Орындаған: Қонысбек д қабылдаған: Узакова а тобы: хнк 4/1 Тақырыбы: оттек



Дата17.04.2022
өлшемі0,52 Mb.
#31264
Байланысты:
Konisbek Damir

Орындаған: Қонысбек Д Қабылдаған: Узакова А тобы: ХНК 4/1 Тақырыбы: ОТТЕК


Оттегі, кейде оттек, (лат. oxygenium - қышқылды тудыратын) O – элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегі –химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз. Жасушалар мен талшықтар өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады. Адам ағзасының барлық мүшелері мен талшықтары қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам өмір ырғағы (біз күн сайын энергия жоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы гипоксия)! Ірі мегаполис тұрғындарының оттегіне мұқтаждықтары орасан зор. Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына алып келді. Осының салдарынан гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) туындайды.

Оттектің физикалық қасиеті

Оттектің кейбір физикалық қасиеттері бұрыннан белгілі. Ол иіссіз, дәмсіз, түссіз газ. Сондықтан оны ауадан ажырату қиын. Тек он сегізінші ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі Дж. Пристли (1774 ж.) мен швед ғалымы К. Шееле (1772 ж.) оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді. Оттек ауадан сәл ауыр . 0°С-та және бір атм қысымда (101,325 кПа) оның бір литрінің массасы 1,43 грамм, ал ауаныкі - 1,29 грамм тартады.

Оттек суда аз ериді. Қалыпты жағдайда 20°С-та және 1 атм қысымда судың 100 көлемінде небәрі 3 көлем оттек газы ериді. Осы қасиетіне орай, арнайы газ өлшегіш деп аталатын шыны аспаптағы суды ығыстыру арқылы оттек газын жинап сақтауға болады. Оттек - 183°С-та сұйылады, - 218°С-та қатады.

Түзілген көмір қышқыл газын әк суына жіберсек оның лайланатыны сендерге белгілі. Бұдан басқа күкірт, фосфор, т.б. бейметалдар да оттегінде жанады

S + O2 = SO2

4Р + 5O2 = 2Р2O5



Химиялық қасиеттері

Элементтер оттегімен әрекеттесіп оксидтер түзеді, бұл тотығу үдерісі. Оксидтер дегеніміз молекула құрамы екі элементтен тұрып, оның бірі оттек болатын күрделі заттар.

.

Оттегі табиғатта екі түрлі жай зат күйінде кездеседі, оның бірі O2, екіншісі O3, ол озон деп аталады. Енді озонмен жете таныссақ, озон найзағай ойнағанда ауада пайда болады. Сонда электр заря- дының әсерінен мына реакция жүреді:



3O2 → 2O3

Бір элементтің бірнеше жай зат күйінде болу құбылысы аллотропия деп аталады.



Озонның формуласы О3, салыстырмалы молекулалық массасы 48, оттегінен 1,5 есе ауыр (48 : 32 = 1,5), суда аз еритін, -112°С-да қайнайтын, -193°С-да балқитын газ күйінде қою-көк түсті, ал қатты күйінде көктен қара-күлгін түске дейін боялады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет