Дипломдық жұмыстың


МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУҒА ЖАЛПЫ ЕСКЕРТПЕЛЕР



бет9/29
Дата06.01.2022
өлшемі1,03 Mb.
#11701
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
1.3 МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУҒА ЖАЛПЫ ЕСКЕРТПЕЛЕР
Физикалық есеп - физикалық білім, дағды және ойлауды жетілдірудің құралы болып табылады. Есепті оқу қызметінің клеткасы ретінде қарастыру бұл түсінікті дидактикалық категория ретінде қарастыруға алып келеді. Бұл жағдайда есеп оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұнының элементі, оқыту құралы ретінде, яғни оқыту объектісі ретінде өзін-өзі көрсетеді.

Есеп дидактикалық күрделі жүйе ретінде, яғни жеке функционалдық бөліктерден тұратын, сонымен қатар жоғары реттегі жүйенің ішкі жүйесі болатын оқыту құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Оқыту есебінің жеке түрі есептер жүйесінің элементін және есепте оның бір ғана жағын баса көрсетеді.

Егер есепті берілгені мен есептеу жүйелерінен тұратын жүйе ретінде қарастыратын болсақ, онда оқу есептерін классификациялауда есептің берілуінің мынандай негіздерін көрсетуге болады: есеп шартындағы амалдардың бөліктері, есептің шарттары мен талаптарының берілу тәсілдері, есептің мазмұнының ерекшеліктері.

Есептеу жүйесі теориялық материалдармен, әдістермен, тәсілдермен және есептеу құралдарымен анықталады. Сондықтан, есептерді. классификациялау негіздері болып есептеу жүйесі жағынан оқу процесіндегі есептің дидактикалық рөлі және есепті шешу құралы көрсетіледі. Есептеу жүйесі тұрғысынан классификациялау үшін мынандай негіздерді бөліп көрсетуге болады: есептеу, құралын іздеудің сипаты, есептеудің негізгі тәсілі, есептеудің негізгі қиыншылықтары, түсінікті қалыптастырудағы есептің ролі, пайдаланылатын теориялық материалдың сипаты.

Білімгерлердің білім сапасын есеп тұрғысынан зерттеу барысында оларға берілген түсініктің қалыптасу процесі стихиялық сипатта болатындығын көрсетті. Ғылымилық мәнге барлық жағдайлар ие бола бермейтіндіктен, теория мен есептерді шығару тәжірибесін игеру процесіндегі және оқытушының оқытудағы қызметі мен оны білімгерлердін игеруінің арасындағы қарама-қайшылық, бұл процестің құрама бөліктерін сараптау және есеп шығару түсінігінің мазмұнын ашып көрсете білу жолымен шешіледі. Физиканы оқыту әдістемесінде есептерді шешуді оқу жұмысының, оқытудың мақсаты мен әдісінің және білімгердің ойлау қабілетін жетілдірудің қажетті элементі ретінде қарастырамыз.

Есеп шешу процесін, егер оның әдістері мен тәсілдерін іздестіретін болса, эвристикалық қызмет ретінде қарастырамыз. Ерекшелігі жоспарлауды енгізу. Егер қызмет игерілген әдістер мен тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылатын болса, онда физикалық есептерді шешу процесі бақылау функциясын атқарады. Бұл жағдайда есептерді шешу эвристикалық әдістер мен тәсілдерді игеру құралы ретінде көрінеді. Нәтижесінде, эвристикалық қызмет алгоритмдікке айналады, яғни игерудегі сапалық секірісті білдіреді. Мұндай құбылыс әрбір жеке білімгерде болатын нәрсе. Сондықтан, қандай да бір уақыт аралығында типтес есептерді қайталап шешу кейбір білімгерлер үшін эвристикалық кызметті ұйымдастыруды қажет етсе, басқалары үшін алгоритмдікті қажет етеді.

Физикалық есептерді шешу әдісінің дамуында бірнеше кезеңдерді және негізгі мазмұны ретінде төмендегілерді көрсетуге болады:

  • оқу процесіндегі есепті бекіту;

  • физикалық есептердің түрлерін бөліп көрсету және олардың оқу процесіндегі қолдану мүмкіндіктерін анықтау;

  • сандық есептерді шешу процесінің кейбір операциясын көрсету;

- оқу процесіндегі әр типті есептердің мәнін, орнын және ролін дәлірек көрсету;

  • есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерін көрсету;

  • жеке тақырыптардан, бөлімдерден есептер шығару алгоритмдерін дайындау және жеке операциялардың орындалуын талдау;

- физика курсының жеке бөлімдерінен білімді қалыптастыратын есептер жүйесін құру;

- оқу процесіндегі пәнаралық мағына беретін есептерді енгізу. Білімгерлердің оқу процесінде есеп шығарудағы кездесетін басты қиыншылықтарының себептерінің бірі - есептерді өз бетінше шеше алмауы. Білімгерлердің есептерді шешудегі кездесетін басқа да қиыншылықтары аз емес. Соның бастылары білімгерлердің есептерді шешу нәтижелерінің қорытындысынан белгілі болған төмендегілер болып табылады:



  • шарттарды, берілген. жағдайларды сараптай алмау;

  • есепті шешуге қажетті негізгі заңдылықтарды көрсете алмау;

Басқа да назар аударуға қажетті кездесетін киындықтар - есептерді шешу әдістері және тәсілдері жөнінде білімнің болмауы. Бұл жағдайда оқытушының қызметінің ролін екі бөлікке бөлуге болады. Біріншісі-теориялық, яғни білімгерлерді оқытудың теориясын толық меңгеру, екіншісі-тәжірибелік. Оқытушы физикадан есеп шығарудың негізгі әдістері мен тәсілдерін, есептердің мағынасын, құрылымын және оны шешу процесін білуі қажет.

Шындығында оқушыға есептен физиканы көруді қалай үйретуге болады? Бұл үшін оқушылар мына мәселелерді жақсы игеруі тиіс.

  1. Физика деген не? Ол нені зерттейді?

  1. Физикалык есеп деген не?

3. Есептің мазмұнынан физиканы қалай көруге болады?

Осы үш мәселені шешу жолынан қысқаша шолу жасайық.

1. Физика жаратылыстану ғылымы, сондықтан ол физикалық құбылыстарды, денелердің физикалық қасиеттерін зерттейді. Осы физикалық білімдерді практикада, техникада қолдану мүмкіндіктерін қарас-тырады.

Физика деген сөз термин емес, ол өзіне тән белгілері бар ұғым, түсінік. Бұл пәнді мектепте оқытудың мақсаты оқушылар санасына физика ұғымын қалыптастыру, меңгерту және сол арқылы оқушы бойында жеке тұлғаға тән қасиеттерді дамыту.

2. Физика ұғымы физикалық есептін құрылымын анықтайды. Мұндай есепте: а) өзіне тән заңдылықтармен жүретін бір немесе бірнеше физикалық құбылыс беріледі. б) өзіне тән физикалық қасиеттері бар бір немесе бірнеше денелер қарастырылады.

Кез-келген физикалық есеп, нақты физикалық құбылыс пен немесе дененің физикалық касиетімен байланысқан практикалық мәселені шешуге арналады. Демек, физикалық есепті шығару физикалық теорияны практикада қолданудың нақты мысалы. Осыдан физикалық есеп шығару: физикалық құбылыстар, заттардың физикалық қасиеттері және физикалық білімдердің практикада қолданылуы жөнінде қосымша мағлұматтар береді, физикалық заңдар мен теориялардың мәнін тереңірек түсінуге көмектеседі.

  1. Есептің мазмұнынан, физиканы қалай көруге болады? Біздің ойымызша, бұл есептің мазмұнындағы физикалық сөздерді табу және оны физикалық ұғым және физикалық зандылықтар тіліне аудару, ауыстыру. Бұл қандай сөздер? Физикалық құбылыстар туралы айтылатын, денелердің физикалық қасиеттерін білдіретін, олардың қолданылуын растайтын сөздер. Мысалы жаратылыста жүретін кезкелген өзгеріс құбылыс болып табылады. Ал физика табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды зерттейді. Олай болса, есептердің шартында физикалық өзгерістер арнайы сөздермен белгіленеді. Шындығында қозғалады, буланады, қызады, ұлғаяды, сығылады және т.б. өзіне тән заңдылықтары бар әртүрлі физикалық құбылыстардың жүретінін білдіреді. Денелердің физикалық қасиеттері, олардың қандай зат екендігін немесе қандай заттан жасалғандығын, яғни құрамын білдіретін сөздермен беріледі. Мысалы мыс, азот, шыны, темір, су, болат шар, қалайы сым және т.б. Бірақ есепті талдау және оны шығару үшін жүйеде жүретін физикалық құбылыс-тармен, оны құрайтын денелердің қасиеттерін айқындайтын сөздерді білу жеткіліксіз. Физикалық құбылыстар нақты физикалық шарттарда жүреді және олар есептің физикалық мәнін құрайды.

Физикалық теорияда бұл физикалық шарттардың нақты шешімдері бар. Олай болса кез-келген физикалық есепте оның жасырын түрдегі шешімі беріліп қойылады. Мұнан физикалық ұғым және зандылықтар тіліне аударылған. Физикалық шарттарды білдіретін сөздерді «есепті шығару элементтері» ретінде қарауға болады.

Күрделі есептің шешімі бірнеше қарапайым есептердің шешімінен құралады:

а) бірнеше физикалық құбылыстар;

б) бірнеше денені қамтитын бір физикалық құбылыс;

в) берілген жүйе күйлері үшін бірнеше шарттар қарастырылады.

Біріншіден қарапайым есептердің саны физикалық құбылыстардың санымен, екіншіден денелердің санымен, ал үшіншіден берілген жүйе күйлері табылатын шарттардың санымен анықталады. Осыған байланысты жоғарыда енгізілген «есепті шығару элементтері» ұғымын кеңейту мүмкіндігі туады. Енді бұл ұғымға есептің физикалық шартын білдіретін сөздер ғана емес, соған эквивалентті қатынастарды барлық қарапайым есептерде өзінің сан мәнін сақтайтын, физикалық шамалар мен есепті талдау үрдісінде пайда болатын қатынастарды да жатқызуға болады. Сонымен құрылымы жағынан, кез-келген физикалык есеп ішінде физикалық мағынасы бар сөздердің жиынынан құралады. Оқытушының міндеті оқушыны осы сөздерді табуға және оларды физикалық ұғымдармен зандылықтар тіліне аударуға үйрету. Біздің осы бағытта жүргізілген есептеулеріміз, бұл үрдістің есеп шығару барысында ұдайы жүргізілуі қажет екендігін көрсетеді. Яғни ұйымдастырушы алгоритмнің әрбір пункті белгілі дидактикалық қызмет атқаруы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет