Әбу Насыр Әл-Фараби



Дата18.03.2023
өлшемі1,07 Mb.
#75335
түріӨмірбаяны

Әбу Насыр Әл-Фараби

Дайындаған: БЖП-21 тобының студенті Хабибуллина Альбина

Жоспар:


Ғұламаның өмірбаяны
Ғалымның еңбектері
Ғұламаның діни ілімі
Қорытынды

Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірбаяны:

  • Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді.Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды.

Ғалымның еңбектері:

  • Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі.Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды.Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады.

Ғұламаның діни ілімі :

  • Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Сол еңбектерінің ішінде дінге де тоқталып өткен болатын. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өзінің «Философияның дінге қатысы» атты еңбегін «Мейірімді, мейірман Алла үшін…» деген сөздермен бастауы да бекер емес. Әл-Фараби философия мен дінді салыстыра келе философияның әмбебап, ал, діннің ұлыс пен қоғамдарға қарай өзгеретіндігін айтады.

Профессор А. Ж. Машанов әл-Фараби Құранды да касиетті діни кітап деп қараумен қатар, оның көптеген қағидаларының ғылыми негіздерін көре білді, математикалық есебін шығарды, құнды ғылыми жетістік деп білді, өркениетімізге енген үлкен даналық үлес деп түсіндірді. Сонымен қатар әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгі ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгі ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері» шығармаларында баяндайды.

Фарабидің өз дәуіріндегі атқарған ең маңызды қызметі – дін мен философия арасына көпір салып, оны пайғамбарлық (нубувват) және философиялық түсінікке негіздей отырып анықтама бергендігінде. Оның пікірінше, нағыз философ пен пайғамбар арасында ешқандай айырмашылық жоқ

Әрқайсысының мақсаты – адамдардың бұл дүние мен о дүниедегі бақытқа қол жеткізуіне көмектесу.

  • Әл-Фарабидің пікірінше, бойында пайғамбарлық пен философ болу қасиеті бар адам ең кемеңгер басшы саналады. Ал, бұл қасиеттер Мұхаммед пайғамбардың бойында бар. Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарды «Бірінші басшы» деп есептеген.

Ислам философиясындағы ойшылдарымыздың Құдай туралы таным-түсінігінің өзіндік ерекшеліктері болғандығын көруге болады. Бұл ерекшелік танымдық, методологиялық және психологиялық негіздерге сүйенеді. Міне, түркі ислам философиясы тарихындағы Фарабидің ойлау жүйесіндегі Алла туралы танымы мен түсіндірмесінде эклектизм бар. Оның себебі де қарапайым. Екеуі де Құрандағы Алланың танымы мен Аристотель, Платон философиясындағы Алла түсінігін үйлестіруден туған электизм.


📚

Қорытынды:

  • Ислам ілімі мен Фараби мұралары төркіндес, мазмұндас болып келеді.Түйіндеп айтқанда, ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фарабидің философиялық, логикалық-гноселогиялық, әлеуметтік пікірлерімен, эстетикалық, теориялық, жаратылыстану ғылымдары салаларындағы пікірлерімен, ғылыми тұжырымдарымен жете танысу, оның дәуірін терең түсінуге мүмкіндік береді. Оның ғылыми ой-пікірлері өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық этикалық ой-пікірін және өнердің дамуына, жалпы рухани құндылықтардың дамуына әсер етіп, үлкен ықпалын тигізіп отыр. Ұлы өркениет философы Әбу-Насыр әл-Фараби рухани әлемі адамзат өркениеті мен рухани құндылықтарының биік шыңы.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет