Ең бастысы – тәуелсіздік. Одан кейін келісім, достық және адал еңбек. Сонда ғана Ұлы Даланы мекендеген Мәңгілік Еліміз мәңгіліктерге қадам баса беретін болады



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата06.03.2017
өлшемі4,05 Mb.
#8182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

„

Дүлей дауылдан шатыры 



ұшып, терезесі сынған 

тұрғындардың жайын 

қала әкімдігінің тұрғын  үй 

инспекциясы мен арнайы 

мамандардан құралған 

комиссия қадағалап, мән-

жайды анықтауда.

зардап шығыны 

қалай өтеледі?

сын да бар, сапа да бар.

   Суретті түсірген Н.тұрғынбек.

елді мекендерге, алқаптарға, бірқатар көшелерге 

және  жаңа  ашылып  жатқан  ауруханаларға 

қоғамдық көлік қатынасын орнату мақсатында 

жаңа  бағыттардың  қозғалыс  сызбалары 

бекітіліп, конкурсқа шығарылды. 2016 жылдың 

28  қарашасында  «Төрткүл»  алабына,  «Қызыл 

Абад»  елді  мекеніне,  Высоцкий,  Тынышбаев 

көшелеріне, Қарасу көшесінің бұрылыстарына, 

Ташкент, Балуан Шолақ, Комратов, Желтоқсан  

және Әл-Фараби көшелері арқылы қатынайтын 

және Әл-Фараби көшесінің бойында салынған 

жаңа  қалалық  ауруханаға,  Кенен  Әзірбаев 

көшесінің бойындағы облыстық онкологиялық 

ауруханаға,  Крупская  көшесінің  бойындағы 

облыстық перинаталдық орталыққа, А.Асқаров 

көшесінің аяғында орналасқан  неврологиялық 

интернат-үйіне баратын қалаішілік маршруттарға 

автомобиль көлігімен жолаушылар және жүк та-

сымалдау құқығын беретін конкурс жарияланып 

отыр.  Яғни, бұл мәселе алдағы уақытта шешімін 

табады деген сөз. 

-  Ал  тұрғындарды  тасымалдау  саласын 

жетілдіріп,  дамыту  мақсатында  қандай 

өзгерістер мен жұмыстар атқарылуда?                                                                                                 

-  Қалалық  жолаушы  көлігі  бағыттарындағы 

ескірген автокөлік парктерін жаңалау мақсатында, 

қалалық тасымалдаушы мекемелерімен іс-шаралар 

жыл сайын тиісті дәрежеде жүргізілуде. «Жол 

картасы» Даму бағдарламасы  аясында соңғы үш 

жылдың көлемінде 450 бірліктен астам жаңа орта-

ша және үлкен сыйымдылықты автобустар сатып 

алынса, ағымдағы жылдың бүгінгі күніне дейін 

41 бірлік газ отынымен жүру үшін жабдықталған 

орташа сыйымдылықты  автобус сатып алынды. 

Сатып алынған автобустар қалалық  №№ 1, 3, 

7, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 27, 29, 30, 32, 

33, 36, 37, 41, 43, 46, 47, 51, 55 бағыттарындағы 

ескірген, техникалық жағдайы нашар автобустар-

ды ауыстырды. Бүгінгі күні қаламыздағы жолаушы 

көлігі паркі автобустарының орташа пайдаланылу 

мерзімі 12 жылдан 5 жылға дейін қысқартылды, 

бұл 70 пайыздан жоғары көрсеткішті құрайды. 

–  Алматыдағы  «Оңай»  жүйесі  іспетті 

заманауи  талап  бойынша  электрондық 

билеттендірудің  Тараз  тұрғындары  үшін 

қаншалықты  қажеті  бар  деп  ойлайсыз?                                                                                                                                        

        -  Бүгінде  тасымалдау  бағыттарындағы 

жолаушыларға  көрсететін  қызметті  жаңа,  са-

палы жүйеге келтіру мақсатында, электрондық 

билеттендіру  жүйесін  енгізу  бойынша  тиісті 

жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Оңтүстік              

Корея  және  Ресейден  келген  компаниялармен 

тиісті ақпараттар алынып, зерделеу, сараптама-

лар  жасалынуда.  Алдағы  уақытта  жан-жақты 

талқыланып, қарастырылып, тиімді жағы бойын-

ша жұмыстар жүргізетін боламыз.                                                    

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан нұржан СЕРІКХАнҰЛы.


АЛАң

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №47 (1335), 23 қараша  2016 Жыл  //



тәуЕлСізДік Шапағаты – 

БаР ЖЕтіСтіктің БаСтауы

 

„

тараздың ғұмырымен салыстырғанда тәуелсіздігіміздің 25 жылы небәрі қасиетті қас-қағым уақыт 



қана. Дегенмен осынау аз ғана уақыттың құдіреті өткенімізге өмір сыйлап, жәдігерлерімізге жан 

бітіргені - алдаспандай өткір де салмақты ақиқат.  қалай десек те, тәуелсіздік – тарихи арпалыстардың 

жеңісі. ал құнды жәдігерлер кешегі тектілігіміз бен аманат-армандардың далалық мәңгі дәлелі іспетті. 

Осы ретте, өңір тарихын өз өмірінен жоғары қоя білген, белгілі тарихшы тәкен Молдақынов тамыры 

сабақтасқан тарих пен тәуелсіздік жайында ой бөліседі. 

-  Тәкен  аға,  тәуелсіздіктен 

кейінгі  жылдары  халыққа  қандай 

жәдігерлеріміз  оралды?  Қандай 

құндылықтарымыз  құм  астында 

жатыр?

-Бүгінде  қайтадан жаңару, жаңғырту, 

ежелгі  тарихты  іздеу,  жемісін 

көзбен  көріп,  оны  мақтаныш  ететін 

дәрежеге жеттік. Бұл,  ең біріншіден, 

тәуелсіздіктің  арқасы.  «Мәдени 

мұра»    бағдарламасының  екі  кезеңі 

өтті.  Қазір  бұл  бағдарлама  ұлттық 

стратегиялық жобаға айналды. Бұл – 

жер бетінде қазақ барда, мемлекетіміз 

барда,  халықпен  бірге  қатарласып 

жүріп  отыратын  бағдарлама  деген 

сөз. Осы ретте біздегі республикалық 

дәрежедегі ескерткіштердің барлығы 

қайта  қалпына  келтірілді.  Олардың 

ішіндегі екі мұра жөнінде ерекше айтуға 

болады. Ол – Айша бибі мен Ақыртас 

кешені. Ақыртас – Қазақстанның ғана 

емес, Орта Азиядағы нөмірі бірінші 

тарихи мұра. Біздің түркі халқының 

кешегі VIII  ғасырдағы болмысынан, 

сол кездегі ақыл-ойынан,  шеберлігінен, 

тіпті  кісілігінен,  танымынан  хабар 

беріп тұрған жалғыз ескерткіш - осы.  

Міне, осындай тарихи мұраларымыз 

қайтадан  жаңартылды.  Айша  бибі 

кешені бүгінде тотықұстай таранып, 

бүкіл жұрттың көзайымына айналып 

отыр. Қасында Бабаджа хатун кесенесі 

тұр.  Ол  да  қазақ  даласында  сирек 

кездесетін он алты қырлы мұнарасы 

бар жәдігер. Бұл негізінде сәулеттік 

шешімі жағынан Таяу Шығыста және 

Кавказ елдеріндегі бұрынғы мұсылман 

мәдениетінен, өркениетінен қалған кесе-

нелерге ұқсайды. Осындай игіліктер 25 

жылдың ішінде, шын мәнінде, халықтың 

игілігіне айналды. Бұл да бір көңілімізді 

тасытатын, толқытып-толғандыратын 

жайт. Ұзақ жылдар бойы, тіпті ешқашан 

да    біздің  мұраларды  басқа  жаққа 

алып  кету,  ұрлап  кету  мақсатында 

келген  қара ниетті адамдардан басқа 

ешкім  жіті  зерттеген  емес.    Біздің 

білетініміз жалғыз Қарахан кесенесі. 

Бұл - XII ғасырдың құрылымы, нысаны. 

XX ғасырға  дейін жартылай күйреген 

қалпында жеткен. 1900  жылдан кейін 

осы жердегі иманды, дәулетті азамат 

Қали Жүніс деген кісі осы қаланың сол 

кездегі басшылығына мешіт, моншалар 

секілді  бірнеше  қоғамдық  орындар 

салуға ұсыныс білдіріп, Қарахан мен 

Дәуітбек кесенелерін қайта қалпына 

келтіруге  рұқсат  алып,  шеберлерді 

шақыртып,  аталған кесенелердің қазіргі 

қалпын  сол  кісі  тұрғызған.    Міне, 

кезінде қандай азаматтар болған? Яғни 

бұдан  қазіргі  байлар  мен  бұрынғы 

байлардың танымы  басқаша болғанын 

аңғаруға болады. Өкініштісі,  Қазан 

төңкерісінен кейінгі дәуірде көптеген 

тарихи мұраларымыз қиратылды. Міне, 

осындай жантүршігерлік жайттарды 

бастан  кешіп,  бізге  аман-есен  жет-

кен тарихи мұралар осы жылдардың 

ішінде қайта қалпына келтірілді. Жалпы 

қазақ  тарихындағы  көптеген  жақсы 

жаңалықтар  осы  қасиетті  Әулиеата 

топырағында, Тараз жерінде болған. 

Жанымыздағы Баласағұн қаласынан 

қозы  көш  жерде  жатқан,  Қазақ 

хандығының  іргесі қаланған Қозыбасы 

да біздің өлкеге тиесілі. Сол Баласағұн 

шаһарында Жүсіп Баласағұнның «Құтты 

білігі» жазылған. Ондай адамдар өткен 

жерде талай тарихи оқиғалар болуы 

заңдылық. Бізде мыңға жуық тарихи 

мұра бар дейміз, ал зерттей берсек, 

одан да көп. Оны халыққа алдын ала 

айта  алмаймыз.  Себебі  бізде  қара 

ниетті археологтар бар. «Қырғызстан 

жақтан  қолдарында  металл  іздейтін 

құрылғылары бар бәзбіреулер Баласағұн 

жаққа  жиі  келеді»  дейді  көргендер. 

Бірақ ол жақта қазір күзет бар. Арнайы 

қорғалады. 

- Аға, «ЭКСПО-2017» халықаралық 

көрмесіне қатысатын бес облыстың 

бірі  -  Жамбыл  өңірі.  Нақтырақ 

айтқанда,  туристер  біздегі  қай 

жәдігерлермен  танысады  және 

біздегі  гидтердің  тарихи  танымы 

қаншалықты деңгейде?

- Қазір бірнеше жоғары оқу орын-

дарында «гид» деген мамандық бар. 

Оларды оқытады. Бірақ ол жерде тек 

қана  технологиясын  оқытумен  ғана 

шектеліп отыр. Сондықтан да ол жер-

ден бірде-бір толыққанды гид маманы 

шықпайды. Мәселен, гид жәдігердің 

ішінде  жүріп,  жан-жақты  ізденіп, 

әр сөзін терең біліммен жұптастыра 

білуі керек. Ол үшін гид терең білімді 

тарихшы болуы қажет. Әлемдік архео-

логиядан, дүниежүзілік жәдігерлерден 

хабары бар, түрлі салыстырулар мен 

деректерді  оңай  айта  алатын  маман 

ғана гид бола алады. Мысалы, Айша 

бибі  -  махаббат  сезіміне  арналған 

символ  болса,  жанындағы  Бабаджа                                                

хатун  -  парыз  адамының  символы. 

Өйткені  ол  -  өмірінің  соңына  дейін 

бибісінің  жас  қабірін  күзетіп,  сол 

жерде қаза болған әулие адам. 1999 

жылдары болу керек, бір испандықтың 

сұрағынан барып мен бір ой түйдім. 

Ол  Айша  бибі  жайлы  айтылғанда, 

«Үндістандағы Тәж Махал сияқты емес 

пе?» деді. Иә, үндістандық ол жәдігер 

де  махаббатқа  қойылған  ескерткіш. 

Бірақ Тәж Махалдың тұғыртасы 5 метр, 

қалған үсті таза мрамордан жасалған 

және оның сыртында символикалық 

өрнектер, жазулар жоқ. Ал біздің Айша 

бибі кесенесінің 18-ші қаланымында 

«Күз, бұлттар, дүние ғажайып» деген 

арабтың  куфа  жазуымен  жазылған 

сөздер бар. Гид соны білуі керек! Неге 

ол жазу кесененің 18-ші қаланымында 

жазылған? Өйткені Айша бибі өмірден 

өткенде 18 жаста болған. Кесененің 

ұшарбасына  неге  ашылмаған  гүлді 

қойған?  Себебі  он  сегізден  бір  гүлі 

ашылмаған  ару  еді.  Әр  символдың 

өзіндік сыры, астары бар. Ал қалған ою-

өрнектер сол кездегі даланың, халықтың 

наным-сенімі,  пайымы,  сұлулықты, 

әсемдікті сезіне білу қасиетін көрсетіп 

тұр. Гид осының барлығын және жер 

бетіндегі барлық жәдігерлерден хабар-

дар болуы керек. Ал облыс бойынша                                          

«ЭКСПО-2017» маршрутында келесі 

жылы көктемнен бастап жазға дейін 

жол  жөндеу  жұмыстары  аяқталып 

жатса,  Баласағұн  қаласы,  Ақыртас, 

Айша бибі, Қарахан, мүмкін Тектұрмас 

кесенесі және «Ежелгі Тараз» тарихи 

мұражайы  бар.  Олардың  жанына 

туристік  инфрақұрылымға  қажетті 

киіз үйлер тігеміз. Қымыз алдырып, 

сырмақ-текеметімізді  көрсетеміз. 

Бүркітшілеріміз бар, қолөнершілеріміз 

бар,  барлығы  біркісідей  атсалысып, 

көрменің көркін асырамыз деген ой-

дамын.  Тараздың    ұлы  ерекшелігін 

айта  кетсем.  Мысалы,  мыңжылдық, 

мың жарым жылдық тарихы бар деген 

Сауран, Жанкент секілді шаһарлар бар. 

Бірақ олардың 99 пайызы қазір жай ғана 

бір ауылдың шетінде жатқан үйінді. 

Ал Тараз қаласы 2100 жылда өзінің 

тұрғындарын  ешқайда  көшірмеген. 

Қаланың ең алғашқы атауы – Тәңірғұт. 

Қандай керемет ат. Сондықтан да бо-

лар, Тараз құтты орнынан қозғалмай, 

қаншама аласапыранды басынан кешсе 

де, халық ешқайда кетпеген. Қаланың 

киелілігі осы. Қазір «ЭКСПО»-ға жан-

жақты дайындықты бастап кеттік. Енді 

Жаңа жыл мерекесінен кейін қаражат 

бөлінсе, арнайы курс ашып, тіл білетін 

алғыр  жастарды  гид  мамандығына 

оқытамыз.  Еріктілерді  шақырамыз. 

Тағы  бір  айта  кететін  мәселе,  бізде 

туризм  дамыса,  экономикаға  көмек 

болады деген түсінік бар. Бәрі дұрыс, 

бірақ барлығы мысал ретінде Малай-

зия,  Сингапур,  Бали  аралын,  Үнді 

жағалауларын, Анталияны, Египетті 

айтады. Туристер ол тарихи жерлерді 

көру үшін бармайды. Ол тек сондағы 

жағалауда шомылып, құмында демалу 

үшін  барады  ол  жерлерге.  Қасына 

зәулім  қонақ  үйлер  салып  қойған. 

Бізде де  5-6 аты бар, заты жоқ туристік 

фирмалар бар. Оларда да сондайлар 

жетеді. Олар қонақтармен келісіп, дема-

лушыларды бос уақытында тарихи жер-

лерге алып барады. Міне, әр нәрсенің 

негізіне қарау керек. Жалған ұраннан 

түк шықпайды. Біздің елде, мәселен, 

Каспий  жағалауында  сондай  үлкен 

кешендік демалыс орнын салуға бола-

ды. Ол да 63 әулиесі бар киелі жер ғой. 

Ал біздің өңірде табиғи-экологиялық 

туризм  ретінде  Мойынқұмдағы 

сексеуілдің ішінде жайран атқызып не-

месе тауларға салт атпен саятшылыққа 

шығарса, әр жерге үйлерді тігіп қойса, 

туристер де қызығушылық білдіреді 

емес  пе?  Мәселеге  осы  қырынан 

қарауымыз керек.



-  Журналистермен  болған  бір 

жиында «Археологияның іздейтіні 

алтын  емес»  деген  астары  құнды 

сөз айттыңыз. Ал бізде жұрттың 

көбі археологтардың еңбегін тапқан 

алтынға қарап бағалайтын сыңайлы.  

«Көне Тараз» тарихи кешенінен шы-

ныменен ұрпаққа қажетті қандай әрі 

қанша құндылықтар табылуда?

-  Бұл  жерден  табылып  жатқан 

дүниелер негізінен керамика. XI-XII 

ғасырларға тиесілі тұрмыстық заттар 

мен ыдыс-аяқтар. Жалпы Тараз қаласы 

10 мәдени қабаттан тұрады. Қала 1890 

жылдардан бастап кешегі  жылдарға 

дейін тоналды. Ислам діні келгеннен 

кейін біздің қазақтар бір жерді біреулер 

қазып жатса «Ойбай, көр қазып жа-

тыр» деп алыстан айналып қашатын 

болған. Ал Еуропадан келген алаяқтар, 

жалаңаяқтар талай жәдігерлерді тонап 

алып кеткен. Содан кейін Бартольд, 

Бернштам дейтін ғалымсымақтар кел-

ген. Біз осы күнге дейін солардың ай-

туымен келе жатырмыз. Өйткені біздің 

тарихи ғылым үлкен дәрежеге жеткен 

жоқ әлі. Бірнеше көне тілді біліп, көне 

жазуларды оқи алатын ғалым жоқ бізде. 

Қазір музейде 1200-ге жуық  экспонат 

тұр. Оның 99  пайызы - керамика. Алтын 

қоймасы табылды. Кішкене құмырада 

92 дана алтын-күміс, бағалы тастар-

мен безендірілген бұйымдар табылды. 

Ол сол кездегі алдыңғы толқынның 

шеберлігін көрсетеді. Мәселе алтында 

емес дейтінім сол. Біреу 1 тонна алтын 

тауып алсын. Онымен қай жыртығын 

жамайды? Тапқаны Тараздың бір айлық 

шығынын да  көтермейді. Осыдан 2 мың 

жыл бұрынғы Тараздың орнынан тит-

тей ғана құмыраның сынығы табылуы 

мүмкін. Ал ол табылса, бүкіл әлемдік 

сенсация болады. Ең бастысы, осы. 

Ал тарихи сұрақтарға жауап беретін 

жәдігерлер әлі қолымызға түскен жоқ. 

Қазір археологтар төмен түсіп келе жа-

тыр. Жалпы тарихта біздің шаһарымыз 

24 жыл үздіксіз қазылған. Сонау 1890 

жылдардан бастап, кешегі 2005-2006 

жылдарға дейін қазылып келген. Ал 

одан  не  шықты,  барлығы  белгісіз. 

Өзімізде жүріп жатқан негізгі архео-

логия тек былтыр басталды. Соның 

өзінде 1200 жәдігер табылып отыр. 

Топырақтың өзі көп нәрсені айтады. Тек 

жұмыс аса мұқият жасалу керек. Қазір 

дағдарыс. Қаржы тапшылығы деген 

мәселелер етектен тартып отыр. Егер 

жұмыс былтырғы қарқынмен жүргенде, 

биыл кемінде тағы да бір гектар жер 

ашылатын  еді.  Қазір  тек  жаппаның 

астындағы жерден төмен түсіп келе 

жатырмыз. Ол менің өз талабым еді. 

«Қоқан дәуірінің қалдықтарын қаза бер-

мей, Тараз шаһарының екі мыңжылдық 

тарихынан хабар беретін бір түйме бол-

са да аршып алыңдар» деп, су тимейтін 

жаппаның астын қазуды тапсырдым.                              



- Ширек ғасырда шаңырағы биіктен 

көрінген қазақстандықтарға, 2100 

жыл  бойы  қарт  шаһарын  қимай, 

қайта  керегесін  кеңейтіп,  төрін 

паналаған  тараздықтарға  не 

айтарыңыз бар? 

-  25  жылда  қазақ  елі  тәуелсіздік 

шапағатымен  ғұмыр  кешіп,  осын-

шама  жетістіктерге  қолы  жетті. 

Мемлекетіміз адам танымастай болып 

өзгерді. Өзінің жер байлығына, адами 

қасиеттерінің  байлығына  лайықты 

бейбіт ғұмыр кешіп, тұрмыс жоғары 

деңгейге көтерілді. Осының барлығы- 

тәуелсіздіктің  арқасы.  Қасиетті 

Отанымызды  мекендейтін  барлық 

халқымыздың бейбіт өмірі, бүгінгі жа-

расымы баянды болғай.  Қазақ елі бір 

жақсы іс істесе, оны көретін көз берсін 

Жаратқан иеміз. Қазақ елінің атынан бір 

жақсы сөз айтылса, оны еститін құлақ 

берсін. Ең бастысы – тәуелсіздік. Одан 

кейін келісім, достық және адал еңбек. 

Сонда ғана Ұлы Даланы мекендеген 

Мәңгілік Еліміз  мәңгіліктерге қадам 

баса беретін болады. 

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан нұржан 

СЕРІКХАнҰЛы.

Тәкен МоЛдАҚынов:

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының 

директоры, белгілі тарихшы:


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №47 (1335), 23 қараша  2016 Жыл  //

КөКЖиеК


7

Бейбарыс  -  Жамбыл  ауданы,  «Ақ 

бұлым» ауылының Баймырза Беспаев 

атындағы  орта  мектебінің  7-сынып 

оқушысы. Ол бұрын-соңды ешқандай 

кейіпкердің  рөлін  сомдап  көрмепті. 

Спорттық секцияларға қатысып, сабағын 

үздік  оқуды  ғана  мақсат  тұтқан  бала 

Қапшағай қаласындағы лагерьге жолдама 

алады.


-  Мектепті жақсы оқығандығым үшін 

Қапшағай  қаласындағы  «Балдәурен» 

лагеріне    жолдама  берді.  Лагерьде 

жүргенде, сол жерге кино түсіруге бір 

топ кино саласының мамандары келді. 

Сөйтіп,  көзге  түскен  белсенді  деген 

он шақты баланы директор шақырып, 

түрлі рөлдің сөздерін қолымызға беріп, 

оқытып, тыңдап отырды.  Сөйтіп, мені 

басты  рөлдегі  Ерназ  есімді  баланың  

рөліне  алатындықтарын  айтты.  Шы-

нымды айтсам, дәл сол сәтте фильмге 

ертерек түсуді ғана ойладым. Сөзімізді 

жаттай бастадық. Киноға түсуді жеңіл 

көріп, қатты қателесіппін. Мысалы, менің 

кейіпкерімнің фильмде құлайтын жері 

бар. Құлағаным шынайы шықпай, он рет 

түсірдік. Тағы бір эпизодта жүгіріп келіп, 

ентіге сөйлеуім қажет болды. Сол сәтте 

де сөздерім дұрыс шықпай қиналдым. Бір 

сөзді қайта-қайта қайталап, бір қимылды 

қайта-қайта көрсету расында ауыр екенін 

фильмге түсу барысында ғана түсіндім, - 

деді Бейбарыс. 

Фильм көп сериялы. Тек әр сериясының 

эпизодтары сан түрлі. Қазақстанның әр 

қаласынан «Балдәурен» лагеріне жолда-

ма алған балалар арасынан басты рөлді 

сомдау тараздық Бейбарысқа бұйырғаны  

сәттілік еді.  Ол өзіне лагерьдегі барша 

баланың қызыға қарап тұрғанын сезіп, 

барын салып бақты. Бүгінде киноға түсіп, 

танымал бола бастаған ұлдың соңынан 

ауыл балалары ілесе жүгіріп, қызық көріп, 

«Ерназ» деп атайтын көрінеді. Киноға 

түсу барысында қуанған ұл фильм экран-

нан жүрген сәтте бойын ыңғайсыздық 

билегенін айтады. Бұрын дзюдо, футбол 

сынды спорт түрімен шұғылданған бала 

бүгінде барлық үйірмеден бас тартыпты.

- Үйірмелерге қатысу менің біліміме 

кедергі келтірді. Сабағымды үздікпен 

аяқтап, жақсы оқуға мүмкіндігім болуы 

үшін байқаулардан бас тартуға тура келді. 

Қазір тек қана білімге көңіл бөліп жүрмін. 

Есейгенде  компьютердің  қыр-сырын 

меңгерген маман болғым келеді, - деді 

Бейбарыс. 



Бейбарыс ӘЛІШ, 

«Тағдыр тартысы» фильмінің 

«Тоғысқан тағдыр» сериясында 

басты рөлді сомдады. 12  жаста.

нұрай нАУРызБАЙ ,

«Тәуелсіз  елдің  таланттары»  респу-

бликалық ән-би  жасөспірімдер  мен балалар 

байқауының «Көркемсөз» номинациясы 

бойынша I дәрежелі диплом иегері. 11 жаста.

 

„

Бала кемеңгерлікті уақытпен қабылдайды, ақылы мезгілмен өлшенеді 



десеңіз қателесіз. Сәбидің жасандылықтан ада, шынайы әлеміне үңіліп, 

қабілетіне, қалауына назар аударып, көңіл бөліп, кемелденуіне жағдай 

жасасаңыз, бесіктен жаңа тұрып, қаз-қаз басқан қадамына өз қолыңызбен 

гүл ектім деп ойлай беріңіз.  тәуелсіз елдің дарынды бүлдіршіндері талай 

елде тараздың атын шығарып жүргені біз үшін мақтаныш. қазақстанның 

дарынды балалары әлем рейтингі бойынша 12-орында екен.

Нұрай - балабақшада жүргенінде-ақ 

көзге түсіп, көптің жүрегін баулаған қыз. 

Ол бүгінде мектепішілік, мектепаралық 

көптеген байқаулардың жүлдегері. Мек-

тепте  математика  пәні,  сурет  сабағы, 

әдебиет пәндері бойынша жарыстарға 

қатысады. Өнерден де құралақан емес. 

Оған  дәлел  -  ән  салып,  би  билеуден 

алдына  жан  салмайтын  Нұрайдың 

байқауларда  өзгелерден  оқ  бойы  оза 

шауып келетіндігі. Ол  киелі сахнаның 

әрбір сәтін сезініп, әрбір секундынан 

жаны нұрға малынып жүреді. 

-    Ақын  өзінің  ойын,  ішкі  сезімін, 

көңіл-күйін өлеңмен жеткізеді. Ал өлең 

ақынның өмірін білдіреді. Негізі әрбір 

өлең тікелей адамның өзімен байланыс-

ты,  -  деп  үлкендерше  ой  түйіп,  ойға 

шомды сегіз жасар Нұрай өлең туралы. 

Жыр  десе  жанарында  от  жанып, 

жасын ойнап кететіні байқалды. Оның 

көздерінен поэзия әлеміне деген шексіз 

махаббатын айтқызбай-ақ көруге бола-

ды. Нұрайды әдебиетке тартып тұратын 

тылсым күшінің тамшыдай сыры әжесі 

Сейсекүл Исматова мен анасы Айнұрдан 

дарыса керек. Қызының бұрымын жыр-

мен өріп, бұрынғысы мен бүгінін жырмен 

жеткізуге тырысқан қос ана да барша  

ақындардың өлеңдерінен ізгілік іздеп, 

жылынып жүретін жандар.

- Енем әдебиет десе ішкен асын жерге 

қояды. Мен де студенттік жылдары сал-

танатты кештер, әдеби орта, тағы басқа 

да кез келген іс-шараны жүргізетінмін. 

Ән салатынмын. Бүгінде отбасын құрып, 

ана бақытын сезінген аяулы жармын. 

Көңіл  түкпірінде  киелі  сахнаның 

төрін сағынатын сәттер болып тұрады.                                                                             

Дегенмен  қасиет  қонған  сахнаның 

ұранын  ұрпағымыздың жалғайтынына 

сенемін, - деді Нұрайдың анасы Алтынай.  

-Мен  байқауда  ақын  Күләш 

Ахметованың  «Сен  қазақсың»  және 

Мұқағали  Мақатаевтың  «Бақыт»  де-

ген    өлеңдерін  оқыдым.  Бас  жүлдені 

мүмкіндігі шектеулі қыз алды. Оның өлең 

жаттап, сахнаға шыққанының өзін ерлік 

деп ойлаймын. І дәрежелі дипломмен ма-

рапатталдым. Ақындар Күләш Ахметова 

мен Маралтай Райымбекұлымен кездесіп, 

өлең  оқып  бердім.  Күләш  апай  мен                                                                                 

Маралтай аға өз кітаптарын ұсынып,  ақ 

батасын арнап, тілеулестігін білдірді, - 

деді Нұрай. Осы сәт «Ақын деген кім? 

Өлең деген не?»  деген сұрақтың орайы 

жетіп,  жас  бүлдіршіннің  жүрегінен 

шыққан жылы сөздерге құлақ түрдік.

-  Әрбір  адам  ақын  бола  бермейді. 

Өлеңге деген бейімділігі жоқ адам ақын 

бола алмайды. Әдебиеттерді оқымаған 

адам ешқашан ақын болған емес. Көп 

кітап  оқып,  білімге  құштар  болсаңыз  

ғана нағыз ақынға айналасыз, - дейді 

Нұрай.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет