Днқ репликациясы, Мутация типтері, Хромосома санының ауытқулары, Адам генетикасы 1-70 сұрақ

Дата23.01.2023
өлшемі69,22 Kb.
#62491
түріҚұрамы

ДНҚ репликациясы, Мутация типтері, Хромосома санының ауытқулары, Адам генетикасы

1-70 сұрақ
1. Ағзаның бүкіл тұқым қуалау ақпараты жазылған:
А) рибосомада Ә) цитоплазмада
С) ДНҚ-да Д) генде
2. Пиримидиндік негізге жатады:
А) гуанин Ә) аденин
С) урацил Д) рибоза
3. Екі сақиналы азотты негіз:
А) аденин Ә) тимин С) цитозин Д) урацил
4. Бір тізбекте орналасқан нуклеотидтердің құрамындағы қанттар мен фосфор қышқылының қалдығы арқылы байланыс:
А) иондық Ә) негіздік С) ковалентті полюсті Д) сутектік
5. ДНҚ молекуласының екі еселеніп өсуі:
А) редукциялық Ә) редупликация С) транслокация Д) регенерация
6. 1960 жылы ДНҚ-ның екі еселенуінің үш түрлі болжамын жасаған ғалымдар:
А) ген Ә) ДНҚ С) хромосома Д) нәруыз
7. Тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты:
А) Уотсон,Крик Ә) Уилкин С) Т.Моргон,Г.Мендель Д) М.Мезельсон, Ф.Сталь
8. ДНҚ-ның жаңа молекуласының бір тізбегі аналық ДНҚ-дан болса, екіншісі - жаңадан құрылған тізбек:
А) ) жартылай консервативтік Ә) консервативтік С) дисперсиялық Д) сақтала екі еселену
9. Екі еселенудің бұл түрінде де матрицаның рөлін нуклеотидтер атқаратындығы екі еселену:
А) ) жартылай консервативтік Ә) консервативтік екі еселену С) бытыраңқы екі еселену Д) сақтала екі еселену
10. Жасушадағы ең үлкен молекула:
А) ген Ә) ДНҚ С) РНҚ Д) нәруыз
11. 5-3 бағытында еш қиындықсыз ДНҚ полимераза ферменті арқылы байланысады:
А) лидерлі тізбек Ә) үздікді байланыс С) ілесуші тізбек Д) сутектік тізбек
12. ДНҚ –полимераза ферменті ферментін ашқан америкалық биохимик:
А) Артур Корнберг Ә) Ф.Мишер, О.Эйвери
С) М.Мезельсон, Ф.Сталь Д) М.Уилкинс, Р.Франклин
13. ДНҚ-ның екі тізбегінің арасындағы сутектік байланысты үзе отырып, екіге ажыратады:
А) ДНҚ Полимераза Ә) Геликаза ферметі С) ДНҚ лигазасы Д) АТФ -аза
14. Жаңа нуклеотидтердің бір- біріне қосылуын катализдейді, жаңа тізбектің түзілуіне қатысады:
А) ДНҚ Полимераза Ә) Геликаза ферметі С) ДНҚ лигазасы Д) АТФ -аза
15. Оказаки фрагменттерінің арасын ескі ажыраған тізбекке сәйкес етіп нуклеотидтермен толтырады:
А) ДНҚ Полимераза Ә) Геликаза ферметі С) ДНҚ лигазасы Д) АТФ -аза
16. Еселенуде ұрпақтың ДНҚ-ларда аналық ДНҚ-ның материалы болмайды:
А) жартылай консервативтік Ә) консервативтік С) дисперсиялық Д) бытыраңқы екі еселену
17. ДНҚ-ның жаңа молекуласының бір тізбегі аналық ДНҚ-дан болса, екіншісі - жаңадан құрылған тізбек:
А) жартылай консервативтік Ә) консервативтік С) дисперсиялық Д) бытыраңқы екі еселену

18. Аналық ДНҚ-ның материалы кездейсоқ шашырап жаңа ДНҚ молекуласында орын алады.

А) жартылай консервативтік Ә) консервативтік С) сақтала екі еселену Д) бытыраңқы екі еселену
19. Көшірме жасалатын негіз болып, ол арқылы бейненің көшірмесі жасалады:
А) Репликация Ә) Полимераза С) Лигаза Д) Матрица
20. ДНҚ-ның негізгі ферменті, жаңа нуклеотидтердің бір- біріне қосылуын катализдейді:
А) Репликация Ә) Полимераза С) Лигаза Д) Матрица
21 ДНҚ-ның екі еселену үдерісі:
А) Репликация Ә) Полимераза С) Лигаза Д) Матрица
22. Оказаки фрагменттерінің арасын ескі ажыраған тізбекке сәйкес етіп нуклеотидтермен толтырады:
А) Репликация Ә) Полимераза С) Лигаза Д) Матрица
23. Мутагенездің түрлі факторын қолданып, жасанды түрде пайда болатын мутация:
А) Кездейсоқ мутациялар Ә) Индуцияланған мутация
С) модификациялық Д) табиғи жолмен болатын мутация
24. ДНҚ-ның жіпшелерінен және нәруыздан тұратын ядроның аса маңызды бөлігі, яғни тығыз денешік:
А) Хромосомалар Ә) Гистон С) Центромера Д) ДНҚ
25. Хромосоманың алғашқы кермесі, хромосоманы екі ашаға бөледі:
А) Хромосомалар Ә) Гистон С) Центромера Д) ДНҚ
26. Центромера хромосоманың ортасынан сәл оңға не солға қарай орналасуы, тең емес екі ашаға бөлінеді:
А) Метацентрлі Ә) Субметацентрлі С) Акроцентрлі Д) Телоцентрлі
27. Егер центромера хромосоманың бір ұшына жақын орналасуы, тең емес ашаға бөлінеді, бір ашасы ұзын, екіншісі қысқа:
А) Метацентрлі Ә) Субметацентрлі С) Акроцентрлі Д) Телоцентрлі
28. Центромера хромосоманың ұшында орналасуы:
А) Метацентрлі Ә) Субметацентрлі С) Акроцентрлі Д) Телоцентрлі
29. Центромера хромосоманың дәл ортасында орналасуы, теңдей екі ашаға бөлінеді:
А) Метацентрлі Ә) Субметацентрлі С) Акроцентрлі Д) Телоцентрлі
30. Кейбір хромосомаларда екінші буын өте ұзын болады да, хромосоманың аз бөлігін негізгі бөлігінен бөліп тұрады:
А) Метацентрлі Ә) Спутникті С) Акроцентрлі Д) Телоцентрлі
31. Адам кариотипіндегі бір –біріне ұқсас тек екі хромосомалар болуы:
А) аутосомды хромосомалар Ә) жыныс хромосомалар
С) кариотип Д) гомологиялық хромосомалар
32. Алғашқы 22 жұп хромосомалардың атауы:
А) аутосомды хромосомалар Ә) жыныс хромосомалар
С) кариотип Д) гомологиялық хромосомалар
33. Кариотип құрамындағы барлық хромосомаларды сызып бейнелеу:
А) кариотип Ә) гомологты хромосома С) кариограмма Д) хроматин
34. 1900 жылы голландиялық ботаник ғалым, мутация туралы ұғымды енгізді:
А) Гуго де Фриз Ә) Г.Мендель С) Т.Моргон Д) Ч.Дарвин
35. Мутацияның пайда болуы жөне қалыптасуы:
А) мутагенез Ә) мутаген С) мутанттар Д) гибридтер
36. Мутациялық процестің нәтижесінде жаңа қасиеттерге ие болған даралар:
А) мутагенез Ә) мутаген С) мутанттар Д) мутация
37. Тұқым қуалайтын өзгерістерді тудыратын факторлар:
А) мутагенез Ә) мутаген С) мутанттар Д) гибридтер
38. Химиялық мутагендік факторлар:
А) ультракүлгін сәулелер Ә) гербицидтер, пестицидтер С) вирустар, қарапайымдар Д) радиоактивті сәулелер
39. Физикалық мутагендік факторлар:
А) бактериялар Ә) гербицидтер, пестицидтер С) вирустар, қарапайымдар Д) радиоактивті сәулелер
40. Биологиялық мутагендік факторлар:
А) ультракүлгін сәулелер Ә)( гербицидтер, пестицидтер С) вирустар, қарапайымдар Д) радиоактивті сәулелер
41. Генетикалық материалдың тұқымқуалау өзгерістерінің ең ірілерінің белгісі:
А) хромосомалар санын өзгертеді Ә) ДНҚ-дағы нуклеотидтердің жүйелілігін өзгертеді С) Сыртқы белгілердің туындауы Д) аминқышқылының орналасу жиілігінің өзгеруі
42. ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруі:
А) нүктелік мутация Ә) Хромосомдық С) Геномдық Д) Цитоплазмалық
43. Хромосоманың қандай болса да бір үлескісінің жоғалуы:
А) Дупликация Ә) Бөліну  С) Инверсия Д) Транслокация
44. Хромосома ұштарының жетіспеушілігі:
А) Дупликация Ә) Делеция  С) Инверсия Д) Дефишенсия
45.Хромосома үлескінің 180°-қа төңкеруі:
А) Дупликация Ә) Делеция  С) Инверсия Д) Дефишенсия
46. Сәйкес емес екі хромосомалар арасындағы үлескілердің алмасуы:
А) Дупликация Ә) Бөліну  С) Инверсия Д) Транслокация
47. Хромосоманың бір бөлігінің екі еселенуі:
А) Дупликация Ә) Бөліну С) Инверсия Д) Транслокация
48. Бір немесе бірнеше хромосомаларды жоғалу немесе қосып алу:
А) гетероплоидия Ә) гаплоидия С) полиплоидия Д) дупликация
49. Ағза жасушаларындағы хромосомалар санының өзгеруі:
А) гендік мутация Ә) Хромосомдық С) Геномдық Д) Цитоплазмалық
50. Хромосомалар құрылымының өзгеруіне байланысты мутация:
А) гендік мутация Ә) Хромосомдық С) Геномдық Д) Цитоплазмалық
51. Хромосомалар санының гаплоидттті жиынтыққа еселенбей артуын немесе кемуі:
А) анеуплоидия Ә) гаплоидия С) транслокация Д) полиплоидия
52. Плазмогендердің өзгеруінен болатын мутация:
А) гендік мутация Ә) Хромосомдық С) Геномдық Д) Цитоплазмалық
53. Трисомия 21+ деп аталатын ауру:
А) Клайнфельтер Ә) Даун С) Шерешевский-Тернер Д) Патау
54. Тек ер балаларға тән хромосомалық ауру:
А) Клайнфельтер Ә) Даун С) Шерешевский-Тернер Д) Патау
55. Тек қыз балаға тән хромосомалық ауру:
А) Клайнфельтер Ә) Даун С) Шерешевский-Тернер Д) Патау
56. Трисомия 18+ деп аталатын ауру:
А) Клайнфельтер Ә) Даун С) Эдвардс Д) Патау
57. Бұл синдром 5р хромосоманың қысқа иінінің делециясымен байланысты:
А) Мысық айқай Ә) Даун С) Эдвардс Д) Патау
58. Даун синдромының белгісі:
А) Ақыл-есінің туа біткен кем болуы, жалпақ, қысқа саусақ пен қысқа қолдар, сөйлеуінің кеш дамуы
Ә) Аяқ-қолы шамадан тыс ұзын, жыныстық жетілудің кешеуілдеуі, жамбасы үлкен және денесінде түктену аз
С) Жыныстық жетілудің кешігуі, шаштары қысқа, мойны қысқа және жуан, иықтары кең, бөкселері тар
Д) құлағы кішкентай, көру қабілеті нашар, саусақ саны өзгерген, тұмсықтары шығыңқы – құс тұмсықты
59. Клайнфельтер синдромының белгісі:

60. Шерешевский-Тернер синдромының белгісі:
А) Ақыл-есінің туа біткен кем болуы, жалпақ, қысқа саусақ пен қысқа қолдар, сөйлеуінің кеш дамуы
Ә) Аяқ-қолы шамадан тыс ұзын, жыныстық жетілудің кешеуілдеуі, жамбасы үлкен және денесінде түктену аз
С) Жыныстық жетілудің кешігуі, шаштары қысқа, мойны қысқа және жуан, иықтары кең, бөкселері тар
Д) құлағы кішкентай, көру қабілеті нашар, саусақ саны өзгерген, тұмсықтары шығыңқы – құс тұмсықты
61. Эдвардс синдромының белгісі:
А) Аяқ-қолы шамадан тыс ұзын, жыныстық жетілудің кешеуілдеуі, жамбасы үлкен және денесінде түктену аз
Ә) гаметаның біреуінде хромосоманың сәйкес келмеуінен пайда болған кариотипте 13-жұптағы артық хромосомадан туындайды.
С) Жыныстық жетілудің кешігуі, шаштары қысқа, мойны қысқа және жуан, иықтары кең, бөкселері тар
Д) құлағы кішкентай, көру қабілеті нашар, саусақ саны өзгерген, тұмсықтары шығыңқы – құс тұмсықты
62. Шежіре құру, шежірені талдау арқылы ешқандай медициналық препарат қолданбай адам генетикасын анықтайтын әдіс:
А) Генологиялық әдіс Ә) Цитогенетикалық әдіс
С) Иммуногенетикалық әдіс Д) Биологиялық әдіс
63. Микроскоп арқылы хромосоманы бояу және зерттеу әдісі
А) Генологиялық әдіс Ә) Цитогенетикалық әдіс
С) Иммуногенетикалық әдіс Д) Биологиялық әдіс
64. Хромосоманың өлшемі, құрылысы, мөлшері немесе пішіннің өзгеруіне байланысты ауруларды анықтауға болатын әдіс:
А) Генологиялық әдіс Ә) Цитогенетикалық әдіс
С) Иммуногенетикалық әдіс Д) Биологиялық әдіс
65. Фенотиптің қалыптасуына, нақты белгінің немесе аурудың дамуына генетикалық және орта факторларының үлесін анықтауға мүмкіндік береді:
А) Егіздік әдіс Ә) Цитогенетикалық әдіс
С) Иммуногенетикалық әдіс Д) Популяциялық әдіс
66. Қан тобы мен резус фактордың тұқымқуалаушылығын зерттейтін әдіс:
А) Егіздік әдіс Ә) Цитогенетикалық әдіс
С) Иммуногенетикалық әдіс Д) Популяциялық әдіс
67. Зат алмасуда ауытқуларды, генетикалық өзгерістерді анықтайды:
А) Генологиялық әдіс Ә) Цитогенетикалық әдіс
С) Иммуногенетикалық әдіс Д) Биологиялық әдіс
68. Қандай да бір аллельді тасымалдап жеткізушінің мөлшерін және әр алуан генотиптердің пайыздық арақатынасын айқындауды зерттейді:
А) Егіздік әдіс Ә) Цитогенетикалық әдіс
С) Иммуногенетикалық әдіс Д) Популяциялық әдіс
69. Ағза ферменттерінің жұмысын биохимиялық талдау әдісі:
А) Биохимиялық әдіс Ә) Цитогенетикалық әдіс
С) Иммуногенетикалық әдіс Д) Биологиялық әдіс
70. Егіздердің бір-бірінен ерекшеленуі:
А) физиологиялық Ә) морфологиялық
С) конкорданттылық Д) дискорданттылық

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет