Әдебиеттанудағы ғылыми мектептер


Этнопсихологияның дамуына үлес қосқан А. А. Потебняның негізгі еңбегі “Психология национальности” деп аталады.(1922)



бет2/2
Дата20.11.2022
өлшемі15,25 Mb.
#51372
1   2

Этнопсихологияның дамуына үлес қосқан А. А. Потебняның негізгі еңбегі “Психология национальности” деп аталады.(1922)

  • Александр Афанасьевич Потебняның (1835-1891) негізгі зерттеу тақырыбы тілдің дамуы болды, бірақ ол сана мен өзіндік сананы қалыптастыру, айналадағы шындық бейнесін қалыптастыру сияқты психологиялық мәселелерді талдап, адам психикасына мәдени-тарихи көзқарастың қажеттілігі туралы айтқан алғашқы зерттеушілердің бірі.
  • Потебня жеке психиканың дамуы басқа адамдардан, адам өмір сүретін уақыт пен мәдениеттен оқшауланбайды деп есептеді.

Басқа зерттеушілердің бағытынан айырмашылығы

  • Негізгі еңбектері «Ой және тіл», сонымен қатар мақалалар «Халықтар тілі » және «Национализм туралы» интелектуалды танымдық, ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің көрінуін және табиғатын түсінуге рұқсат беретін өте терең идеялар мен бақылаулардан тұрады.

Потебняның медиация идеясы оның теориясындағы басты идеялардың бірі болды.

Ойлаудың этнопсихологиялық ерекшелігінің қалыптасу механизмдерін түсіндіруге және ашуға талпынды.

Әйгілі орыс-украин тілтанушысы Александр Афанасьевич Потебня неміс филологы В. Фон Гумбольдтің идеяларын жалғастырды, және өзіндік интерпретациясын көрсетті.

  • Гумбольдт бойынша, “Тіл – бұл ғажайып дыбыстар арқылы жеткізілген халықтың рухани энергиясы”.
  • Гумбольдт өз ілімінде “тілдің ішкі формасы” түсінігін келтіреді. Грамматика мен стилистикадағы айырмашылықтарды, “халық рухының” ерекшеліктерін ашуда “ішкі форма” көмектеседі.
  • Бірақ бұл түсінік тіл болмысы, тіл мен ой арасындағы қатынас жайында нақты жауап бермейді.
  • А.Потебня ой мен тілдің арасындағы қатынасты зерттеуге тырысты, тілдің танымдағы рөлін қарастырды, “сөздің ішкі формасы” түсінігін кеңінен зерттеді.
  • Сөздің ішкі формасы - бұл басқа адамның ойын түсінуге, оны басқа тілдерге аударуға мүмкіндік беретін шындықтың объективті көрінісі.

Зерттеушінің алдындағы ғалымдар тіл мен ойлауды тығыз байланыста деп санады. Потебня тіл мен ойлау арасында тығыз байланыс бар, бірақ бір-бірімен сәйкес келмейді дейді.

  • Потебня тіл мен ой арасындағы байланысты объект пен субъект қатынастары негізінде жасап шығармақ болды. Объективті шындықтың объектілері және олардың арасындағы қарымқатынас-бұл сезім органдарына тікелей әсер ететін және адамның санасында бейнелер тудыратын ойлау объектілері.
  • Ал ойлау субъектілері дегеніміз әлеуметтік процесстерге араласушы нақты адамдар.
  • Бастапқыда объект пен субъект біріккен түрде болды. Тарихтың дамуы барысында адам өзін табиғат объектілерінің арасынан бөліп шығара бастады, осылайша қоршаған орта ойлаудың арқасында объективизацияға ұшырады.
  • Сөздің ішкі формасы - әлемді танудың негізі, оны мағынасы, ойды дамыту тәсілі, сөзге шексіз мағына беру мүмкіндігі. Күнделікті өмірде адам сөздің тілдік формасына немесе ішкі формасына сирек назар аударады. Бірақ саналы түрде немесе бейсаналық түрде Тілдік формалар, тұрақты өрнектер, сөз белгілері белгілі бір бірлестіктерді тудырады, осылайша ойды бағыттайды.

Тұрпайы социологизм – XX ғасыр басында әдебиеттану ғылымында ерекше белең алған бағыт.[1]Бұл мектептің өкілдері қоғам заңдарын әдебиетке механикалық түрде қолданып, метафизкалық жолға түскен. Олар жазушы шығармасын әуелі оның таптық тегімен байланыстырған. Шын мәнінде көркем туындының эстетикалық құндылығын бағаламай, бұрмалап түсіндірген. Тек қана жаңа пролетарлық әдебиет жаңа кеңестік қоғамның рухани өзегі бола алады деген ұстанымда болған.
Структурализм (лат. structura — құрылым, байланыс, рет)– мәдениеттің көптеген құбылыстарының негізінде шын мәнінде бар логикалық құрылымды іздестірумен байланысты 20 ғасырда пайда болған социогуманитаристикадағы бірнеше бағыттың жалпы аты. Ғылым бағыт ретінде дамуына бірнеше гуманитарлық ғылымның баяндаушылық эмпирик. методтан зерттеудің абстрактілі теоретик. деңгейіне көшуі негізгі себеп болды. Структурализм құрылымдық методтың, моделдеудің, формализациялаудың, математизацияның элементтерін қолдануға негізделген. Құрылымдық метод алғаш рет лингвистикада пайдаланылған, содан соң әдебиеттануда, этнографияда, т.б. гуманитарлық ғылымдарда қолданылды. Ал тар ауқымда структурализм – 20 ғасырдың 60-жылдарында Францияда тараған, құрылымдық методты пайдалануға байланысты пайда болған ғылыми және философиялық идеялардың жиынтығы. Оның негізгі өкілдері – Клод Леви-Стросс, Мишель Фуко, Жак Лакан, Роллан Барт, Л. Альтюссер.Құрылымдар адамның саналы және бейсаналы іс-әрекетінің нәтижесі, оларды зерттеуші ашуы керек, ал мәдени құбылыстардың ар жағында жатқан құрылымдар тіл, сөз болып кө-рініс береді. Структурализм “адам өлімінің тұжырымдамасы” деген атқа ие болды, өйткені ол адам жайлы, оның бостандығы туралы гуманистік көзқарастарды жоққа шығарды. Структурализм өкілдері бостандық – тек фикция, әрбір әлеуметтік және мәдени нәтиже жалпы құрылымдардан туған: тілден, ми құрылымынан, яғни негізін тірі және өлі табиғаттан табуға болатын құрылымдардан пайда болады деп білді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет