. «Графикалық диктант» әдістемесі Мақсаты: Еркіндік сферасының даму деңгейін анықтау, өзін-өзі бақылауын және қабылдауын дамыту.
Торкөзді дәптердің парақтарын дайындап, шетінен 4 торкөз қалдырып, бір-бірінен арақашықтығы 7 торкөз болатын, бірінің астынан бірі орналасқан (вертикаль бойынша) 3 нүкте белгілеп қоямыз.
Балаларға қарындаштарын алуды ұсынып, айтамыз: «Қай жаққа және қанша торкөзге сызықты жүргізу керектігін мен айтып тұрамын. Тек қана мен айтқан сызықтарды жүргізіп отырыңдар.Бір сызықты жүргізген соң, келесі сызықты қайта бағыттау керектігін айтқанша күт. Әрбір жаңа сызықты оның алдындағы сызық біткен жерден, қарындашты қағаздан алмай баста».
Бірінші тапсырма: «Қарындашты ең жоғарғы нүктеге қой. Тыңда! Сызықты сал: бір тор көз төмен. Қарындашыңды қағаздан алма. Енді бір тор көз оңға. Бір тор көз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Осындай өрнек салуды өзіңжалғастыр».
Бала түсінбесе, айтып жіберу керек, жіберген қателер болса, түзетіп жіберуге болады. Келесі өрнек салуда мұндай бақылау жасалмайды. Тапсырманы оқығанда, бала алдыңғы сызықты аяқтап үлгеретіндей, жеткілікті үзіліс жасау керек.
Өрнекті өз бетінше салуға 1,5-2 минут уақыт беріледі. Екінші тапсырма: «Енді қарындаштарыңды келесі нүктеге қойыңдар. Тыңда! Ал баста! Бір торкөз жоғары.Бір торкөз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Әрі қарай осы өрнекті салуды жалғастыр».
Үшінші тапсырма: «Қарындашты соңғы нүктеге қой. Тыңда! Үш торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Үш торкөз төмен. Бір торкөз оңға.Екі торкөз жоғары.Бір торкөз оңға. Екі торкөз төмен Бір торкөз оңға. Үш торкөз жоғары. Енді осы өрнекті салуды өзің жалғастыр ».
Баланың тапсырманы айту бойынша және өз бетімен қалай орындайтындығына талдау жасалынады. Бірінші көрсеткіш ешнәрсеге алаңдамай, нұсқауды мұқият тыңдай және дәл орындай алуын көрсетеді. Екіншісі – баланың өзбеттілік дәрежесін көрсетеді.
Егер бала екінші және үшінші өрнектерді ешбір қатесіз немесе өрнектердің бірінде жекелеген қателермен орындаса (жаттығу өрнегі есептелмейді) еркіндік сферасының даму деңгейі жақсы болғаны. Егер ешқандай өрнек айтылған нұсқаумен сәйкес келмесе, еріктік сфераның даму деңгейі төмен болғаны.
Бұл әдістеме 2а сыныбында жүргізілді. Қорытынды: Сынып оқушылары үлкендердің берген тапсырмаларын орындайды, берілген өрнекті дұрыс көшірді, ал тапсырма бойынша дербес әрекет етуі орташа.
Берілген кеңес: Ересектердің нұсқауларын балалардың орындай білуі, біліктілігін арттыру үшін, өзара қарым-қатынас өрісін дамыту, тиімді қарым қатынасқа машықтану, яғни байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру, өз күшіне сенуді қалыптастыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру керек.