Дидактикалық ойындар



бет1/3
Дата20.10.2023
өлшемі0,49 Mb.
#119893
  1   2   3

Дидактикалық ойындар
Дайындаған: Куралбайқызы Гүлнұр
Тобы: Бастауыш білім бизнес инновациямен
Қабылдаған: Жұмабаева Азия Елупанқызы



  1. Ойынның аты «Допты дәл салайық»

Ойынның шарты: балалар интербелсенді тақтада футбол ойнайды. Ойынның шартына сәйкес, егер оқушы омоним сөзді тапса, доп қақпаға дәл кіреді, қателессе доп қақпадан қиыс кетеді. Балалар бұл ойынды топтасып ойнайды. Қай топ бірінші қол көтереді, сол топтың жауабы қабылданады.
https://www.umapalata.com/zexpo/game.html?LANG=RU&idGames=39617&mygames=s&tk=77702b942dba75e3936f027456f77e46dcdedd183cf816382cde67acbd7e5548


  1. Ойынның аты «Тізбек»

Ойынның шарты: Берілген сын есімге лайықты зат есім тіркеп айту керек. Бірінші бала тек сын есімдерді айтады: өнімді, атақты, сымбатты, т.б. Екінші бала оған лайықты зат есім тіркестіріп, тез-тез айтуы керек. Келесі екі бала берілген зат есім алдына сын есім тіркеп, кезектесіп айтып шығады. Мысалы: дәмді-дәмді тамақ, мейірімді- мейірімді анам.


  1. «Бәйге» ойыны (2-сынып)

Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.
Ойын шарты: Бұл ойыннаң әр қатарында бір-бірден шабандоз шығады. Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жүргізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап – бір қадам алға жылжу.
Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынадай сауалдар қоюға болады

  1. Сөз деген не? 8.Туынды сөз дегеніміз не?

  2. Сөз құрамына не жатады?

  3. Түбір дегеніміз не?

  4. Қосымша дегеніміз не?

  5. Жұрнақ дегеніміз не?

  6. Жалғау дегеніміз не?

  7. Түбірлес сөз дегеніміз не?



  1. Ойынның аты «Жолды табайық»

Ойынның шарты: Балалар тақтада көрсетілген антоним болатын сөздерді табуы керек. Оларға әртүрлі сөздер беріледі (ақ, ащы, алыс, ақылды) Егер қате жауап берсе, өнер көрсетеді, дұрыс жауап берсе адаспай жолды дұрыс табады.
https://www.umapalata.com/zexpo/game.html?LANG=RU&idGames=39604&mygames=s&tk=77702b942dba75e3936f027456f77e46dcdedd183cf816382cde67acbd7e5548


  1. Ойынның аты «Шатасқан әріптер»

О
йынның шарты: оқушылар шатасқан әріптерден синоним болтын сөздерді тауып, оларды бағанға бөліп жазуы керек. Мұғалім әр балаға сөзжұмбақ таратады, оқушылар бұл тапсырманы жұбымен бірге орындайды. Мұғалім әр жұпқа әр түрлі нұсқалар таратады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет