссыздар өз ішінде дауыстың (салдырдың) қатысына қарай 1/ үнді дыбыстар; 2/ ұяң дыбыстар; 3/ қатаң дыбыстар деп үш түрлі топқа бөлінеді.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін эксперименттік жолмен зерттеген ғалым Ә.Жүнісбекк-қ дауыссыз дыбыстарын бір дыбыстың сингармонизмдік модификациясы, г-ғ дауыссыздары да бір дыбыстың сингармонизмдік варианты деп есептейді. Сол сияқты х, һдыбыстары туралы да өзіндік пікірі бар екенін айтып, бұл екеуін дауыссыздар құрамына енгізбейді. Орыс тілінен енген бес дауыссыз дыбысты да бөлектейді. Сөйтіп, ғалым Ә.Жүнісбек қазақ тілі дауыстылары саны 9 (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е), ал дауыссыздарының санын 17(19) дыбыс (б, п, т, д, ж, ш, с, з, қ - к, ғ - г, р, л, м, н, ң, у, й),барлығы 26(28) дыбыс деп есептейді. Ол қазақ тілі дыбыстарын сингармонизмге қатысты қарастырып, әрбір дыбыстың буын деңгейіндегі ерекшеліктерін экспериментті әдістер арқылы анықтаған. Ә.Жүнісбек дауыссыз дыбыстардың да сингармонизмге қатысы барын, әр дауыссыз дыбыс сингармонизм заңдылығы тұрғысынан алғанда төрт сингармодыбыстан тұратынын айтады. Ана тіліміздегі дыбыстың саны мен сапасы туралы талас пікірлер Ә.Жүнісбек зерттеулері нәтижесінде шешімін тапты. Ал қазіргі жазуымыздағы дауыстылар қатарындағы и, у, ю, я, ётаңбаларын бірнеше дыбыстың қосындысы деп қарап, оны қазақ тілінің байырғы фонемаларынан бөлек қарастырған жөн. Бұл әріптердің дыбыстық бейнесін дұрыс тани білудің маңызы зор. Қазақ әліпбиіндегі э әрпі тек орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын фонеманың таңбасы болып табылады. Қазақ тілі үшін оның артикуляциялық базасында жоқ в, ф, х, ц, ч, щ орыс тілі арқылы келген кірме дыбыстар болып табылады. Сол сияқты «һ» фонемасының қазақ тілінде санаулы сөздерде, көбіне одағай сөздерде, араб тілінен енген сөздерде кездеседі.
Қазақ тілі дыбыстарының жіктелу жүйесі бірнеше кезеңдерден өткенін байқаймыз. Ә.Жүнісбек қазақ тіліндегі дыбыстарды 1) тербелмелі (дауысты), 2) тербеліссіз (қатаң), 3) тербеліңкі (ұяң), 4) тербелімді (үнді) деп жіктейді. Ә.Жүнісбекке дейін бір жіктеуде дыбыстардың барлық белгісі араласып, жүйесіз топтастырылды. Ең басты кемшілік дыбысты жіктеместен бұрын дыбысты қандай белгісіне қарай топтастыру керек деген талап қойылмады, сондықтан жіктелім белгі дұрыс анықталмады. Мысалы, дауыссыздардың жасалымы туралы жіктеу «дыбыс тек салдырдан тұрады» (қатаң), «дауыстан салдыр басым» (ұяң), «салдырдан дауыс басым» (үнді) деп айтылым, естілім белгілері дыбыстың жасалым белгісімен аралас түсіндірілді. Дауыссыз дыбыстарды дәстүрлі фонетикада айтылу жолына қарай шұғыл, ызың, діріл деп жіктейді. Осы жіктеуде «ызың» атауы айтылым-естілім белгісіне жақын болса, «шұғыл», «діріл» атаулары жасалымға да, естілімге де келмейтіні байқалады. Бұл атаулар (ызың, шұғыл) Ә.Жүнісбек еңбектерінде жуысыңқы, тоғысыңқы деп жасалу тәсілін көрсетіп тұр.
Дауыссыздарға артикуляциялық мінездеме бергенде оның 1). Жасалу орны; 2). Жасалу тәсілі; 3). Дауыс желбезегі; 4). Тілдің қозғалысы; 5). Дауыс шымылдығының қалпы; ескеріледі. Жалпы фонетикада тіл ұшының астыңғы тіске қарай түсіңкі болуы дросаль дыбыс, тіл ұшының үстіңгі тіске не альвеолға жуысуы не қабысуы апикаль дыбыс, тіл алды, ұшы сәл ғана үстіңгі күрек тіске не қатты таңдайға қарай жоғары иілуі какуминаль дыбыс деп аталады екен. Дауыссыздардың жасалу орны, жасалу тәсілі оның конститутивтік белгісі, дауыссыздардың қатаң-ұяңдығы, жуан-жіңішкелігі коррелятивтік белгісі, дауыссыздардың үнділігі мен үнсіздігі қатыстық белгісі деп аталады.
Дауыстылар мен дауыссыздардың акустика-артикуляциялық ерекшелігі, айырым белгілері:
1.Дауыстылар дауыстан жасалады, салдыры жоққа тән болады. Дауыссыздардың салдыры басым да, үні жоққа тән, не дауыс болмайды.
2. Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз. қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің көбі қатысады. Дауыссыздарды айтқанда ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, дыбыстау мүшелерінің кейбіреуі ғана қатысады.
3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды.
4. Дауыстыларға екпін беріп айтуға болады, дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.
5. Дауыстыларды дауыстап, созып айтуға келеді, дауыссыздарды созып айта алмаймыз.
6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады, ал дауыссыздар дауыстыға ықпал ете алмайды.Дауыстылар мен дауыссыздар осы ерекшеліктері арқылытоптастырылады.

ДАУЫСТЫ ФОНЕМАЛАР (ВОКАЛИЗМ)


Жоспары:
5.1 Дауысты фонемалар (вкализм). Дауысты фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері. Дауысты дыбыстар топтастырылуы. Орыс тілінен енген сөздердегі дауыстылар. Дауыстылардың сөз ішінде қолданылуы. Дифтонг, дифтонгоид дыбыстар.
Қазақ тілі дауысты дыбыстары жөнінде зерттелген еңбектер де көп болғанымен, тіліміз табиғатына сай соны пікір айтылғаны соңғы кезеңдегі зерттеулер еншісіне тиеді. Көптеген еңбектерде дауысты дыбыстардың фонетикалық ерекшеліктері бірін-бірі қайталап, бір жақты талданып келді.
Монофтонг (гр. monos,phthongos дыбыс) — жалаң дауысты. Қосындысыз, жалаң құрамды дауыстылар: а, ә, ы, і, ұ, у.[1] Ол артикуляциялық тұрғыдан біркелкі айтылып, акустикалық тұрғыдан бірыңғай естілетін дауысты дыбыс. Монофтонг дауысты дыбысты айтқанда сөйлеу мүшелері дыбысты айтып болғанша өзгеріссіз бір қалыпта тұрады. Оның акустикалық белгілері тұрақты болады.
дифтонг (гр. δίφθογγος, (diphthongos) - дыбыс) — буынға бөлінетін немесе бөлінбейтін екі дауысты дыбыстың қосындысынан тұратын дыбыс (и, у). Сөйлеу процесінде екі дауысты түйіскен жерде Дифтонг тіркесі жасалады. Дифтонг шынайы және жалған болып екіге бөлінеді.
Шынайы Дифтонгтің құрамындағы екі сынары айтылу күші жағынан да, буын құрауы жағынан да тен түседі. Шынайы Дифтонг тілдерде сирек кездеседі. Мысалы, латыш тіліндегі meitci(кыз), tauta(халык) дегендегі еі, аи осыған жатады.
Жалған Дифтонг сынарларының бірі буын жасай алады, біреуі буын жасай алмайды. Еғер алғашкы сынары буын жасап, екінші сынары көмекшілік қызмет атқарса, тұйық дифтонг деп аталады. Мысалы: кійім—киім, жұуар — жуар, сұуат — суат дегендегі ій, ұу дыбыстары. Ал егер алғашкы сынары буын жасай алмай, кейінгі сынары буын жасай алса, ашық дифтонг деп аталады. Мысалы: сөз басындағы е, о, ө дыбыстарының құрамында й, у дыбыстары естіліп, йэ (ел — йэл), уо (ол — уол), уо (ор — уор) болып айтылады. Шын мәнінде, қазақ тіліндегі жалған Дифтонгтің аталған түрлерін дифтонгойд дауыстылар деуге болады.
Ғалым Ә.Жүнісбек зерттеулеріне дейін қазақ тілі дыбыс жүйесінде барлығы он бір, яғни тоғыз жалаң (монофтонг) дауысты және екі құранды (дифтонг) дауысты бар деген көзқарас қалыптасқан еді. Жалаң дауыстылар (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) байырғы қазақ тілінде ертеден келе жатыр деп түсіндіріледі. М.А.Черкасский түркі тілінде «Орхон» дәуірінде сегіз дауысты (классическая восмерка) дыбыс болғанын атап көрсетеді.
Қазіргіге дейінгі қазақ тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, тіліміздің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) дауысты дыбыс бар екені анық. Тіліміздің дамуына байланысты негізінен орыс тілдерінен енген сөздермен толыққан сөздердің әсерінен тек орыс сөздерінде кездесетін э дыбысымен қосқанда дауысты дыбыстардың санын он екі деп көрсетеміз. Олар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э, и, у.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Жалаң дауыстылар: а, ә, ы, і, ұ, ү; құранды дауыстылар: е, и, о, ө, у.
Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық және артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі:
Тілдің қатысына қарай:
Жуан; а, ы, о, ұ, э, у, и;
Жіңішке: ә, е, ө, ү, і, у, и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелермен салыстырғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады, ортасы көтеріліңкірейді, жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды.
Еріннің қатысына қарай:
Еріндік: о, ө, ұ, ү, у;
Езулік: а, ә, е, и, ы, і, э
Еріндік дауыстыларды айтқанда ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады.
Жақтың қатысына қарай:
Ашық: а, ә, о, ө, е, э;
Қысаң: ұ, ү, у, ы, і, и.
Ашық дауыстыларды айтқанда үстіңгі жақ қозғалмай, астыңғы жақ барынша төмен түседіде, қысаңдарды айтқанда, екі жақ бір‑біріне жақындай түседі.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жаққа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былайша жіктейді:
Ашық: а, ә;
Қысаң: ы, і, и, ұ, ү, у;
Жартылай ашық: о, ө, е.
Ал о, ө, е дауыстыларын Ә.Жүнісбеков ашыққа да, қысаңға да қоспай, өз алдына дифтонг дыбыстар деп бөліп қарайды.
А - тіл таңдайдың артқы шеніне қарай жиырылуынан жасалатын, жуан, ашық-төмен, тіл арты, езу, жалаң фонема. Афонемасы сөздің барлық шенінде жиі ұшырайды: ана, бала, адмдар, т.б. Қазақ тіліндегі ашық фонемалар а- жуан, тілдің кейін шегінуінен , ә-жіңішке, тілдің ілгері жылжуынан жасалады.
Ә- тіл таңдайдың алғы шеніне жуықтаудан жасалатын, жіңішке, ашық-төмен, тіл ортасы, езу, жалаң фонема. Әфонемасын айтқанда тіл ілгері созылып, иек төмен түседі, ауыз қуысында үлкен резонатор жасалады. Ә фонемасы қазақ тілінде сөздің бірінші буынында, ал кейбір сөзде екінші буында да кездесіп қалады : әдемі, әйел, әке, әже, дүдәмал, күмән, мүшәйра, іңкәр әзәзіл, бісміллә т.б. Қазақ тілінде өзге дауысты фонемаларға қарағанда, ә-нің қолданылуы мөлшерлі, көбіне шығыс тілдерден енген сөздерде ғана кездеседі.
Ы - тіл таңдайдың артқы шеніне қарай жиырылуынан жасалатын , жуан, көтеріңкі – қысаң, тіл арты, езу фонема. Ы фонемасы сөздің барлық шенінде келе береді: ыстық, жылы,ынталы, ырым, т.б. Ықысаңы л, р сонорынан бұрын және сөздің екпінсіз позициясында редукцияға бейім келеді: қрық, қзыл, қзық, пшақ, қтық, қсыр, шбық, т.б. Кейде сөздің екінші екпінсіз буынында (р мен н-ның, у мен з-ның, р мен к-ның, й мен н-ның аралығында) ы дыбысы фонетикалық нольге айналады: орын-ы – орны, қарын-ым – қарным.т.б. Кейде көп буынды сөздерде көмескі естіледі: қат` нас, аң` зақ, жұд` рық; Сөздің лексикалық мағынасына нұқсан келмесе, сөз басында л, рдыбыстарының алдында келген ы дыбысы жазылмайды: лақ, лас,лайық, рақмет,рас, рақат;
І – тіл таңдайдың орта шеніне жуықтаудан жасалатын, жіңішке, қысаң-көтеріңкі, келте, тіл ортасы, езу, жалаң фонема.Сөз ішінде і қысаңы р, л сонорынан бұрын келгенде және сөздің екпінсіз позициясында редукцияға бейім келеді: блек, тлек, трі, блім, ксен, шгіт, пшен, ткен, глем, греу, т.б. Ал сөздің екпінсіз екінші буынында (р мен к, н-нің аралығында) і дыбысы фонетикалық нольге айналады: ерін+і=ерні, ерлік+і=еркі, бөрік+і=бөркі т.б. Сондай-ақ аышқ дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда і қысаңы сан-сапа жағынан толық редукцияланады: екі+еу=екеу, жеті+еу=жетеу т.б. І фонемасы қосымшада ы фонемасымен комбинаторлы түрде алмасады: өт-і, от-ы. Сөздің лексикалық мағынасына нұқсан келмесе, сөз басында л, рдыбыстарының алдында келген ідыбысы жазылмайды: леген, лес, лекер, рең, реті, рәсімі;
Ұ – тіл таңдайдың артқы шеніне қарай жиырылуынан жасалатын, жуан, қысаң- көтеріңкі, тіл арты, ерін, жалаң фонема. Қазақ тілінде ұ фонемасы байырғы сөздердің бас буынында қолданылады: ұран, құрдас, бұрым, ұста, т.б. Сөздің бас позициясында о, ұ дыбыстарының біреуі келгенде ауызекі тілде сөздің екінші буынында ұ-ның айтылуы байқалады:құлұн(құлын), жұлұн (жұлын), қозұ(қозы)т.б. Жазуда бірінші буында келген о, ұеріндіктерінен кейін келген ұдыбысының орнына ыәрпі жазылады: оқы, орын, құлын, осы,қозы, ұры;
Ү – тіл таңдайдың алдыңғы шеніне жуықтаудан жасалатын, жіңішке, қысаң-көтеріңкі, тіл ортасы, ерін, жалаң фонема. Ү фонемасы көбіне сөздің бас буынында қолданылады:үйрек,үлкен, күн, түн, бүгін, т.б. Сөздің бас позициясында ө, ү дыбыстарының біреуі келгенде ауызекі тілде сөздің екінші буынында ү-нің айтылуы байқалады:көлү(көлі),күнү(күні) т.б. Жазуда бірінші буында келген ө, үеріндіктерінен кейін келген үдыбысының орнына іәрпі жазылады: көңіл, көрік, бүркіт өріс;
О – тіл таңдайдың артқы шеніне қарай жиырылуынан жасалатын, жуан, қысаң- көтеріңкі, тіл арты, ерін, құранды фонема. О фонемасы сөздің бас буынында ғана айтылады және жазылады: отан, орман, ораза, т.б. Сөздің анлаут позициясында о фонемасы үнемі ашық еріндік дифтонг сапасында келеді: уот (от), уороқ (орақ), уон (он), уоқ (оқ)т.б.
Ө – тіл таңдайдың алғы шеніне жуықтаудан жасалатын, жіңішке, қысаң- көтеріңкі, тіл ортасы, ерін, құранды фонема. Ө фонемасы көбіне сөздің бас шенінде айтылады: өзбек, көйлек, төркін, т.б. Сөздің анлаут позициясында ө фонемасы е, о дауыстылары сияқты, үнемі ашық дифтонг вариантында қолданылады: өш (өш), үөт (өт), уөмір (өмір), уөз (өз), т.б.
Е- тіл таңдайдың орта шеніне жуықтаудан жасалатын, жіңішке, қысаң- көтеріңкі, тіл ортасы, езу, құранды фонема. Е фонемасы сөздің барлық шенінде келе береді: ерекше, мереке т.б. Ефонемасы сөздің анлаут позициясында ашық дифтонг сапасында айтылады: йэрте (ерте), йэр (ер), йэртек (ертек), йэреже (ереже) т.б.
И мен У -орыс тіліндегі сөздер құрамында келген дауысты дыбыс, қазақ тіліне кірме дыбыстар. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында дауысты и, удыбысы жоқ.Бұл дыбыстар орыс тілінен енген университет, институт сияқты сөздер құрамында ғана дауысты болады, ал қазақтың су, бу, тиын, киін деген сөздерінде дауысты бола алмайды. Сол сияқтыё, э, ю, яорыс тілінен енген сөздерде фонема болғанымен, қазақ сөздерінде қос дыбысты(ё = и+о , ю = и+у, я = и+а)таңбалайтын кірме әріптер деп атаймыз. Ал эфонемасын қазактың әнемесе едыбысымен айта беруімізге болады. Қазіргі лексикамызда өзгеріссіз қолданылып жүрген өзге тілден енген сөздердің құрамындағы и, у, ё, э, ю, я кірме дыбыстардеп танимыз.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың құрамын анықтауда ғылым дамуы барысында ұстанған көзқарастарда бір жүйелілік жоқ екендігін байқаймыз. Себебі дыбыстар құрамын анықтап, оларға сипаттама беруде фонетикалық және үндесім ерекшеліктерін араластырып, бір-бірінен бөлінбеген күйінде қарастырылып келеді. Бұл мәселенің шешімі Ә.Жүнісбек зерттеулерінде бір жүйеге түсірілді. Қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі дауыстылар саны жөніндегі пікір алшақтығы да бір арнаға тоғысты. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды ғалым Ә.Жүнісбек зерттеуі нәтижесінде бұрынғы қалыптасқан көзқарастан басқаша қарастыруға тура келді. Ол қазақ тілінде алты жалаң дауысты және үш құранды дауысты бар деген тұжырым жасады. Қазақ тілі дауысты дыбыстары жасалымы тілдің көлбеу бағыты бойынша бұрынғы зерттеулерде, мысалы Ж.Аралбаев еңбегінде, тіл алды (ә, е, ө, ү, і), тіл ортасы (ы), тіл арты (а, о, ұ) деп үш топқа бөлініп жіктелген еді. Ал Ә.Жүнісбек «Қазақ грамматикасында» жасалу орнына қарай дауыстыларды тіл ортасы (ә, е, ө, ү, і), тіл арты (а, ы, ұ, о) деп екі топқа жіктеген. Ә.Жүнісбек о, ө, е дауыстыларын ашыққа да, қысаңға да қоспай, өз алдына дифтонг дыбыстар деп бөлек қарайды. Осы дифтонг дыбыстардың бірінші сыңары үнді и, у, екінші сыңары жалаң қысаңдар і, ұ, ү екенін айтады. Дифтонг-2 дауысты деген мағынаны (dils)-екі, қосарланған),pҺtonos дауыс дыбыс). Осы дыбыстардың құранды дауыстылар екендігі Ж.Әбуов зерттеуінде де дәлелденді. Ол қазақ тілі дауыстыларын орыс тіліндегіше тілдің көлбеу бағыттағы қозғалысына қарай тіл алды (е), тіл ортасы (ә, ө, і, ү), тіл арты (а, о, ұ) және араласқан (ы), ал тілдің тік бағыты бойынша жоғары көтерілуі (е,ы, і, ұ, ү) және төменгі (а, ә, о, ө), еріннің қатысына қарай езулік (а, ә, е, ы, і) және еріндік (о, ө, ұ, ү) деп бөледі. Демек, е дыбысының артикуляциясы бұрынғы зерттеулерден өзгеше көрсетілген. Спектралды талдау нәтижесінде Ж.Әбуов дауыстыларды тіл алды /і, е, ә, ү/, тіл ортасы /ө, ы, ұ/ және тіл арты /а, о/ деп жіктейді. Қ.Жұбанов ерін дауыстыларына о/ө, ұ/ү; езу дауыстыларына а/ә, ы/і, е дыбыстарын жатқызады: “Ерін дауыстыларын шығарғанда, ерін сүйіріліп ілгері ұмтылады да, езу жиылады; Езу дыбыстарын айтқанда езу жиылмайды, ерін сүйримейді”, - дейді. В.Радлов түркі тілдерінде сингармонизмнің екі түрі бар екенін атап (палаталды - езу, лабиалды - ерін), ерін үндестігі әлсізденіп бара жатыр деп қорытынды жасаған болатын. Ол дауысты дыбыстарды денто-гортанные (а, ы),губно-гортанные (о, ұ), денто-палатальные (і, е, ә), губно-палатальные (ө, ү) деп, ауыз-көмей резонаторларының алдыңғы және артқы жақтарымен айтылуына қарай төртке бөлген. Қазақ тілі дауыстыларын жіктеген кезде А.Байтұрсынов аңғал (а, е, ы) және қымқырулы (о, ұ) деп бөліп, аңғалы орын талғамайтынын, ауа ауыз арқылы еркін өтетінін, ал қымқырулы немесе қымқырынды бас буыннан басқасын сүймейтінін, оны айтқанда ерін қымқырылатынын айтқан болатын. Еріндік, езулік деп оппозициялық екі топқа бөлуіміз сингармонизм заңдылықтарын түсінуге көмектеседі десек, артикуляциялық жағымен қатар, дауыстыларды өзіндік ішкі ерекшелігіне қарай бұлайша топтастырылуы түркі тілдері үшін, әсіресе, қазақ тілі үшін сингармонизмнің маңыздылығын терең сезіне білуден туындаса керек. Себебі сингармонизм түркі тілдерінде фонологиялық қызмет атқарады. “Дәл ашық пен қысаң тәрізді қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың ерін мен езулік, жуан мен жіңішке болып қарама-қарсы қойылуының фонематикалық мәні бар”, - дей келіп, Ж.Аралбаев екі-екіден жұптасып келген үш жақты классификация дауыстылардың динамикасы үшін үлкен мәні бар екенін айтқан. Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп сүйірленсе, езуліктерді айтқанымызда еріндеріміз екі жағына қарай тартылып, езу жиырылады. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың Ә.Жүнісбек еңбегіндегі жіктелім сипаттамасы төмендегідей: 1) жақтың қатысына қарай (ашық, қысың): 2) Еріннің қатысына қарай (еріндік, езулік): 3) жасалу орнына қарай (тіл ортасы, тіл арты):
Дауысты дыбыстар арасындағы ашық-қысаң айырым белгісі үндесім белгіге жатпайтын болғандықтан, үндесім дауыстылар өзара бір ортақ, бір айырым белгі арқылы, немесе ортақ белгісі жоқ, екі айырым белгісі арқылы танылады екен. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың фонетикалық және үндесім табиғатына сай олардың жасалым, айтылым, естілім ерекшелігі тұрғысынан сипаттамасы жасалды. Дауысты дыбыстар саны мен дыбыстың сапасы жөнінде жүйелі, бірізді көзқарас қалыптасты. Сондықтан Ә.Жүнісбек дауысты дыбстарға қатысты теориялық ұстанымдарды дамытып, нақты заңдылығын қалыптастыруға ерекше еңбек сіңірді.
Дауысты дыбыстар кестесі
Ерін қатысына қарай жақтың қатысына қарай Тілдің қатысына қарай
Еріндік Езулік Ашық Қысаң Жуан Жіңішке
о ө ұ ү у а ә е ы і и а ә о ө е ы і и ұ ү у а о ы ұ у ә ө е і ү и




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет