«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту» Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні



бет1/4
Дата29.09.2023
өлшемі35,39 Kb.
#111601
  1   2   3   4

«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту»
Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні
Тәрбие – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тербелейтін негізгі іс-әрекет - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым – қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез - құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған.
Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай – ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдерін, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой — өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, алдын – ала жұмыс жүргізу керек.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдырымен ұйымдастырылады.

  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа.

  3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл – ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі – сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын – ала дайындап алуға , балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы.
Ойын түрлері сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталай бермеу керек, ол үшін өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп, оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру қажет. Барлық сабақтарда дидактикалық ойындар қолданылады, оны сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы, сауат ашу сабағындадидактикалық ойындар балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда сақтап, сөз құрастыруға, олардың ой — өрісін дамытуға үйретеді.
Дидактикалық ойын сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар аз ойналады. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане, «сен көк кубиктерді әкелші», «үстелге апарып қойшы» т.б. Бұл жерде баллар кеңістікке бағдарлауды үйренеді.
Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін — өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуге баланың ойынды саналы түсініп, оның шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады. Жолдасының қатесін түзетуге көмектесуде, ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жатықтырылады.
Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі – монологтық және диологтық сөйлеуге арналған. Мысалы: «Телефон» ойнында диологтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі боуға үйрету болып табылады.
Антоним сөздермен таныстырғанда жануарларды зообаққа әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне қарап, «үлкен, кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой — өрісін кеңейту үшін өте пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді осы сияқты дидактикалық ойындарды ұйымдастыру арқылы меңгертуге болады.
Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады?» «Жалпы атауын бер», «Жеке – жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тарелка, шанышқы «ыдыс аяқтар», алма, алмұрт, шие, өрік – жемістер, қияр, картоп, сәбіз, қызылша – көкөністер, көйлек,камзол, тақия, бешпент – киімдер, етік, туфли – аяқ киімдер т.б. немесе керісінше үй жиһаздарын — диван, төсек, үстел,орындық , теледидар, отбасы мүшелерін — әке, шеше, ата -әже, аға – іні, қарындас т.б. оқу құралдарын – кітап, дәптер қалам, өшіргіш, сумка т.б.
Баланың шығармашылығын дамытуға имитациялық ойындар «Біздің көңіл күйіміз?», «Қоянның көңіл — күйі» т.б. ым, мимиканы әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды, салып, көрсетуге үйрету. Ыммен, мимикамен көңіл – күйді салып, оны сәйкес сөздермен айту. Мысалы: Қоян қорқып тұр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен, қуану, ренжу, жылау, т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл – күйін түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді.
Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамытумен қатар ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуға болады.
Сабақтың қызықты, тартымды өту үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталуы үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, әдемі қораптарда, қалталарда тұру керек. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданып отырсақ қана мақсатқа жетіп отырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет