Дінмен байланысты өЛЕҢдер



Дата31.12.2021
өлшемі43,4 Kb.
#21731
Байланысты:
Діни дәстүрлер мен жоралғыларға қатысты туған өлең-жырлар


ДІНМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ӨЛЕҢДЕР

Салтпен байланысқан өлеңдердің бір алуаны дін салты, дін нанымымен байланысқан өлеңдер. Қазақта бұл өлең екі жікке бөлінеді:


1) Ескі діннің сарқыты болған өлең.
2) Ісләм дініне байланысқан өлеңдер.
Алғашқы жікке кіретін наурыз жайындағы сөздер мен бақсылардың сарыны.
Наурыз. Наурыз күн шығыс халқының көбінің мейрамы болған. Солардың ішінде, әсіресе көшпелі түріктер арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған. Наурыз – бақташылық кәсібіне салынған елдің кәсіп мейрамы. Бүгінгі мал баққан қазақ сияқты, бұрынғы бақташы елдің барлығында амандық тоқтығы, бар тіршілігі табиғаттың жалаңаш құшағында болған. Ауа райы барлық тілек пен тіршіліктің қожасы. Сондықтан жақсылық, жаманшылық жіберетін қорқынышы да, үміті де бір аспанға байланғандықтан, аспанды "Тәңірі" деп, соны ұлы құдай көру ең ескі діндердің бәріне бірдей жайылған наным болатын.
Қыс кетіп, күн шырайы түзелген кезде, тәңірдей құдай ел тіршілігіне кеңшілік әкелді деп есептеледі. Сондықтан жазғытұрым, наурыздың кірген күні – жаңалық күні. Ескі ауыртпалықтың барлығы қыспен бірге кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік есігі ашылған күн. Кәсіпке келген кеңшілік, шаруа соңындағы елдің де арқасын кеңітіп, бел асыратын, көңілін көтеретін. Сонда алты ай қыс қабағын түйіп, әлденеге соғары белгісіз болып келген тәңірідей иесінің иген күнінде ел де ағытқан қойдай жамырасып, көрден шыққандай жылап көрісіп, қуанышты келешекке үміт артып, бас қосатын.
Бұл мейрам, бері келген кезде, өнер тапқан елдер үшін бұрынғы жанды қызуынан айырылса да, қазаққа, соңғы заманға шейін мағынасын жоғалтқан жоқ. Сондықтан қазақ елі ұлы істің ұлы күнін көтерілген қуанышпен қарсы алатын. Өзге мейрамдардың ішінде жалпақ елдің нық байланысы бар мейрам осы болатын.
Бірақ берірек келгенде, ол мейрам ескі дін нанымының белгісін жоғалтпай, ылғи ескілікке елдің наным, ұғымын жабыстыра берген соң, ісләм дінінің үгітшілері жоғалтуға тырысқан. Сонымен өте ескі замандағы бағасы, бері келген сайын, кеми бастап, соңғы кезде мейрамдық бағасы да әлсірей берді. Бізге қазақ ескілігіндегі әдебиет жұрнағын ісләм дінінен арғы жерден жинау тіпті қиын. Осы күнде ол ескіліктердің ізі қалмай жоғалып кетті. Сондықтан наурыздың да дәл өз кезіндегі салтқа кірген дұғалық сияқты көп өлеңдері ұмытылған. Бүгінде ісләмнің қалың сүзгісінен өтіп келген болымсыз жұрнақтарына қарап қана арғы заманға болжау жасауға болады.
Қазіргі наурыз жайындағы сөздер сол күндегі ырымды, сондағы амандасу, көрісу сияқты ұсақ салтты, сол күндегі тілекті ғана білдіреді. Бірақ нағыз мейрамның өзіне арналған өлең әзір қолға түскен жоқ. Түсуі қиын да сияқтанады. Бүгінгі наурыз жайындағы өлеңдер мыналар:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, –
деген ескі мақалды өлеңдер.
Және:
Ұлы істің ұлы күнінде,
Бай шығады балбырап.
Қасында жас жеткіншек,
Тұлымшағы салбырап.
Бәйбіше шығар былпиып,
Күндіктері қайқиып
Келіншек шығар керіліп,
Сәукелесі саудырап.
Қыз шығады қылмиып
Екі көзі жаудырап,
Ақ бөкендей сырқырап,
Құл құтылар құрықтан.
Күң құтылар сырықтан.
Кетік ыдыс шөміштің
Түтіні кетер бұрқырап.
Амансыз ба, ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!
Кейбірі:
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Және:
Ұлыс күні кәрі, жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Шалдар бата беріскен.
"Сақтай көр" деп терістен.
"Кел, таза бақ, кел!" десіп,
"Ием, тілек бер!" десіп...
"Көш, қайрақан, көш!" десіп!
"Көз көрместей өш!" десіп...
Және:
Есік алды қара су бойлағаным,
Жалғанның қызығына тоймағаным.
Көмілсе де кетер ме көкейімнен
Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным,
Наурызды қосқан ескінің бір өлеңі.
Кіші жүз Шақшақ Жәнібек кенже қызын бір досының баласына берген43. Жәнібек өлгенде, сол қыз келіп әкесін жоқтапты. Соның ішінде наурыз турасында мынадай өлең келеді:
Айналайын, әкекем!
Неге бердің кедейге?
Қанша ақылды десең де,
Кедейді кедей демей ме?
Байға берсең, әкекем!
Қазысы қарыс айғырды,
Сүбесі сүйем қошқарды,
Ұлыс күні соймас па ем?
Тамам сорлы тоймас па ең?
Жұп шырақ жағып қоймас па ем.
Мұнда, баяғы заманда, ұлыстың ұлы күні қалың елдің жаңа тілек тілейтіні көрінеді. Жұп шырақ жағу, кетік аяқ, кетік шөміш сындыру, көріскенде: "таза бақ, кел" деп, "Көш қайрақан, көш" деп аластау барлығы да сол заманның тілегі. Ескіліктің ізін сақтаған, ескі күнде аман болып, бүтін болып қалмай, сынып, жарылып қазаға ұшыраған нәрселер болса, оның бәрінде ескі күннің сарқыты қалуға мүмкін. Онда иесіне арнаған жаманшылық сөз сақталып қалуға лайық. Сондықтан кетік ыдыстар сындырылады. Жұп шырақ жағам дегені аспаннан соңғы сенгені от. Оттай иеге арналған тілек. Бұлардан басқа төрт көз итті өлтіру, моғал ошақ қазу болған. Барлығы да сол замандағы дін мейрамының шартынан туған, көпке бірдей салт. Сол күні не істелсе, барлығы да арнаулы өлеңмен, арнаулы тілек сөздермен істелу керек. Бірақ сол сөздің бірде-бірі қолда болмағандықтан, сол турадағы сөзді шала қалдырамыз.
Бақсылардың сарыны. Ескі дін, ескі нанымның сарқыты болған өлеңдердің бірі – бақсылардың сарыны. Мысалы Жаман бақсының сарыны44.
Уай, терегім, терегім!
Бір күніме керегім.
Бейбақтың оты жанбайды,
Бейшараның үйіне,
Шақырса қонақ қонбайды.
Арам ойлы жігіттің
Жүрсе жолы болмайды.
Арық атқа қамшы ойнар,
Жыртық үйге тамшы ойнар,
Көбік қарда түлкі ойнар,
Қаулан көлде жылқы ойнар,
Аталы ұлдың қолы ойнар
Шешесі өлген жетім қыз,
Ол сорлының басында
Сірке менен бит ойнар.
"Мен, Жаманның ұлы Шақармын,
Көпті көрген мақармын!"
Ойбай да терек, уай терек!
Маған бір бәле тақалдың.
Жамансарт бақсының сарыны:
Болат бір пышақ жанға қас,
Қып-қызыл талға қинаса,
Ер жалғыз үй қонбайды
Қатын бір шәйпау болмаса.
Оңалтпақ дүние жоқ екен,
Ту жығылып құласа,
Айғыр айтып, ат айтып,
Ағайыны аңыраса.
Сонда да тәңірім қоймайды-ау,
Алуына ұнаса.
Әсіре бір таудан жол салған,
Қойқаптан барып жол алған,
Көкте екенін көрмеген,
Жерде екенін білмеген,
Аласа бойлы жатаған,
Ажырыққа түйе матаған.
Әкесі өліп ас беріп,
Алпыс бір ала қоңыз атаған.
Жарғыш, жында сен арсыз,
Бейбақ, адамзатта мен арсыз".
Берікбай бақсының сарыны:
Ал періңмін-періңмін,
Періленген серіңмін.
Қалың бір әйтек ішінде,
Аз ауыл Бәкең болса да
Таңдап бір қонған жеріңмін.
Өзім бір деген кісіге
Өзегімді берермін.
Егескен жауым кез болса,
Ауызы бір қанды бөріңмін.
Кекіліктей жорғалап,
Қара бір қаным сорғалап,
Алладан әмір келгенше,
Өстіп бір жүріп өлермін.
Бақсы сарыны арнаулы күймен қобызға қосылып айтылады. Күй ән, жырдан бөлек. Ертеден келе жатқан күңіренген, толғанған суық сарынды боздауық күйлер. Көп бақсының жын шақырғанда тартатыны "Қорқыт күйі". Бақсы атаулының барлығы да қобызбен Қорқыт күйіндей45 жат сезімді күйлерді тартқан соң, соған дағдылы сарын сөздерін қосып сарнаған соң, күйіне келеді. Күй мен сарын бақсының сүйеуі; қызулы, толғақты халге жеткізіп, көреген сәуегей қылуға себеп болатын ең үлкен шарты. Сондықтан өзгеден бөлек күй мен өзге өлеңдерден бөлек сарын өлеңі бар.
Бақсының сарынында сөз қуаты ерекше күш алғандай болады. Сөздерінің бірі мен бірінде байланыс аз болса да, әрбіреуі кезек-кезек болып, түйдектеліп түсіп отырады. Сипат сөзінің барлығындағы салыстырған суретті қайдағы қиынынан, жат жерден, ойда жоқ белгісізден алады. "Жетпіс бұрқан жалмаған, жаман құлақ мәуленім-ау", "уай монтаным -аю тері қалталым", "әсіре бір тау жол салған, қойқаптан барып жол алған... әкесі өліп, ас беріп, алпыс бір ала қоңыз атаған" деген сияқты. Кейде: "өзім бір деген кісіге өзегімді берермін, егескен жауым кез болса, ауызы бір қанды бөріңмін".
Кекіліктей жорғалап,
Қара бір қаным сорғалап,
Алладан әмір келгенде,
Өстіп бір жүріп өлермін.
Міне, осы сияқты сөздердің барлығында өзге сөздерден бөлек, сиқырлы жынша суық құбылыстар бар. Шынында, шалқыған оттай талайды шарпып өтетін, жаланып лаулағандай екпін сезіледі. Сондықтан бар сөздері көп нәрсені көктеп өткендей аттап түсіп, ырғып ортқып, ойнақы болып отырады. "Бейбақтың оты жанбайды, Бейшараның үйіне шақырса қонақ қонбайды", "арық атқа қамшы ойнар, жыртық үйге тамшы ойнар, көбік қарда түлкі ойнар, қаулан көкте жылқы ойнар, шешесі өлген жетім қыз, ойбай сорлы, оның басында сірке менен бит ойнар...", соның артынан кідірместен: "ойбай да терек, уай терек, маған пәле тақалдың" дейді. Қаншалық сөзіндегі суреттер біріне-бірі үйлеспейтін, жат болса да осының бәрін сабалап, бастырмалап, айдап келе жатқан бір күш бар. Ол күш бақсыны кернеп, буып, қыздырып келе жатқан жыны.
Сондықтан біріне-бірі үйлесіп, байланыспаса да, өз бетінде кесек болып келетін асау сөздер, бір бөлек жайын қуаттай болып, ортқып түсіп отырады. Сондай кесек бітімді сөздер ғана "Терек", "Жарғыш", "Толыбек" сияқты жындарды бақсымен тіл қатуға алып келеді. Суық сезімді күй қобыздан шығып толғантқандай зарланып аңыраған кезде, бақсының сөзі қыздырмалап, аттатып, онды-солды жаланып, лаулаған кезде ғана жын келеді.
Бақсылық – ескі діннің сарқыты. Бұрынғы кездегі бақсы көмескіні болжайтын сәуегейлігіне қарап, өз дінінің пайғамбар әулиесі сияқты болған. Ол кезде бақсы болжал айтса "Аспан" сияқты құдайлармен жасырын елшілер арқылы жалғасады, тіл алады деген сеніс болған. Бері келгенде ел сол елшінің бәрін бекер дей алмаған. Бірақ бұрынғы наным бойынша, ол елші қадірлі, қасиетті сипатқа ие болса, бері келіп мұсылманшылық жеңген соң қараңғылық, жамандық белгісін білдіретін жиренішті заттар болып, жын деп аталған. Барлық бақсылық мұсылмандық көзімен қарағанда дұрыстық жолына қайшы келетін, адамшылыққа қас, табиғаттан шығатын сияқты болған. Сол себепті бақсының барлығының түп иесі – шайтан, пері сияқтылар деп, бұрынғы діннен қалған нанымның барлығын бергі мұсылманшылық заманындағы жаманшылық иелеріне апарып қосақтап қойған.
Бақсының барлығында, үнемі айтатын арнаулы сарынымен бірге үнемі аты аталатын, сол бақсының өзіне ғана серік болып жүретін арнаулы жыны болады. Жоғарыда айтылған "Терек", "Жарғыш", "Толыбек" тағы сол сияқты толып жатқан жындардың әрқайсысы – әртүрлі бақсының айрықша белгісі, ерекше меншіктісі. Сондықтан сарынның ішінде "Уай, терегім, терегім" десе не болмаса "қойқаптан барып жол алған", "көкте екенін білмеген, аласа бойлы жатаған, ажырыққа түйе матаған" десе барлығында "Теректей", "Жарғыштай" жындарын айтады.
Берірек келген заманда көп бақсылар: "жынның ішінде тазасы бар, мұсылман жын, кәпір жындары бар" деп, екіге айырып келіп, мұсылман жынға сыйынамыз деп, барлық пайғамбар, әулиелер аруақтарды шақырып, сарын айтатын болған. Бұл бақсылық негізі әлсіреп, құлауға айналған соң, жаңа заман ағымына бойсұнып, мұсылмандыққа ауыл-үй қонып, бітім жасамақ болғаны. Мұны бақсылықтың жоғалар алдындағы азғындаған кезі деп есептеу керек.
Дін өлеңдерінің ендігі бір түрі – ісләм дінімен байланысқан өлеңдер. Қазақта мұндай өлеңдердің түрі көп емес, бірен-саран аз ғана. Мысалы, жарамазан, бата беру өлеңдері сияқты.

діни-әдет ғұрыптарға байланысты туған жырлар жайлы ғалым: «Қазақ фольклорынан көшпелі тайпалардың ежелгі наным-сенімдері басты орын алады. Оның көріністері — бәдік, жарапазан, алғыс-қарғыс, арбау, бақсылық сарындары», — деп айта келіп, әрі қарай Шоқанның «қазақ арасындағы шаманизм нанымдарының қалдықтары» деген еңбегіне кең көлемде талдау жасайды. Атап айтсақ, зерттеуші шамандық ұғымына, оның негізгі белгілеріне ерекше тоқталады. Сөйтіп, одан әрі бәдік айтысы, жарапазан жырлары жайлы сөз етеді». Бәдік айтысы туралы Ә.Қоңыратбаев: «бәдік жырларында магия, тотемизм, мифологиялық сарындар бар. Оны дуализм дейді. Дуализмнің арғы тегі жақсылық пен жамандық тартысы түрінде келеді. Бәдікті бір ғана адам кеселі емес, мал емдеуге-де қолданған», — деп тұжырымдайды. Ал, М.Ғабдуллин болса, діни ұғымдарға байланысты туған шығармаларды сөз еткенде, біз оларды ертеде қараңғылық жағдайда болған адамдардың ой-өрісі, дүниетану дәрежесі қандай болғанын және ол қазақ ауыз әдебиетінде қай түрде суреттелгенін білу жайын көздейміз, — дей келе, оған бәдік, арбау, жалбарыну өлеңдері, бақсы сарыны, жарапазанды жатқызады. Ә.Қоңыратбаев жарапазанды: «бір кезеңде діни әдет-ғұрыпқа байланысты айтылған өлеңдер», — деп атап, «жарапазан жырларынан ислам дініне байланысты әдет-ғұрып көбірек орын алған. Бақсылық сарынында «тәңірі» сөзі басым болса, жарапазанда «алла», «құдай», «пайғамбар» дейтін сөздер үстем, — дейді. Сондықтан жарапазанды діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған жыр деп қабылдайды. Осылайша Ә. Қоңыратбаев өз тұжырымын нақты мысалдармен дәлелдейді. Ал, М.Ғабдуллин: «бесік жыры, шілдехана сияқты балаларға арналған жырларды әдет-ғұрыпқа байланысты туған шығармалардың қатарында қарастырса, Ә.Қоңыратбаев «бөбек» жыры, — деп бөлек алып зерттейді. Оған шілдехананы, жаңылтпаш, өтірік өлең, бесік жырын жатқызады. М.Ғабдуллин: «Қазақ халқының өткендегі тұрмыс-салтына байланысты туған шығармалардың енді бір түрі — адамның көңіл-күйін, қуанышы мен қайғысын, іштей тартқан мұң-шерін, ауыр қазаға душар болғандағы күйініш-күйіктерін білдіруге арналған лирикалық өлең-жырлар. Бұл өлең жырлар арқылы өткендегі адамдар ауыр қаза күйігін серпіп тастауды, оны жеңілдетуді көздеген», — дей келе, әдеп-ғұрыпқа байланысты туған шығармалардың өзін «көңіл-күйін білдіретін шығармалар»[5,б.69] деп бөлектеп, оған қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтауды жатқызады. Сол сияқты Ә.Қоңыратбаев: «отбасының тағдырына, жас буынның өсіп жетілуіне байланысты туған жырларды „үйлену жырлары“ деп, олардың өзін жар-жар, сыңсыма, қоштасу, жұбату, беташар, тойбастар деп бөліп қарастырады. Мұндағы бір ерекшелік жаназалау жырларындағы қоштасу мен жұбату мұнда да бар. Бірақ оларға ғалым жаназалау жырларының қатарында арнайы тоқталып өтеді. Яғни, тарихи оқиғаларға, адам қазасына байланысты туып, ел аузында сақталған естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау сияқты салт жырларын жаназалау жырлары дейміз» [6,б.169] деп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін саралап көрсетіп, халық арасында сақталған, кең тараған кейбір үлгілеріне талдау жасайды. Мұнда жеке адам, қала берді бүтін бір халықтың көңіл күйлерінің сан алуан толқыны бар. Жерімен, елімен, жарық дүниемен қоштасу өлеңдері ел басына түскен ауыр күндерде туған. Оның өлген адамның тірі күнінде айтқан өсиеті түрінде кездесетін үлгілері-де болады. Халық өмірінің осындай сәттері-де поэзия тілінде өрнектеліп отырған. Мұң-шер өлеңдерінің бірнеше түрлері бар. Оларға қоштасу, естірту, жоқтау өлеңдері жатады. Тұрмыс-салт жырларының бұл арнасын біз мұң-шер өлеңдері деп те атаймыз. Қазақ әдебиетінде мұң-шер өлеңдері деп аталып жүрген жырларды М.О.Әуезов «Әдебиет тарихы» (1927) деген еңбегінде сыршылдық салт өлеңдері қатарына жатқызып, оларды ретіне қарай 2 түрге бөледі: 1) Жалпақ елдің салтымен байланысқан шер өлеңдері (наурыз, жарапазан, бата беру өлеңдері, бақсы сарыны); 2) Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдері (жар-жар, сыңсу, беташар, тойбастар). Бұлай тұрмыс-салт жырларын екіге бөлу үлгісі М. Әуезовке дейін А.Байтұрсыновта кездеседі. Тек А.Байтұрсыновта тұрмыс-салт жыры орнына «сарындама» ұғымы қолданылады да, оны іштей «салт сөзі», «ғұрып сөзі», «қалып сөзі» болып өзгеше бөлген (Әдебиет танытқыш. 1926.) Мәселен, А.Байтұрсынов «салт сөзіне» мақал-мәтелмен қатар, әдебиет жанрына жататын мысал түрін-де жатқызған. Бұл арада фольклор мен әдебиет жанрларының ара-жігі ажыратылмағаны көрінеді. Ал, С.Сейфуллин фольклордың ауызекі даму ерекшелігін дұрыс айқындаған. Жалпы С.Сейфуллин фольклорды: эпос, ертегі, тұрмыс-салт жырлары т.б. деп жүйелеген. Егер қазақтың тұрмыс-салт жырларын М.Әуезов сыршылдық салт өлеңдері деп қарастырса, С.Сейфуллин салт өлең-жырлар ұғымында алған. Мұндағы қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдеріне М.Әуезов (Әдебиет тарихы, 1927) жар-жар, қоштасу-танысу, беташар үлгілерін жатқызса, С.Сейфуллин зерттеуінде бұлардың қатары, сондай-ақ тойбастар, сыңсыма, жұбату-үгіт, айт келін түрлерімен толықтырады. Ал, дінмен байланысты өлеңдер деп М.Әуезов бақсы сарынын, жарапазанды атаса, С.Сейфуллин бұларды ескілікті дін салтынан туған дей отырып, олардың қатарына, сондай-ақ шақыру, арбау, байлау, күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру, бәдік т.с.с. түрлерін жатқызған. Ал, мұндағы фольклордың шақыру, арбау, бәдік түрлері Х. Досмұхамедұлы еңбегінде (Қазақ халық әдебиеті, 1928) ғана кездеседі. С.Сейфуллин еңбегінде фольклордың алғаш рет күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру түрлерінің ажыратылуы, сөз жоқ, фольклортану ғылымының жетістігі болып табылады. Сондай-ақ С.Сейфуллин ажыратқан Шопан атаға, Жылқышы атаға, Ойсыл қараға, Зеңгі бабаға, Сексек атаға арналған жануарлар турасындағы жыр үлгілері-де — алғаш зерттеушілер назарына ұсынылғаны, сөз жоқ, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ фольклортану ғылымының жеткен жетістігі болды. Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер-де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбек кәсібі түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, «Жылқышы ата» (кейде Қамбар ата деп те айтылады), «Шопан ата», «Зеңгі баба», «Ойсыл қара», «Бозінген», т.б. Төрт түлік мал жайындағы жырлардан тұрмыс-тіршілігі мал шаруашылығымен байланысты болған шаруа адамының көп заман бойына төрт түліктің иелеріне: «Малымызға ауру, індет жіберме, одан сақтай гөр, малымызды өсімтал ет», — деп, жыр арқылы тіл қатады, әрқайсысына арнайы тілек айтады. Әрине, төрт түлік жайындағы шығармалардың бәрі бірдей ескі наным, ескі ұғымдарды жырламайды. Олардың көпшілігі төрт түлік малдың адам баласына келтіретін пайдасын, атқаратын қызметін әңгіме етеді. Түркі халықтарының тұрмыс-салт жырлары тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді. Қазақтың тұрмыс-салт жырлары да жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Ә.Қоңыратбаевтан басқа қазақ зерттеушілері-де тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (А.Байтұрсынов), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Б.Уахатовтың «Қазақтың халық өлеңдері» (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады.
Жарапазан — ар. зат. діни Ораза айында ауыл аралап, сый сияпат алатын тұрмыс салт жырларының дінге байланысты түрі.[3]

Әу бастан ислам діні қазақтың тұтас тұрмысымен, салт-дәстүрімен бітте қайнасып кеткені сонша, қазақтың ауыз әдебиетінің тұрмыс- салт жырларының бір бөлімі болып жарапазан қалыптасты.

Ел ішіндегі діни білімі бар жыршылар Алланы мадақтап, мұсылманның бес парызының бірі боп табылатын оразаның маңызын, басқа да мұсылмандық шарттарды жырмен кестелеп жеткізіп отырған. Міне, бұл-жарапазан деп аталады.

Жарапазан көшпенді қазақ халқында белгілі деңгейде дінді кеңінен дәріптеуде, бала-шағаны жастайынан құлағына шариғат қағидаттарын үйретуде үлкен рөл атқарған.

Түн ортасынан сәресі ішкенге дейін киіз үйдің жабығынан, там үйдің терезесінен келіп алдымен жарапазан желдірмесін, сосын жарапазан сөзін, сосын жарапазан батасын айтады. Жарапазан желдірмесі басында негізінен үй иесін ұйқыдан оятып, келесі жарапазан сөзіне дайындаса, жарапазан сөзінде негізінен барлық негізгі дін тақырыбы қозғалады. Ал, жарапазан батасында сол отбасына разылық бата беріледі. Жарапазан айтқан жарапазаншыға үй иесі оянып, беліне ақтық байлап, дәм ұсынып, разы қылып шығарып салған. Жарапазанды үлкендерден үйренген ауыл балалары да жаттап алып, топтасып кешке ел орынға отырған шақта ауыл аралап жарапазан айтқан.

Ұмытылып бара жатқан осы салтымызды еске ала отырып, бала кезімізден естіп өскен жарапазанның бір нұсқасын жолдап отырмыз…

Жарапазан желдірмесі:

Үйің үйің үй екен,

Үйдің көркі ши екен.

Саба көркі бие екен,

Сандық көркі түйе екен.

Ақтөбедей көрінген,

Қандай байдың үйі екен !

………………………………

………………………………….

Сосын жарапазан сөзіне келіп жетеді.


Айтайын айт дегенде жарапазан,

Бір келген он екі айда ораза иман!


Ассалаумағаликұм, дәуіт ғалам,

Ағаға осы үйдегі бердік сәлем.

Ағаға осы үйдегі берсек сәлем,

Сәлемді қабыл көрсін хақ Тағалам!


Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,

Мәуесі жер мен көкке тиіп тұрған,

Ораза намазыңды күтіп барсаң,

Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.


Мінгені Пайғамбардың жирен дейді,

Намазды он екіңде үйрен дейді.

Намазды он екіде үйренгесін,

Тіліңе қызыл істік түйрелмейді.


Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,

Ораза намазыңның несі жұмыс.

Ораза намазыңды күтіп барсаң,

Бейіштен құрма жейсің уыс-уыс.


Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,

Бұтағы жер мен көкке тиіп тұрған.

Ораза намазыңды тұтып барсаң,

Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.


Біреуі бес намаздың таң намазы,

Оқыған тал түстегі қай намазы.

Ораза намазыңды күтіп барсаң,¬

Терісі шұбар киіктен-жайнамазы.


Біреуі бес намаздың бесін біл тек,

Аллаға оқыдым деп қылма міндет.

Аллаға оқыдым деп қылсаң міндет,

Алдыңда дайын тұрар екі жендет.


Біреуі бес намаздың екінтіні,

Үстінен жалғыз қылдың секіртеді.

Қылмысың ол дүниеге жақпай барсаң,

Барғанда ахиретте өкіртеді.


Біреуі бес намаздың ақшам намаз,

Қойыңдай алдыңдағы бақсаң намаз.

Намазды әр уақыт қылсаң қаза,

Тартасың ахиретте өзің жаза.


Біреуі бес намаздың Жашихты,

Білген адам тартады тәспиықты.

Ораза намазыңды күтіп барсаң,

Алдыңда періштелер бас иіпті.


Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Бір келген он екі айда ораза иман.

(әр шумақтан кейін қайырма қайталанады.)
Жарапазан сөзінен кейін жарапазан батасына келіп жетеді.
Үйіңіздің артында шатыр болсын,

Балаңыздың үлкені батыр болсын.

Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,

Балаңның батырлығы татыр болсын!


Айтайын жарапазан есігіңе,

Ұл берсін қошқардай ғып бесігіңе.

Ұл берсе қошақардай ғып бесігіңе,

Береді Аалла бірге нәсібін ед.


Айтайын жарапазан есігіңе,

Қыз берсін құндыздай ғып бесігіңе.

қыз берсе құндыздайғып бесігіңе,

Береді алла бірге нәсібін де.

Аллаху әкбар,-деп бет сипайды.

Жарапазан – Рамазан айында бір ай бойы ауыз ашардан кейін айтылатын діни өлеңдер жиынтығы. Оның өз сөзі, айтылу ырғағы және өз мақамы болады. Жарапазан айтқан жігіттерге не балаларға ат, тай мінгізіп, шапан жабатын, шашу шашатын, кейде ділдә шашып, ақша да беретін болған.

Ассалаумағалайкүм дәуіт ғалам,
Осы үйге ағаларға бердік сәләм.

Осы үйге ағаларға берсек сәләм,

Сәлемді қабыл алсын Алла тағалам.

Бай Мұхаммед, үмбетіңе, Жарапазан!


Оразаң құтты болсын, ұстаған жан.

Айтайын жарапазан үйіңізге,


Ұстаған үй айнала шиіңізге.

Оразаң былтыр кетіп, биыл келді,

Түстің бе қайта айналып күйіңізге.

Бай Мұхаммед, үмбетіңе, Жарапазан!


Оразаң құтты болсын, ұстаған жан.

Айтайын жарапазан жапсарыңа,


Бақ дарып, қызыр келсін қастарыңа.

Бақ дарып, қызыр келсе қастарыңа,

Қонады бақыт, байлық бастарыңа.

Бай Мұхаммед, үмбетіңе, Жарапазан!


Оразаң құтты болсын, ұстаған жан.

Меккеде бір ағаш бар биік тұрған,


Бұтағы жермен көкке тиіп тұрған.

Әлемге мейірімділік нұрын шашып,

Алдында бай Мұхаммед күліп тұрған.

Бай Мұхаммед, үмбетіңе, Жарапазан.


Оразаң құтты болсын, ұстаған жан.

Айтайын жарапазан есігіңе,


Ұл берсін қошқардай ғып бесігіңе.

Ұл берсе қошқардай ғып бесігіңе,

Тартады өзі батыр несібіңе.

Бай Мұхаммед, үмбетіңе, Жарапазан.


Оразаң құтты болсын, ұстаған жан.

Айтайын жарапазан есігіңе,


Қыз берсін Ханышадай бесігіңе.

Қыз берсе Ханышадай бесігіңе,

Тартады өзі шебер несібіңе.

Бай Мұхаммед, үмбетіңе, Жарапазан.


Оразаң құтты болсын, ұстаған жан.

Осылай айтылып кете береді. Соңынан мынадай бата беріледі:


Батам-батам бақ болсын!
Батам жерге бап болсын!

Айдағаның қой болсын!

Шайнағаның май болсын!

Балаларыңның мінгені,

Жорға-жорға тай болсын!

Жорғалатып келгенде,

Ағаның көңілі жәй болсын!

Судай тұнық арың болсын!

Шырқап салар әнің болсын!

Отыратын тағың болсын!

Отыз күн оразаң мүбәрак болып,

Дұға-тілектерің қабыл болсын!

Әумин, Аллаһу акбар!

Жарапазанды қағазға түсіргендер:


Азамат Мәлжанбайұлы,

Мұқият Қойшыбайұлы,

Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы

облыстық мұражайының ғылыми қызметкерлері

Дәстүрдің діндегі орны

Дәстүрді дәріптейтін еңбек

Қазақтың мәдениетін қайдан іздейміз?

Дін мен дәстүр – болмысымның өзегі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Ғабдуллин М., Ысқақов Б. Халық ауыз әдебиеті. — Алматы: Мектеп,1974.

  2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. -Алматы: Ана тілі, 1991.

  3. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі.

4. Ғабдуллин М. Халық ауыз әдебиеті. -Алматы: Мектеп, 1984.

5. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. -Алматы: Мектеп, 1974.

6. Қоңыратбаев Ә. Шығармалары. -Алматы: МерСал 2004. -Т.1.

Жарапазан – қазақ ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт негізіне байланысты туындап, кең тараған өлең түрінің бірі. Ол ораза ұсталатын Рамазан айында ғана орындалады. Жарапазанды жас-кәрісіне қарамай барлығы айта береді.


Негізінен, жарапазан айту мерзімінің өзіндік тәртібі бар. Ол Ораза айтында ғана емес, Рамазан айы туғанда да айтылады. Басында Оразаның алғашқы үш күнінде ауыз бекітер алдында, үйдің ту сыртынан айтылады. Бұл бір жағынан ауыз бекіткен адамды сәресіне ояту үшін жасалады. Алдымен жарапазан желдірмесі, сосын жарапазан сөзі, одан кейін жарапазан батасы айтылады. Жарапазан айтқан жарапазаншыға үй иесі оянып, беліне ақтық байлап, дәм ұсынып, разы қылып шығарып салған. Жарапазанды үлкендерден үйренген ауыл балалары да жаттап алып, топтасып кешке ел орынға отырған шақта ауыл аралап жарапазан айтқан.
Жарапазан өлеңдері адамгершілікті, имандылықты, әділет пен адалдықты, оразаны дәріптейді. Өзіндік сарыны бар. Оған негізінен діни сенім арқау болады.
Жарапазан өлеңі он бір буынды қара өлең ырғағымен келеді. Тек әр шумақ айтылып болған соң арасында: «Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан, Оразаң қабыл болсын ұстаған жан» деген тілек қайталанып айтылып отырады. Жарапазан айтқан үйден ырым алғаннан кейін міндетті түрде бата беріледі. Бата жыр түрінде болып келеді де жақсылық, ізгілік ниет білдіреді.
Жарапазанды адам жалғыз айтпайды, оның жанында міндетті түрде қостаушысы болуы керек. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы былай жазады: «Жарапазан - Рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар, сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады».

Жарапазан желдірмесі:

Үйің үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Саба көркі бие екен,
Сандық көркі түйе екен.
Ақтөбедей көрінген,
Қандай байдың үйі екен !

Жарапазан сөзі:

Айтайын айт дегенде жарапазан,
Бір келген он екі айда ораза иман!
Ассалаумағаликұм, дәуіт ғалам,
Ағаға осы үйдегі бердік сәлем.

Ағаға осы үйдегі берсек сәлем,


Сәлемді қабыл көрсін хақ Тағалам!
Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,
Мәуесі жер мен көкке тиіп тұрған,

Ораза намазыңды күтіп барсаң,


Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.
Мінгені Пайғамбардың жирен дейді,
Намазды он екіңде үйрен дейді.

Намазды он екіде үйренгесін,


Тіліңе қызыл істік түйрелмейді.
Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,
Ораза намазыңның несі жұмыс.

Ораза намазыңды күтіп барсаң,


Бейіштен құрма жейсің уыс-уыс.
Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,
Бұтағы жер мен көкке тиіп тұрған.

Ораза намазыңды тұтып барсаң,


Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.
Біреуі бес намаздың таң намазы,
Оқыған тал түстегі қай намазы.

Ораза намазыңды күтіп барсаң,¬


Терісі шұбар киіктен-жайнамазы.
Біреуі бес намаздың бесін біл тек,
Аллаға оқыдым деп қылма міндет.

Аллаға оқыдым деп қылсаң міндет,


Алдыңда дайын тұрар екі жендет.
Біреуі бес намаздың екінтіні,
Үстінен жалғыз қылдың секіртеді.

Қылмысың ол дүниеге жақпай барсаң,


Барғанда ахиретте өкіртеді.
Біреуі бес намаздың ақшам намаз,
Қойыңдай алдыңдағы бақсаң намаз.

Намазды әр уақыт қылсаң қаза,


Тартасың ахиретте өзің жаза.
Біреуі бес намаздың Жашихты,
Білген адам тартады тәспиықты.

Ораза намазыңды күтіп барсаң,


Алдыңда періштелер бас иіпті.
Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,
Бір келген он екі айда ораза иман.
(әр шумақтан кейін қайырма қайталанады.)

Жарапазан сөзінен кейін кезек жарапазан батасына келіп жетеді...

Үйіңіздің артында шатыр болсын,
Балаңыздың үлкені батыр болсын.
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,
Балаңның батырлығы татыр болсын!

Айтайын жарапазан есігіңе,


Ұл берсін қошқардай ғып бесігіңе.
Ұл берсе қошақардай ғып бесігіңе,
Береді Алла бірге нәсібін де.

Айтайын жарапазан есігіңе,


Қыз берсін құндыздай ғып бесігіңе.
Қыз берсе құндыздай ғып бесігіңе,
Береді Алла бірге нәсібін де.
Аллаху әкбар,
-деп бет сипайды.

Жарапазан сөзінің тағы бір нұсқасы:

Ассалаумағалайкум, мұсылмандар,
Мойынын хақ жолына ұсынғандар.
Құт орнап отбасыңа, бағың артсын,
Құдайым қабыл етсе, ісіңді оңдар.
Атыңнан айналайын хақ пайғамбар,
Алладан әмір келсе – жақ байланар.
Аллаға тіршілікте құлшылық қыл,
Қара жер өлгеннен соң тақтайланар.
Ораза айы келді, ей, жарандар,
Бұл айдың фазілеті Кәламда бар.
Өлеңі жарапазан айып емес,
Мүминге осылайша болған хабар.
Құдай-ау, айналайын, несібе бер,
Күлген мен ойнағанды кешіре гөр.
Күнәміз таудан үлкен, тастан қатты,
Су сеуіп тозақ отын өшіре гөр!
Ораза айы келді болып қонақ,
Күтіп ал қонағыңды болмай олақ.
Мұндағы ғибадатың қабыл болса,
Жаннатта қойылады алтыннан тақ.

Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,


Ораза мен намаз да ізгі жұмыс.
Ұстасаң оразаны, жұмағыңда
Жемістер шашылады уыс-уыс.
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Бақ қонсын бар мұсылман қауымына.
Береке, құт әкелсе, Ораза айы,
Жаз жайлау, жарық енсін ауылыңа!

Тағы да баталар:

Балалардың мінгені,
Жорға-жорға тай болсын.
Жорғалатып келгенде,
Байдың көңілі жай болсын.

Ай жағыңа қарасаң,


Алтыннан терек орнасын.
Күн жағыңа қарасаң,
Күмістен терек орнасын...

Бөлшіл-бөлшіл, бөлшіл бол,


Бозторғайдай төлшіл бол.
Бәйтеректей бүрлі бол,
Пайғамбардай нұрлы бол.
Бисмилла, аллаһу акбар!

Бұрама темір, сым темір,


Отқа салса жанбасын,
Суға салса батпасын.
Тәңір берген нәсібе
Тепкілесе кетпесін!
Әумин!

Жарапазан сөзінің келесі бір нұсқасы:

Жарапазан айта келдім, сіз байларға,
Кім кетіп, кім жетпеген бұл айларға?!
Кірерсіз сегіз бейіш сарайларға
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бір келген он екі айда шақыр рамазан,
Қылыңыз рамазанда жанды құрбан!
Үш айда енді бізге қалам, Құран,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бес парыз мұсылманға минат болған,
Ораза, намаз, зекет, қажы, - ол- нұр иман!
Бұл айда рахмет нұрға дүние толған,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Ораза тұт, үшбу айда оқып құран,
Қараңғы керде шамың жағып тұрған.
Наныңыз бұл сөзіме, хақ мұсылман,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бұл айды көрген де бар, көрмеген де,
Білерсіз жан қадірін тергегенде.
Жақсы емес садақаны бермеген де,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бұл айда кешер Алла жазығыңды,
Сыйласаң біздей пақыр ғарібіңді!
Садақа, берген қайыр - азығыңды,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бұл айда береке нұр тәңірім шашар,
Бұл айда шайтан лағын қорқып қашар.
Есігін сегіз жұмақ періште ашар,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Әр айда бола бермес бұл рамазан,
Қасиетін оразаның білмес надан.
Ықылас қып қарсы алыңыз, келсе шамаң,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Наныңыз жұмақ, тамұқ-тамам барын,
Тағы бар ғаршы, күрсі,лаухи қалам,
Қожасы дүние, ақырет - Алла тағалам
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Толығырақ: http://alashainasy.kz/din_islam/aytayyik-jarapazan-elmzge-52602/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі.


«Жарапазан жырының тәрбиелік мәні»
Діни әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туған өлең жырлар ислам дінінің негізінде пайда болған. Қазақ халқында мұндай өлеңдердің түрі көп емес бірен-саран ғана. Атап айтсақ: жарапазан, бата беру, ас қайыру.

Жарапазан айту салты қазақ арасында барлық мұсылман жұртына жайылған, салт бойынша ораза күндерінде айтылады. Қазақ ішінде де кей жерлерде әдейі ел қыдырып жүріп, үй басына жарапазан айтып, оразаның садақасын алып жүретін жарапазаншылар болады.


Жалпы мұсылман қауымы отыз күн ораза, бес уақыт намаз, сонымен қатар пітір-садақа беру, қажыға бару, зекет беру міндеті сақталған. Мұны мұсылманның бес парызы деп есептеген.
Қазақ ортасына ислам дінінің тарауына көбінесе қазақтың ақындықты сүюі себеп болды деуі дұрыс пікір. Елге не жайылса да, әдебиет жұрнағы болып, әдебиет өлшеуінің біріне түскен соң ғана жайылатын болған. Өлеңсіз, әңгімесіз, сұлу сөзсіз келген құрғақ үгіт болса ондайды ел тыңдамаған, ықылас қоймайтын болған. Сондықтан мұсылманшылық дін де қазақ елінің табиғатына, ыңғайына қарай ұйысып келген. Жарапазан өлеңі де сондайлық дін мағынасы мен дін үгіті болып шығып, бәрі келген соң қыдырма жарапазаншылар әнге салып айтатын болған.
Бірақ қазақ жарапазандарының көбін алсақ, дін үгітімен шықса да солардың ішінде әлі күнге дін тұманы аз. Күшті сопылық, өрескел тақуалықты айтып, өзге жұрттың дін өлеңі сияқты үнемі сәжде, үнемі дұға, ұдайы күнәһар болуды, көп тәубемен жалбарына беретін сөздер жоқ деуге болады. Бұл жағына қарағанда қазақтың көп жарапазаны баяғы ақы сұрап айтатын мақтау өлеңдеріне жақын келеді. Дін құбыжығымен ешкімді шошытып, үркітпей, көпе көрінеу оразаның күнінде садақаны алғалы келдім деп, ашық айтатын сөз болды. Мұнда да, барлық ел өлеңінде көрінетін, ашық, ақылсау сезімінің ізі бар. Әр нәрсені түсінсе де сынап зерттеп барып түсінетін таза ширақ ойдың анық ұғымы білінеді. Бұл ұғымды төмендегі өлең жолдарынан аңғаруға болады.
Айтамын жарапазан еліңізге,
Байлаңыз жақсы орамал белімізге.
Кетеміз мақтай-мақтай елімізге.
Айтқанмен жарапазан тойған бар ма?
Әдетін бұрынғының қойған бар ма?
Әдетін бұрынғының қойып кетіп,
Барғанда ақіретке онған бар ма?
Айтамын байлар саған жарапазан
Айыпқа бұйырмаңыз есіткен жан
Айтайын үмітпенен жарапазан.
Кәнекей, мырзалығың енді маған
Айтқанның жарапазан сауабы бар,- деп келетін өлең жолдары қазақ халқы мәдениетінің, салт-санасы мен дәстүрінің, ділі мен дінін, тілі мен тұғырын, әдет-ғұрпын айғақтайды. Жарапазан ораза кезінде көбінесе балалардың айтатын өлең жыры. Үй-үйді аралап, тілек ету, бата беру, сыйлық дәмету мақсатында жүзеге асырылады. Қазақ халқы бағзы заманнан бері сақталып жүрген салттардың бірегейі. Қазақта «Қырықтың бірі қыдыр»,-демекші әрбір үйдің өзіндік қыдыры мен құты, мерекесі мен дәстүрі бар екенін аңғартады. Үй-үйге жарапазан айту, асыра сілтеушілердің тілегін орындау болып саналады. Үй иесі, яки отағасына жарапазаншылыар өз тілектерін арнайды. «Өсіріп отырған ұл-қызың болашақтың жаршысы болсын, бастарына бақ қонсын»,-деген баталы сөздер айтады.
Жарапазан ораза кезінде айтылғандықтан бұл өлеңдерді ақындық өнері шамалылар немесе қайыр сұраушылар жаттап алып айтқан. Бұл өлеңді айтушылар сөзін бай үйлерге арнаған, солардан қайыр-садақа сұраған. Мысалы:
Айтамын, байлар, сізге жарапазан,
Молдалар ертең ерте айтар азан.
Айтқанда жарапазан қайыр берсең,
Барғанда ақыретке болмас жазаң,-деп бастайды да, қайыр-садақа берген кісі жұмаққа барады, бермеген адам тұмаққа түседі, азап шегеді деп қорқытқан. Жарапазан арқылы айтылатын бұл үгіт, адамдарды қорқыту түрінде ғана келмейді. Ол исламды, құдайды мақтап, жарылқаушы деп көрсету арқылы да дін үгітін таратады. Мұны жарапазанның батасынан көруге болады. Қайыр-садақа берген байға бата-өлеңдерінде, «осы садақаңның есесін құдай қайырады, жақсылық етеді, жарылқайды, жұмаққа барасың, төрт-түлікке кенелесін» деген сөздер айтылады; Ислам дінінің шарттарын орындаған адам «құдайдың сүйген құлы» болады, оны құдай жарылқайды деген үгіттерін жүргізеді. Сөйтіп, дін иелері қараңғы халықты, біріншіден алдау, қорқыту арқылы діни ұғымдарға көндіруге көздесе, екіншіден, оларды мақтау, дәріптеу арқылы діни үгіттерін жүргізіп отырған.
Ассалаумағалейкүм, ақтан келдік,
Ауылы арғын-найман жақтан келдік.
Жарапазан, айтумен үміт қылып,
Балалардың азығы жоқтан келдік, – демекші ораза кезінде айтылатын жарапазан өлеңдерінен тек дін үгіті көрініп қоймайды, сонымен қатар, бұл өлеңдермен сол кезде үстем таптың езуіне ұшыраған, қаналған қайыршылық жағдайға душар болған адамдардың да тұрмыс-күйі, ауыртпалық өмірі елестейді. Жарапазан айтушылардың көпшілігі өздерінің неліктен сұрауға түскенін, тұрмыс-тіршілігінің ауырлығын зар етеді. Қайыр тілеп бір елден екінші елге қаңғып жүргендігін аңғартады.
«Үйің-үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен,
Саба көркі бие екен,
Сандық көркі түйе екен
Сыртын сырмен сырлатқан,
Ақ сарайдай үйі бар.
Ақ бөкендей қойы бар.
Қасиетті рамазан айында жұмақтың есігі айқара ашылып, тозақтың есігі жабылатын қадірлі күндердің негізі. Сол үшін де халық әр бір дәметуші жанның тілегін қабыл етіп, періштенің құлағына шалынсын деген ниетпен бата алып, қолдарын бос етпей, разылығын алған. Әр үйді ақ сарайдай патшаның, ханның сарайына, ордасына теңеуі де сондықтан.
Бай үйіне берекет,
Кірсін дәулет есіктен,
Шықсын бейнет тесіктен.
Жарапазан жарықтық
Жақсы дейді есіткен
Қазіргі таңда жарапазанның қоғамдағы рөлі айрықша деп айту жоқтың қасы. Оның тәрбиелігі жастарды адамдыққа, имандылыққа баулу. Халықтың халықтылығы діні мен тілінің барынша берік болуында. Жарапазан секілді жырлар рухқа күш беретін, жанға байлық пен нәр сыйлайтын, кедейлердің қанағаты мен байлардың шапағатты болуын, ең бастысы қайырымды болуын көздейтін дүние. Қазақты қазақ екенін даралайтын бір-ақ дүние ол ұлттың қонақжайлығында. Жарапазан халыққа қайталанбас мерейдің үстемдігі мен жарықтығын сезіндіреді.

Ертедегі көне түркілер адам баласына жабысқан әр түрлі ауру-сырқауды, жылан, шаян, қарақұрт, бүйі шаққан уды сөзбен қайтаруға, емдеуге болады деп сенген. Халық күн жайлатып, бұлт шақырған иә жылан арбап, жын байлаған кездерде айтылатын сөздердің сиқырлы сыры бар деп түсінген.


Міне, сондай қас күштердің: жылан мен шаянның, қарақұрт пен бүйінің шаққан уынан құтқарып, арашалап алатын адамды қазақ арбаушы дейді.
Қазақта қарақұрт, жылан, шаян, бүйінің уын қайтаратын арбаушылардың арғы атасы, пірі – Қамбар болған.
Бүйі-бүйі, бүйі шық!
Бүйі иесі Қамбар шық!
Қамбар болсаң қалмай шық,
Тас төбеден таймай шық,
Май табаннан талмай шық!74 –
дегендегі Қамбар сол ескіліктегі емшілердің иесі, солардың тәңірі – құдайы. Әбубәкір Диваев «Қаса-Құрбас өзімін» дегендегі Қаса-Құрбасты да бір кездегі атақты арбаушылардың бірінің аты болған дейді.
Арбау – дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар десе де болады. Мысалы, Қазан татарларында күйеу жігітті арбау айтып қарсы алатын болған.
К.Насыридің айтуынша татарлар ерте замандардан-ақ сөздің тылсым күші арқылы әр түрлі аурулармен күресуге болады деп түсінген. Ол үшін ауру иесін дуалап, қууға, қорқытуға болады деп мына секілді дуалау сөздерін айтқан.
Бақа, бақа, бақа килдем,
Таштан юке суя килдем.
Таш баканы буа килдем,
Китәр булсаң кит, бака,
Китмәс булсаң буармын!75 –
дейді. Соның тағы бірінде былай делінген.
Жир атасы – жирән сакал,
Су атасы – суган сакал.
Жир анасы – сыңлы бикә,
Жир кендеге – бер,
Су кендеге – бер,
Жирден килсәң – жирге кит,
Судан килсең – суға кит,
Тефу, тефу!76
Арбаушы татарларда бағушылар, емшілер, ырымшылар, көбінше ауруды дауалаушылар деп аталады.
Арбау өлеңдерін тәжік фольклорында негізінен балалар орындайды. Арбау балалардың түсінігінше жылан, бүйі, шаянның шағуынан сақтайды, итке қаптырмайды. Арбау өлеңдері орыс, украин, белорус сияқты славян халықтарының өткен өмірінде де болған. Бірақ ол негізінен жылдың төрт мезгіліне байланысты айтылады да және ол көбіне антропоморфтық образдарының айқындығымен ерекшеленеді. Мысалы, орыстарда:
Кулик, кулик!
Замыкай зиму,
Замыкай зиму,
Отпирай весну! –
деп, әмір беріп, күш көрсете сөйлейтін өлең үлгілері бар77. Қарақалпақ фольклорында арбау өлеңдерін «айтымлар» дейді. Филология ғылымдарының докторы Қ.Мақсетов «Ескі һәм соңғы дәуірдегі діни сенімдерді алға тартып, оларға өз мақсаттарын байланыстырып, апат, бәле, бәтер, аурудан құтылу үшін, қалаған ойларын іске асыруға ұмтылып, ескі діни әдет, мейрамдарда айтылатын өлеңдерге айтымлар деген атама бердік»78 – дейді. Сөйтіп айтымларды бәдік, гүләпсан, зікір салу, жарамазан деп түр-түрге бөледі.
Арбау өлеңдері негізінен қарақұрт, жылан, бүйі шаққан адамдарды немесе малды емдеп, жазу, улы жәндіктердің уын қайтарып әлсірету мақсатымен туған. Бұл өлеңдер ой-өрісі, дүние танымы төмен адамдардың тұрмысында, күнделікті күн көріс тіршілігінде кездесетін қиындықтарды жеңілдету үшін дүниеге келген.
Адам баласына жау, қас күштер мен әр түрлі ауру, індет «иелерін» әсерлі, сырлы сөзбен көшіріп, көндіруге болады деген сеніммен шыққан өлең түрлерінің тағы бірі – бәдік.
Бәдік те – арбау-байлау, бақсы өлеңдері секілді қазақтың емшілік кәсібіне байланысты туған.
Бәдікті айтудағы негізгі мақсат – аурулы адамның иә малдың бойындағы кеселді қуалап, көшіру, сөйтіп оны дерт қыспағынан құтқарып, арылту болып табылады.
Халықтың ескілікті ұғым-нанымы бойынша әр аурудың өз иесі, тәңірісі бар, тілін тапсаң оны көшіріп, қондыруға да, аластатуға да болады деп сенген.
Бәдік, бәдік деседі,
Бәдік желдей еседі.
Асқар-асқар тауларға,
Ағыны қатты суларға,
Айнала соққан құйынға
Ай, көш! – десе, көшеді79, –
деген сөздерден-ақ ауру, індет иелерінің көшіп-қонып жүруі ерте заман адамдарының ой-санасынан берік орын алғанын көреміз.
Ал көп тәңірге табынып құлшылық қылған миф заманында қасірет пен қайғы, ауру мен ажал адамша жүріп, адамша әрекет етеді деген сенім бір кезде славян, орыс халықтарының өмірінде де болған. Мысалы орыс фольклорында:
А кручинушка по двору ходит,
А печаль ворота отворяет,
Ой, и мать у детей умирает80, –
деген өлең жолдары бар. Міне, осындағы «Кручинушка» да есік қағып келген қайғы, қасірет те, табиғаты жағынан қазақтың бәдігі секілді көш десе көшіп, қон десе қонып жүретін антропоморфтық образдар.
С.Сейфуллин: «бәдік» деген адамға, малға қасақы ауру, індеттің «тәңір иесінің» аты болуға тиіс» дейді81.
Бәдік – түрік тілдес халықтардың біразында бар ортақ жанр. Соның ішінде қазақ пен қарақалпақтардың бәдік турасында түсінігі бір. Бұған атақты қарақалпақ ғалымы, филология ғылымдарының докторы Н.Дәуқараев айтқан пікірлер дәлел. Н.Дәуқараев «Революцияға дейінгі қарақалпақ әдебиеті тарихының очерктері» деген еңбегінде бәдік өлеңінен мынандай үзінді келтіреді:
Көшер болсаң көш бәдік,
Тауларға көш.
Таудың артын жайлаған
Жауларға көш.
Одан жайлау таппасаң,
Мен айтайын.
Қара басын ойлаған,
Хандарға көш,
Көш, көш! 82
Бұл жерде, әрине, қарақалпақ фольклорындағы бәдік пен қазақ фольклорындағы бәдіктің арасында ешбір айырма жоқ екен деген пікір тумайды. Қайта бұл екі халықтың өлеңі өзінің типологиялық, функциялық, әрі орындалу ұқсастықтарына қарамастан, әр ұлттың өз өміріне, кәсіп-тұрмысына лайықты біраз өзгешеліктері бар. Мұны қарақалпақ жерінің табиғатына байланысты айтылған бір ғана:
Һәу бәдік, көшер болсаң боянға көш,
Топырақ жалап тоймаған шаянға көш!83 –
деген мысалдан-ақ көруге болады. Рас, хандық дәуірмен бірге келген қоспа бола тұрса да, қарақалпақ фольклорындағы бәдіктің әлеуметтік мәні айқынырақ естіледі. Мысалы, бәдікке қаратып айтылатын, көшер болсаң «қара басын ойлаған, хандарға көш» немесе «ханнан шекпен алған билерге көш» деген жолдар еңбекші халықтың ежелгі арман-тілегінен туған таптық сананың куәсі.
Қазақ пен қарақалпақтардың бұрынғы ескілікті өмірінде бәдікті кез келген ауруға айта бермейтін болған. Мысалы:
От оттамай, су ішпей жата берсе,
Бәдік емей немене, бір кәдікті, –
дегеніне қарағанда бәдік белгілі бір ауруға байланысты ғана айтылған.
Арбау өлеңдеріндегі жылан, бүйі, қарақұртты қорқытып, сескендіргені секілді мұнда да ауру, індет «иесін» қорқытып, үрейлендіру әдісі бар.
Бәдік бастапқыда діндік, шамандық түсінікпен тоқайласа келген өлең, бірақ жүре-бара арғы қауашағынан аршылып, жастардың ойын-жындарында орындалатын дағдылы жаттамалы өлеңдер қатарына еніп кеткен. Мұнда салт жырын жамылғы ете отырып, әзіл, ойын үстінде шын ойын айтып қалу, сылтау табылған жерде махаббат сырын шерту, қаһарлы хандар мен халықтың еңбегін сорған бай мен бектерді байқатпай сынау, қысқасы, орайлы сәтті ұқсатып пайдалану шеберлігі бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет