Әбілқайыр хандығы (1428 – 1468 жж.)



Дата18.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#51109

Шалкиіз жырау

Орындаған: Нұрмахамбет Ұлан


Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Ұлы Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді.

Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары. Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады

  • Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары. Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады

Есіміне қатысты деректер

  • Шалкиіз жыраудың есіміне қатысты айтылғанда, «Шалгез», «Шәлгез» түрінде келетінін көреміз. Жалпы қазақта «шәлгез», «шәргез», «шалкес» деген сөздің «асау» деген мағынасы бар екенін де ескерсек, Шалкиіз жыраудың шығармашылығынан байқалатын арындылық, асаулық сарынға бола, өз заманында солай лақап атқа ие болған болуы да мүмкін деп болжауға негіз бар. Шалкиіз жыраудың өмір сүрген уақыты – Ұлы Далада көшпенді халықтар құрған қуатты феодалдық мемлекеттердің дәуірлеп тұрған шақ болатын.

Шалкиіз жыраудың алты жүзден аса өлең шумақтары жеткен. Жырау шығармаларында біршама тарихи адамдардың есімі аталады. Солардың бірі – Би Темір.

Шалкиіз жыраудың алты жүзден аса өлең шумақтары жеткен. Жырау шығармаларында біршама тарихи адамдардың есімі аталады. Солардың бірі – Би Темір.

  • Шалкиіз жыраудың айтқаны дейтін туындылар қазақ, ноғайлы әдебиетінде баршылық. Солардың ішінде «Шәлгез жыраудың айтқаны» атты көлемді толғау жыр бар. Шаликіз – тек ел алдында жыр толғаған ақын ғана емес, найза ұстаған батыр да болған адам екені осы толғаудан анық аңғарылады. Жырдың мазмұны бойынша, ноғайлының он батыры қалмақтан жылқы қуады. Келе жатқан жолында соңдарынан қалмақтың мол санды қолы қуып жетуге айналады. Осы кезде тоғыз жолдасын ілгері оздырып жіберген Шалкиіз батыр қалмақтарға жалғыз қарсы қарап қасқайып тұрады. Қалмақтар шапқылап жеткенде оларға тек өзінің ғана мұнда қалуын алдағы кетіп бара жатқан тоғыздың өзінің күш-айласына сенгендігімен түсіндіреді

Шалкиіз жыраудың шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер соңғы кезеңдерде жиі жарияланып жүр. Олардың көбінде Шалкиіздің тарихи тұлғасын қазақ пен ноғай халықтарына ортақ қарастыру қажеттігі туралы пікірлер жиі көтеріледі.

  • Шалкиіз жыраудың шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер соңғы кезеңдерде жиі жарияланып жүр. Олардың көбінде Шалкиіздің тарихи тұлғасын қазақ пен ноғай халықтарына ортақ қарастыру қажеттігі туралы пікірлер жиі көтеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет