Тақырыбы: Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Сабақтың мақсаты: 1.Қазақ халқының басынан өткен оқиғаларға тоқталу, Ұлы Отан соғысы туралы, адамдардың еңбегі жайлы , батырлардың ерлік істері туралы түсінік беру.
2.Өз еліне деген мақтаныш сезімін дамыту.Көркем сөздерді өлеңдерді оқи отырып тілдерін, сөздік қорларын дамыту.
3.Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптасыра отырып, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, батырлардың суреттері, шарлармен, гүлдермен безендірілді.
Сабақтың барысы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. (слайд Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері)
Жүргізуші: -Өмір өзі мінбесінен сөз берді,
Тебірентіп толғанатын кез келді.
Қан төгісті көрсек те кешегі,
Айтамыз біз естігенді сезгенді.
-Соғыс берді аналарға жесірлік,
Дей алмаймыз "Санамыздан өшірдік"
Боздақтардың қаны судай төгілген
41-де көрмеді жұрт не сұмдық?
Жүргізуші: Бүгін біз Сарыағаш қаласының тұрғыны, соғыс ардагері Сүлеймен Шаменов атамыз қонаққа келіп отыр. 3а сынып оқушыларының «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа - ұран» тақырыбындағы тәрбие сағатын тамашалайды. Сабақ соңында ардагер атамыздың соғыс кезіндегі ерліктері, естеліктері жайлы сыр – сұхбат жүргіземіз.
1-оқушы.1-слайд(Партизан туралы)
Партизан тау мен таста жатып бұққан,
Жауларын кез-келгенде атып жыққан.
Бір жанын құрбан етіп Отанына
Батырлар тайсалмаған жауған оқтан.
Партизан Тоқтағам, Әди, Қасым.
Тиіпті атқан оғы жауға басым ,
Еліне жеңіспенен аман келген,
Батырлар ұзын болсын өмір жасың.
Өмірде нәрсе барма ұмытылмайтын,
Шайнамай жеген асың жұтылмайтын.
Елімнің жан аямас батырлары
Алдынан қашқан жауы құтылмайтын.
2-оқушы.2-слайд(Б.Момышұлының суреттері)
Мың құбылып тұрсадағы бар маңы
Адамзатты алға бастар ар заңы.
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан
Туа біткен туралықтың тарланы.
Әрбір сөзі жас ұрпаққа тағылым
Бойға жиған ақылы мен сабырын.
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын
Жауынгерді айналдырып құрышқа
Тайсалмастан талай кірген ұрысқа.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Жалғандық пен Ақиқаттың туындай.
Мың қылышты от қайраққа-жаныған
Туған жерді өз үйім деп таныған.
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған.
3-оқушы. 3-слайд(Әлия Молдағұлованың суреттері,үзінді кино)
Даламыздың даңқысың
Балауса гүл-балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан,
Сенің алтын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан.
Бірге соқсын дүрсілдеп,
Туған жермен жүрегің.
Ауасында жүрсің сен-
Әнге қосып жүр елің.
Ән: “Әлия”
4-оқушы. Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар,наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып
Ардагерлер азайып барасыңдар.
5-оқушы: Соғыс деген залалы ғой заманның,
Соғыс деген қайғысы ғой адамның.
Қара тұман құлы болған көк аспан,
Соғыс деген қарғысы ғой даламның.
Соғыс десе түршігеді жанымыз,
Дұшпан десе қайнайды ғой қанымыз.
Ал мен болсам адамзатқа тіледім
Шырқалсын деп бейбіт әніміз.
Би:”Сарбаздар ” ұлдар тобы.
6-оқушы: Елді қорғауға қанға сіңген қасиет
Бабалардан ұрпақтарға өсиет
Отан үшін қанын төккен ерлерге
Бүкіл халық құрмет жасап бас иеді.
7-оқушы: Бейбіт күн мәңгі антымыз,
Достықта жасау салтымыз.
Қарумен емес ақылмен
Шешіпті жауды халқымыз.
8-оқушы: Тыныштығын қорғап ана баланың
Гүлге оранған бейбіт қала даланың
Табиғатын,туған жерін аймалап
Ұландардың тұр дайындап жарағын.
Күй: ”Көңіл толқыны”
9-оқушы: Соғыс десе қатуланам,қиналам,
Рас,оны көрдік біздер кинодан.
Оққа оранып от кешкен арыстардың
Арқасында аман қалды бұл ғалам.
Сахналық көрініс:“Соғысқа аттанған жауынгер”
Би: “Вальс”
Жүргізуші:-Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.Кешегі бойына ерлікпен,жігер тұнған жауынгер,бүгінгі ел құрметіне бөленген ардагерлер.Ардагерлер Жеңіс күнін жақындатты.Бүгінгі бейбіт өмір соның дәлелі емес пе?
-Қазақстан бүгін міне,достықтың туын тіккен жер!
-Мәуелі бақтай жемісін шашып көп ұлтты.
-Қазақстанның бүгінде еңсесі биік,көңілі көтеріңкі,қадамы мығым!
-Қазақстан мәңгілік ел!
Қорытынды: «Жұртым деп жұмылып,
Елім деп езіліп қызмет ет»
Б. Момышұлы.