Эем пайда болғаннан үшінші мыңжылдыққа дейін бірнеше ұрпақ алмастырды



Дата26.09.2022
өлшемі36,72 Kb.
#40340

Компьютерлік төңкеріс - компьютерлердің және компьютерлік технологияларды кеңінен қолданумен байланысты төңкеріс; XX ғасыр соңынан ғылым, мәдениет, технология және адам өмірінің басқа да әртүрлі салаларын қамтиды. Төңкерістік ілгерілеу алдымен, ғылымда және техникада, кейіннен FTT символына айналған сандық электронды-есептеу машиналарының (ЭЕМ, компьютерлер) қолданылуымен әлеуметтік процесте жүзеге асырылды. Олардың пайда болуы адамның қисынды ойлау қабілетін біртіндеп машинаға беру, сол арқылы болашақта өндірісті кешенді автоматтандыруға және басқаруға өту көзделуде.
ЭЕМ пайда болғаннан үшінші мыңжылдыққа дейін бірнеше ұрпақ алмастырды.

  1. Алғашқы кезең (1950-1960) - бұл бүкіл бөлмеге жалғастырылған, электр қуатының жемір жауы радиолампалық ЭЕМ (бірнеше мыңдаған радиолампалар). Мұндай ЭЕМ жылдамдығы - секундына бір мың операция, жадысының көлемі мың сөз.

  2. Екінші кезең (1960- 1970) - радиолампаларды транзисторлар алмастырды, жоғары деңгейдегі бағдарлама тілі пайда болды.

  3. Үшінші кезең (1970-1980) - ЭЕМ-ның интегралдық жүйелерге құрылуы.

  4. Төртінші кезең (1980-1990) - үлкен және өте үлкен интегралдық жүйелердің пайда болуы. 1 квадрат см кристал көлеміне жүздеген мың және миллиондаған элементтер сыйдырылды. Компьютерлер миниатюрлі және арзан, қол жетерлік болып, әрбір жұмысшы орынға жеткізілді.

  5. Бесінші кезең (1985-2000) - ақпаратты өңдеу процесінің интеллектуалдандыруына бағытталған. Ол ең алдымен мына жобалар: АҚШ (SCI - "Стратегиялық бағдарламалық бастама"), Батыс Еуропа ("ЭВРИКА", "ESPRIT"), Жапония (MITI - бесінші ұрпақ жобасы ЭЕМ), КСРО ("Старт").

Компьютерлік төңкерісте ЭЕМ-ның аппаратурасының ілгерлеуі мен бағдарламалық қамтуынан өзге ЭЕМ-ның коммуникациялық құралдары (Интернет, Интранет) өте үлкен рөл атқарды. Байланыс құралдары - бұқаралық ақпарат таратудың және мемлекеттік басқару жүйесінің барлық деңгейін ақпарат ағынымен қамтамасыз етудің күшті құралы. Компьютерлік төңкерістің салдарына ақпарат ағынының көшкініндей сипатталатын "ақпараттық жарылысты" жатқызуға болады. Құрылымдандырылмаған ауқымды ақпарат көлемін автоматты түрде кабылдауға, жіберуге қабілетті ірі көлемді ақпараттық жүйені қалыптастыру (Интернет, БАҚ, кітапханалар және т.б.) көптеген елдердің ұлттық бағдарламаларының шеңберіндегі компьютерлік төңкерістің стратегиялық бағыты болып табылады.
Кейбір зерттеушілер компьютерлік төңкерісті бірнеше кезеңге бөледі: Бірінші кезең - сандық, ол жеке компьютерді бұқаралық қылды және оны миллиондаған адамдардың меңгеруіне жағдай жасады. Екінші кезеңде басқару мен бизнестің басқару жүйелеріне автоматтандырылған жүйелерді енгізумен сипатталатын компьютерді қолданудың сапалық жағына ауысты. Интернеттің таралуы салдарынан әлемге терезе кеңінен ашыла бастады (Интернет, интернет-экономика, қашықтан оқыту және өздігінен білім алу және т.б.), ұжымдық жұмыс құралына айналды (интернет-мәжілістер, үлестірілген зерттеулер, өндірістер және т.б.).
Алдағы бірнеше жылда ЭЕМ процессорларын жасау 10 гигагерц шамасынан асады, тұтынушылардың жұмыс столдарында 1990-шы жылдардың интеллектуалды интерфейсімен (тұтынушының "бет бейнесін ажырату" және даусынан тану) және жайпақ мониторы бар суперкомпьютердің сымсыз баламасы тұрады. Одан кейін бізді компьютерлік әлемде кванттық төңкеріс күтіп тұрған болуы мүмкін, оның сандық және сапалық салдарын бүгінгі күні болжау қиын. Өркениет жетістіктерінің тең жартысы соңғы жарты ғасыр еншісінде, оны тікелей осы компьютерлік төңкерістің салдары деп қорытынды жасауға негіз бар.
Ақпараттық төңкеріс - ақпараттық технологиялар әкелген түбегейлі өзгерістер; білімге және ғаламдық экономикаға негізделген қоғамның қалыптасуы. Ақпараттық технологиялар әлемді күрт өзгертіп, біздің өзіміз және қоғам, мәдениет жайлы көзқарастарымызға үлкен ықпал етті. Ақпараттық төңкеріс кеңістікке (қашықтықтың қысқаруы), уақытқа (уақыт тығыздығы), мемлекет рөліне (кеміп бара жатқан), саясатқа, ғаламдық экономикаға, мәдениетке, адамзат бірегейлігіне аса маңызды жаһандастырушы ықпал етті. Ақпараттық дәуір мәні, әсіресе оның ғаламдық өзара байланысқа және қоғамға әсері әлі толық анықталмаған. Көптеген трансұлттық корпорациялар үшін ақпараттық төңкерістің мәні технологиялардың өзінде емес, банктердің, университеттердің, үкімет қызметтерінің және коммерциялық мекемелердің түбегейлі өзгеруінде. Көпшілік мемлекеттердің саясатына сәйкес интернет экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік даму мен көркею мүмкіндігі болып, ал нарық экономикалық "ұтқандар" мен "ұтылғандардың" соңғы төрешісі болып табылады. Әртүрлі әдетте бірін-бірі толықтыратын саладағы ғалымдар үшін ақпараттық дәуір білімді тауарға айналдырып, сөйтіп, ақпаратты қоғамды дамытуда қолданатын ресурс қалпынан айырады. Шын мәнінде университеттердің өздері сандық капитализмнің өзара байланысты мекемелеріне айналды. Демократиялық қоғам күннен-күнге кеңейіп бара жатқан ақпараттың коммерциялануы нәтижесінде біршама ұтылды, өйткені демократия көптің қолы жететін ақпаратпен еркін алмасуға және азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени шешімдер қабылдауға қатысуына негізделген. 1996 ж. Мануэль Кастельс ақпараттық төңкеріс 1980-ші жылдардан бастап капиталистік жүйенің ыдырауының аса маңызды факторы болды деп сендіреді. Кастельс өндірістің әдістерін (капитализм, этатизм) және дамудың әдістерін (индус¬триализм, ақпараттық) бөліп қарастырады. "Ақпараттық" - дамудың жаңа әдісі, XX ғасырдың аяғында капиталистік даму әдісін ыдырату нәтижесін¬де пайда болған. Ақпараттық төңкеріс саясат пен демократияны түбегейлі өзгертеді. 1990- шы жылдары азаматтық қоғамның басым бөлігінің әлеуметтік мемлекетке, әлеуметтік қорғауға қарсы шыққанын, сөйтіп, оның қоғамды жіктеу процесіне және мемлекеттің әлсіреуіне алып келгенін көрдік. Бүгінгі күні қазіргі қоғамды атомдандыру мен үзінділендіру тарихи естелік пен адамзат ынтымақтастығын әлсіретті. Жаһандану мен жекеменшіктің іріленуі және технологиялардың икемділігі мен бәрін қамтитын маңызы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының алуан түрлілігі мен автономдығы - осының бәрі егеменді мемлекетке қауіп төндіреді. Аса маңызды экономикалық, экологиялық және саяси мәселелерді шешу барысында егемендіктің бөгетінің бұзылганын көреміз. Егеменді мемлекет оның өкілеттігін тұрақтылыққа алмастырып, шектейтін көптеген әртүрлі саяси институттардың қоршауында қалды. Біз негізгі саяси кеңістік болып бірден-бір электронды бұқаралық ақпарат құралдары ғана қалған ақпараттық саясат әлеміне бет бұрдық. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданбай билікке жету де, оны ұстап түру да мүмкін емес. Соңғы онжылдықтың аса күрделі саяси және этикалық мәселелерінің бірі ғаламдық ақпараттық технологиялардың өнеркәсіппен, жұмыспен қамтылудың өсуі әсерімен байланысты. Екінші мәселе - құпиялылық пен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты. Үшінші мәселе - стратегиялық ақпараттық ин
Принтерден дайын модель шығару осыдан бірнеше жыл бұрын бізге мүмкін еместей көрінді. Төртінші өнеркәсіптік революцияның тым жедел дамуы таңғаларлық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. 3d принтердің көмегімен әлемде, тіпті, тұтас ауылдар салынып, көпірлер тұрғызылып жатыр. АҚШ-та орналасқан Relativity Space компаниясындағы «Stargate» деп аталатын әлемдегі ең үлкен 3d принтердің көмегімен толыққанды ғарыш зымыранын шығару жоспарланып отырған көрінеді. 2020 жылы 3d принтерден шығарылған алғашқы инновациялық «Terran» зымыраны ғарышқа ұшады деседі. Егер бәрі сәтті жүргізілсе, 2021 жылдан бастап принтерден шығарылған зымырандар ғарышқа жол сала бастайды. Ол аз болса, кейбір елдерде тамақтың өзін 3d принтермен шығаруға көшкен. Іргедегі Ресейдің Ярослав облысында принтерден басып шығарылған коттедж қалашығы бой көтермек… Ғаламторда мұндай ақпараттар көп. 
Жаһандық үдерістерден қалмау үшін елімізде де сандық жүйеге көшу бағытында жұмыстар жүргізіле бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да айтылды. Мемлекет басшысы өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салаларда автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу секілді Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу қажеттігін қатаң тапсырған-ды. Осы мақсатта инновациялық технопарктер салынып, сандық жүйеге көшіру бағыттарында іргелі жұмыстар жасала бастады.
Әрине, әзірге біздің елде 3Д-принтердің көмегімен ғарыштық зымыран жасалып жатқан жоқ. Ауылдар салынып, көпірлер басылып жатқан деректерді де келтіре алмаймыз. Дегенмен мектепте, оқу орындарында балалар күрделілігі әртүрлі жобалар жасап жатыр. Бұл — болашақтың, «Цифрлық Қазақстанның» іргетасы.
Цифрландыру жүйесі дегеніміз - заманның жаңа талабын, жұмыс жүргізу тәртібін қабылдау. NOKIA компаниясында мұның не екенін өте жақсы түсінеді. NOKIA өз кезегінде соңғы жылдары бұл бағытта бірнеше реформа жүргізді. Өздеріңіз білетіндей, осыдан 10-15 жыл бұрын ұялы телефондарды шығаруда NOKIA компаниясы көшбасшы болатын. Қазіргі күні де озық технологиялар мен цифрлық инфрақұрылым бойынша жер жаһандағы негізгі компаниялардың бірі», - дейді ол.
Маркус Борхерттің айтуынша, цифрландыру арқылы Қазақстан үшін керемет мүмкіндік туып отыр.
«Шыны керек, біз қазіргі уақытта индустриялық төңкерістің табалдырығында тұрмыз. Алғашқы индустриялық төңкеріс қозғалтқыштарға, кейін келе химия мен телекоммуникацияға байланысты болса, бұдан кейін интернет пен мобильдік қосымшалар дүниеге келді. Бүгінгі таңда өндірістік төңкерістің төртінші кезеңі өтіп жатыр. Адамдар мен көліктердің қызметі бірігіп, бәрі де автоматтандырыла түседі. Зауыттар бұдан да жоғары өнім өндіріп, қауіпсіздігі арта түседі. Индустриядағы басты жетістіктердің тағы бірі - нарыққа 5G келеді. Нақты нарықтың осы заңына бейімделе алуы немесе алмауы әлемдік компаниялар мен мемлекеттердің жаһандық бәсекеге қабілеті бар-жоғын анықтап береді. Осылайша, бұл төңкеріс жеңімпаздар мен жеңілгендерді анықтайды. Бүгінгі таңда әлемдегі ТОП-1000 компания алдағы 10 жылда мүлде жоғалып кетеді деп күтіліп отыр. Оның орнына ең мықты деген 400 компания өмірге келеді. Олардың нешеуі Қазақстанда құрылады? Егер бәрі де ойдағыдай іске асырылса, пайдалы қазбаларға бай Қазақстанның экономикасын цифрландыру адамдардың өмір сапасын арттыруға мұрындық болары сөзсіз», - дейді ол.
Маркус Борхерт өз сөзінде бүгінгі күні Еуропа өз әлеуетінен төмен деңгейде жұмыс ақтарып жатқанын айтады. Егер Еуропаның ішкі жалпы өніміне 2025 жылға қарай 2,5-3 триллион еуро салып жіберсе, одан кейінгі ІЖӨ жылына 1 процентке артатын болады. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да оған мүше елдердің ІЖӨ-сі 20 процентке өсуі мүмкін.
«Қазақстан үшін цифрландыру саласында көшбасшыға айналудың жолдары қандай? Ең алдымен, байланыс, телекоммуникация осы саланың «жүрегінде» орналасқанын ұғу керек. Цифрлық магистарльдардың маңызы зор. Бұл тұрғыда цифрлық бейімделудің де рөлін ерекше атап өткім келеді. Оның жүзеге асырылуы сол елдің саяси әрекеттеріне байланысты іске асырылады. Сондықтан, Қазақстанның барлық салада цифрландыруға баса маңыз беріп отырғанын барынша қолдаймыз. Бұл әлемнің екі бөлігін - Еуропа мен Азияны байланыстыруға септігін тигізеді», - деді ол.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет