Мақсаты: Дыбыс түрлеріне жіктеудің ерекшеліктері, дыбыстарды жіктеу туралы көзқарастарға шолу жасау, дауысты дыбыс құрамы туралы бұрынғы және қазіргі ғылыми еңбектердегі пікірлерге талдау жасау, дауыстылардың жіктелу үлгісімен таныстыру (жаңа грамматика бойынша), жеке дауыстыларға сипаттама беру, дифтонг дауыстылар туралы теорияның қалыптасу тарихын, оның қазақ жазу емлесіндегі орнын баяндау, талдау
Кілт сөздер: дауыссыз дыбыс, дифтонг, жуан, діңішке, ашық, қысаң дауыстылар, ерін әуезді, езу әуезді, ауыз қуысты, көмей қуысты, босаң, қысаң жолды т.б.
Негізгі сұрақтары:
1. Дыбыстардың классификациясы. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-бірінен айырым белгілері.
2. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың сындық сапасы жөніндегі пікірлер.
3. Дауысты дыбыстардың түрлері.
4. Дифтонг дауыстылар туралы көзқарастар
1. Акустикалық, артикуляциялық (дыб/ң акустикалық жағы – олардың созылыңқы, қарқындылығы, күші жатады; ал артикуляциялық жағы – олардың жасалуына қандай мүш/ң қатысатыны жатады) т.б. белгі қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары дауыстылар және дауыссыздар деп бөлінеді. Бұларға тән негізгі айырым белгілер мыналар:
1. Дыбыстар дауыстан жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. (салдыр – шу, дауыс – тон, үн). Ал дауыссыздар керісінше салдырдан жасалады. Тонның қатысуы да қатыспауы да мүмкін.
2. Дауысты айтқан кезде ауа кедергісіз қарқынсыз шығады да дыб/у мүм/ң барлығы да қатысады. Ал дауыссыздарды айтқанда өкпеден шығатын ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да бірер ғана дыб/у мүм/і қат/ды.
3. Д/р буын құрайды, ал дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі дыб/ы бөлудің негізгі айырым белгісі болып таб/ды.
4. Д/ға екпін түседі, ал дауыссызда мұндай қасиет болмайды.
5. Д/ты созып дау/ты айтуға болады.
6.
Фонетиканың өзекті мәселесі – тіл/гі дыб/ң санын, сапасын, ан/у және сол дыб/ға қатысты түрлі заңд/ң сырын ашу.
Қазақ тіліндегі фон-ы жай/ғы негізгі зерттеулер мен монография мақалалар көбіне д/ға арналған деуге болады. Бұлай болатыны тілім/і д/р немесе вокализмдер (лат. – д/ты) д.а. сөздің жаны дейді А.Байтұрсынов. Сөйте тұра қазақ тіліндегі д/ы дыб/ң саны, сапасы жөн/е әлі күнге бір ізділік болмай келеді. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі оның ішінде д/ы дыбыс жөнінде алғ. пікір айтқ/р орыс енталистері Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский т.б. Олар д/ды топ басып дәл айта алған жоқ. Қайсібірі а мен ә, е мен і ажырата алмады. Қазақ тіл біл/ң соның ішінде фонетиканың негізін қалаған А.Байтұрсынов өз/ң 1902 ж. «Айқап» журн/да жариялаған «жазу тәртібі» д/а мақаласында «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар, оның 5-уі дауысты, 17-і дауыссыз, 2-уі жартылай дауысты. Дауысты дыбыстар «а, о, ұ, ы, е» деп а/са, осы пікірін кейінгі оқулықтарда 1927 ж. «Дыбыстарды жіктеу туралы» деген мақаласында қайт/ды.
Қысқасы А.Байтұрсынов өзі атап айтқанда оның жазған қазақ тілінің дыбыстық жүй/де сол кезде 9 д/ты болғ/на анық көзі жетеді. Олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е
Бұл дыб/р араб жазуынан латын жазуына көшкен соң ғана, бас-басына, таңбаға, әріпке ие болған. Олар іштей жуан, жіңішке, еріндік, езулік ашық, қысаң деп бір жөнге түскен.
Белгілі лингвист Қ.Жұбанов 1938 ж. «Қосар ма, дара ма?» деген мақала жазып, сөз ішінде ұу, үу, ый, ій дыб/р тіркесіне айрықша көңіл аударды. Оның «Қазақ тілі грам-ы оқулығ-а» бұлар қосынды д/р қатарына қосылады. Мұның өзі көп ұзамай қабыл/н и, у әр/не жол ашты. Сөйтіп 11 д/ы дыбыс болды.
1940 жылы күзде орыс жазуына көшіп, орыс әріптерін қаб/ды.
1944 жылы Ғани Бегашев, Нығмет Сауранбаевтың пед.училище бастауыш мек/ң мұғ/не арналған кітапта д/ң санын 12-ге жеткізеді.
1953 жылы Н.Сауранбаев пед. училищеге арн/н «Қазақ тілі» оқул/да д/ды осы күйінде қолд/ы.
1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» д/а көлемді еңбек дүниеге келді. Мұнда д/ң саны 11. 9-ы монофтонг, 2-і дифтонг.
1960 жылы Ғ.Әбуханов педучилище/е арнап шығ/н, оқул/а дауысты дыбыстар санын 12-ге жеткізіп, Н.Сауранбаевтың э әрпін қайта қосады.
1973 жылы А.Исабаев «Қазақ тілі дыб.жүйесі метод/ң нег/і» д/а еңб/де д/ы 15-ке жеткізеді.
Ә.Жүнісбековтің пікірінше қазақ тілінде а,ә,ұ,ү,ы,і дыбыстары-монофтонг, ал о, ө, е – дифтонг. Аралбаев тек и мен у дифтонг дейді. Сонда: о-ұу, ө-үу, е-ій. Бұл дыбыстарды ашық дегеннен гөрі қысаң деген жөн болар. Бірақ С.Мырзабеков нағыз қысаңдардың 3 түрлі ерекшелігін атап көрсетеді:
1. Кейбір екі буынды сөздердің 2-ші буынындағы қысаңдар қосымша дауыстыдан бастап жалғанса, түсіп қалады: қорық- қорқып, ірік-іркіп, үрік-үркіп;
Ал о,е дыбыстары екінші буында түспейді.О дыбысы байырғы сөздерде тек бірінші буында ғана кездеседі.
2. Кірме сөздердің алдынан жамалып айтуға бейім(протеза) .Мысалы:
ұ-рұқсат, ү-рүстем, ы-рахмет, ы-рас т.б.
Сондай-ақ бұлар екінші буында кейде көмескіленіп (редукция) әлсіз айтылады: жұд*рық, құм*ра, көк*рек, құд*рет, аз*рақ т.б.
Мұндай қасиет о, е дыбыстарында жоқ. Тек о дыбысы сөзде кездеседі: орыс, орамал, ораза.
3. Өлең ұйқасын жасауда соңғы буындарда дауыстылар не бірыңғай ашық, не бірыңғай қысаң деңгейде келеді (а,ә немесе ұ,ү,ы,і) , ал е, о, ө дыбыстары басқа қысаңдармен емес, өзді-өзі үндеседі.
Қазақ тілінде 9 д/ты дыбыс бар деген дұрыс емес. Қазіргі қазақ тілінде 11 д/ты фонема бар. Олар дыб/у мүш/ң қызметіне қарай іштей 3 топқа:
Тілдің қатысына қарай: жуан:а, о, ұ,ы,у, жіңішке: ә,ө,і,ү,е,и