Джуманишев нұРСҰлтан ежелгі Египет: ежелгі дүниедегі саясаттың пайда болуы



Дата25.11.2023
өлшемі21 Kb.
#126324

ДЖУМАНИШЕВ НҰРСҰЛТАН
Ежелгі Египет:ежелгі дүниедегі саясаттың пайда болуы
Ежелгі Египет мемлекеті – әлемдегі көне мемлекеттердің бірі. Ол б.д.д. ІІІ мыңжылдықта Солтүстік Шығыс Африкада құрылды. Қазіргі уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан күшті және құпиялы өркениет пайда болған. Ежелгі Египеттің тарихын, құқығы мен мәдениетін оқып үйренуге, танып білуге деген құлшыны күн сайын өсуде. Египетке әлемнің түкпір – түкпірінен осы таңғажайып елдің мәдениеті мен көне ескерткіштері мен танысу үшін миллиондаған туристтер барып тұрады. Мен үшін де бұл елдің мәдениет мен өнері, пайда болу тарихы шынайы қызығушылық пәніне айналған. Сол себепті мен курстық жұмыс тақырыбын «Ежелгі Египет» деп таңдадымн. Ежелгі Египет әлемнің таңғажайып әрі көне елдерінің бірі. Және де осындай сиқыр мен таңғажайыпратға толы елдің мәдениетін, тұрмыс – тіршілігі мен салттарымен танысу – өзекті іс деп білемін.
Египеттің Ніл өзенінің төменгі сағасына орналасуы суармалы егін шаруашылығын дамытуына қолайлы жағдай жасады. Бұл б.д.д. ІV мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ әлеуметтік жіктелуге және билеуші топтың бөлініп шығуына мүмкіндік берді.

Б.д.д. ІV мыңжылдықтың екінші жартысында Ежелгі Египетте бірінші мемлекеттік құрылым – нома қалыптаса бастады. Ол суармалы егіншіліктің дамуына абйланысты пайда болды: ауыл қауымдары егіншілік жұмыстарын бірлесіп атқару үшін храмдардың айналысына топтасты. Біртұтас Египет патшалығы құрылғанға дейін номдардың саны отыз болды. Олар бастапқыда екі дербес мемлекетке – Жоғарғы (Оңтүстік) Египет және Төменгі Египетке бірікті.

Ежелгі Египеттің тарихы мынадай кезеңдерге бөлінеді:

Ертедегі патшалық кезеңі (б.д.д. 3100-2800 жж.);

Ежелгі патшалық кезеңі (б.д.д. 2800-2250 жж. Шамасы);

Орта патшалық кезеңі (б.д.д. 2250-1700 жж. Шамасы);

Жаңа патшалық кезеңі (б.д.д. 1575-1087 жж. Шамасы).

Жаңа патшалық соңында Египет күйреуге ұшырады. Оны алдымен парсылар, кейіннен римдіктер жаулап алып, Египетті Рим империясының құрамына қосты.

Ертедегі патшалық кезеңінде Египет патшалығы ежелгі тайпалық одақты білдірді. Халықтың басым бөлігін еркін шаруалар-қауымшылдар құрады. Қауымдар қауымдық жер иелену негізінде жерді биледі. Мемлекеттік билік бүкіл жердің иесі деп есептеліп, еркін қауымдар кірісінің бір бөлігін өз пайдасына алып отырды.

Бұрын Египетте басқа елдерге қарағанда таптық құл иеленуші қоғам қалыптасты. Бастапқы патшалық кезеңінің өзінде-ақ көптеген соғыстар жүргізу нәтижесінде тұтқын құлдар пайда болды. Олар ірі шаруашылықтарға пайдаланылды. Ертедегі патшалық кезеңінде шаруашылық жоғары деңгейде дамыды. Халықтың әлеуметтік және мүліктік жіктелуі нақты анықталды.


Мемлекет билігі перғауыннан бастап жекелеген адамдардың меншікті шоғырлануымен бекітілді.

Ірі құл иеленуші қомақты жер иелігіне ие болды және қоғамда жоғары билік иеленді. Сарайда және мемлекеттік басқаруда жоғары лауазымда отырды. Шаруалар мемлекеттегі негізгі жұмыс күші болып қала берді. Ежелгі патшалық кезеңінде құлдар нарығы болғанымен, құлдар әлі де болса аз еді.


Египет қоғамында жрецтер ерекше жағдайда болды. Олар үлкен құрметке ие болды. Өйткені олар қабыр өмірі туралы ілімді білді, дәрігерлік өнерді игерді, күрделі сәулет құрылыстарын салуды, жер учаскелерін есептеп бөлуді білді. Жрецтер патша билігінің сүйеніші болды. Храм шаруашылығы салықтан босатылды. Перғауын тек жоғары билеуші болған жоқ, сонымен бірге ол жрец те болды. Кейіннен бұл функция бөліне бастады.
Орта ғасыр кезеңінің гүлдену дәуірі мынадай сипаттармен ерекшеленеді:
Жеке шаруашылықтарда құл иелену едәуір өсіп, жер иеленушілердің жағдайы өзгерді.

Египетті ежелгі заманда «Қара жер» деп атаған. Өйткені Ніл алқабын қап-қара құнарлы тұнба басып жатқан. Египет Африканың солтүстік-шығыс бөлігіне орналаскан. Африка жері ұшы -қиырсыз шөл далалар болып келеді. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке карай ағады. Солтүстікке қарай, өзеннің Жерорта теңізіне құйылар жерінде ұшбұрышты үлкен атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді.

Қазіргіге карағанда ежелгі заманда өсімдіктер өте көп болған. Әсіресе құрма ағашы, папирус жақсы ескен. Өзен аңғары жап-жасыл болғандықтан, ежелгі египеттіктер қара және жасыл түсті жақсы көрген екен.

Орталық Африкадағы тауларда қардың еруінен және нөсер әсерінен жазға қарай Ніл тасып, арнасынан шығып, өзен аңғарын түгел дерлік су басады. Ал қараша айында су қайтып, өзен өзінің арнасына түседі. Қатты аққан су жер бетінің қыртыстарын, өсімдік шірінділері мен лай-батпақтарды шайып өтеді. Аңғардағы топырақ тек суға ғана қанығып қоймай, сонымен бірге оның бетін тұнба басады. Дегенмен, Нілдің кемерінен асып-тасуы бұл алқапты дүние жүзіндегі ең құнарлы жерге айналдырған. Египет жерінің топырағы су жайылып, тартылған соң жұмсақ та, ылғалды болды. Сондықтан да оны ағаш тесемен де, соқамен де өңдей беруге болатын. Адамдар еңбегі Ніл аңғарын түлетті. Египет адам тұруға жарамсыз дерлік жерден б. з. б. IV мыңжылдықта-ақ халық тығыз қоныстанған елге айналды. Египеттіктер үшін Ніл тасқынының маңызы зор болды.




  1. Ежелгі Египеттің пайда болуы.

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды. Осындай табиғи каналдардың негізінде адамдар өзен суын бұруды,тоған салуды үйрене бастады.Тың жерге егін салған адамдар тобы тез байып,басқалардан ерекшелене бастағандықтан өз жерін қорғауға көбірек көніл бөліп,қамалдар мен шіркеудар салуға кіріседі Міне осылайшіркеудар мен қамалдарнегізінде кала-мемлекеттер пайда болды. Суару жүйесінің ролі басым болгандықтан Ежелгі Шығыс елдерінде осы жүйені ұйымдастырушы мемлекеттің меншігі басым еді. Шығыс елдерінде ұжымдық еңбектің басым блуына еңбек-құрал жабдықтарының мыстан және тастан жасалуы да әсер етті.

Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды. Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғаи ортаға тәуелділігі ерте заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи куштерге табыну кең етек алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану,балшықтану процесі жаңа жерлерде каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті. Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның ролі ерекше болды. Шіркеу сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы кезде шіркеу басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте-бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі ұйымдастырутырушыға айнала бастады. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі бөліктерінің өзара байланы сының да діни сипаты басым болды. Каналдар салу,су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру-қоғамдық істер мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды қоғамдық еңбекке мәжүбірлеп отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай жолмен салынған. Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің болуы-ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі.

Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне алып келді. Осы мәселені шешу барысында басқару жүйесі де күрделене бастады және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін мойындату үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса, кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті. Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ық палды топтар-ақсүйектер, әскерибасшылар, дінбасылар,сауда адамдары ара ласуға мүдделі болды. Себебі олардың жағдайын жақсартуға,байлығын көбей туге мемлекет жүргізіп отырган саясат тікелей әсер етіп отыргандыктан,олар осы баскаруға қатысуға тырысты және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы ролі діни қағидалар бойынша бекітілді. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтпрдың ролі дін және заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары-брахмандар,әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар-шудралар. Осы топтардың қоғамдағы ролін бекіту үшін брахмандар құдайдың аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан жаралды деген аңыз пайдаланылды.

Ежелгі Шығыстағы мемлекетке тән тағы да бір ерекшелік-барлық жерге мемлекет меншігінің болуы.Жерге мемлекет меншігінің болуы өте күрделі жолмен бекітілді және бұл процесс биліктің қалыптасуымен тығыз байла нысты.

Бірақ билік әр түрлі айсақта әр түрлі жағдайлардың әсерінен қалыптасқандықтан сипаты жағынан ерекшеліктері болды. Сондай ерекшеліктер шығыстағы билік жүйесінен айқын көрінеді. Мемлекет билігі мен діни биліктің күрделі байланысының нәтежесінде пайда болған ежелгі Шығыстағы билікті шығыс деспотиясы деп атаймыз. «Деспотия, деспотизм»сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда шексіз билік ұғымыны білдіреді.Бұл сөз ХVІІ Ғ. Аяғы мен ХVІІІ ғ. Басында өмір сүрген француз жазушысы Ф.Фенелонның романындағы адамдардың барлығы қорқынышта өмір сүргетін және заңмен қорғалмаған қоғамды атаған болатын. Әдетте шығыстағы мемлекеттік басқаруды деспотия деп атайтын себебі патшаның діни, азаматтық, әскери, атқару және сот билігін қолына шоғырландыруына және халықтың негізгі бөлігінің құқықтық жағынан қорғалмауына байланысты.

Ежелгі Египетте мемлекеттің пайда болуы және қезеңдерге бөлінуі. Ежелгі Египет (Мысыр) Африка құрлығының солтүстік-шығыс бөлігінде, Ніл өзенінің тар алқабында, яғни Ніл өзенінің бастауынан Жерорта теңізіне құятын атырау сағаларының аралығында орналасқан. Египетте алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қашан пайда болғаны туралы деректі мәліметтер жоқ. Бірақ та, б.з.д. ІІІ мың жылдықта Египет мемлекеті өмір сүрген.

Египет мемлекет және құқығы тарихының кезеңдерге бөлінуі. Жоғарғы және төменгі Египет қосылған соң Ертеректегі патшалық атауына ие болады (шамамен б.э.д.3100-2800жж).Бұл кезеңде біртұтас мемлекетке бірікті. Екінші кезең-Ерте немесе Ескі патшалық (шамамен б.э.д.2800-2250жж)-Египетте өркениеттің (пирамидалардың салынуы) айқын көрініс тапқан уақыты. Ескі патшалықтан кейін бірінші өтпелі кезең (шамамен б.э.д.2160-2134жж) келеді. Осы уақытта Египет өзара жанжалдасушы бірқатар номдар және уақ мемлекеттер болып ыдырайды.Фараон билігі әлсіреп, елде тұрақсыздық және соғыстық күй қалыптасты,ном билеушілері өздерін патшадай сезініп және Египеттегі ірі билікке таласады.

Осы кезеңнің соңында Фива қаласының билеушілері жеңіп, Египет қаласы бірігеді.Үшінші кезең келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен б.э.д.2050-1700жж). Содан кейін Египет екінші өтпелі кезеңді (шамамен б.э.д.1700-1580жж), бұл кезең елдің қайта тарауымен және Египет бөлігін гикостардың басып алуымен сипатталады.

Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен б.э.д.1575-1087жж). Осы кезеңде ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді.Египет ірі империяға айналады және олардың билушілері Ерте Шығыстағы саяси және әскери гегемонияға ұмтылады.

Осы кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырауға келеді.Оны парсылар,кейін Александр Македонскидің әскері жаулап алады, ал б.э.д.30 жылы Египет Рим империясының провинциясына айналады.

Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.


1.Қоғамдық құрылымы:




  1. Египеттік қоғамның жоғарғы тобын абыздар, шенеуніктер мен əскери ақсүйектер құраған. Абыздар Египеттегі əртүрлі діндердің санына қарай таптарға бөлінген. Əрбір топтың басында жоғарғы абыз тұрған. 2. Египеттік қоғамның артықшылықты тобына рулық — тайпалық ақсүйектердің ұрпақтарынан құралған египеттік аристократия мен мемлекеттің жоғары əскери жəне азаматтық шенеуніктері жатқан. 3. Ерекше орынды хатшылар иеленген, олардан жоғарғы шенеуніктер шыққан. 4. Еркін шаруалар — олардың кейбіреулері мемлекеттік жерде өмір сүрді, өз жерлері болды жəне сол үшін рента-салық төлеген; кейбіреулері шенеуніктің немесе əскери тұлғаның жерінде жұмыс істеп, күндізгі тамақтарын ішіп, өте ауыр жұмыстарды орындаған. 5. Қолөнершілер — мемлекеттік қазбаларда жұмыс істеген. Ерекше басқарушылардың бақылауындағы 10 адамнан тұратын топтарға біріккен. 6. Қоғамдық баспалдақтың төменгі буынын құлдар құраған. Құлдықтың негізгі қайнар көздерін əскерге тұтқындық пен борышкерлік қарыздың нəтижесіндегі құлдық табылған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет