Ұзақ мерзімді жоспардың
тарауы: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
|
Мектеп: Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп
|
Күні: 30.01.2020
Пәні: қазақ әдебиеті
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ахташова Айнагүл
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы (2 сағат)
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.Т\Ж.2.Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік – қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады:
«Жусан иісі» мәтінінің идеясын түсінеді.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтінде көтерілген әлеуметтік – қоғамдық мәселе туралы идеясын талдап көзқарасын білдіреді.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтінде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені өмірімен байланыстырады.
|
Бағалау критерийі
|
Мәтіндегі қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.
Мәтінде көтерілген әлеуметтік – қоғамдық мәселе туралы идеясын талдайды, пікір білдіреді.
Өмірмен байланыстырады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
- Мәтін мазмұнымен танысады, ақпараттарды анықтайды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Ақпараттарды саралай отырып, ойларын тұжырымдап жеткізеді.
- Ақпараттарды пайдалана отырып, шығармадағы кейіпкердің іс –әрекетін өмірімен байланыстырады.
Мәтін құруға арналған пайдалы тіркестер:
Ақылды оятатын, білімге, достыққа, шындыққа баулиды. Шығармадағы тарихи құндылықтар көркемдік сипаты шығарманың ұрпақ тәрбиесіне әсері мол.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Оқиға қалай басталады?
Балаларға неге ертегіні «ертеде бір жетім бала болыпты» деп бастады?
Аян әріпті неге тез үйренуге тырысты?
Аяғын неге сылтып басады?
Оқиға немен аяқталды?
|
Құндылықтарға баулу
|
«Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» 6- құндылық негізінде білімге, достыққа,..шындыққа баулу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі, өзін-өзі тану, биология
|
|