«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет14/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

Ақтан:
алтайдың күмісі көп ақ қарынан,
Қойнынан қорғасыны ақтарылған.
зырянның қызыл тулы комбинаты,
есеп жоқ еңбегінде атқарылған.
Комбинаттар, заводтар қорытқан кен,
алтайдың алабына тараған кең.
айтайын қоспай бірін асырмай-ақ,
Бұлардан аққан металл нұраға тең.
Көп менің атқарылып жатқан ісім,
аз емес атап айтар мақтанышым.

250
Қазақ өнерінің антологиясы
Жетпіс бес социалистік еңбек ері,
төсіне алтын жұлдыз таққаны шын.
ал енді ел ырысы – малға келсек,
өріс пен қорадағы барға келсек.
Бетің жоқ тура қарар, інішегім,
Шындыққа, жел сөз емес, арға келсек.
үш есе жер көлемің көп болғанда,
Беттері боз, бетегелі шөп болғанда.
неге кем төрт түлігің біздің елден,
ойланып жауап берші, көп толған да?
сәні едің сарыарқаның қайран жылқы,
Болыпсың Жезқазғанда жұртқа күлкі!
Жайғаның жарты арқаға қырық үш мың,
осы ма мал дегенде халқың мүлкі?
машина тұрғыныңда көп-ақ болсын,
мал жайсаң, мінесің бе ұстап түлкі?
айтқандай Біржан сал мен ақан сері,
сарыарқа жылқы менен қойдың жері.
«Жылқысы аз Жезқазғанда, қой көп болар,
тау шығар, үйген жүн мен жайған тері», -
деп топшылап, ақырын сұрастырсам,
облыста мұның да кеткен кері.
Жайылымы кең болғандай жайларыңыз,
Қысқа – тебін, жазда – өріс, жайлауыңыз.
Жерің көп, төлің жоқ па, не себептен,
Бізден кем алты жүз мың қойларыңыз?
ел құты – етті, сүтті ірі қара,
Бізде бұл үш жүз алпыс мыңдай ғана.
ұялмай өз малыңды түгелдесең,
Бұл санды үшке бөліп, бірін сана.
Жарайсың – Қаныш атын мақтан еттің,
Бірақ та бір шындықтан аттап өттің.
Қазынаның Қаныш ашқан үштен бірін,

251
Айтыс 4 ТОМ
ысырап қып жер астына тастап кеттің.
Бұл ісіңді ұлы ағам өзі көрсе,
Шырайы қайтер еді жарқын беттің?
Көлмағамбет:
ақыным айта алмадың төгілдіріп,
Шаңыма қалдырам ба көмілдіріп?
ертістің суы саған жақпай жүрсе,
алайын сарыкеңгірге шомылдырып.
Шығады сөздерің де шапыраштай,
Қоймаймын мен өзіңнен ақыры аспай.
Құлагер жеткізе ме көк азбанға,
Қаларсың күлкі болып Батыраштай.
намысты найзағай бар жарысқанда,
Жол салдық жұлдыздарға, алыстарға.
ұшады Байқоңырдан жолдама алып,
Космостық кемелерім ғарыштарға.
менің көп кімге болсын бағалы үлгім,
айға да алғаш алқа таға білдім.
тағы біз тұңғыш рет куә болдық,
өшпестей ерлігіне гагариннің.
не қиын құдіретіме бас ұрады,
дауылдар екпінімнен басылады.
Жайнаған Жезқазғанға каналымен,
Жеткенше кәрі ертісің асығады.
тасынып майда-шүйде табысыңа,
тағы да кір келтірдің намысыма.
ертістен бір қасық су пайдаланбай,
Құр қарап телміресің ағысына.
гүл өскен құба жонда бақтарымнан,
Көресің шабытты еңбек шатқалымнан.
Құйылған Қаражалдан қара тасқын,
теміртау домнасына ақтарылған.

252
Қазақ өнерінің антологиясы
ордасы татулықтың сән, ұйытқым,
мекені ақын, батыр ақиықтың.
Халқымның қиын сәтте басын қосқан,
ұлытау – шежіресі тарихтың.
далам – бай, балаусам – бал, суым – дәрі,
еңбектің шарықтаған қырымда әні.
сарыкеңгір, Қаракеңгір қос өзенім,
секілді арқа арудың бұрымдары.
мен тағы шапқан сайын жосыламын,
Жарайды менің сізге осы бабым.
Бүгінгі ақындардың айтысына,
ықылас қобызы боп қосыламын.
Қайтейін тегін оның таратуды,
ықылас Жаңарқадан дара туды.
Жезқазған жеріндегі жез киіктер,
Қобыздың үніменен жаратылды.
Қайда екен ақын қыздар қаптағайдан,
Көрер ем бір айтысып бақ-талайдан.
сарадан кейін қазақ аспанына,
Күләшім күліп шықты ақтоғайдан.
Ән десе көкте ойнаған жасындаймын,
ешкімді өнерімнен асырмаймын.
менімен тайталасып айтыспас ең,
өр даусын естіп білсең Шашубайдың.
мен соның ізбасары, інісімін,
өмірде жалғасымын, тынысымын.
тағы бар тайжан атты ақын әкем,
Жыршысы болған отан ұлы ісінің.
екпінін әнге қосқан дәуірімнің,
манарбек мақтанышы ауылымның.
өзің де таңдай қағып тыңдадың ғой,
Күмбірлеп көкке өрлеген дауыл үнін.

253
Айтыс 4 ТОМ
сәнді саз тарих сырын жырлағандай,
домбыра тек пернеден тұрмағандай.
Жердегі мағауия күміс күйін,
ай тоқтап, күн кідіріп тыңдағандай.
«ұлытау» ансамблі көркім менің,
тыңдасам сырлы әуенін серпілемін.
өнері москвада өрге жүзіп,
Шет елден ақтап қайтты ел тілегін.
етеді әркім мақтан өз биігін,
өнерлі кімдерің бар, сөз түйіні?
дабысы алтайыңнан асып кеткен,
тыңдашы Жезқазғанның «Жезкиігін».
Әр таңды думан-жырмен қарсы алдырған,
өңірім не дүлдүлге ән салдырған.
Эйфельдің мұнарасын теңселдіріп,
Парижді Қайрат даусы тамсандырған.
Жырлатып ғасыр сырын өктем үнге,
ықылас қобыз тартқан бөктерімде.
Бүгінде сматайдай өренім бар,
өнерін шарықтатқан көк төрінде.
ақыным, енді сынға жақындайын,
Қалайша кемісіңді мақұлдайын.
Көкпарға тартқан серке секілді бір,
Шыдасаң әрлі-берлі тақымдайын.
мінгенің дәйім сенің көбең болды,
еңбегің ақталмады, неден болды?
дәл отыз кәсіпорын бұрнағы жыл,
неліктен жоспарынан төмен болды?
Күтсең де, мені ақыным, бұрылыстан
өзіңнен озып тұрмын құрық ұстам.
Бес жылдың төрт жылында игермедің,
екі жүз миллион сом құрылыстан.

254
Қазақ өнерінің антологиясы
өзіңді жанған отқа саласың ба,
ақыным, менен тағы қаласың да.
алты мың адам жоспар орындамай,
отырған өнеркәсіп саласында.
сылтау көп былай болды, олай болды,
Бұл өзі бір ғана емес, талай болды.
зырянда қорғасынның комбинаты –
өсе ме, өше ме әлде қалай болды?
дәл осы арқам менің қозып отыр,
атымның басы тағы озып отыр.
Шошқаның комплексін Шемонайхың,
неліктен әлі күнге созып отыр?
Бұл тойда Көлмағамбет сайрандасын,
Жарқылдап жұрт алдында жайраңдасын.
Қор болып кеткенің бе осы шалға,
Бір қызбен айтысатын қайран басым.
Көміліп қырсыздыққа етек алған,
түкпірде марқакөлің жеке қалған.
Бөлімшенің жайбасар басшыларын,
Шопаның бір көруді етеді арман.
ақыным, бекер сөйлеп неғылайын,
Қойшының ойламайсың жағдайын.
азығын күнделікті өзі тасыр,
деп жүрсең аты дайын, қабы дайын.
Әрине, құрғақ сөзге дес бермейсің,
мақтанмен басқа шауып, төске өрлейсің.
Шопанға рухани жан азығы,
Әрқашан керектігін ескермейсің.
ауырса дәрігер жоқ «әлі құрып»,
Жадырар шопан қалай жаны күліп?
Қос атпен өткен-кеткен машинаны,
Жүр ме екен нағимашың әлі қуып.

255
Айтыс 4 ТОМ
орталық концерт көріп ырғалады,
Қызықтан малшыларың құр қалады.
Жайлауға жарамаған автоклуб,
үстінде құр жартастың зыр қағады.
Жабыңды тұлпарым деп арындайсың,
Әл жетпес міндеттеме қабылдайсың.
Жыл сайын жүз саулықтан бар болғаны,
алудан елу қозы жаңылмайсың.
өзіңді тым еркіндеу сезінесің,
екпелі шөптен шошып безінесің.
Қой малын елу миллион өсіруге,
осы ма сенің қосқан өз үлесің!
алексеевка жағдайы қиындады,
Шығынға ұшырады биыл-дағы.
Жүзіне он үш бұзау қалай алған,
Кеткен бе өгіз болып сиырларың?
үріксін не қатерден сіздей алып,
өріне адалдықтың жүзбей анық.
Жөнінен талан-тараж жемқорлықтың,
Келесің бас бәйгені үзбей алып.
айтайын мына жайды Күршімдегі,
рабочком Бижановты білсін елі.
Жеп қойып мемлекеттен алты мың сом,
Көп болды сіңіре алмай күрсінгелі.
«райПо» мұқашевің зайсандағы,
Бұл-дағы жебірліктен тайсалмады.
мемлекет қаржысына «нива» мініп,
Боп жүрді көңілі аспан, жайсаң жаны.
секіртіп ойлы-қырлы жартасынан,
«ниваңды» жыққан сабаз шалқасынан.
аптығып авария жасамас ед,
төлесе дәл бағасын қалтасынан.

256
Қазақ өнерінің антологиясы
оздырып бәйгесінде құлқын атын,
ерлері ет ұрлауға ұмтылатын.
Бар екен лениногорда ет комбинаты,
Бір айда он үш мың сом қымқыратын.
ал, ақа, сізге жұмбақ дайындадым,
Жимайтын тойған сайын айылдарын.
Кімдер ол «Березовка» совхозында,
айтулы өгіз жұтқыш жайындарың?
Қалаңыз өте көркем – өскеменің,
өркендеп өрге басып өскен елің.
мен бірақ орталықта қаздай шулап,
Қаптаған саудагерден сескенемін.
тек қана өздеріне жайлы әдеппен,
алдайды жолаушыны айлалы еппен.
Барлығы осыларда асыл заттың,
Япыр-ау, заң орыны қайда кеткен?!
Көтерер мәдениетті жете биік,
табылмай тағы өзіңнен бекем иық.
Қасиетті қара ертістің жағасына,
Қойыпсың бөтелкеден көпене үйіп.
Бұл сөзден тағы, ақыным, қорғалайсың,
Байлығын табиғаттың қорғамайсың.
Балығын марқакөлдің ұрлап аулап,
алдында рыбнадзордың жорғалайсың.
Катонда марал малын өсіресің,
алам деп асыл панта есіресің.
Бірақ та көрпең қысқа екендігін,
елемей тым артықтау көсілесің.
мен сізге таға алмаймын босқа кінә,
Қажетсіз өзім көрдім басқа куә.
Шикізат мал басының өсуімен,
төрт жылда бір жетпеді-ау жоспарыңа.

257
Айтыс 4 ТОМ
аралап ауылыңды ұққам бәрін,
Қызығып ешнәрсеңе сұқтанбадым.
майшаммен көп совхозың күн көреді,
Қуаты азайған ба Бұқтырманың?
Бас білген ракетаға жайғасып ап,
Біз қазір жүргіземіз айға сынақ.
сен болсаң бар нәрседен кейін қалып,
Жағасың түнде пілте майға шылап.
ежелден уақытта ғой ырыс құны,
Бірақ та түсінбейсің дұрыс мұны.
Қабанда еш жерде жоқ графикпен,
он бірде басталады жұмыс күні.
ағажан, көрінесің былай сұсты,
домбыраң қолдан неге құлай түсті?
таусылса қалтаңдағы өлеңдерің,
осымен доғарайық бұл айтысты.
Кем айтсам шоқтығымды өсір менің,
аса айтсам артығымды кешір менің.
өскемен, Жезқазған боп орындайық,
Партия алға қойған шешімдерін.
Ақтан:
Келгенде құрылысқа, өршіл інім,
түседі-ау тағы көзге кемшілігің!
салынған он екі жыл Балқаштағы,
Прокат цехтың кейпін көрші бүгін?!
Жезқазған құрылысты бастайды екен,
Бірақ та аяқтамай тастайды екен.
Жеті жыл жетім тұрған потребсоюз,
үйіне ешкім аяқ баспайды екен.
тресте бір бастығың «жарқын» тұлға,
Клишин құлағына алтын сырға.
Қалапты төрт қанатын әрең-әрең,
үйін де «зоовтснаб» алты жылда.

258
Қазақ өнерінің антологиясы
ештеңе селоңда да жасалмаған,
тіреуден меншік үйлер бас алмаған.
тас еден, тар бөлмелі, аласа үйлер,
Бойынан құнан қойдың аса алмаған.
Көп жерде иен қалған моншаларың,
не буы, не суы жоқ қол шаярың.
Бу мен судың орнына буфетіңде,
Құйылып тұрады екен мол шарабың.
«ақтаудың» совхозында тұрған клуб,
Кеткен бе терезесін қорқау жұлып?
ішіне жан кіргізбей күзетіп тұр,
есігін қой басындай қара құлып.
ауылда көбі жабық кітапханаң,
от жағып, ішін жылытып тұтатпаған.
алайда таңсәріден кафең ашық,
Похмельден еш адамды жұтатпаған.
үн келді Шет ауданда құлағыма аз:
«Кадрлер жетпейді» деп қылады наз.
Бір ұстаз үш класта жүгіріп жүр,
молда көп ауылыңда, мұғалім аз.
«арқаны қоймайық, – деп, – жетім қылып»,
ертістің жіберіп ек бетін бұрып.
салынбай, күнде «ертеңмен» басшыларың,
Жүр ме екен құрылысын жетілдіріп.
үйренген талай басшы қулық «сауып»,
Жасырып мал шығынын ебін тауып.
«Құда да, құдағи да тыныш жатыр»,
орынын өлген қойдың қозы жауып.
Шықпаса бастық үйден не біледі,
Кеңседе отырып-ақ «семіреді».
Жүретін мал басында мамандарың,
Жілікті үйде жатып кеміреді.

259
Айтыс 4 ТОМ
Болады-ау қилы-қилы өмірде өткел,
Бар екен «темір жегіш» өмірбектер.
машина бөлшектері топ-тобымен,
өтетін ол не қылған кеңірдектер?
дүкенде дәнеңе жоқ, таң қаламыз,
Қалмапты құрығанда камбалаңыз.
түнеп ек Жезқазғанда қонақ үйге,
талады аш бөрідей қандалаңыз.
алаңда өгіздер жүр «өкке» көнбей,
Жұлып жеп, екпе ағашты көп көргендей.
мұрнымен жігіт жатыр көше жыртып,
трактор Жезқазғанда жетпегендей.
ақыным, кетесің-ау көп есіліп,
Жүйесіз жалған айтқан сөз есірік.
Жалаңды жұртқа жауып сен де отырсың,
Бес жүз қойдан екі жүз қозы өсіріп.
айтыстық Шығыс пенен Жезқазған боп,
тыңдаған жұрт біздерден көз жазған жоқ.
Батыл сын, бағалы ойға тоқтау қажет,
Әлі де айта берсек сөзде арман көп.
сыныңды маған айтқан еске аламын,
егер де артық кетсем кеш, қарағым!
өнерде, еңбекте де табысты бол,
осымен, Көлмағамбет, қош, қарағым!
1980 жыл.
ҚАЛИХАН МЕН САРА
Қалихан:
Әлеумет, құтты болсын қуанышың,
Бөлісем қуаныштың жұбанышын.
өйткені, тіршілікке қуанып қал,
өмірге екі қайта туармысың.

260
Қазақ өнерінің антологиясы
армысыз, азаматтар, ел бастаған,
өнер ме дәстүрімен жалғаспаған?
армысыз елден келген өнерпаздар,
Жорғадай төрт аяғын тең тастаған.
димаштай жасай берсін ел ағасы,
Қазақтың толық қазір сыбағасы.
«тарихты көп жасайды» десек-тағы,
Әрқашан елге қымбат ер ағасы.
абай жоқ бұл заманда Бұхарменен,
Бірақ та Әбекең бар мұхаңменен
1
.
осындай азаматтар есен тұрса,
Шалқымай шабытымыз жұтар неден?
Боранға қарсы тұрар сабырымен,
мықты ғой байтерек те тамырымен.
рахманқұл, мырзабек пен ғалым мардан,
Қазақтың сағиы бар, Қадырымен.
аузыма түспей қойды қалғаныңыз,
ақындық атақты ақтау арманымыз.
ішінде осы залдың отыр білем,
топ жарған талай-талай тарланыңыз!
Баршаңа ыстық сәлем семейімнен,
Жыр туар семей десе көмейімнен.
Болсыншы денге саулық, басқа амандық,
Халайық, мұнан артық не дейін мен?
Жез қанат, болат топшы, асыл арман,
саңқылдап самғап өтер ғасырлардан.
арыны атты ағызар долы өзендер,
Көк сеңгір алады екен басын қардан.
сол сынды биік арман жетегінде,
«өлең» деп осы өмірден өтемін де.
1
Әбділда Тәжібаев пен Мұхамеджан Қаратаев туралы айтып отыр.

261
Айтыс 4 ТОМ
саңқылдап өз ортаңның даусы болып,
Бел керек ел намысын көтеруге.
Кең өлкем, көк ертісім күркіреген,
Жасарып алпыс жылда қыр түлеген.
Көкала үйрек болып қырқасынан,
Күн сайын ұшып жатыр еркін өлең.
Қарт семей – қара шаңырақ қасиетті,
Кім оны өнерімен басып өтті?
ізі бар топырағында ұлылардың,
не дүлдүл, сайыпқыран осында өтті! 
отаны абай, мұхтар, Әміренің,
Бағасын осыдан-ақ таныр едің.
туғызған Бибігүл мен розаны,
ежелден ән мен жырдың тәңірі едім.
солардың өнегесін жалғастырып,
семейдің мәртебесін алға астырып.
«Қаламқас» ансамблі барып қайтты,
төріне чех елінің малдас құрып.
Бақытты коммунизм ғасырында,
тебірену менің де бар машығымда.
торқалы алпыс жылдың мерекесі,
өлеңім тойға әкелген шашуым да.
Қазақтың айтыс деген дәстүрі еді,
айтыстың ақындары мәшһүр еді.
Баяғы асқақ дауыс атам Біржан,
Кестелі өлең сөзге ұшқыр еді.
Бесаспап болмасам да Біржандай сал,
ағызам өз әлімше тілімнен бал.
Шығыстан сара деген ақын кепті,
Бойында Жеменейдің майысқан тал.
«сол сара бөгелмесін келсін бері»,
Біржанның ізбасары көрсін мені!

262
Қазақ өнерінің антологиясы
өткердім он үшімнен сөз майданын,
Көп болды тебінгіме тер сіңгелі.
«Бұл топта сара бар ма, отыр неғып»,
Жібермей домбырасын қағып-қағып?
сиқырлы әйел даусы жүректі арбап,
Кетуші ед құлағыма майдай жағып.
Шындасам, шыдап тұрар кім бетіме,
ақындық берік едім міндетіме.
мереке күнде мұндай бола бермес,
сайрайық алпыс жылдың құрметіне.
абайдың шәкіртінің біреуі – Әріп,
Жасынан сөз өнері қонған дарып.
Қазақта ленинді тұңғыш жырлап,
Шын жүйрік қалың топты шыққан жарып.
Кешегі екі дүние айқасқанда,
атақты днепрдің шайқасында.
семейдің жігіттерін теңеді жау.
төбесінен тура түскен жай тасына.
семейден қырық төрт батыр шыққан еді,
Фашистер айбынынан ыққан еді.
мырзалар европалық астамсынған.
Қазақтың кім екенін ұққан еді.
Партизаным Шәріпов Әди сынды,
Баяғы қаракесек мәди сынды.
Барғаннан немістерге шүйлігіп ед,
ақыры біржолата жеңіп тынды.
еңбекке сол ерліктер енді ұласты,
тоқсан ұлттың өкілі тыңға шықты.
Жайқалтқан жүгеріден жасыл орман,
семушкина аннадан кім асыпты?

263
Айтыс 4 ТОМ
алпыс үш социалистік еңбек ерін,
Шығарған кім кемітер семей жерін?
Көсіліп не айтар екен егін, малдан,
Көрейін сарекеңнің енді өнерін.
Сара:
мінезім ер жігіттей аңқылдаған,
дауысым көпке жетер саңқылдаған.
мен келдім кенді алтайдың аясынан,
Бас иіп сәлем берем, халқым, саған.
Жасымнан өлең десе, жаным құмар,
Әкемнен қалған мұра сарқылмаған.
айтыстым талай тойда жігіттермен,
Жүрегім шайлықпаған, тартынбаған.
Қалихан қалап алды «айтысам» деп,
Жаныма жақын келіп жарқылдаған.
елуге толдым, міне, бақыттымын,
Жеткізген бұл өмірге алтын заман.
октябрь дүниеге шашқан нұрын,
Бостандық желбіретіп жеңіс туын.
Жеңімпаз партияның бастауымен,
Әлемге таңғажайып танытты үнін.
Қайтпайтын қиындықтан қайсар етіп,
Баулыған батырлыққа қыз бен ұлын.
Бейбіт күнмен аспаным мөлдіреген,
айналам бақыт нұрға толды бүгін.
Жеткізген осы өмірге ұлы ленин,
Шашайын тарту етіп жүрек жырын.
Бейбіт күн, мерейлі күн, келген көктем,
Жадырап арайлы таң нұрын төккен.
оянды октябрьмен қазақ халқы,
Қуанып думан тойын дүбірлеткен.
Әперді ұлы октябрь қызға теңдік,
еңбекші қыздарымыз сертке жеткен.
өскемен құтты мекен шығыстағы,
толықсып зор табыспен атқан таңы.

264
Қазақ өнерінің антологиясы
елім – бай, жырыма арқау еңбек ері,
Күн сайын тола түскен ырыс, бағы.
Жеңіспен ленин туын желбіретіп,
апарар ғасырларға болашағы.
Шырқа деп өміріме шабыт берген,
Шаттана жырлайын бір бүгін тағы!
Әр таңым мол табыспен басталады,
Қазақтан қайға кеткен тас қараңғы.
алпысқа Қазақстан толып отыр,
Бөледі ән мен күйге астананы.
Жасасын мәңгі-бақи бейбітшілік,
Шарласын шартарапқа жастар әні!
Қалеке, сізге ұнай ма салған әнім?
Кетеді өлең десе, қызып қаным.
Кездестің сен Шығыстың сарасымен,
ал, шырқа, семейлік сен – «Біржан салым!»
Қалихан:
ордамен отау, сірә, таласа ма,
таласса, бойына оның жараса ма?
өскемен қазыналы болса сандық,
семей ғой күміс піспек қара саба.
сен айтсаң қорғасын мен мырышыңды,
мен айтам ақтылы қой ырысымды.
ортамнан орын алған ет комбинат,
одақта екінші боп тұрысымды.
Бізде бар бес миллион қозы, саулық,
өрендер үн көтерді шұбартаулық.
табысты табыстарға жеткізіп жүр,
депутат Шүленбаев бәрін баулып.
Шопан ғой бар байлықты жатқан жасап,
орнаттық Әбжановқа мүсін қашап.

265
Айтыс 4 ТОМ
май кетпей тостаған мен шарамыздан,
отырмыз алақандап құйрық асап.
мырыш та, қорғасын да елге керек,
Әйткенмен, мал шіркіннің орны бөлек.
атақ, ақша, машина – малшыларда,
төсінде ордені де дөп-дөңгелек.
сол үшін елу миллион ұранымыз,
сол үшін арналады жыр, әніміз.
өскемен, ту түбінен табысалық,
Жарыста айтқан сертте тұрамыз біз!
Жер жетпес Қалба, Шыңғыс, арқатыма,
төгілген бұлт шудасы тарқатыла.
Көне тау көпті көрген шежірелі,
ұқсайды бурыл басты қарт ақынға.
аягөз – облыстың думан жері,
махаббат дастанының туған жері.
үржар мен мақаншы да жердің құты,
табылар әр ауылдан еңбек ері.
үржарым – жеміс-жидек астанасы,
алматыдан басқаның жоқ таласы.
Қолына уансын деп алма ұстатар,
Жыласа бесігінде жас баласы.
Курорт бар мақаншыда тоқта-Барлық,
суы бар ыстық қайнар мақтанарлық.
Жыл сайын металлургтер емделеді,
Көрсеткен жеріміз жоқ еш іштарлық.
ақ қайың, көк бастаулы Қарақалба,
Қайнаған өндірісі Шар ман Жарма.
сан доктор, академик қатар шыққан,
абайдың ауданындай елің бар ма?!

266
Қазақ өнерінің антологиясы
Бәрі ақын көсілмелі, бәрі ғалым,
Біреуі біреуінен алған тәлім.
Шыңғысым сондай болса, ақсуатым –
өнері төрт тарапқа түгел мәлім.
Қыз қуу, теңге алысу, болса аударыс,
ақсуат есе бермес ол бір алыс.
түрініп етек-жеңін топқа түссе,
Жұтынған палуандары жас жолбарыс.
Қыздары сахнада сырнай дауыс,
сымбатты солқылдаған үкілі қамыс.
Бас иер ақсуаттың өнеріне,
таңырқар атын естіп жақын-алыс.
Көкпекті дәуірлейді, қызса жарыс,
Жарыста жіберген жоқ әлі намыс.
сөйлесер совхоздары миллион пұтпен,
масағы бидайының екі қарыс.
өргізіп жібек жүнді ешкілерін,
еселеп жылдан-жылға тапқан табыс.
Күршім мен самар, зайсан кісілері,
Жүн үшін өздері кеп болар таныс.
сареке, сізді-дағы ұмытпаймын,
Басыңа бір шәліге түбіт дайын.
тағы да кезегіңді ал, ақын сара,
азырақ терді басып тыныстайын.
осымен бердім сара кезегіңді,
тұр ма екен өлең кернеп өзегіңді?
тасын – алтын, тақтайын – күміс қылып,
Шашбаулап көтерші бір өз еліңді!
Сара:
Жырласам мақтан етіп Бұқтарманы,
Бөлеген нұр, сәулеге шамшырағы!

267
Айтыс 4 ТОМ
өзенім – Қалжыр, Күршім, Қаба-нарын,
мыңғырған жағасында совхоз малы.
тауларым – тарбағатай, сауыр, сайқан,
сүйсінер араласа адам жаны.
өскемен, лениногор, зырян, зайсан,
Шығыстың картасынан орын алды.
Көз тоймас туған елдің байлығына,
Көпке аян «асқар – алтай» атанғаны!
Қорғасын, алтын, күміс, титан, мырыш,
Көз тартқан әсем қала, өскен құрылыс.
Кенді алтай төсі балқып кенге толы,
даламда дән жайқалған елге ырыс.
Көінде ақ балығы жарқылдаған,
самалы жанға жайлы, алсаң тыныс.
суында қасиет бар, жанға шипа,
Қайнарым аты әйгілі «рахман ключ».
Жібек жел кенді алтай аясында,
Көп ұлтпен бауырласқан біздер туыс.
Шопаным: Біләл, Шайкен – еңбек ерім,
ел үшін еңбек еткіп, төккен терін.
толтырып қой, ешкіге ауыл маңын,
Бөлеген бар байлыққа туған елін.
өрелі еңбегімен бақыт тапқан,
Қолынан сауған сүті сел боп аққан.
дабысы облысқа мәлім болған,
сауыншы Бикенді мен етем мақтан.
Қалаған коммунизм ірге тасын,
Құлшынған еңбек десе, кәрі-жасым!
Кеншілер Жәпек пенен Әбутәліп,
Балқыған бармағынан мыс, қорғасын.
Қалеке, көп жырладың бермей кезек,
сын айтып облысыма, қойдың тежеп.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет