Дайындаған:Маматжанова Диана Тажмахан Адлия Қабылдаған:Аргимбаева Айна “Дүниетану” пәні – педагогикалық ғылымдар саласына жататын болғандықтан, оқыту процесінің жалпы заңдылықтарына сүйенеді.Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. - “Дүниетану” пәні – педагогикалық ғылымдар саласына жататын болғандықтан, оқыту процесінің жалпы заңдылықтарына сүйенеді.Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды.Оқыту процесінің бірнеше принциптерін атауға болады.
Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді.
Жүйелілік және бірізділік принципі
Жүйелілік және бірізділік принципі оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге (сабақ үстінде, үйде кітаппен, зертханада т.б.), сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді.Әр пәнде жүйелілік және бірізділік принципін ұстанудың маңызы зор. Мысалы, дүниетану пәнінде “адам” тарауын өтпей, “қоғам” тарауын өтуге болмайды, өйткені балалар өзін танып-білмей, қоғамдық қатынастарды түсіну қиынға соғады.
Оқытудың ғылымилық приципі
Оқытудың ғылымилық приципі табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді.Ғылыми принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылыми принцип оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
Дәйектілік принципі
Педагогикалық процестің дәйектілік принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды.Ақыл-ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамасыз ету педагогикалық роцестің дәйектілік принципінің негізін құрайды.Адамның білімге, әр түрлі іс-әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды.
Бастауыш мектептегі “Дүниетану” пәнінің әр тақырыбы қарапайым болып көрінсе де, ғылыми мазмұнға ие. Ал оны оқушыларға жан-жақты талдап түсіндіру мұғалімнің жан-жақты ізденушілігін қажет етеді.
Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Түсініктілік принципінен ережелер туады.
Мысалы
1.Жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды таным іс-әрекетіне бірте-бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымы туады.Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке нәрседен жалпы қорытындыға көшуді индуктивті жол деп атайды.
2.Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу. Мәселен, оқушыларға өсімдіктердің көбею жолдарын түсіндіру үшін, оларды ең алдымен өсімдіктердің құрылысымен таныстыру қажет.
3.Белгіліден белгісізге көшу деп оқушылардың өткен сабақтан алған біліміне сәйкес жаңа сабақ материалын меңгеруін, яғни сабақ үстінде білімді терең түсіріп, игеруін айтады.
Дүниетану 1 сынып мазмұны - Барлығы өзім туралы.
- Менің мектебім
- Менің отбасым және достарым
- Бізді қоршаған әлем
- Саяхат
- Дәстүр және фольклор
- Тағам және сусындар
- Дене жән денсаулық
- І. Мен туралы
- ІІ . Менің отбасым және достарым
- ІІІ . Менің мектебім
- IV. Менің туған өлкем
- V. Дені саудың – жаны сау
- VІ. Дәстүр және ауыз әдебиеті
- VІІ . Қоршаған орта
- VІІІ . Саяхат
3 сынып бөлімдері - ЖАНДЫ ТАБИҒАТ
- ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН, ЖАМАННАН ЖИРЕН
- УАҚЫТ
- СӘУЛЕТ ӨНЕРІ
- ӨНЕР
- АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАР
- СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ
- ДЕМАЛЫС ДЕМАЛЫС
- МӘДЕНИЕТІ. МЕЙРАМДАР
4 сынып бөлімдері - МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН
- ҚҰНДЫЛЫҚТАР
- МӘДЕНИ МҰРАЛАР
- МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІ
- ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
- ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
- ҒАРЫШҚА САЯХАТ
- БОЛАШАҚҚА САЯХАТ
Оқушылардың білімі мен білік дағдыларын бағалау
Бұл сабақтың көздейтін мақсаты – оқушылардың алған білімдері мен дағды көлемін қандай дәрежеде екенін байқап, тексеру мен қатар оның сапасын бағалау, кемшіліктерін түзету. Білімді тексеру және бағалау жұмыстары күнделікті сабақтар барысында жүреді. Соның барысында оқушыларды оқу материалын терең ұғынуға және меңгеруге мүмкіндік береді. Тексеру және бағалау жұмыстарын жүйелі атқару оқушыларды тегіс қамтып, олардағы білім, білік, дағдыны жетілдіреді.
Оқушылардың білімін бағалау
Оқушылардың білімін бағалауға қойылатын талаптар:
- Білім, білік, іскерлік, дағдыны тексерудің әр түрлі тәсілдерін қолдану;
- Бағаның әділ қойылуы;
- Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
- Бағалау-бақылау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне, көңіл күйінің жақсы болуына көмектесу;
Оқушылардың білім, білік, іскерлік және дағдыны тексеру, бақылау, түзету сабағының құрылымы:
І Ұйымдастыру
ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау
ІІІ Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру
ІҮ Оқушылардың өзіндік жұмыстары
Ү Сабақты қорытындылау , бекіту
ҮІ Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын бағалау
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |