Дулат өлеңдеріндегі сатиралық-сыншылдық, адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбие мәселелері



Дата20.05.2022
өлшемі33,3 Kb.
#35137
Байланысты:
19 ҒАСЫР


Дулат өлеңдеріндегі сатиралық-сыншылдық, адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбие мәселелері

Елінің ертеңін ойлаған ойшыл,бір туар,халқының қамында нанын да жеп өскен Дулат мың сегіз жүз екінші жылы дүние есігін ашқан.Жас кезінен ойы алғыр хақ дініміздің жанашыры болған Дулат қазақтың маңдайға біткен бағы да бары да еді.Бүгінгі жұмысымда мен осы Дулат атамыздың сатиралық,адамгершілік,имандылық,тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасына шолу жасайтын боламын.

Дулат ғұмыр кешкен кезең отарлау саясатына тура келген болатын.Онымен қоймай осы ауыртпалықтың үстіне ауыртпалық болып бай кедей болып ел ішінен бөлінді,байлар мен Патшалық Ресей тарапынан қазақ көп зардап шекті.Ел бір ту астына біріге алмай мен мен деген ерлерді отарлаушылар жер айдап болмаса ату жазасына кесіп отырды.Ер жеткен бар сұмдықты көзімен көріп отырған шыдамаған Дулат ел ішіне жырлары мен өлеңдерін шығарып таратты.

Ақынның Тегімді менің сұрасаң,О Сарыарқа Сарыарқа атты өлеңдеріне шолу жасап мағынасына үңілсек ел мен жерден айырып жатқан патшалық үкіметке қарсы шығып зұлмат саясатты тоқтатуға бағытталған және барша исі қазақты егемендік алуға талпыну керектігін және осы жағдайға қарсы шығу керектігін үндеп,отарланып кеткен жерлердің қасіретін шертеді.


Рухты шығармалары елдің еңсесін көтеріп үлкенді кішілі көтерілістер орын алды,бірақ отарлаушы патша үкіметі бұл қозғалыстардың барлығын дерлік қанды жолмен басып отырды.
Одан басқа қанды ауызбен халықты жеген патша отарлаушылармен одақ болып солардың жағына шыққан болыс пен ауыл басшылары старшындар безбүйрек билергеде рухты да уытты сөздерін жолдады. Ақынның Сүлейменге,Бараққа,Кеңесбайға және тағы да басқа шығармаларын алып қарасаңыз сол кездің замана суреттері көз алдыңыздан аянышты бейнетаспадай өтетін еді.Мына бір жолдарды қысқаша мысал етіп алуды жөн көрдім:
Сауыр жерден айрылып
Қазақ елі жұқарды-ау

Немесе


Майырдың алса бұйрығын
Борбайлау етіп құйрығын
Ел пысығы жортады

Осы өлең жолдарына қарап отырсаң майор сөзінен аса алмаған,елін ойламай қарабас қамын күйттеген патша үкметінің үрер иті болған старшын ауылбасыларға іш ашиды ақ.

Бір жағынан патша үкіметінің отарлауы екінші жағынан би көсем шешендердің қол астына жалтақтап қарап отырған қарапайым халқын сүліктей сорып қанауы Дулатты әбден уайымдатты.Оның сонша жыл армандағаны көз жасы көл болып Жаратқаннан жалбарынып сұрағаны көзімен болмасада келешекте арайлап атқан аң таңның тәуелсіздігі мен бостандығы еді.

Жоғарыда айтып кеткендей Дулат бабамыз да Ислам дінінің жанашыры еді. Халықты ойлаңдар ақша беріп отырған үкіметке емес Аллаға мойынсұныңдар. Бізден болмасада жаратқаннан қорқыңдар деген сөздеріне құлақ аспақ түгіл биліктегілері көз қырын да салып қарамаған еді.


Бұл заман адам айтса нанғысыз

Шен шекпенге сатылған


Батпаққа елін батырған ,- заман еді.

Дулат шығармашылығының тағы да бір ерекшелігі бұрынғы тұлғалар мен елдің жағдайын өзі өмір сүрген тұлғалар мен елдің жағдайымен қатар алып салыстыра білуі.Осы бұрынғы мамыражай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды аңсап жалынды жырларына тиек еткен.


Негізі көп адам оны жыршы адам деп ойлайды екен.Бірақ анығын алып қарағанда атамыз ақын болып саналады,осы тұрғыда тәжірибиесі бар адам оның шығармаларының құрылысына қарап оны 7-8 буынды өлеңге жатқызып жыршылықтан бөлек саласын да байқайтыны сөзсіз.Зерттеу жұмыстарына қарасақ негізгі өлеңдерінде тұрақты сөз тіркестері кездесіп аралас және кезектес ұйқасты сөздермен жазылады екен.

Қосымша мәлімет ретінде Дулаттағы тіркестер мен ұйқас мәнері Абайдың мәнеріне қатты ұқсас болып келеді.Ол туралы М.Әуезовтың жазбаларынан кездестіруге болады.



Осымен менің жазба жұмысым мәресіне жетейін деп қалды.Қысқаша қорытынды айта кететін болсам Зар заман ақындарының бірі Дулат өз кезінің алғыр ойлы ойшыл тұлғаларының бірі әрі бірегейі бола білді.Негізінен жазған шығармалары көп бірақ бізге патша үкіметінің кесірінен көп шығармасы сақталмады.
Өз заманының ұлы тұлғасы болған Дулат Бабатайұлына шолу өз мәресіне жетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет