Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Тәрбие-адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсаты көздеп



бет1/6
Дата02.02.2022
өлшемі70,5 Kb.
#24732
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бастауыш мектеп 1 тап


Жоспар:
Тәрбие процесінің мәні және оның сипаттамасы

1.Тәрбие процесіне сипаттама

2. Тәрбиенің заңдылықтары

3. Тәрбие принциптері

Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Тәрбие-адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсаты көздеп, жаңа үрпаққа қоғамдық тарихи тәжрибені беру процесі
Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.
Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байлТеория» ұғымы грек тілінде «зерттеймін» деген түсінікті береді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні , мақсаты , принциптері , мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.

Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі.



Тәрбие- күрделі әрі ұзақ процес.Тәрбие педагогикалық әрекетте

Мәдени құбылыс ;

Педагогикалық ықпал ету ;

Балалардың әрекетін ұйымдастыру ;

Қарым ұатынас құралы ретінде жан жақты қарастырылады.

Тәрбие теориясы – тәрбиенің негізгі заңдылықтары , принциптері , ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды.



Тәрбие методикасы немесе әдістемесі – тәрбие процесін оның мақсат-міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдерінің жиынтығы болып есептелінеді.

1. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет