Дуйсенбаева Ауескуль Уалиевна Кіріспе. Оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларға қолдана білуі үшін pisa халықаралық бағдарламасы



бет1/6
Дата07.11.2022
өлшемі2,01 Mb.
#48008
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6


Қостанай облысы
Бейімбет Майлин ауданы
«Тобыл орта мектебі» КММ

Математика пәнінен PISA емтиханына арналған есептер жинағы.

Құрастырған математика пәні мұғалімі:
Дуйсенбаева Ауескуль Уалиевна

Кіріспе.
Оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларға қолдана білуі үшін PISA Халықаралық бағдарламасы 2000 жылдан бастап енгізілді және үш жылда бір рет өткізіліп отырады.Бұл емтиханға 15 жастағы балалар қатысады. Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығы, математикалық сауаттылығы, оқу сауаттылығы тексеріледі.


Жаратылыстану сауаттылығы- қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерін ғылым мен технологияға сүйеніп танып білу және қоршаған әлемді түсіну. Математикалық сауаттылық –оқушылардың қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын мәселелерді танып білу және оларды математикалық әдістерді қолдана отырып шешу.
Оқу сауаттылығы-жазбаша мәтінді оқу,мазмұнын түсіне білу және оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайда қолдана білу.
Зерттеуің әрбір кезеңінде осы аталған бағыттардың біріне ерекше көңіл (тестің үштен екі бөлігі) бөлінеді. Мысалы: 2000 жылы-оқу сауаттылығы,
2003 жылы-математикалық сауаттылық, 2006 жылы-жаратылыстану сауаттылығы, 2009 жылы-оқу сауаттылығы, 2012 жылы-математикалық сауаттылық, 2015жылы-жаратылыстану сауаттылығына басым көңіл бөлінді.
PISA емтиханы тесттік тапсырмалары бар буклеттер сұрақ-кітапша түрінде болады. Әрбір тапсырма бір мәселені суреттеген мәтінді қамтиды.Мәтінмен қатар бірден алтыға дейінгі нұсқада жауабы бар сұрақтар,немесе таңдау бойынша екі жауабы бар тапсырмалар болады. Әр оқушы сұрақтарды оқи отырып, кейбіріне қысқа, кейбіріне толық жауап
бере отырып өзінің өзінің пікірін ,көзқарасын айқындайды. Мен өз жинағымда сондай тапсырмаларды жинақтап көрсеттім.Кейбір тапсырмалар жауаптарымен берілген. Кейбір тапсырмаларды өздеріне орындауға беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет