Пән: Дене тәрбиесі Оқытушы: Маликов Дастан Каиргельдиевич Топ



бет1/5
Дата18.01.2023
өлшемі29.47 Kb.
#61847
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Пән: Дене тәрбиесі
Оқытушы: Маликов Дастан Каиргельдиевич
Топ: Рет-22-3гб
Тақырыбы: Волейбол. Жоғарыдан және төменге тура тигізілген берілісті жетілдіру


Сабақ уақыты: 06.12.2022ж. Тапсырма орындау уақыты: 07.12.2022ж.

Волейбол ойынының ережелері.
Волейбол ойыны аумағы 9∕18м алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орнатылады. Жасөспірім ер балаларға арналған тордың биіктігі – 220 см. қыздар үшін 210 см. болады. Ойынға әрқайсысына 6 ойыншыдан болады. Ойынға диаметрі 65 – 68 см. салмағы 250 г – дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары үштен артық қол тигізуіне болмайды. Бір ойыншы допқа екі рет қол тигізуі рұқсат етілмейді. Ойын барысында доп қай алаңға түссе, сол команда осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Жасөспірімдер ойыны 3 немесе 5 кезеңнен тұрады.

Жасөспірімдер

13-14
жастағылар
үшін 

15-16
жастағылар
үшін

17-18
жастағылар
үшін

Ер балалар
Қыздар

2 м 20 см
2 м 10 см

2 м 35 см
2 м 20 см

2 м 43 см
2 м 24 см

Ережелері:

  1. Доп жерге тисе;

  2. Команда допқа үш реттен артық қол тигізсе;

  3. Доп лақтырылса немесе қолда кідіріп (ұсталынып) қалса;

  4. Доп дененің белден төмен кез – келген жеріне тисе;

  5. Ойыншы допқа қатарынан екі рет қол тигізсе;

  6. Ойыншы торға тиіп кетсе;

  7. Қарсы жақтағы допқа ойыншының қолы тиіп кетсе;

  8. Доп кезексіз ойынға қосылса;

  9. Допты арнаулы орыннан ойынға қоспаса;

  10. Допты ойынға қосқан кезде сол ойыншы алаңның сызығын басып тұрса немесе ішке еніп кетсе;

  11. Ойынға қосылған доп бағанға, торға т.б. тиіп немесе алаңнан шығып кетсе.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет