Дидактиканың негізін салушы шетел ғалымдары



Дата17.05.2022
өлшемі156,27 Kb.
#34740

 Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін. оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.

Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikаs – үйретуші, оқытушы, didaskо-оқушы деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымды ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы Вольфгант Ратке /1571-1635/. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика барлық педагог үшін өте маңызды, өйткені біздің өмірімізде кез келген педагогикалық міндеттерді дидактика ғылымы мен теориялық білім негізінде жүзеге асырылады.

Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұның, барысын, формасы мен әдістерін зерттеуіне қарай оқыту әдістемесі деп аталады. Мыс: математиканы оқыту әдістемесің, дүниетануды оқыту әдістемесі т.б.

Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми –теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.

Дидактиканың негізін салушы шетел ғалымдары

Дидактиканың негізін салушы – чех ұлы педагогы Ян Амон Коменский (1592 – 1670 ). Ол өзінің 1657 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» атты өте маңызды және құнды еңбегінде балаларға жаппай білім берудің мазмұнын, оқытуды ұйымдастырудың ең басты принциптері (қағидалары, ережелері), әдістері мен формалары туралы жүйелі және дәлелді түрде ойларын баяндап айтты.

Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Ж.Ж. Руссо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.

Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.

Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.

Антон Семенович Макаренко (1888-1939жж.). А.С. Макаренко оқу пәндерін жүйелі оқытуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты оқыту әдістеріне қарсы шықты.







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет