Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер»романындағы Еламан бейнесі. «Қан мен терде»

бет1/4
Дата03.11.2023
өлшемі25,25 Kb.
#122017
  1   2   3   4
Байланысты:
толеубаева срсп

  1. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»романындағы Еламан бейнесі.

1. «Қан мен терде» – ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылы, революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, революция рухымен ояна бастаған, таптық күреске аттана бастаған қазақ халқы.
Міне осынау дәуірдің әдебиетте көркем суретін салмақшы болған Нұрпейісов неге иек артып, нені үлгі тұту керек еді. Осы жерде алдымен бір кездегі жас Михаил Шолохов еске түседі. Ол өзінің «Тыныќ Дон» секілді ұлы туындысына кірерде, оның көз алдына эпопеяның ең керемет үлгісі ретінде Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы тұрғаны тәрізді, жас Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясына кірісерде, көз алдына тарихи – революциялық эпопеяның оңды үлгісі ретінде Михаил Шолоховтың ұлы туындысы «Тынық Дон» тұруы және сол үлгіні Нұрпейісовтің ақылымен де, жүрегімен де қабылдап өнеге тұтуы бақыт боп табылған.
«Тынық Донның» қаһарманы –Дон казагі Григорий Мелехов, «Қан мен тердің» қаһарманы – балықшы Еламан. Оларды туыстастыратын – тағдыр. Екеуі де шырғалаңнан шындық іздеп шарқ ұрушылар, екеуі де халық ортасынан шыққандар. Бірақ бірін-бірі қайталау емес. Әрқайсысы өзді-өзі.

Еламан образын жасарда Нұрпейісов Шолоховтың Григорий Мелеховына көз тікті ме екен. Меніңше сөз жоқ, сөйткен. Шолоховтың құдіретті күші Мелехов секілді әрі айрықша дара, әрі сонымен бірге жалпы адам жаратылысына тән үздік характерлі образ жасауы Нұрпейісовті баурап алған жай тәрізді. Сөйтіп, Нұрпейісов Шолохов ықпалына түсіп, одан үйренуі даусыз деп білсек, енді ол ұлы суреткерден қалай үйренді деген сұрақ туады. Бұл сұраққа Шолохов Лев Толстойдан қалай үйренсе, Нұрпейісов Шолоховтан солай үйренді деп жауап беруге тура келеді.
Нұрпейісов өзінің шыѓармашылыќ оқу, үйрену, іздену жолында адам характерінің диалектикасын Шолоховша тануды, бала кезден туасы пайда болған характер қырларының келе-келе әлеуметтік ортамен, революция мен азамат соғысы тұсында түп-түбірімен қопарылған халық өмірімен тоғысқан күрделі күйін Шолоховша суреттеуді үйренді демекпіз. Шынында да Нұрпейісов геройының жанына Шолоховша үңіледі, оның геройы манекен емес, қатып семген қалып емес, өзгеріп отыратын, құбылып, құлпырып отыратын, көбіне қайшылығы мол динамикалы характер.
Нұрпейісовтың Еламаны Шолоховтың Григорий Мелеховына қаншама ұқсас болғанмен, ол кәдімгі байырғы қазақы образ өзі кедей, сауатсыз, батырлығы да, жауынгерлігі де жоқ айрықша ақыл таланты да жоқ, қарапайым жігіт. Басынан қаншама қайғы – қасірет, аштық, қорлық жағдай өткізсе де, ол көпке шейін айнала дүниеде не болып жатқанын, өзінің неге бақытсыз екенін, тағдырының неліктен сонша қатал екенін түсіне бермейді.
Еламан образы – типтенген жиындық образ. Еламан сықылды көңіл көзі болатын-ды. Тәңірберген, Кәлен, Ақбала образдары да шындыққа сай көркем дәлелдемемен, психологиялық тереңдікпен Шолоховша мінезделген. Мұның сыры неде? Мұның сыры Шолохов шеберлігінің құпия сырын терең түсінуде. Және дисертатсиясында былай деген Еламанды жазушы кезінде "Еламан бойындағы қасиеттердің көпшілігі өзіне ұқсас екендігі айтқан болатын”.
Нұрпейісов ұстазынан не үйренді дегенде алдымен айтар сөзі: социалистік реализм әдісінің маңызды кілтифатыын үйренді деу. өз әл-қадарынша Нұрпейісов геройларын Шолоховша суреттеуге тырысады, бірақ Шолохов геройларының көшірмесі дерлік онда біреуі де жоқ. «Қан мен тер» геройлары – кәдігулі қазақтар, малшылар, балықшылар, Нұрпейісовтің жерлестері, ағайын – жұрты.
Бұрынғы кезде романдағы дағдылы әдетпен ескі мен жаңаның күресі деп талдаған. Бұл романдаа да Еламанды революционер, Тәңірбергенді үстем таптың өкілі деп көрсеткен.Қазақ әдебиеттерде күрделі бейнелер көп, олар: Құнанбай, шілік, Итбай, Итбай, Шәкен және Тәңірберген бейнелері. Бұлардың бәрі сәтті шыққан образдар. Мәселен, «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай орбазына келсек, ол өте күрделі жасалған сом характер. Оның типтілігі, жинақтылығы, даралық қасиеттерінің қайталанбас ерекшелігі шүбә келтірмейді. Көркемдік кемелдігі жағынан Ќұнанбай образы қазақ жазушыларының шығармашылығында бұрын-соңды кездесетін ескі әлеуметтік құрылыс туғызған ұнамсыз кейіпкерлердің қатарында, әсіресе еліміздегі халыққа қарсы қара күш иелері тұлғаларының арасында теңдесі жоқ үздік образ. Бұл кесек тұлғаның бұралаң қалтарысы көп. Қаталдық пен қатыгездіктің, зұлымдық пен зымияндықтың рухын бойына жиған Құнанбай, ұрда - жық алаңғасар, күйкі мінезді, күйгелек жан емес, ол өзінің таптық тұрғысында табанды да құретті. Айласы мол залым, мейірімсіз, қаныпезер.

  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет