Диссертация АҢдатпасы ақберген Аблай-хан Ибраимұлы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата03.11.2022
өлшемі249,33 Kb.
#47113
түріДиссертация
  1   2   3   4   5



«6D020100–Философия» мамандығы бойынша философия докторы 
(PhD) дәрежесін алу үшін диссертация 
АҢДАТПАСЫ 
Ақберген Аблай-хан Ибраимұлы 
 
Қазіргі қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік құндылықтардың 
трансформациялануы 
 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Бүгінгі таңда құндылықтар мәселесі гуманитарлық ғылымдар 
мәселелерінің қатарында маңызды тақырыптардың бірі болып табылады, ол 
жекелеген философиялық ғылым аксиологиямен ғана байланысты 
емес. Зерттеу тақырыбының маңыздылығы бұл мәселені түсіндірудегі 
қарама-қайшылықтардан туындайды. Бүгінгі таңда «құндылықтар» деген 
бірыңғай ұғым жоқ. Құндылықтарды әртүрлі өлшемшарттар мен тәсілдер 
бойынша сыныптаудың алуан түрлері бар. Құндылықтар өзінің қоғамның 
мәдени, әлеуметтік институттарына орасан ықпалына байланысты бөлек 
зерттеуді қажет ететіні баршаға мәлім. Диссертация тақырыбын таңдау 
қазіргі қоғам өмір сүруге мәжбүр шарттарға негізделген. Біз қазіргі қоғамның 
одан сайын технологияланып, жаһандану үдерістерінің күшейіп бара 
жатқанына куәміз. Мемлекеттердің басым бөлігін қамтыған жаһандану 
үдерісінің жағымды жақтары ғана емес, сондай-ақ байлар мен кедейлер 
арасындағы теңсіздік, экологиялық ахуалдың нашарлауы, терроризм және 
ксенофобияның ұлғаюы сияқты жағымсыз жақтары да бар. Қазіргі кезде 
орын алып жатқан қақтығыстар мәдени қарама-қайшылықтар салдарынан 
болып жатыр деген оймен келісуге болады (С. Хантингтон). Көптеген 
зерттеушілер, құндылықтар дегеніміз әрбір нақты мәдениет туындайтын 
негіз деп ойлағандықтан, құндылықтар мен мәдениет арасына теңдік белгісін 
қояды. Мәдениеттер қалыпты қатар өмір сүруі және диалог құруы үшін қоғам 
өмірінде құндылықтардың рөлін түсіну, жаңа өркениетті даму бағдарларын 
ойлап табу қажет. Құндылықтарды қалыптастыру үдерісін түсіну, осы 
үдеріске мүмкіндік туғызатын детерминанттарды анықтау, жаһандық 
әлемдегі құндылықтардың «динамикалық» сипатын анықтау маңызды. 
Қазіргі қоғамның құндылықтары әлеуметтік-мәдение эволюцияның аралық 
әсерімен талданады, бұл «дәстүрлі» және «адамзатқа ортақ» құндылықтарға 
жаңаша қарауға, жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық бағдарлау 
тұрғысынан әлеуметтік құндылықтар мәселесін әзірлеуге, адамның 
белсенділігін уәждеуге, этикалық реттеуге, құндылықты бағдарлауды таңдау 
және бағалауды әлеуметтік-этикалық анықтауға мүмкіндік береді. 
Әлеуметтік құндылықтар саласы жаһандық даму, әлеуметтік қатынастарды 
жаңғырту, қазіргі қоғам мен адамның тіршілік қызметі жағдайлары мен 
нормаларын өзгерту жағдайында аса қажетті мәселе болып табылады. 
Қазіргі қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтары әртүрлі – 
экономикалық, саяси, мәдени факторлардың әсеріне байланысты тұтас болып 



қала алмайды. Бір ғасыр бұрын, шын мәнісінде феодалдық қоғамда өмір 
сүрген Қазақстан социалистік қоғам құруды бастады. Соңғы жиырма жыл 
бұрын Қазақстан экономиканың нарықтық моделіне және саясат саласында 
демократияға көшті. Алайда дағдарыс құбылыстарының салдарынан кеңестік 
заманның бұрынғы құндылықтары еліміздегі аға буын өкілдерінің арасында 
құптау тауып отыр. Бүгінгі таңда қазақстандықтар жаңадан туындаған 
тникалық бояуы бар дәстүрлі құндылықтардың куәгерлері болып табылады. 
Әлеуметтік құндылықтар жайында сөз қозғағанда, ең алдымен 
еркіндікті, толеранттықты, гуманизмді, отбасын, отансүйгіштікті, еңбекті, 
тұтынуды бөліп қарастырғымыз келеді. Заманауи қарым-қатынас тәсілдері
әлемнің басым бөлігінде нарықтық қатынастарға тартылуы, мемлекеттердің 
басым көпшілігінің еңбекті және шикізат пен өткізу нарықтарын әлемдік 
бөлудің алып орбитасына тартылуы қазіргі қазақстандық қоғам 
құндылықтарының трансформациялануына орасан зор ықпал ететінін айта 
кеткен жөн. БАҚ, телевизия, Интернет бұрынғы, мәдени-тарихи тәжірибені 
ретрансляциялаудың қалыптасқан тәсілдері болса да, өзгерте отырып, өз 
шартты 
ережелерімен 
және 
«ескерткіштерімен» 
жаңа 
мәдениет 
қалыптастыруда. Көпірме «жаһандық ауыл» жағдайында өз мәдени кодтары 
арқылы жаңа медиа адамдардың құндылық мақсаттарына тікелей әсер ететін 
жаңа «тіл» ойлап табуда.
Экономикалық өзгерістер – құндылықтарды трансформациялаудың аса 
маңызды факторларының бірі. Егер қазіргі қазақстандық қоғам туралы 
айтатын болсақ – онда бұл жерде өзінің бар жақсы және жаман жақтарымен 
нарықтық экономика туралы сөз болмақ. Бздің еліміз бен басқа мемлекеттер 
арасында құрылатын, сонымен бірге қазақстандық қоғамның ішіндегі 
экономикалық қатынастар көбінесе халықтың бір бөлігінде ностальгиялық 
сезімдер туғызып, бұрынғы құндылықтарды өзгертеді. Нарық түріндегі 
экономика «кеңестік адамның кеңестік құндылықтарын» ғана емес, сондай-ақ 
дәстүрлі құндылықтарды да өзгертеді. Ал егер дәстүрлі құндылықтарды 
трансформациялау туралы да сөз болса, онда қоғамның сәйкестігін өзгерту
ұлттық «Менін» қалыптастыру туралы болмақ. Жас мемлекет ретінде біз 
үшін әлі де дәстүрлі немесе жартылай дәстүрлі қоғам мен нарықтық қатынас 
арасындағы өтпелі кезеңге тап болған басқа елдердің тәжірибесі де ескерілуі 
тиіс. Әлемдік тәжірибені елемеу «нарықтық қатынастарға көндіге алмаған», 
жаңа дәуірдің құндылықтарын қабылдай алмаған қоғамның бір бөлігінің 
дүбәралануына, азғындануына әкеп соғуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет