Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. иіз үйі — тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды
КЕРЕГЕ
Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.
Оның бірі кең көзді кереге «желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.
Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.
Шаңырақ
Қайыңды иіп немесе бірнеше иіндіні қималастырып шеңбер бейнелес етіп шаңырақ жасалған. Өн бойына уық шаншылатын төрт бұрышты тесіктер қашайды. Оны шаңырақ көзі дейді. Көздері керегенің басына, үш-үштен, кейде төрт-төрттен айқастырған бүгулі шыбықтар бар, оны күлдіруіш дейді.
Табалдырық пен маңдайша
Киіз үйдің сәнді, өте әшекейленген есігі сықырлауық деп аталады. Ол ортасынан ашылып-жабылып тұратын жарма есіктерге ұқсайды. Есік ашылып-жабылғанда сықырлап тұрады.
Киіз үйдің есігі табалдырық пен маңдайша және екі жақ босағадан тұрады. Босаға түзу ағаштан жасалады. Маңдайша мен табалдырық жуан қайыңнан шабылып, сүргіленеді. Артынша ою-өрнекпен әшекейленеді.
Маңдайша киіз үй керегелерінің жоғары бастарын тұтас конструкцияға айналдырады. Маңдайшаға маңдай уықтар бекітіледі, ол босаға мен сықырлауықтың жоғары жағын ұстап тұрады.
Табалдырық маңдайшаның жердегі көшірмесі. Тек табалдырықты көп сәндемейді, бір түспен сырлайды. Табалдырық пен маңдайшаға кереге тіреліп, жалпақ сәнді құралмен бекітіледі. Табалдырықты баспайды, табалдырыққа отырмайды.
Киіз үйдің ішіндегі торларды туырлық және жапқымен жапқан. Киіз үйдің сыртын киізбен жабады. Киіз үйдің киізден жасалатын жапқыштары үй корпусына баумен немесе өрнекті құралмен, үлкен түкті кілеммен және басқұрмен бекітілген
Киіз үйдің ішіндегі торларды туырлық және жапқымен жапқан. Киіз үйдің сыртын киізбен жабады. Киіз үйдің киізден жасалатын жапқыштары үй корпусына баумен немесе өрнекті құралмен, үлкен түкті кілеммен және басқұрмен бекітілген
Киіз үйдің түрлері
Киіз үйдің түрлері
Қазақтың киіз үйлері қолданылуына қарай негізгі үш түрге бөлінген: тұрғын үй қызметіндегі киіз үй; қонақ қабылдауға арналған той киіз үйі; жылжымалы киіз үй. Бұлардан басқа қойма және сарай орнына қолданылған асхана киіз үйі болған.
Киіз үй жабдықталуына қарай да ажыратылған. Оларды арбамен тасымалдау үшін бірнеше түйе қажет болған. Орташа жағдайы бар қазақтың киіз үйі де көлемі жағынан шағын болған. Оларды бір түйемен тасымалдауға болады.
Қазақтың ақ үй, ақ орда, боз үй, отау үй деп аталатын қонақ үйлері көз тартар көркемдігімен ерекшеленген.