М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы – XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсаты мен бағыты бір көптеген романға алғышарт болды. Сол романдардың бірі – С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы. Екі романның тақырыбы мен идеясы ұқсас, екеуінде де қыздардың қалың малға сатылып, олардың еркінен тыс жүрегі қаламаған адамға тұрмысқа берілуі, олардан қорлық көруі, жақсы көрген адамдарымен бақытты болу үшін үлкендердің кедергі жасауы сияқты оқиғалар баяндалады.
Әдеби сын-пікір жазу
Әдеби сын-пікір кіріспесінде автордың шығармашылығы жайлы таныстыра келіп, «М.Дулатов роман желісіне қазақ өміріндегі ең бір әлеуметтік мәні зор мәселе – әйел теңсіздігін арқау еткен. ХХ ғасыр басындағы қазақ қыздарының теңдікке ұмтылуының әдебиетіміздегі маңдай алды тақырып болып табылуы тек қана әйел тағдыры емес, рухани теңдікке, бостандыққа ұмтылған қазақ ұлтының күрескерлік болмысын танытумен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда «Бақытсыз Жамал» азаттық идеясын басты ұстанымға айналдырған роман саналады» деп романның маңыздылығына қарай көшкен дұрыс.
Жазушы шығармасының маңызы жайлы толығырақ негізгі бөлімде талқыланады: «Сондықтан да, қазақтың алғашқы романында Жамал тағдыры жалаң алынбай, қазақ өмірінің сан қыры әлеуметтік мәселелерімен көмкеріле, сабақтастырыла суреттелген. Романда өз тұсындағы реалистік өмір шындығы молынан көрініс тауып, рухы биік, бостандық сүйгіш жандар бейнесі сомдалған. Өмір-тағдыры романға тірек болған Жамал – көптің бірі емес, қазақ қыздарының басындағы қайғылы халін ұғына білген, өз тағдырына араша түсуге дайындығы мол, санасы жетілген қазақ қызы».
Айтылған ойларға пікір білдіре келе, қорытындыда «Өмірдің ащысын көп көрген Жамалдың ақтық демі таусылды. Бірақ Жамалдың өз бақыты жолындағы күресте қаза табуы кейінгі қазақ қыздарын ойландырмай қоймасына кім кепіл? Ендеше ол – ерлік рухын сеуіп кеткен, өмірден қаншама қиянат көрсе де, сүйгеніне адал болып, қиындыққа мойынсұнбай кеткен қайсар жан. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының ең басты жетістігі де осы Жамал бейнесінің толыққанды жасалуы десек те болады» деп ойды түйіндеген абзал.
Екі шығармаға ортақ тақырыпты анықта.
М.Дулатов, «Бақытсыз Жамал»
|
Ортақ тақырып
|
С.Торайғыров, «Қамар сұлу»
|
Сыртым сау, ішім түтін қапалықта,
Бұл күнде көңілім жүдеу, қасіретім мол.
Тереңге түсіп кетем, ұстар тал жоқ,
Бір алла, жалғыз өзің жәрдемші бол!
|
|
Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар,
Амалсыз бәріне де көнген Қамар.
Айдай әлем аузының суын құртып,
Арманда арсыздардан өлген Қамар.
Құдайға бүгін алса арманым жоқ.
|
Тақырыптар:
Тапсырма:
Шығарма бойынша Сыни пікір жазуда қажет сөйлемдерді көрсет
А.«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры.
Б.XX ғасырдың басындағы әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосқан қаламгер және қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан кайраткер Міржақып Дулатов бұрынғы Торғай облысының, Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген.
В.М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы – қазақ прозасындағы ең алғашқы кесек те күрделі туынды.
Тарихи құндылық болып саналатын үзіндіні тап:
А.Жамалдың бұл қасіреттерін көбейтуге себеп болған Жұманның жамандығынан құрбы арасында күлкі болған істері еді.
Б.Сәрсенбай ешбір ғылым оқымаған момын, мал баққан кісі еді. Атасынан артық дәулет қалмаса да, берірек келген соң малы да жақсы болып, жылқысы жүзден асып, екі жүз, үш жүздеп қой да бітіп, қатардағы малды үйінің біріне қосылып еді.
В.Және де төренің бір жат хабары сол: «Қазақтан солдат алынбайды, бірақ мұжықтар секілді қала болам десең, 15 десятина жер беріледі, – деді. – Егін салыңдар, школ ашыңдар, ұлықтарыңды сыйлап, бұйрықтарын орнына келтіріңдер», – деп насихат айтты.
Автор шығармасына қатысты берілген сын-пікірдің кіріспесін негізге ала отырып, ойды қалай жалғастыруға болады?
Автор шығармасына қатысты берілген сын-пікірдің негізгі бөлімін негізге ала отырып, ойды қалай жалғастыруға болады?
Қасқырлардың өшігу себебін макалмен сәйкестендір
Көксеректі жауыздыққа итермелеген, Құрмашқа ауыз салдыртқан қандай жағдай?
Адамзатқа үндеу жасаңдар!
Дала тағысы мен адаидар іс-әрекетінде қандай ұқсастық байқадыңдар
Көксеректің жойқын дүлей күшке айналу себебі неде?
Құрмаштың қайғылы жағдайына кім кінәлі?
Табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар
Тірек-сызба, пікірталас, болжам жобасын ұсыну
Жазушы оқырманға не айтпақшы?
Қиянат қасіреті
Оқушылар мәтіндегі қай бөлімнің маңызы екенін дәлелдейді;
3.Шығармадағы ақпараттың өмірмен байланысын ашып көрсетеді;
Әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсысы деп ойлайсың?( Табиғитқа жасалған қиянат)
Көксеректі жауыздыққа,соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не?Әлде табиғиттың қатал заңы ма,қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма?
«Сауалнама-интерьвю» әдісі,
Достарыңызбен бөлісу: |