Әбу Насыр әл-Фараби толық аты Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби ат-Түрки



Дата09.10.2022
өлшемі19,8 Kb.
#42066

Дильяра:
Отырардан шыққан тоғызға жуық Фарабилердің ішіндегі жарық жұлдызы – Әбу Насыр әл-Фараби (толық аты - Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби ат-Түрки, 870-950) – Отырар қаласының (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы) жанындағы Оқсыз (Уасидж) қаласында туып өскен. Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Бүгінгі таңда Әл-Фарабидің мұрасы жүйелі зерттеліп, ана тілімізде жарық көруде. Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық, математикалық, ғылыми жаратылыстану, музыка саласындағы еңбектерін қазақстандық фарабтанушы ғалымдар зерттеуде. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы мұсылмандық философия ғана емес, Еуропадағы ортағасырлық және кейінгі философиялық ой-сананың өрлеуіне зор ықпал етті. Ислам өркениеті аясында араб, парсы, түркі жұртының өкілдері жемісті еңбек етіп, мұсылмандық философия мен мәдениеттің озық туындыларын дүниеге әкелді. Әл-Фарабидің мұрасы ислам өркениеті мен түркі дүниесіне ортақ рухани мұра.Әл-Фарабидің туған жері – Отырар өркениеті ежелгі сақ-үйсін дәуірінен бастап әлеуметтік және мәдени дамудың аймағы болған. Отырар қаласы және оның аймақтары қалалық және көшпелі өркениеттердің өзара тоғысқан жері болды. Себебі, ислам діні қалалық мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. «Мәдениет» сөзінің түп-төркіні «қалалық» деген мағынаны береді.Отырарлық ұлы ғалым, ойшыл, кемеңгер Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) мұрасы сан қырлы. Ғалымның мазмұнға бай жазба мұрасы алдымен қолжазба күйінде әлемге таралса, олардың кейбірі ортағасырлық араб тілді библиографиялық дереккөздерде еске алынып, кейбірі ғылымға латын және иврит тілдеріне аудармалары арқылы жетіп жатты. Кейін баспа ісі өмірге келуімен бірге, Батыс­та ХІХ ғасырдың соңын ала, Шығыста ХХ ғасырдың басында ғалым трактаттарының мәтіндері мен аудармаларының алғашқы нұсқаларымен қатар, оның шығармашылығы жайлы зерттеу еңбектер де басылып шыға бастады. Ғылым тарихында Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен қолжазба мұрасы жайлы ең алғашқы деректанулық және библиографиялық сипаттағы еңбектер ортағасырлық араб тілді дереккөздер болып есептеледі.
Қазіргі таңда Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінің тізіміне қатысты ең көп таралған сан – жүз елу (150) мен екі жүздің (200) арасын құрап отыр. Ал, шын мәнінде, Отырарлық бабамыздың жазба мұрасының саны бұдан да көп болуы әбден ықтимал. Себебі, оның құнды жазбаларының біразы жоғалып, біздің заманымызға дейін жетпеді. Кейбірі әлі күнге дейін бізге беймәлім әртүрлі жеке, мемлекеттік мұрағаттарда, музейлерде, кітапханаларда т.б. жерлерде сақтаулы.
Ақжан:Қазақстанда әл-Фараби мұралары жаңғыртылып, трактаттары қайта басып шығарылады. Бұл істі әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығы мен халықаралық Абай клубы бірлесе қолға алып отыр. Осы аса құнды еңбектердің қайта оралуы жас ұрпақ үшін ғұлама мұраларын танып-білуде үлкен септігін тигізері анық дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаев.Жақыпбек Алтаевтың айтуынша, елімізде әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары ХХ ғ. 60-70 жылдарынан басталып, Қазақстан фарабитанудың әлемдегі ең үлкен орталықтарының біріне айналды дейді. Негізгі ұйытқысы, мұраларын тұңғыш іздеуші, аударушы, мәселені көтеруші ретінде А.Машани мен А.Көбесов есімдері аталады.«Қазақстандық ғалымдардың отандық фарабитануға қосқан үлесіне тоқталатын болсақ, белгілі фарабитанушылардың бастауымен әл-Фарабидің еңбектері қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. А.Х.Қасымжанов үйлестірген «Философия тарихы жəне Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар» бөлімі жанынан құрылған шығармашылық топта И.О.Мұхаммед (Иран), европа тілдерінің маманы Б.Я. Ошерович, шығыс математикасының маманы А.Қ. Көбесов, арабтанушылар А.С. Иванов, К.Х.Таджикова, Н. Караев сынды ғалымдар болды, сонымен қатар мəскеулік арабтанушылар Б.Г. Ғафуров және А.В. Сагадеевпен байланыстар орнатылды», - дейді профессор.Әл-Фараби еңбектері күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Оның мемлекет басқару жөніндегі тұжырымдары қазіргі жаһандану аясындағы қоғамымыз үшін өте маңызды дейді Жақыпбек Алтаев. Ұлы ғалымның 1150 жылдық мерейтойы аясында қазақ ғалымдарының алдыңғы шоғыры бастап кеткен фарабитану ілімі заңды жалғасын тауып, жаңа ғалымдар есімін елге танытады деп сенеміз дейді профессор.«Әл-Фараби мерейтойын атап өтудің басты мақсаты: ғалымның мұрасын зерделеуге жаңа серпін беру, әлем тарихындағы оның рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау», – деді Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын ресми түрде ашқан мемлекет хатшысы Қырымбек Көшербаев. Ұлы ойшылдың мерейтойы аясында әлемнің бірнеше елінде, Қазақстаннан өзге Париж, Италия, Иордания, Түркия, Қытай, Сирия сынды елдерде ғылыми конференциялар өтетінін айтты. Әрине, бұл шараның барлығы алдымен Әбу-Насыр әл-Фараби дүниеге келген Отырар жерінен басталу керек. Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы: - 1150 жылдықты мерекелеу аясында Түркістан облысында әл-Фараби мұрасын қайта жаңғырту және Отырар қаласын туристік кластер ретінде қайта қалпына келтіруге арналған іс-шаралар жүзеге асатын болады. Дамаск қаласындағы әл-Фараби мәдени тарихи орталығы мен музей үйін жетілдіру мәселесі қолға алынады. Сол орталықтың негізінде тәуелсіз Қазақстанның бас консулдығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филиалы құрылатын болады. Сондай-ақ жақын күндері «Әл-Фараби ізімен» деп аталатын ғылыми экспедиция жұмысын бастайды.
Салтанат:
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге кұт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Ренат:
"Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды. Құтты білік" поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген.Жүсіп Баласағұн еңбектерінің 92%-ы ел басқаруға арналған.Күллі түркі жұртына ортақ ғұлама ойшыл, ақын, ғалым, саясаткер Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» кітабын жас ғалым Бекарыс Нұриман ана тілімізде қайта аударып шықты. 200 беттік кітаптың қанша тиражбен таратылатыны әзірге белгісіз. Баспадан «Құтты билік» атауымен шығатын кітаптың алғашқы нұсқасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танысқан.Жас ғалым осыдан 10 ғасырдан астам уақыт бұрын қазақ жерінде өмір сүрген ғұламаның еңбектері өз деңгейіне насихатталып жатқан жоқ деп санайды. Жұрттың түсінігінде «Құтадғу білік» орта ғасырдағы философиялық еңбек деп қана бағаланады. Шындығында, әлемнің бірнеше тіліне аударылған кітапта негізінен, ел басқаруға бағытталған жазбалар басым. Алайда, кеңестік идеология, көшпенділерде мемлекет басқару институты қалыптасқанын жоққа шығару мақсатында оны теріс насихаттаған.Ғалымның сөзінше, Жүсіп Баласағұнның еңбегі жаппай насихатталып жатыр деуге келмейді. Бұрынғы қалыптасқан көзқарастан арылып, жазбаларын жете түсіну үшін кең көлемде зерттеу жүргізіліп, еркін насихатталу қажет. Түркі әлеміне ортақ тұлғаның еңбегін алдымен билік адамдарының білгені лазым. Ғалым мемлекеттік қызметкерлерді дайындауда Жүсіп Баласағұнның еңбегін, яғни төл мұрамызды оқытудың әлі ескерілмей жатқанын айтады. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы араб графикасымен жазылған Баласағұнның еңбегін қазақша үш жылдан артық зерттеп, тәржімалап шыққан. Ана тілімізде сөйлеген Баласағұнның еңбектері баспадан Түркияның қаражаты арқылы жарық көрмек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет