Әгп кафедрасының сениор-лекторы Махмутов Б. Л



бет1/5
Дата27.10.2023
өлшемі296,5 Kb.
#120923
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация 2 тақырып (Саясаттану) (1) (1)


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
https://atu.kz/
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
ӘГП кафедрасының сениор-лекторы Махмутов Б.Л.
Раб.тел.:8 (727) 296-71-52 (вн. 107)
Эл.адрес: bekenti_84@mail.ru
№2 Дәріс. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
Дәріс жоспары:
1. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде.
2. Cаясаттың классификациясы мен түрлері.
Саясат - біздің қоғамымыздың барлық жерінде көрініс тауып, өзінің негізгі қызметі-басқаруды атқарады, яғни саясат адамдардың тіршілік әрекетінің маңызды салаларында көрініс табады. Сондай-ақ саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста, яғни, дінмен, моральмен, өнермен, ғылыммен, идеологиямен үйлесімді болады. Яғни, саясат мемлекетпен, мемлекеттік билікпен тығыз байланысты. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, қазіргі замандағы әр-түрлі саяи идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Саясат дегеніміз қоғамның ішіндегі үлкен топтар, сондай-ақ билікті орнатуға, сақтауға, бөлуге бағытталған қоғамдық ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты айтады. Политика- Саясат гректің «полис» қала деген сөзінен пайда болған. Саясат кең мағынада қоғамның саяси өмірін бейнелейді, ал тар мағынасында билік үшін күресті білдіреді. 17 ғ.дейін саясатты бағыныштыларды қоғамдық басқару ретінде қарастырып келді. Ал 18 ғ.бастап саясатты билік пен байланысты қатынас ретінде түсіне бастады. Осылайша, Саясаттану дегеніміз-саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет